Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:12, курсовая работа
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.
КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
1. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының валюта тарихы және жаңа теңгеге сипаттама ...........................................................................................................10
2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және Қазақстан Республикасының монеталары...........................................................................................................................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------24
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі...................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------29
- банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;
- республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банктің тарапынан тікелей несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу;
- шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында төлемдердің қауіпсіз, уақтылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы қызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту;
- орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесінің негізін қалау.
Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан, істің нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды, ең алдымен ақша-несиелік реттеудін құралдары және іздістері дами түсті.
Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды. 1995 ж. қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көзпер, есебінен берілетін несиелердің көлемі және мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен қамтамасыз етуге бейімделеді. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге көбірек ден койды, оларға: банктердің өтімділігін колдап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы ақша-несиелік және валюталық реттеу жатады.
1995 ж. бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші денгейлі банктерге беретін несиелерінің негізгі массасы аукцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге берілсе, екінші жартысында операциялардың барлық ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығына көше бастады. Сонымен бірге, банкаралық несие нарығы дамыды. Қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде Ұлттық банк айналысқа бағалы қағаздарды шығару (нота) жолымен ақша массасының өсімін стерилизациялап отырды.
1995 ж. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің позитивті нақты бағытын ұстап тұрды. Инфляция қарқынының төмендеуіне байланысты ол да төмендеді және керісінше инфляцияның өсуі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің жоғарлауын қарастыруға әкелді, Инфляция каркыны 1995 жылдың каңтарында 8,9%-дан 2,4%-ға дейін темендеуін ескеріп, қыркүйекте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 210-нан 45%-ға дейін төмендеді. Кейінгі айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4%) 20 қарашадан бастап Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 52,5%-ға. дейін арттыруына мәжбүр етті. Бұл өзгерістер өз кезегіндегі екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да көрініп алды.
Ақша массасының көлемін тиімді мөлшерде ұстау қажеттілігімен туындайтын банктің өтімділігін реттеудегі міндетті резервтер деңгейі, 1995 ж. наурыз айында, теңге және шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелердің деңгейінің 20%-ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің балама тәртібіне көшкен банктердің резервтері ұшін төлемдік принципін сақтады және оған төлейтін ақы мөлшері қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 25% деңгейде қалды.
1995 ж. Ұлттық банк
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар
басталды. Бұл жерде бірінші және екінші
нарықтардың қызмет
етуі қамтамасыз
етілді. Нәтижесінде,
1995 ж. айналыс мерзімі 3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд теңгені құраса, мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер
-0,8 млрд теңге
көлемінде
айналысқа
шығарылды.
Екінші нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4 млрд теңге құраса,
оның
ішінде ашық нарықтағы операциялар - 2,2 млрд теңгені құраған.
Ұлттық банк
валюталық
бағамы
Ұлттық банк жүргізген валюталық бағам саясаты нарықтық жағдайлардың қысқа мерзімді өзгерістерінен туындайтын теңгенің алмастыру бағамының (динамикасын) қозғалысын реттеуге бағытталған. 1995 ж. қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасындағы АҚШ долларын сатып алу түріндегі Ұлттық банктің интервенциясы оларды нарықта сату формасындағы интервенциясымен сай келді.
1995 ж. екінші жартысында өтімді нарық құруда Ұлттық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек, кәсіпорынның ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан түсетін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30%-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.
Информация о работе Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб