Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:12, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.

Оглавление

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
1. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының валюта тарихы және жаңа теңгеге сипаттама ...........................................................................................................10
2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және Қазақстан Республикасының монеталары...........................................................................................................................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------24
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі...................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------29

Файлы: 1 файл

Валюта.doc

— 225.00 Кб (Скачать)

   А.И. Худяков  валюталық құқық жайлы нақтылы көзқарасын білдірмегенімен, «Финансовое право Республики Казахстан (общая часть)» деп аталатын еңбегінде (оқулық) толық бір тарауды:

   1. Валюталық реттеу ұғымын және әдістерін, оның объектісін;

   2. Валюталық реттеу органдарын және олардың құзыретін;

   3. Валюталық операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды және олардың құзыретін;

   4. Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін;

   5. Қазақстан Республикасының валюталық монополиясын зерделеуге арнаған.

    Бұл ретте А.И. Худяков валюталық заңнаманы, банктік заңнаманы арқау етіп валюталық реттеудің құқықтық негізін сипаттау нәтижесінде валюталық құқықты (дербес құқықтық институт ретінде) қалыптастыру ісіне өз үлесін қосты деп айта аламыз. Алайда А.И. Худяковтың валюталық реттеудің құқықтық негіздері жөніндегі кейінгі көзқарасы ықшамдалып, көкейтесті проблемалар мен мәселелерді шешу жолдарын және т.б. өзекті мән-жайларды ашып көрсетпей, тек 1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған «Валюталық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңдар негізінде түсіндірме-сипаттама  жасаумен  шектелген.

   Валюталық құқық жүйесінің нақтылы валюталық қатынас түрлеріне (топтамаларына) сай құрылуы валюталық заңнама сапасына, оны әзірлеу және қабылдау негізіндегі ғылыми тұжырымдарға байланысты болады деп есептейміз. Объективті валюталық қатынастарға орай топтастырылған валюталық-құқықтық институттар мемлекеттің ішкі және сыртқы валюталық саясатын дұрыс іске асыруға зор септігін тигізеді. Осы валюталық-құқықтық институттар негізінде ұйымдастыру және материалдық сипатты-мазмұнды валюталық қаржылық  қатынастардың топтамалары жатады. 

  2. Валюта ресурстарын  пайдаланудың маңызы 

         Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.

   Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:

   тауарлар  мен қызметкерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;

   экспорт-импорт  мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;

   180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және кредиттер алу;

   депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивидендтер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;

   сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.

   Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:

   инвестициялар;

   жылжымайтын  мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша аударымдары;

   180 күннен астам мерзімге эксиорттық-импорттық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.

   Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын-валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іс-сапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.

   Елдегі пайдаланылатын  барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс, сондықтан сыртқы экокомикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.

   Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.

  3.  Мемлекеттік  валюта ресурстарының қалыптасуы 

   Мемлекеттік  валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

   экономиканың мемлекеттік секторының — кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шыеарудан түскен түсім -ақшадан;

   тауарлар  мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;

<

Информация о работе Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб