Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:12, курсовая работа
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.
КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
1. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының валюта тарихы және жаңа теңгеге сипаттама ...........................................................................................................10
2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және Қазақстан Республикасының монеталары...........................................................................................................................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------24
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі...................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------29
Қазақстан Республикасының монеталары
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 1993 жылғы қарашада өзінің ұлттық валютасы "теңгені" айналысқа енгізді. 1994 жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына құны 2; 5; 10; 20 және 50 тиындық латуньнан жасалған металл ақшалар шығарылды. Ақша айналысындағы 1993 жылғы үлгідегі "нейзильбер" қоспасынан жасалған құны 1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік металл ақшалар 1997 жылғы үлгідегі "нибрасс" қоспасынан жасалған құны 1; 5; 10 теңгелік және "нейзильбер" қоспасынан жасалған құны 20; 50 теңгелік металл ақшалармен ауыстырылды
Қазіргі кезде Республика аумағында сондай-ақ мынадай металл ақшалар айналыста жүр:
• "нейзильбер" қоспасынан жасалған құны 20; 50 теңгелік ескерткіш металл ақшалар;
• мерейтойлық және ескерткіш күміс және алтын ақшалар;
• инвестициялық алтын ақшалар.
1997 жылғы үлгідегі метал ақшаны (жаңа металл ақша қатары) ақша айналысына шығару металл ақшаны халықтың пайдалануы үшін барынша ыңғайлы етіп жасауға, металды аз жұмсауға, сондай-ақ 50 теңгелік металл ақшаның қосымша номиналын енгізуге ұмтылудан туындаған7Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне, сондай-ақ есепшотқа, салымға, аккредитивке есептеуге және аударымға міндетті түрде қабылдануға тиіс, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз қабылданады және айырбасталады.
Мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар белгіленген номиналына сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени-ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.
Номиналы 100 теңгелік монета
[pic] [pic]
Диаметрі - 24,5 мм. Қалыңдығы - 1,95 мм. Массасы - 6,65 гр.
Қыры - "СТО ТЕНГЕ ЖҮЗ ТЕҢГЕ" деген жазумен бедерленген.
Биколорлы (құрамды) монета үйлестіріле орналасқан сақина дискіден тұратын шеңбер формасында. Монетаның ішкі дискісі ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан, сыртқы сақинасы сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған.
Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) ортада бедерлі шеңбер ішінде монетаның құнын білдіретін "100 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған. Айналдыра үстіңгі бөлігінде сегіз бұрышты өрнекпен, сол жақта "ҚҰБ" деген жазумен, оң жақта Қазақстан теңге сарайының тауар белгісімен бөлінген ұлттық ою-өрнектің үш элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
Монетаның сырт жағына (реверсіне) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін датасы "2002". Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Жазу мен бедерленген жылы бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
Номиналы 50 теңгелік монета
[pic][pic]
Диаметрі - 23 мм. Қалыңдығы - 1,6 мм. Массасы - 4,7 гр.
Қыры бедерленген.
Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған.
Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "50" саны орналастырылған. Номинал санының астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
Номиналы 20 теңгелік монета
[pic] [pic]
Диаметрі - 18,27 мм. Қалыңдығы - 1,6 мм. Массасы - 2,9 гр.
Қыры бедерленген.
Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған.
Информация о работе Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб