Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:12, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.

Оглавление

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
1. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының валюта тарихы және жаңа теңгеге сипаттама ...........................................................................................................10
2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және Қазақстан Республикасының монеталары...........................................................................................................................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------24
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі...................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------29

Файлы: 1 файл

Валюта.doc

— 225.00 Кб (Скачать)

           Қазақстан  1992 – жылдың  шілдесінде, ХВҚға мүше болып кіргеннен бастап, өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта  жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың  Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін, 1993 – жылдың 14 сәуірінде  «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол  кезде,  Қазақстан   сом аймағында болғандықтан, шетелдермен жеке валюталық  байланыстары жоқтың  қасы болатын. Сонымен қатар, еліміз өзінің  ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке  алтын  валюта қорларын  құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған, заң бағаны ырқына  жіберу  деңгейіне  сәйкес  келіп,  кейбір жағдайларда дамып  келе жатқан  валюта  қатынастарына тіпті қарама – қайшы сипатта болды. 

Қорытынды 

            1996 жылы 24 – желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды. Қазақстанның шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері – республикада  қабылданған заңдарда айқындалған.

           1997 ж. мемлекеттің алтын валюта қоры  кәсіпорындарды жекеменшіктендіру  және  шетел инвесторларына басқаруға  беру  сияқты  инфляцияланбайтын  көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы  теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі проценттің бөліктерісмен есептелетін жағдайға жетті.

            Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей  Жарлықтары шықты.

   1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.

          Валюталық құқық айтарлықтай дербес құқықтық құрылым ретінде ұлттық валюталық жүйе мен валюталық рыноктың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай – ақ валюталық құндылықтармен іске асырылатын валюталық операциялар, халықаралық валюталық төлемдер мен аударымдар және тікелей инвестициялық қызмет барысында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады.

           Валюталық  бақылау орандары  болып, Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері  болып, заң бойынша, валюталық   бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

           Дүниежүзілік  валютаның қазіргі  кезде  ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған  алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық   шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері;  халықаралық  валюта нарығы  режимі  мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге  халықаралық  валюталық қор  (ХВҚ) еніп, оған мынандай  міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына  ықпал  жасау және валюталық шектеуді жою.

              Республикада  ұлттық валюта - теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын (жарақтарын) қалыптастырудың соңғы қадамы болды. Оның үлкен экономикалық және саяси маңызы бар. Қазіргі дағдарыс жағдайында  ұлттық валютамызды енгізу амалсыз шара болды, оған 1993 жылы 7 тамыздағы және  23 – ші қыркүйектегі жаңа тұрпаттағы сом аймағын құру туралы Ресей үкіметімен жасалған келісім шарттардың ресейліктердің кіріснен жүзеге аспай қалуы себеп болды.

           Республикада ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің  барлық атрибуттарын  қалыптастырудың  соңғы  маңызы бар. Теңгені  енгізуге байланысты  алда  тұрған  басты міндет – оның тұрақтылығы мен жоғары  сатып алу  қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта  валютаға айналдыру. Қазіргі  таңда, теңгені тауарлармен, алтын – алмас қорымен, валютамен қамтамасыз ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты   міндеттерінің бірі болып табылады.

Информация о работе Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб