Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:12, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.

Оглавление

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
1. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының валюта тарихы және жаңа теңгеге сипаттама ...........................................................................................................10
2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және Қазақстан Республикасының монеталары...........................................................................................................................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------24
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі...................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------29

Файлы: 1 файл

Валюта.doc

— 225.00 Кб (Скачать)

   1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды. 

Ұлттық валютаның қалыптасуы 

           1992-1993 жж. егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей орталық банкінің 1961 – 1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар  бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.

           1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін (дизайн) дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын  шетелдік фирмамен  келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда «Харрисон және ұлдары» атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта – 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге – дайындалып, Алматыға жеткізілген.

           1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

      1993 ж. 15 қарашада сағат 8 – де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;

      1993 ж 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма – қол  ақша  айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.

      қолма – қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен  айырбасталып, ол  18 қарашада сағат 18 – де аяқталды. қарашаның 15 – 18 аралығында  екі валюта  - сом және теңге – айналымда қатар жүрді.

           Қазақстан Республикасының жасы 16 – дан асқан  азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп,  ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы  дербес шотқа  салынып, оны  6 ай  бойы  пайдалануға  құқығы болмады.

           Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ  доллары 4,7  теңге  тең болды.

           1993 ж. 15 қарашада Қазақстан  тарихында  алғашқы  ұлттық валюта – теңге енгізілді. Ақша реформасын  жүргізуге Қазақстан басшылары  бір жарым  жыл уақыт өте  құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион  доллар сома шамасында алтын құймалары  мен шетел валютасы  қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған  күннен бастап  Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс  енді Москваға  жіберілмей, оны  Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына  айналдырды. Сондай – ақ  резерв қорына экспорттық  валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін  айналымға  теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті  валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

           Айналымға теңгені  енгізу  инфляцияның қарқындауы  және бұрынғы одақтас республикалардың өзара  байланысының  үзілуі мен саяси ала ауыздығы  тереңдей  түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен  кейін 2,5 айда, келесі төрт айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің  арасындағы  қарызды өзара есептеудің кең айқымды компаниясы басталған да  теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге  жетті.

           Нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы  егеменді  ел ретінде  өзінің  тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық  саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдер мен дербес валюта қатынастарының құруымен қатар, халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық  рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

Информация о работе Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб