Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 17:32, курсовая работа
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
КІРІСПЕ 3
І КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ЕСЕП ПЕН ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 4
1.1 Кәсіпорындағы өндіріс пен шығынның жіктелуі 4
1.2 Қаржылық және өндірістік бухгалтерияның өзара қарым-қатынасы 8
ІІ ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ 17
2.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі 17
2.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі 24
2.3 Өндірістегі ақауларды есепке алу 26
2.4 Үстеме шығыстардың есебі 30
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Екінші
әдіс кезінде түгендеу деректері
бойынша аяқталмаған өндіріс
объектілерінің саны және норма-сағаты
олардың дайындық деңгейімен анықталады.
Норма-сағаттардың санын
Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық (аналитикалық) шот (тапсырысы) бойынша анықталады. Бұл үшін, әдетте, әрбір талдамалық шот бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішіндегі есепке алынған шығындары қосылады және айдың соңында аяқталмаған өндірістің сомасы алынып тасталынады. Осыдан келіп шыққан айырмашылығы шығарылған өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құнын құрайды.
Біздің мысалда айдың басына да, айдың соңына да аяқталмаған өндірістің қалдығы болған жоқ.
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату үшін "Көмекші өндірістің қызметтерін тарату кестесі" деген аналитикалық кестесін жасаймыз.
Көмекші
өндіріс қызметін тарату кестесін жасаған
кезде оның бірінші бөлімінде негізгі
тұтынушының көрсеткен қызметінің нақты
өзіндік құны анықталады (қарсы қабылданған
қызметтің өзіндік құны қосылып, қарсы
көрсетілген қызметтің өзіндік құны шегеріледі).
Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8010 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 8010-"Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 8011 - "Материалдар", 8012 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы", 8013 - "Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар", 8014 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл сонында 8010 "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады.
8010 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістін шығындар есебі төмендегі номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.
Материалдар. Шикі заттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Лимиттік-алу
карталары және талап-накладнойы жұмсалған
шикізат пен негізгі
Көмекші материалдар — тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде таратылады.
Қайтарылған
қалдықтар — бұл негізгі, көмекші және
қосалқы өндірістердің қалдығы.
4. Сызба.
өндірісте жұмсалған
211 «Негізгі өндіріс» шоты 900 « Негізгі өндіріс» шоты 221 «Дайын өнім» шоты
дебет кредит дебет кредит дебет кредит
Есепті кезеңнің басындағы
Аяқталмаған өндіріс қалдығы
901 шоты
201-206, 208 Өндіріске өндірістік
шотттарының
сипатындағы жұмсал-
кредиті ған материалдар, жұ- Жөнделмейтін ақау есептен шығарылды
мыстар және қызметтер
902 шоты
688 шотының
Негізгі өндіріс жұмыс-
кредиті
шыларының жалақысы
903 шоты
634 шотының Негізгі өндіріс жұмыс-
кредиті («Әлеу- шыларының жалақы-
меттік салық»,
сынан аударылған
субшоты)
әлеуметтік салықтар
904 шоты
930 шотының Негізгі өндіріске тиесі- шалафабрикаттар
кредиті
лі, үстеме шығыстары
«Транзиттік шоттары» бойынша
шығындардың жиыны
910 шотының Өндірістің өзінде шы- 211 «Негізгі өндіріс» шоты
кредиті ғарған шалафабрикат-
тар, өндіріс қажеттілігі-
не босатылды
өндіріс қалдығы
920 шотының Көмекші өндірістің
кредиті көрсеткен қызметі
950 шотының Ақаудан болған
кредиті
жоғалтулар
Өндіріске жұмсалған шығындардың Есептен шығарылған шығындардың баулығы
баулығы
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарының) құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары-саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық, құнды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:
- егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
- қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы бойынша;
- егер де қалдықтар шартка сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың құнына "Шикізат пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 1315-шоттың дебеті және 8010-шоттың кредиті бойынша көрсетеді. 8010-шоттың кредитіндегі талдамалық есеп регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Сатып алынатын бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсететін қызметтеріне өткізіліп жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық процестерді сактау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын шығындар жатады.
Субъектінің өз транспортымен жөне өз қызметкерлерінің күшімен жеткізілген запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар және шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі элементтеріне қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын аударымдарға және т.б.).
Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері жатады: жабдықтау-сату ұйымдарына теленетін үстемелері (наценкасы); жүкті тасығаны үшін қосымша кіре ақысы; субъектің қоймасына материалдарды жеткізіп беру мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-сапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады.
Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отыңдардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын жүргізу үшін т.б.
Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығын элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (еңбек ақы төлеуге, негізгі қорлар амортизациясына жұмсалатын шығындар, материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының құнына жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.