Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:12, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.

Оглавление

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
1. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының валюта тарихы және жаңа теңгеге сипаттама ...........................................................................................................10
2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және Қазақстан Республикасының монеталары...........................................................................................................................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------24
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі...................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------29

Файлы: 1 файл

Валюта.doc

— 225.00 Кб (Скачать)

      Сырт  жағы: басым түс күлгін-көк, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда  резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік  банкнотаның сипаттамасы

[pic]

[pic]

      Банкнота өлшемі 144х76 қағазда дайындалған.

      Бет  жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – тігінен. Орталық бөлігінде  "Астана-Бәйтерек" монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында күрең-қызыл және қара сұр жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда  номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген.  "Бәйтерек" монументінің сол жағында қоңыр түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта  номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы төменгі сол жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

      Сырт  жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің жоғарғы тұсы, "Қазақстан" қонақ үйі, артқы жағында таулар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

[pic]

[pic]

      Банкнота өлшемі 139х73 қағазда дайындалған.

      Бет  жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

      Сырт  жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне:  Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі  орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

Информация о работе Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб