Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 17:32, курсовая работа
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
КІРІСПЕ 3
І КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ЕСЕП ПЕН ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 4
1.1 Кәсіпорындағы өндіріс пен шығынның жіктелуі 4
1.2 Қаржылық және өндірістік бухгалтерияның өзара қарым-қатынасы 8
ІІ ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ 17
2.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі 17
2.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі 24
2.3 Өндірістегі ақауларды есепке алу 26
2.4 Үстеме шығыстардың есебі 30
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
910 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" шотының кредитінен шалафабрикаттардың дайын нақты өзіндік құны мен аяқталмаған өндіріс құны мына шоттардың дебетіне есептен шығарылады:
900
- "Негізгі өндіріс", 920 - "Көмекші
өндіріс" - одан әрі өңдеу үшін
негізгі немесе көмекші
221
- "Дайын өнім" - сатуға жататын
шалафабрикаттардың дайын
212 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" - шалафабрикат өндірісіндегі аяқталмаған бөлігі.
Шалафабрикаттардың талдамалық есебі олардың сақталатын жерлері және жекелеген атаулары (түрлері, сорттары, мөлшерлері және т.б.) бойынша жүргізіледі. Шалафабрикаттардың қайда жұмсалынып жатқаны туралы деректерді жинақтау үшін "Цехтардағы материалдарды есепке алу ведомосы" қолданылады, ол, әдетте, цехтардың, учаскелердің берген есептері негізінде жасалады. Ведомоста айдың басындағы және сонындағы шалафабрикаттардың қалдықтары; жалпызауыттық қоймадан, цехтардан дербес қоймаларынан түскен түсімдері, баска да түсімдері; жалпызауыттық қоймаларға қайтарылғаны, цехтардың дербес қоймаларына берілгендері; баска да босатулар және есептен шығарылғандар (оның ішінде кем шығу) көрсетіледі.
Өндірістегі
шалафабрикаттар қозғалысын, яғни жедел
есебін кәсіпорынның басқару бухгалтериясы,
не өндірістік-диспетчерлік қызметі жүргізеді.
Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
-
кешендік сипаты - шығыстар құрамында
барлық экономикалық
- екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:
- өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорционалды) таратылады;
- тікелей материал шығыстарына пapa-пар етіп (пропорционалды) таратылады;
- өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп (пропорционалды) таратылады;
-
цех құнына пара-пар етіп (пропорционалды)
(мысалға, кара металлургияда)
немесе шикізат құны
- алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;
- басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықгың жұмыс сағатына және т.б.).
8040 - "Үстеме шығындар" бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:
8040 - "Үстеме шығындар", онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;
8041 - "Материалдар" — үстеме шығындардағы материалдардың барлықтүрлерін есепке алу үшін арналған;
8042 - "Қызметкерлердің еңбегіне еңбек ақы төлеу" — жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;
8043 - "Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" — 8042-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;
8044 - "Негізгі құралды жөндеу" - өндіріс қызметінде пайдаланатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;
8045 - "Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы" — өндіріс қызметінде пайдаланатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;
8046 - "Тұрғын-үй қызметі" — тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да керсетілуі мүмкін;
8047 - "Жал ақысы" — өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;
8048 - "Басқа да" — әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.
Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді:
Мысал. Аяқ киім тігетін өнеркәсіп кәсіпорны төрт өнім түрін шығарады делік:
теріден тігілген ерлер аяқ киімі - 100 мың жұп айына;
теріден тігілген ерлер туфлиі — 7 мың жұп айына;
жеңіл материалдардан тігілген әйелдердің туфлиі — 12 мың жұп айына;
үйде киетін әйелдер туфлиі - 12 мың жұп айына.
Үстеме шығыстарын тарату кезінде мыналар қабылданды:
-
алдымен құрал-жабдықты
— содан соң жалпы үстеме шығыстары өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды түрде таратылады.
Сметалық нормативтік мөлшерлеме есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Н=СР,
Мұнда,
Н - сметалық (нормативтік) мөлшерлеме;
С — құрал-жабдықтың бір сағатына кететін сметалық шығыстың сомасы;
Р - құрал-жабдықтың жұмыс істеу барысында жасалған машина/ сағатының саны.
Соңғы
көрсеткіштің деңгейі өнімнің бір
түрін әзірлеуде пайдаланатын әртүрлі
топтағы құрал-жабдықтың
- цех құрал-жабдықтарының шығындарын олардың күрделілігіне, қуаттылығына және құнына тәуелді етіп таратады, сондай-ақ әрбір құрал-жабдықтың бірлігіне келетін шығыстың мөлшері бойынша да 4 топқа бөлінеді: А, Б, В, Г;
- құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша жылдық сметалық шығыс жасалған, оның жалпы сомасы 5985 мың теңге құраған;
-
әрбір топ бойынша жұмыс істеу
сағаты, яғни машинаның жұмыс
істеу мерзімі белгіленген,
Жоғарыда келтірілген мысалда теріден тігілген ерлер аяқ киімін әзірлеуге арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға кеткен шығыстың сметалық мөлшерлемесін есептеу жолы көрсетілген. Енді біз басқа бұйымдар үшін сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша анықтаймыз.
Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің конструкциясы, технологиясы және басқа параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесін алуға рұқсат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орындалатын құрал-саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып келеді. Олардың шығыс нормасы типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің негізінде белгіленеді, өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Бұл
арада атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды
пайдалану мен күтіп-ұстау
Көмекші өндірісте біртектес өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды таратылады.
Есептелген
сметалық мөлшерлеменің негізінде
құрал-жабдықты пайдалану және күтіп-ұстау
шығыстарын өнімді шығару туралы мәліметтерін
тарату үшін келесі есептеулер жасалады.
Қортындылай келе кез келген өнімдерді өндіру жұмыстарды атқару және қызмет көрсету белгілі бір шығындармен байланысты болады. Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез келген кәсіп орын үшін маңызы зор. Әрбір кәсіпорын үшін өндіріс шығындарын дұрыс есептеу кәсіпорынның әрі қарай өркендеуіне ықпал етеді. Өнімдердің өзіндік құнын нақты есептеу үшін өндіріске жұмсалған шығындарды толық дер кезінде және шынайы есепке алу керек. Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің типіне байланысты болады. Өндіріс жеке, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа бөлінеді. Жеке өндіріс-өнімнің жеке даналарын немесе аса көп емес қайталанатын партиялармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен трубиналарды өндіруге тән. Сериялық өндіріс - біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады. Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт кезең бойынша біркелкілі өнім өндіретін өндіріс. Бұл машина жасауда, прибор жасауда, кондитерлік өндірісте қолданылады. Кәсіпорынның өндірістік цехтары негізгі және көмекші өндірістерден тұрады. Негізгі өндіріс-өнімдерді өндіруге сондай-ақ ішкі зауттық тұтынуға қажетті жартылай өнімдерді дайындауға арналған өндіріс. Көмекші өндіріс –негізгі өндіріске қызмет көрсететін өндіріс яғни негізгі өндіріске қажетті құрал-саймандарды дайындаудың немесе негізгі өндіріс құрал-жабдықтарының жөнделуін қамтамасыз ететін өндіріс. Негізгі өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттар жоспарында 8010 шотын қолданады.8010 шотта дебитінде өнім өндірумен байланысты және шығарылған өнімнің негізін құрайтын шығындар жинақталады. Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қортындылау үшін 8010-Негізгі өндіріс шоты арналған. Осы шоттың 8011-Материалдар, 8012-Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы, 8013-Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар, 8014-Үстеме шығыстар көрсетілген.
Негізгі
өндіріс тұтынатын өнімді шығарып
жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін
өндіріс көмекші өндіріс деп
аталады. Көмекші өндіріс қазандық, электростанциялар,
сумен жабдықтау, жөндеу механикалық цех,автокөлік
цехы т.б. Көмекші өндірістің шығындарын
есептеуге 8030 шоты арналған. Көмекші өндірістің
талдамалық есебі әрбір цехта өнім түрлері
және шығындары баптары бойынша жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды
қортындылау үшін 8030-Көмекші өндіріс
шоты арналған. Осы шоттың 8031-Материалдар,
8032 -Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу,
8033-Еңбек ақыдан қаржы бөлу, 8034-Амортизациялық
қаржы бөлу.Сонымен қатар өндірісте өндірістегі
акқауларды есепке алу және үстеме жығыстарды
есептеу де маңызды орын алады. Сапасы
жағынан белгіленген стандарттарға немесе
технологиялық шарттарға сәйкес Өндірістегі
ақауларды есепке алу өндірілген өнімнің
сапасы әрбір еңбек ұжымы бойынша олардың
қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы
болып табылады. Үстеме шығыстарға өндіріске
қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші
цехтардың жұмыс ұйымдастырумен байланысты
шығыстары жатады, оларды тікелей дайын
өнім түрлеріне жатқызуға болмайды. Үстеме
шығындарын есепке алу үшін шоттар жоспарында
8040 шотын қолданады. Үстеме шығындар бөлімшесі
мынадай шоттардан тұрады: 8041-Материалдар,
8042-Қызметкерлердің еңбегіне еңбекақы
төлеу,8043-Еңбекақыдан аударымдар, 8044-Негізгі
құралдарды жөндеу, 8045-негізгі құралдардың
тозуы.осы шығындарды дұрыс есептей отырып
кәсіпорынның экономикалық жағдайын көре
аламыз.