Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 17:32, курсовая работа
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
КІРІСПЕ 3
І КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ЕСЕП ПЕН ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 4
1.1 Кәсіпорындағы өндіріс пен шығынның жіктелуі 4
1.2 Қаржылық және өндірістік бухгалтерияның өзара қарым-қатынасы 8
ІІ ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ 17
2.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі 17
2.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі 24
2.3 Өндірістегі ақауларды есепке алу 26
2.4 Үстеме шығыстардың есебі 30
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде келтірілген.
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары, бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.
2 сызбасы.
Өндірістік шығындарды есептейді ұйымдастыру
Материалдар мен жалақы шығын- дарын тарату кестесін әзірлеу, амортизациясын есептеу (есептеп шығару), көмекші өндірісінің көрсеткен қызметін тарату |
Өндіріске жұмсалған шығындарын көрсететін, құжаттар |
«Цехтар бойынша шығындар» ведомостары (90, 92, 93, 95 – шоттар бөлімшесінің дебеті) |
Ай ішіндегі өндіріс шығындарының жинағы |
Экономикалық
элементтер
бойынша өндіріс шығындарының жинағы |
Өндіріске
жұмсалған шығындары
туралы есеп беру |
Бас кітап | Бухгалтерлік баланс және басқа да есеп берудің нысандары |
Карточкалар, талдамалық есеп ведомостары (тапсырыс, қайт жасау, өндіріс сатылары, т.б. бойынша) |
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнін өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық
бухгалтерия шоттардың бас
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 90-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептін бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін.
Қаржылық және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастар мына төмендегі 6-сызбада көрсетілген.
Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 8010 - "Негізгі өндіріс", 8020 "Өз өндірісінің шалафабрикаттары",
8020 - "Көмекші өндіріс", 13 - "Басқа да" шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 8010-8030 шоттары дебеттеліп, 8010, 8020, 8030 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 8010, 8020, 8030 шоттары дебеттеліп, 8010-8030 шоттары кредиттеледі).
Сонымен,
8010-8030 шоттар "бір күндік шоттар"
болып табылады және оның қалдықтары осы
шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық
есеп беруіне енгізу үшін арналған.
3
сызба. Қаржылық және өндірістік (басқару)
бухгалтериясының өзара қарым-қатынастары
Кәсіпорынның орталық бухгалтериясы |
Қаржылық
бухгалтериясы (10 – 80 бөлімше шоттарында |
Өндірістік
(басқарушылық) бухгалтериясы (90 бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі) |
Есепті кезең басында
өндірістің қалдықтары
211 – 214-шоттарында есепке
Есепті кезеңде өнімге, жұмыстарға,
көрсетілген қызметтерге
барлық шығындарды беріледі
Есепті кезеңде өндірістік өнімді,
атқарылған жұмыстарды, көрсетілген
қызметтерді береді
Есепті кезеңде өзі өндірген
шалафабрикаттарды өткізу үшін
береді
Есепті кезеңде өндірісте
пайдаланбаған материалдарды,
өндіріс қалдықтарын, ақауларды
қайтарады
Есепті кезеңнің соңында 900, 910,
920, 950-шоттары бойынша
аяқталмаған өндірістің
беріледі
Жаңа есепті кезеңнің басында 211-214
шоттарындағы есепке алынған
аяқталмаған өндірістің
беріледі
Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше "транзиттік" шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.
"Транзиттік"
шоттарда көрсетілген
- шығындарға кеткен тікелей материалдар;
-
шығындарға кеткен тікелей
- үстеме шығыстар.
Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалға, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.
Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар - бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.
Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбек ақысы т.б. осы сияқты тікелей еңбек ақылары жатады.
Қызмет көрсететін цех жұмысшыларының еңбек ақысы тікелей еңбек ақы болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру және баска да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.
Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады (555 б.).
-
өндіріс түрлері бойынша "
-
"Үстеме шығыстардың" шоттары
бойынша субъекттің үстеме
- үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады;
-
"Транзиттік" шоттардағы жинақталған
шығыстарды дайын өнім шотына
есептен шығарып, дайын
Өндірілген өнімнің сапасы әрбір еңбек ұжымы бойынша олардың қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы болып табылады. Әрбір кәсіпорын өзінің абыройын, бәсекелестік қабілеттілігін, ұжымның кәсіби және патриоттық мақтанышын сақтағаны абзал. Кәсіпорын өнімнің сапасына бақылау жасап, техникалық-бақылау бөлімінің (ТББ) жұмысына жәрдемдесіп отыруға тиіс. Сапасыз өнім шығару ұжымның шаруашылық есебінде, жалақысында және әлеуметтік игіліктерінде сөзсіз шығынға әкеп соғады.
Сапасы
жағынан белгіленген
- ақау байқалған орны бойынша — ішкі (өнім сатып алушыға жіберілгенге дейін анықталған) және сыртқы (сатып алушы анықталған) ақау;
- анықталған ақаулардың сипаты бойынша — түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзетуі тиімсіз түпкілікті (жөндеуге келмейтін) және жөндеуге болатын ақаулар;
- пайда болу себептері бойынша — өндіріс технологиясының бұзылуы, сапасыз шалафабрикаттар және т.б.
Өндірістегі ақау 950 - "Өндірістегі ақау" деп аталатын шотта есепке алынады. Ақауды жөндеу жөніндегі шығындар "Цехтар бойынша шығындар" ведомосында көрсетіледі. Түзетуге болатын және түзетуге болмайтын ақаудан болған шығындар "Өндірістегі шығынды есепке алу" ведомосында айқындалады. Оған жазу үшін №12 ведомостағы ақау туралы хабарламалары негіз болады.
Ақаудың есебін жүргізу үшін 95 шоттар бөлімшесі арналған.
95 бөлімшенің құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді:
8031 - "Материалдар", 8040 - "Үстеме шығыстары".
Ішкі түпкілікті ақаудың өзіндік құнын мынадай шығындар бойынша анықтайды: ақау болған өнімді жөндеу кезінде жұмсалған шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар шығындары; өндіріс жұмысшыларының жалақысы; жалақыдан есептелген аударымдар; үстеме шығыстар.