Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 17:32, курсовая работа
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
КІРІСПЕ 3
І КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ЕСЕП ПЕН ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 4
1.1 Кәсіпорындағы өндіріс пен шығынның жіктелуі 4
1.2 Қаржылық және өндірістік бухгалтерияның өзара қарым-қатынасы 8
ІІ ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ 17
2.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі 17
2.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі 24
2.3 Өндірістегі ақауларды есепке алу 26
2.4 Үстеме шығыстардың есебі 30
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Сыртқы ақаудың құны тұтынушылардың біржола ақау деп танылған өнімнің өзіндік құнынан, осы өнімді сатып алуға байланысты сатып алушыға өтелген шығындарынан, ақауға шығарылған бұйьшдарды бөлшектеуге жұмсалған шығындарынан, сондай-ақ ақаулы өнімді ауыстыруға байланысты туындаған көлік шығындардан немесе егер өнім жөнделетін ақауға жататын болса тұтынушыдағы ақаулы өнімді түзетуге жұмсалған шығындардан тұрады.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызылған сыртқы және ішкі ақаудан болатын шығынды анықтау үшін түпкілікті ішкі және сыртқы ақаудың құнына ақауды түзетуге жұмсалған шығындары қосылады және ақаулы өнімнің пайдаланылуы мүмкін болатын бағасы бойынша оның құны, ақауды жіберген кінәлілерден нақты сомасы ұсталынады, ал егер де ол өнімді жеткізіп берушілердің кінөсінен болса онда оның құны бүкіл сатып алынған өнім құнынан шегеріліп тасталады.
Ішкі ақаудан болған шығындар ақау анықталған айдағы өндіріс шығындарында, ал сыртқы ақаудан болған шығындар ақаулы өнімді сатып алушылардан келіп түскен талап (рекламация) қабылдаған айдағы өндіріс шығындарында көрсетіледі.
Бухгалтериялық есепті және ақаудан болған шығынды анықтауды кәсіпорынның техникалық-бақылау бөлімі (ТББ) жүзеге асырады.
Анықталған түпкілікті немесе түзетуге болатын ақау үшін ТББ "Ақау туралы актісі" жасайды. Жұмысшының кінәсінен жіберілген ақауды түзету наряд жазылмай жүргізіледі. Егер осы ақаудың жіберілуіне кінәлі болып табылмайтын жұмысшы ақауды жөндесе, онда мұндай жұмысқа жалпы тәртіп бойынша наряд жазылып, оған "Ақауды қайта жасау" деген мөртаңбасы (штампы) қойылады Ақау туралы акт төменде келтірілген.
Ақаудан болған шығындарды тиісті дәрежеде есепке алуды және кәсіпорындардағы ақау туралы мәліметтерді жүйелеуді ұйымдастыру ақау себептерінің тізбесі және оған кінәлілер анықталғанға дейін жүреді.
Ақаудың себептері мен кінәлілерге шифр қойылып, осы мәселелер туралы мәліметтер барлық цехтардың және олардың бөлімшелерінің басшыларына дейін жеткізіледі, сосын олар құжаттарда көрініс табады.
Ақаудан болған шығын ай сайын өндіріс шоттарынан көшіріліп алынып өнімнің тиісті түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Жеке және ұсақ сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық бітпеген белгілі бір тапсырысқа (заказға) қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылады Одан басқа жағдайлардың бәрінде ақаудан болған шығындар, әдеттегідей, тауар өнімінің өзіндік құнына енгізіледі.
Өткен есепті кезеңде өндірілген негізгі өнімге жататын сыртқы ақаудан болған шығындар ағымдағы есептік кезенде жасалған осындай бұйымдардың өзіндік құнына көшіріліп жазылады. Мұндай өнім ағымдағы айда дайындалмаған жағдайда, сыртқы ақаудан болған шығындар үстеме шығындар үшін белгіленген тәртіп бойынша тауарлы өнім түрлеріне бөлінеді.
Анықталған ақауды ақау туралы хабарламамен рәсімдейді. Онда бұйымның атауы, ақау байқалған операциясы, кінәлілер және ақаудың туындау себептері, жарамай қалған бөлшектерге жаткызылған тікелей шығындарының сомасы көрсетіледі. Осы арада түзетуге келмейтін ақау бойынша кіріске алынуға жататын сынықтар мен бағалы қалдықтардың құны айқындалады.
Ақаудың барлық түрлері бойынша келесі шоттардың корреспонденциясы жасалады. Конструкциялар және бөлшектер" шотында есепке алынады. Өндірістің өзінде өндірілген шалафабрикаттарға өнделіп бітпеген барлық еңбек өнімдері, яғни бір цехта жасалған және басқа цехтарда өнделуге тиісті бұйымдар жатады. Мысалы, қара металлургияда - өңделетін шойын; резина өнеркәсібінде - шикі резина мен желім; химия өнеркәсібінің азотты тыңайтқыштар комбинаттарында - күкіртті қышқыл; тоқыма өнеркәсібінде - иірілген жіп және кендір (шуда) жіп.
Шалафабрикаттардың есебі 8020 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" деген активті инвентарлық шотта жүргізіледі, олардың бөлек есебін жүргізетін кәсіпорындарда өзі өндірген шалафабрикаттардың мөлшері және олардың қайда берілгені туралы ақпарат қорытындыланады. Егер де 8020-шоты қорытындыланбайтын болса, өндірістің өзінде өндірілген шалафабрикаттар аяқталмаған өндіріс ретінде 8010 - "Негізгі өндіріс" шотында есепке алынады.
8020 шоты алдын ала мына шоттарда көрсетілген ақпараттарды жинақтауға (шолуға) арналған:
8021 - "Материалдар" - материалдар құнының бір бөлігі ретінде өндіріске босатылған шалафабрикаттар;
8022 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы" - еңбек ақыға төленетін шығыстың бір белігі;
8023 - "Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар" - 8022 шоты бойынша көрсетілген, еңбек ақыдан есептелген әлеуметтік салықтың бір бөлігі;
8024 - "Үстеме шығысы" - шалафабрикат өндірісіне қатысты үстеме шығысының бір бөлігі.
Ай соңында 8020 шоттың дебетіне өзі өндірген шалафабрикаттың өндірісі бойынша барлық шығыстары мен (8021-8024) шалафабрикат өндірісі бойынша ақаумен байланысты сома да, есептік кезенде аяқталмаған шалафабрикаттың құны да 8020 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" шотынын кредитінен әкелінеді, ал олар өз ретінде осы есептік кезеңде шалафабрикаттың өзіндік құнын калькуляциялау үшін қажет.
8020 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" шотының кредитінен шалафабрикаттардың дайын нақты өзіндік құны мен аяқталмаған өндіріс құны мына шоттардың дебетіне есептен шығарылады:
8010 - "Негізгі өндіріс", 8030 - "Көмекші өндіріс" - одан әрі өңдеу үшін негізгі немесе көмекші өндірістерге берілген шалафабрикаттардың бір бөлігі;
1320 - "Дайын өнім" - сатуға жататын шалафабрикаттардың дайын бөлігі;
8020 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" - шалафабрикат өндірісіндегі аяқталмаған бөлігі.
Шалафабрикаттардың талдамалық есебі олардың сакталатын жерлері және жекелеген атаулары (түрлері, сорттары, мөлшерлері жәнет.б.) бойынша жүргізіледі. Шалафабрикаттардың қайда жұмсалынып жатқаны туралы деректерді жинақтау үшін "Цехтардағы материалдарды есепке алу ведомосы" қолданылады, ол, әдетте, цехтардың, учаскелердің берген есептері негізінде жасалады. Ведомоста айдың басындағы және сонындағы шалафабрикаттардың қалдықтары; жалпызауыттық қоймадан, цехтардан дербес қоймаларынан түскен түсімдері, басқа да түсімдері; жалпызауыттық қоймаларға қайтарылғаны, цехтардың дербес қоймаларына берілгендері; басқа да босатулар және есептен шығарылғандар (оның ішінде кем шығу) көрсетіледі.
Өндірістегі шалафабрикаттар қозғалысын, яғни жедел есебін кәсіпорынның басқару бухгалтериясы, не өндірістік-диспетчерлік қызметі жүргізеді.
Қарапайым
өндірісінде өнімнің, қызметтің
және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі
ықшамдалған тәсіл бойынша
Анықталған өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құны бойынша тұтынушыларға 8030 шотының кредитінен есептен шығарылады.
1. Бу қазан цехы. Бу қазан цехының таза өзінің шығыны 2610080 теңге құраған, ал жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі (құрал-жабдықтарды жөңдеу бойынша) — 175150 теңге құраған, автотранспорт цехының көрсеткен қызметі (есептік құны бойынша) — 382719 теңге құраған.
1 тонна будың есептік өзіндік құны — 185 теңге құраған (өткен айдағы нақты шығындарының деңгейінен алынған).
Ағымдағы айда жылыту үшін 14397 тонна бу шығарылған, енді ол счетчиктердің көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардың арасына таратылады:
Негізгі
тұтынушыларға көрсетілген
Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны туралы мәліметтің (223,64 теңге) және тұтынылған қызметтің саны туралы ақпараттың негізінде бу қазанының шығындары тиісті тұтынушылары бойынша есептен шығарылады.
2. Автотранспорт цехы. Автотранспорт цехының тасымалдаған жүгінің саны 18957 ткм құраған (ағымдағы айдың жол парағының мәліметі бойынша). Ал автотранспорт цехының өзі жасаған шығын 3414419 теңге - құраған, қарама-қарсы қабылданған қызметтің деңгейі — 253861 теңге құраған (жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі). Өткен айдың нақты өзіндік құны туралы мәлімет бойынша бір т/км-дің жоспарлы өзіндік құны 193 теңге құраған.
Жоспарлы өзіндік құн бойынша қарсы көрсетілген қызметтін сомасы цехтар бойынша мынаны құраған:
бу қазан цехы бойынша — 382719 теңге (1983 т/кмх!93);
жөндеу-механикалық цехы бойынша — 100360 теңге (520 т/кмх!93).
Жоғарьща
келтірілген мәліметтер бойынша
негізгі тұтынушыларға
Жасалған калькуляцияның және жол парағының негізінде транспорттық қызметті тасымалданған жүктің т/км бойынша есептелген санына пара-пар (пропорционалды) етіп тұтынушылардың арасына таратылады.
Күрделі өндірістің калькуляциясы. Шығындардың талдамалық есебі жөндеу түрлері және жөнделетін объектілер бойынша, дайындалған аспаптар, керек-жарақтар, модельдер (үлгілер) түрлері немесе топтары бойынша жүргізіледі. Әрбір есеп (калькуляция) объектісіне талдамалық есеп ведомосы немесе карточкасы ашылады. Онда айдың басындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ағымдағы ай ішіндегі шығындар, есепке алынған шығындарды азайту тәртібімен есептеп шығару (материалдардың қайтарылуы, өндіріс қалдықтары), дайын өнімді кіріске алу, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құнын есептеп шығару, ай соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары көрсетіледі.
Жеке
орындауға қабылданған цех
Әрбір тапсырыстың өзіндік құны цех мәліметтерінің негізінде бухгалтерияда есептелінеді. Өзіндік құнның калькуляциялық-карточкасының негізінде ай сайын 8030 шоттың кредитінен тиісті тұтынушыларға есептен шығарылып отырады.
Мысалға,
жөндеу - механикалық цехының
Накладной мен нарядтың негізінде жұмыс түрі мен тұтынушылары бойынша тапсырыстарды топтастырады, содан соң бүкіл жөндеу-механикалық цехы бойынша шығындарын анықтайды, олар келесі түрде жасалады:
Бу
қазаны мен автотранспорт цехының
жөндеу-механикалық цехына көрсеткен
қызметі қарама-қарсы
- бір т/км өзіндік құны — 193 теңге;
- бір тонна будың өзіндік құны — 185 теңге.
Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған өндірістің деңгейін анықтаудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі әдіс бойынша, яғни іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен де бағалауға болады.
Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп шығарылады. "Негізгі материалдар", "Қосалқы материалдар", "Негізгі және қосымша жалақы" және т.б. баптар бойынша шығындар бастапқы құжаттардың деректері бойынша тікелей табылады. Қосымша шығындар оларды белу тәртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.