Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 17:32, курсовая работа
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
КІРІСПЕ 3
І КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ЕСЕП ПЕН ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 4
1.1 Кәсіпорындағы өндіріс пен шығынның жіктелуі 4
1.2 Қаржылық және өндірістік бухгалтерияның өзара қарым-қатынасы 8
ІІ ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ 17
2.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі 17
2.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі 24
2.3 Өндірістегі ақауларды есепке алу 26
2.4 Үстеме шығыстардың есебі 30
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық жөне технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.
Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінін өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.
Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.
Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша (немесе өткен айдағы қызмет көрсетудің құны бойынша) есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кенінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.
Тек жөндеу-механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 8030 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеледі де, 8030 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі — бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.
Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8030 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеліп, 8030 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі.
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір кемекші цехтардың жиынтык шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша — будың тоннасы, компрестік қондырғы — қысылған ауаның кубометрі, электростанция — киловатт/сағаты, автотранспорт — тонно/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.
Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.
"Көмекші өндіріс қызметін таратудың" талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың көрсетілген қызметтердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардын жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және көрсегілген қарама-қарсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.
Екінші бөлімнің деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8030 шоты кредиттеледі.
Үшінші
бөлімде көрсетілген қызметтің
жабдықтаушысы болып
Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар (электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлық және оттегі станциялары, автомобиль көлігі) болмайды.
Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.
Енді осы аталған түрлеріне сәйкес біз бір мысал келтіріп көрейік.
Кәсіпорынның құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотпранспорттық, жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары бар бопсын делік. Олардың ішінен жөндеу-механикалық цехы - күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі қарапайым цехтар қатарына жатады.
Өндірілген өнімнің сапасы әрбір еңбек ұжымы бойынша олардың қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы болып табылады. Әрбір кәсіпорын өзінің абыройын, бәсекелестік қабілеттілігін, ұжымның кәсіби және патриоттық мақтанышын сақтағаны абзал. Кәсіпорын өнімнін сапасына бақылау жасап, техникалық-бақылау бөлімінің (ТББ) жұмысына жәрдемдесіп отыруға тиіс. Сапасыз өнім шығару ұжымның шаруашылық есебінде, жалақысында және әлеуметтік игіліктерінде сөзсіз шығынға әкеп соғады.
Сапасы
жағынан белгіленген
- ақау байқалған орны бойынша — ішкі (өнім сатып алушыға жіберілгенге дейін анықталған) және сыртқы (сатып алушы анықталған) ақау;
- анықталған ақаулардың сипаты бойынша — түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзетуі тиімсіз түпкілікті (жөндеуге келмейтін) және жөндеуге болатын ақаулар;
- пайда балу себептері бойынша — өндіріс технологиясының бұзылуы, сапасыз шалафабрикаттар және т.б.
Өндірістегі ақау 950 - "Өндірістегі ақау" деп аталатын шотта есепке алынады. Ақауды жөндеу жөніндегі шығындар "Цехтар бойынша шығындар" ведомосында көрсетіледі. Түзетуге болатын және түзетуге болмайтын ақаудан болған шығындар "Өндірістегі шығынды есепке алу" ведомосында айқындалады. Оған жазу үшін №12 ведомостағы ақау туралы хабарламалары негіз болады.
Ақаудың есебін жүргізу үшін 95 шоттар бөлімшесі арналған.
95 бөлімшенің құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді:
950 - "Өндірістегі ақау", 951 - "Материалдар", 952 - "Жұмысшылардың еңбек акысы", 953 - "Үстеме шығыстары".
Ішкі түпкілікті ақаудың өзіндік құнын мынадай шығындар бойынша анықтайды: ақау болған өнімді жөндеу кезінде жұмсалған шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар шығындары; өндіріс жұмысшыларының жалақысы; жалақыдан есептелген аударымдар; үстеме шығыстар.
Сыртқы ақаудың құны тұтынушылардың біржола ақау деп танылған өнімнің өзіндік құнынан, осы өнімді сатып алуға байланысты сатып алушыға өтелген шығындарынан, ақауға шығарылған бұйымдарды бөлшектеуге жұмсалған шығындарынан, сондай-ақ ақаулы өнімді ауыстыруға байланысты туындаған көлік шығындардан немесе егер өнім жөнделетін ақауға жататын болса тұтынушыдағы ақаулы өнімді түзетуге жұмсалған шығындардан тұрады.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызылған сыртқы және ішкі ақаудан болатын шығынды анықтау үшін түпкілікті ішкі және сыртқы ақаудың құнына ақауды түзетуге жұмсалған шығындары қосылады және ақаулы өнімнің пайдаланылуы мүмкін болатын бағасы бойынша оның құны, ақауды жіберген кінәлілерден нақты сомасы ұсталынады, ал егер де ол өнімді жеткізіп берушілердің кінөсінен болса онда оның құны бүкіл сатып алынған өнім құнынан шегеріліп тасталады.
Ішкі ақаудан болған шығындар ақау анықталған айдағы өндіріс шығындарында, ал сыртқы ақаудан болған шығындар ақаулы өнімді сатып алушылардан келіп түскен талап (рекламация) қабылдаған айдағы өндіріс шығындарында көрсетіледі.
Бухгалтериялық есепті және ақаудан болған шығынды анықтауды кәсіпорынның техникалық-бақылау бөлімі (ТББ) жүзеге асырады.
Анықталған түпкілікті немесе түзетуге болатын ақау үшін ТББ "Ақау туралы актісі" жасайды. Жұмысшының кінәсінен жіберілген ақауды түзету наряд жазылмай жүргізіледі. Егер осы ақаудын жіберілуіне кінәлі болып табылмайтын жұмысшы ақауды жөндесе, онда мұндай жұмысқа жалпы тәртіп бойынша наряд жазылып, оған "Ақауды қайта жасау" деген мөртаңбасы (штампы) қойылады Ақау туралы акт төменде келтірілген.
Ақаудан болған шығындарды тиісті дәрежеде есепке алуды және кәсіпорындардағы ақау туралы мәліметтерді жүйелеуді ұйымдастыру ақау себептерінің тізбесі және оған кінәлілер анықталғанға дейін жүреді.
Ақаудың себептері мен кінәлілерге шифр қойылып, осы мәселелер туралы мәліметтер барлық цехтардың және олардың бөлімшелерінің басшыларына дейін жеткізіледі, сосын олар құжаттарда көрініс табады.
Ақаудан болған шығын ай сайын өндіріс шоттарынан көшіріліп алынып өнімнің тиісті түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Жеке және ұсақ сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық бітпеген белгілі бір тапсырысқа (заказға) қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылады Одан басқа жағдайлардың бәрінде ақаудан болған шығындар, әдеттегідей, тауар өнімінің өзіндік құнына енгізіледі.
Өткен есепті кезеңде өндірілген негізгі өнімге жататын сыртқы ақаудан болған шығындар ағымдағы есептік кезенде жасалған осындай бұйымдардың өзіндік құнына көшіріліп жазылады. Мұндай өнім ағымдағы айда дайындалмаған жағдайда, сыртқы ақаудан болған шығындар үстеме шығындар үшін белгіленген тәртіп бойынша тауарлы өнім түрлеріне бөлінеді.
Анықталған
ақауды ақау туралы хабарламамен рәсімдейді.
Онда бұйымнын атауы, ақау байқалған
операциясы, кінәлілер және ақаудың
туындау себептері, жарамай қалған
бөлшектерге жаткызылған
Ақаудың барлық түрлері бойынша келесі шоттардың корреспонденциясы жасалады. Конструкциялар жөне бөлшектер" шотында есепке алынады. Өндірістің езінде өндірілген шалафабрикаттарға өнделіп бітпеген барлық еңбек өнімдері, яғни бір цехта жасалған және басқа цехтарда өнделуге тиісті бұйымдар жатады. Мысалы, қара металлургияда - өңделетін шойын; резина өнеркәсібінде - шикі резина мен желім; химия өнеркәсібінің азотты тыңайтқыштар комбинаттарында - күкіртті қышқыл; тоқыма өнеркәсібінде - иірілген жіп және кендір (шуда) жіп.
Шалафабрикаттардың есебі 910-"Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" деген активті инвентарлық шотта жүргізіледі, олардың бөлек есебін жүргізетін кәсіпорындарда өзі өндірген шалафабрикаттардың мөлшері және олардың қайда берілгені туралы ақпарат қорытындыланады. Егер де 910-шоты қорытындыланбайтын болса, өндірістің өзінде өндірілген шалафабрикаттар аяқталмаған өндіріс ретінде 900 - "Негізгі өндіріс" шотында есепке алынады.
910
шоты алдын ала мына шоттарда
көрсетілген ақпараттарды
911 - "Материалдар" - материалдар құнының бір бөлігі ретінде өндіріске босатылған шалафабрикаттар;
912 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы" - еңбек ақыға төленетін шығыстың бір белігі;
913
- "Еңбек ақыдан аударылатын
аударымдар" - 912 шоты бойынша көрсетілген,
еңбек ақыдан есептелген
914 - "Үстеме шығысы" - шалафабрикат өндірісіне қатысты үстеме шығысының бір бөлігі.
Ай соңында 910 шоттың дебетіне өзі өндірген шалафабрикаттың өндірісі бойынша барлық шығыстары мен (911-914) шалафабрикат өндірісі бойынша ақаумен байланысты сома да, есептік кезенде аяқталмаған шалафабрикаттың құны да 212 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" шотынын кредитінен әкелінеді, ал олар өз ретінде осы есептік кезеңде шалафабрикаттың өзіндік құнын калькуляциялау үшін қажет.