Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:12, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.

Оглавление

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
1. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының валюта тарихы және жаңа теңгеге сипаттама ...........................................................................................................10
2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және Қазақстан Республикасының монеталары...........................................................................................................................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------24
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі...................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------29

Файлы: 1 файл

Валюта.doc

— 225.00 Кб (Скачать)

    • 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар

    • 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар ,

    • 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған ).

   Кейіннен  айналысқа :

    • 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;

    • 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;

    • 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;

    • 1997 жылы  номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);

    • 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;

    • 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),

   2001 жылы :

    • 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген );

    • 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген );

    • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;

    • 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ).

    2002 жылы :

    • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;

    • 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.

   - 2003 жылы :

    • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

   Республикада  ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ олар негізінен мәдени - ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған. 

Жаңа теңгеге сипаттама 

   2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.

Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде "Астана-Бәйтерек" монументі - қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. "Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы  1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған.

Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі бөлігінде орналастырылған.

Банкноталардың сырт жағында  ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.

Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан жасаудан қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген кезде де осындай кейбір қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа дизайндағы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың ұшымен  анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің барынша мүмкін саны пайдаланылды. Банкноталарда арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де кездеседі, бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым  анықтауға негізгі акцент жасалған. 

2006 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік  банкнотаның сипаттамасы

[pic]

[pic]

      Банкнота өлшемі 149х79 мм қағазда дайындалған.

      Бет  жағы: басым түсі күлгін-көк, басым бейне  – тігінен. Орталық бөлігінде  "Астана-Бәйтерек" монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және қара көк жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген.  "Бәйтерек" монументінің сол жағында күлгін көк түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта  номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы төменгі оң жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Информация о работе Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб