Құрылыс өндірісі шығындарының есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:40, реферат

Краткое описание

Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындар есебі шоттар жоспарының 90/8110 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің активті шоттарында «Материалдар», «Негізгі еңбек ақы», «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» және «Үстеме шығындар» калькуляциялық баптары бойынша жүргізіледі.

Файлы: 1 файл

9 БӨЛІМ.doc

— 408.00 Кб (Скачать)

9 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ

 
9.1 Құрылыс өндірісі шығындарының есебін ұйымдастыру 
 
Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындар есебі шоттар жоспарының 90/8110 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің активті шоттарында «Материалдар», «Негізгі еңбек ақы», «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» және «Үстеме шығындар» калькуляциялық баптары бойынша жүргізіледі. 
 
Мердігерлік құрылыс ұйымдары мен үйқұрылысы комбинаттары осы шоттардың дебеті бойынша тапсырыс берушілердің (салушылар) тапсырысымен орындалып жатқан құрылыс және монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындарды есепке алады. Механизация басқармасы осы шоттарда субмердігер келісімшарты бойынша орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындарын көрсетеді. 
 
Құрылыс - монтаж жұмыстарының өндірістік шығындарының есебі дайын өнім шығару мен қызмет көрсетуге дайын жеке объект немесе құрал-жабдықтармен қамтылған кәсіпорындар құрылымына кіруіне байланыссыз ішкіқұрылыстық титульді тізімге кіретін және жеке сметасы мен жобасы бар әр құрылыс (ғимарат, құрылғы) объектісі бойынша жүргізіледі. 
 
Мердігерлік құрылыс ұйымдары, үйқұрылыс комбинаттары және механизация басқармалары 90/8110 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің шоттарында өз қажеттіліктері үшін капитал салымдарын жүзеге асырумен және ғимараттар мен құрылғыларды жөндеумен байланысты құрылыс - монтаж жұмыстары бойынша шығындарын есепке алады. 
 
Үйқұрылыс комбинаттары құрылыс бөлшектері мен конструкцияларды өндіру бойынша шығындарын 92/8310 «Көмекші өндіріс» бөлімшесінің шоттарында есепке алады. Субмердігерлік шарттар бойынша жеке жұмыс түрлерін (сантехникалық, жабдықтау, құрал-жабдықтарды монтаждау және т.б.) атқаратын арнайы мамандандырылған мердігерлік ұйымдар шығындар есебін бір немесе басқа объектіде орындалатын жұмыстардың жиынтығы бойынша ұйымдастырады.  
 
Бас мердігер құрылыс - монтаж жұмыстарының бап бойынша өндірістік нақты шығындар есебін тек қана өзі жеке орындаған жұмыстары бойынша жүргізеді. Субмердігерлерден қабылданған жұмыстар құнын бас мердігер шығын баптарына бөлместен, бірақ сәйкесті объектілер бойынша есепке алады. 
 
Объектіде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының жедел есебін натуралды және құндық өлшемде учаске басшысы Кс–6 үлгідегі орындалған жұмыстар есебінің журналында жүргізеді. Журнал мәліметтері құрылыс процесі кезінде М–29 «Өндірістік нормалармен сәйкестіргендегі құрылыстағы негізгі материалдардың шығындары туралы есептілікке» тиісті мәліметтерді толтыру үшін, құрылыс машиналары және автокөліктері орындаған жұмыс көлемін бақылау үшін, сондай-ақ жұмысшылардың еңбекақысын есептеу құжаттарында көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін қолданылады.  
 
Құрылыстық ұйымының өндірістік бөлімі объектіде жұмысты орындағанға дейін учаскенің басшысына орындалған жұмыс есебінің журналын (Кс–6 нысаны) береді. Бұл журналда орындалуға тиіс жұмыс көлемі мен жұмыс түрлері және конструктивтік элементтер шегінде бірлік сметалақ бағалар бойынша анықталатын құны туралы мәлімет беріледі.  
 
Бірлік бағалар бойынша объектіде орындалған жұмыс құнының қорытындысынан кейін белгіленген пайыздар бойынша есептелген үстеме шығындар беріліп, жалпы жұмыс құны мен үстеме шығындардан жоспарлы жинақтар анықталады. Жұмыс құнының (тікелей шығындардың), үстеме шығындар мен жоспарлы жинақтардың жалпы сомасы объектідегі құрылыс - монтаж жұмыстарының сметалық құнын құрады. 
 
Объектідегі әр жұмыс түрлерінің аяқталу көлеміне байланысты, бірақ келесі есепті айдың 1 – нен кешіктірмей орындалған жұмыстар журналда натуралды және құндық көрсеткіште көрсетіледі. Кейін бірлік бағалар бойынша орындалған жұмыстардың жалпы құны есептеліп, одан үстеме шығындар сомасы есептеледі, жоспарлы жинақтар және ай сайын учаске басшысының қол таңбасымен бекітілетін құрылыс - монтаж жұмыстарының жалпы құны анықталады. Журнал тіркелім болып табылады, оның негізінде орындалған жұмыстар мен шығындардың сметалық құны туралы ай сайын анықтама жасалады (№3 нысан). 
 
Есеп объектілері 
 
Құрылыс - монтаж жұмыстарының калькуляциялық баптар бойынша шығындар есебі есеп объектілері бойынша жүргізіледі. Шығындар есебінің объектілерін таңдау құрылыс - монтаж жұмыстарының шығындарының талдамалық есебі мен жоспарлауды ұйымдастыруда, шығындарды бақылауда және ұжымның (бригаданың, учаскенің) істеген жұмысының нәтижелерін анықтауда маңызды рөл атқарады.  
 
Шығындардың талдамалық есебінің объектілерін таңдау құрылыс өндірісінің бөлімшелерімен анықталуы тиіс, яғни оның өнімінің құрамымен, жұмысты жүргізудің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерімен айқындалады. 
 
Объектілерді таңдау критериі құрылыс өнімінің калькуляциялық өзіндік құнына, жауапты тұлғалар мен пайда болу орындары бойынша шығындарды бақылау мен талдау, олардың төмендеу резервтерін анықтауға қажетті ақпарат алу болып табылады. Осыған байланысты құрылыс - монтаж жұмыстарының өндірісіндегі шығындар есебінің объектілері төмендегілер болуы мүмкін:  
1. Аяқталған және тапсырушыларға өткізілген ғимараттар, құрылғылар және басқа да құрылыс объектілері, бұл жағдайда шығындар құрылыс объектісінің калькуляциясына тікелей әдіспен енгізіледі. 
2. Жұмыс өндірушінің учаске шегіндегі біртипті объектілер тобы. Құрылыс объектілердің өзіндік құнын калькуляциялау үшін олардың арасында шығындар сметалық сызба бойынша пропорционалды түрде үлестіреді. 
3. Өндірістік кешен (құрылыс оъектісінің бөлігі) құрылыс аяқталғаннан кейін жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау үшін объектілер шегінде барлық кешен бойынша шығындар қосылып жинақталады.  
4. Құрылыс объектілер шегіндегі конструкциялық элементтер және жұмыс түрлері – шығындар жұмыс түрінің өзіндік құнына кіріп, калькуляциялық бірліктің өзіндік құны анықталады. 
 
9.3 Құрылыс - монтаж жұмыстарында баптар бойынша шығындар есебі 
 
9.3.1 Материалдар бабы 
 
Бұл бап бойынша материалдардың, құрылыс жартылай фабрикаттардың, бөшектер және конструкциялардың, сонымен қатар электр жылуы, жанар май, будың, судың және материалдық ресурстардың (бетонды жылыту үшін, темірбетондарды, металлдық конструкцияларды сваркілеу, және т.б. үшін) құрылыс - монтаж жұмыстарына жұмсалған шығындардың құны есепке алынады. 
 
Құрылыс - монтаж жұмыстарына жұмсалған материалдық құндылықтардың құны олардың нақты өзіндік құнымен анықталып, франко – объект қоймаға кіретіндері: 
- көмекші өндірістің өнімі болып табылатын материалдардың сатып алу құны және материалдардың өзіндік құны; 
- объект қоймасына материалдарды жеткізу шығындары; 
- тиеу, түсіріп алу жұмыстарын қоса алғанда, дайындау – қоймалық шығындары. 
 
«Материалдар» бабына құрылыс машиналар мен механизмдерді күтуге жұмсалған электр жылуы, жанар май және жағылушы материалдар шығындары, сонымен бірге қосалқы және көмекші өндірісте, қызмет көрсетуші шаруашылықтарда қолданылатын және үстеме, жалпы, әкімшілік шығындарың құрамында көрсетілген құрылыстың әкімшілік – шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалған шығындар кірмейді.  
 
Материалдарды өндіріске жіберудің бастапқы біріншіретті құжат шектеп-алу карталар (лимиттік – заборлық карталар) мен талап – жүкқұжаты болып табылады.  
 
Шектеп-алу карта өнімді жүйелі түрде дайындаған кезде, жұмыстарды орындау мен шектеп-алу карталар бір немесе бірнеше материалдар түріне екі данада жазылаы. Бір данасы айдың басына дейін жұмысты өндіруші учаскесіне (мастеріне), ал екіншісі қоймаға немесе цехтің (учаскенің) қоймашысына беріледі. Материалдарды өндіріске жіберу цех өкілінің өзінің шектік заборлық картасын кқрсеткеннен кейін қоймамен жүзеге асырылады.  
 
Қоймашы екі данада жіберілген материалдардың санын және күнін белгілеп, одан кейін материалдардың әр атауы (номенклатуралық нөмірі) бойынша лимиттің қалдығын шығарады. Цехтің шектік – заборлық картасында (учаскенің) қоймашы қол таңбасын қояды, ал қойманың шектік – заборлық картада – цех өкілі. 
 
Өндіріске материалдардың артық шектік жіберілуі және бір материалдар түрін басқасыиен ауыстыру – өндіріске материалдарды ауыстыруға (қосымша жіберілім) талап актісі толтырылады (М – 10 нысаны). 
 
Құрылыс ұйымының аймағынан тыс орналасқан өз шаруашылықтарына материалдарды жіберу материалдарды жіберудің (ішкі қозғалыс) талап – жүкқұжатымен (М - 15а нысаны) рәсімделеді. 
 
Шектеп-алу карталар бойынша өндіріске материалдарды жіберу операцияларын қарастырудың екі тәсілі бар. Бір жағдайда жіберілім бригадирдің есебіне берумен түсіндіріледі және құрылыс - монтаж жұмыстарында материалдарды тікелей қолданумен байланысты болмайды.  
 
Құрылыс - монтаж жұмыстарының өндірісіне материалдардың нақты жұмсалымы жұмыстарды өндірушінің материалдық есеп беуінде көрсетіледі. Қолданылмаған материалдардың қалдықтары бригадирдің (жұмыстарды өндірушінің) есебінде материалдық құндылықтар ретінде қарастырылады. Басқа жағдайда құрылыс - монтаж жұмыстарын орындаумен байланысты шығындар ретінде болады. Осы кезде қолданылмаған материалдардың қалдығы өндірістен қайтарылған болып саналады және өндіріс шығындарынан шегеріледі. 
 
Құрылыс ұйымдары жұмыстардың жеке бір түрлерін орындаған кезде айналым материалдарын қолданады (мысалы, ормандарды, рельстік кранасты жолдар, ағаш қоршауларды, темірбетондық колонналарды бірнеше рет қолдану), олар құрылыс жұмыстарындағы өндірістік нормаларда қарастырылады. 
 
Айналмалы материалдар үлкен көлемде жұмсалады, сондықтан оларды өндіріске жіберу жұмыстың өзіндік құнын қате анықтауға және олардың қайтармалы бөлігін бақылаусыз қолдануына әкеледі. Негізінен, бірнеше рет қолданылатын айналмалы материалдардың құны өндіріс шығындарына бөлшектеп жіберіледі. 
 
Өндірістік шығындардың құрамына кіретін айналмалы материалдардың құнының бір бөлігі олардың әр айналымы мына формуламен есептеледі: 
 
Шығындардың нормативті көлемі = Айналым материалдардың нақты өзіндік құны – Материалдардың қайтармалы құны : Айналым саны 
 
Айналым материалдардың қайтармалы құны олардың қолданысынан кейін құрылыс ұйымымен олардың мүмкін қолданысының бағасымен анықталады. 
 
Мысалы: Өндіріске 30000 теңгеге айналым материалдары жіберілді. Жоспарлы айналым 4 құрайды. Қалдық құны 4 айналымнан соң 6000 теңге. Бұл жағдайда бір айналымға кеткен шығындар көлемі 6000 ((30000 – 6000) : 4) теңгені құрайды. 
 
Айналым материалдардың құны құрылыс - монтаж жұмыстарының өзіндік құнына «Материалдар» бабы бойынша олардың айналым саны мен қайтарым сомасын есепке алғандағымен қоса кіреді. 
 
Өндірістік қоқыс - қалдықтар (отходы). Материалдардың, наличниктер мен табалдырық, плинтустардың ағаш материалдары, қорғасын профильді және сорттық қорғасын трубалар және басқа да плиталық, рулондық ұзынкөлемдік материалдардың шығындалуы кезінде әр түрлі кесінділер мен қоқыстар түрінде қоқыс - қалдықтар мен зиян шегулер болады. Бұл жағдай материалдардың ұзындығы бөлшектердің ұзындығымен сәйкес келмегендіктен болуы мүмкін. 
 
Қоқыс - қалдықтар өнімді өндіру (жұмыс, қызмет көрсету) процесінде пайда болатын және бастапқы тұтынушылық қабілеттен айырылған немесе көп көлемдегі шығындармен байланысты материалдық ресурстар қалдықтары болып табылады. 
 
Қоқыс-қалдықтарды жинау мен қолдану мәніне қарай қайтарылатын, ұйымның өзі тұтынатын немесе басқа жаққа өткізілетін және қайтарымсыз (угарлар, усушкалар, шаң - тозаң) болып жіктеледі, олар техника мен технологияның осындай жағдайында қолданысқа ие бола алмайды.  
 
Есепте тек қайтарылатын және олардың мүмкін қолданысы мен өткізілуінің бағасы ойынша бағаланатын қоқыс - қалдықтар көрсетіледі. 
 
Қайтармсыз қоқыс - қалдықтар бағаланбайды.  
 
Құрылыста қайтарылатындарға ағаш плиталар, тақтайлардан қалған қоқыс - қалдықтар жатады. 
 
Металл қалдықтары механикалық шеберханаларда қолданылуы немесе металл сынықтарға өткізілуі мүмкін. Кірпіш, бетондық, керамикалық және басқа да тастан жасалған материалдардан бой (тходы в виде боя) түрінде қалдықтар пайда болып, кіріске алынып, бут негізінде қолданылуы тиіс.  
 
Объектілер құрылысына кеткен материалдық ресурстар есепте мына жазбалармен көрсетіледі: 
 
Дебет 901/8110  
 
Кредит 201 – 206, 208/ 1310, 1350 – учаскі басшысының (прораб) есебі бойынша материалдарды есептен шығару; 
 
Дебет 901/8110  
 
Кредит 671/3310 – технологиялық мақсаттар және қызметтер үшін жабдықтау-шылардан алынған электр, жылудың, жағар – жанар майдың, бу мен судың құны;  
 
Дебет 901/8110  
 
Кредит 641 – 643/3320 – 3330 – технологиялық мақсаттар және қызметтер үшін еншілес, бірлескен және ассоциацияланған ұйымдардан алынған электр, жылудың, жағар – жанар майдың, бу мен судың құны;  
 
Дебет 901/8110  
 
Кредит 920/8310 – технологиялық мақсаттар және қызметтер үшін өздерінің көмекші өндірістерден алынған электржылудың, жағар – жанар майдың, бу мен судың құны;  
 
Дебет 901/ 8110 
 
Кредит 201 – 206, 208/ 1310, 1350  
 
бастапқыда есептен шығарылған, бірақ қолданылмаған материалдардың құны шегеріледі; 
 
Дебет 206 /1350 
Кредит 901/8110 – өндірістік қалдықтардың кірістелуі; 
 
Дебет 343/1620 
Кредит 208/1350 – айналым материалдардың құнының бастапқы есептен шығарылуы; 
 
Дебет 901/8110 
Кредит 343/1620 – есеп беру мерзімінде өндірістің өзіндік құнына енгізілуі тиіс айналым материалдардың құн бөлігін есептен шығару. 
 
9.3.2 «Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы» бабы бойынша шығындар есебі 
 
Бұл бап бойынша құрылыс, монтаж және басқа да мердігерлік жұмыстарды орындайтын және материалдарды өздері салуға дайындайтын, апаратын жұмысшылардың (соның ішінде тізімдік емес жұмысшылардың құрамы) негізгі еңбек ақысы есепке алынады. Бұл бап бойынша тастарды дайындаумен және ұнтақтаумен айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы көрсетіледі.  
 
Құрал – жабдықтарды монтаждау кезінде бұл бап бойынша тек монтажниктердің еңбек ақылары ғана емес, сонымен бірге монтаждау аймағында құрал – жабдықтардың бөліктерін, металл конструкцияларын бояумен және құрал – жабдықтардың орамын ашу, тараларды жинау, сонымен қатар құрал – жабдықтарды қолданысын тексерумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақылары көрсетіледі.  
 
«Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы» еңбекақының мерзімдік және кесімді нысандары бойынша артық жұмыс істегені үшін, жұмысшылардың кінәсіз жұмыстың тұрып қалуы үшін, жаңа процесстерді жасауды үйреніп, тану үшін төлемдер, жұмыс жағдайларының күрделілуіне байланысты қосымша төлемдер, жұмысшылардың кінәсіз болған ақау үшін төлемдерден, өндірісте енді үйреніп жатқандарды оқыту және негізгі еңбек ақының басқа да түрлерінен құрылады.  
 
Бұл бап бойынша қосалқы және көмекші өндірісте құрылыс машиналарын және механизмдерді жүргізетін, басқаратын және оларды жөндеумен, уақытша құрылғылардың құрылысымен, құрылыс алаңдарды жақсарту және орналастырумен айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары есепке алынбайды. Сонымен қатар бұл бап бойынша құрал – жабдықтардың бас – монтаждау жұмыстарын орындайтын жұмысшылардың еңбек ақылары көрсетілмейді және т. б.  
 
Негізгі еңбек ақы «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақылары» 902/ 8010 шот дебеті бойынша, ал «Еңбек ақы бойынша персоналмен есеп айырысу» 681/ 3350 шот кредиті бойынша көрсетіледі.  
 
Құрылыста қосымша еңбек ақы шығындар сметасында үстеме шығындар құрамына кіретіндіктен, есепте де ол үстеме шығындар құрамында қарастырылуы тиіс. Құрылыс - монтаж жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары біріншіретті құжаттар негізінде белгілі құрылыс объектілеріне тікелей жатқызылады.  
 
Объектілерге тікелей жатқызылмайтын негізгі еңбек ақылардың құрамына кіретін төлемдердің жеке түрлері (мысалы, өндірісте енді үйреніп жатқандарды оқыту немесе жаңа процесстерді жасауды үйреніп, тану үшін төлемдер және т. б.) құрылыс объектілер арасында жұмысшылардың тікелей негізгі еңбек ақыларына пропорционалды түрде үлестіріледі.  
 
9.3.3 «Құрылыс машиналарын және механизмдерді қолдану бойынша шығындар» бабы бойынша шығындардың есебі 
 
Құрылыс өндірісінің интенсификациясы оның механикаландырылуы мен автоматтандырылуына байланысты болады. Құрылыс объектілерінің жалпы өзіндік құнында техникалық прогресстің өсу көлемі бойынша құрылыс машиналарын қүту мен қолдануға жұмсалған шығындардың үлесі жұмысшылардың еңбек ақысына кеткен шығындар үлесінің азаюы есебінен өседі. Мұнынң бәрі құрылыс машиналары мен механизмдерді қолдану бойынша шығындар есебін қажет етіп, жеке бапта ерекше көрсетілуі тиіс. Құрылыс машиналары мен механизмдерді күту, ұстау және қолдануға жұмсалған шығындар есебі бұл мақсаттарға жұмсалған қаражаттарды бақылауды жүзеге асыруға және оларды объектілер арасында дұрыс үлестіруге мүмкіндік береді.  
 
Жоғарыда көрсетілгендей, құрылыс машиналары мен механизмдерді қолданудың әр түрлі нысандары бар. Құрылыс машиналары мен механизмдер құрылыс ұйымдарына тиесілі болып, сол ұйымның балансында есепке алынады. Бұндай жағдайда оларды қолдануға кеткен шығындар ай ішінде 920/8130 «Көмекші өндірістер» шотында жинақталады, «Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану» субшоты ай аяқталған соң әр құрылыс учаскесі бойынша «Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша шығындар» бабы бойынша берілген учаскенің жұмысының өзіндік құнына апарылады.  
 
Кейбір мердігерлік ұйымдарда құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану үшін жеке құрылымдық бөлімше құрылады. Сонымен қатар, машиналардың құрылыс – монтаждау учаскесіне берілетіндігіне қарамастан, машинистердің механизация учаскесінің персонал құрамына жатады. Сондықтан машиналарды пайдалану бойынша шығындар деңгейне байланысты барлық жауапкершілік механизациялау бөлімшесінің ұжымына жүктеледі.  
 
Құрылыс – монтаждау учаскесі өзіне берілген техниканы толық қолдануға ұмтылып, соның нәтижесінде машиналарды пайдалануға кеткен шығындарды азайта алады. Осы жағдайда 920/8130 «Көмекші өндірістер» шотының "Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану» субшотында тиісті шығындар жинақталып, учаскенің құрылыс – монтаждау жұмыстарының өзіндік құнына механизация учаскесінің қызмет түрі ретінде жоспарлық өзіндік құн бойынша жатқызылады. Нәтижесінде жоспарлық өзіндік құн нақты құнына дейін жеткізіледі.  
 
Құрылыс машиналарды пайдалануды жақсарту мақсатында олар механизация трестілерінде (басқармада) орналастырылуы мүмкін. Мердігерлік құрылыс ұйымдары механизация трестінің қызмет құнын 900/8110 шоттың дебеті бойынша («Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша шығындар» бабы) және 671/3310 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті бойынша көрсетеді. Егер мердігерлік ұйым машиналарды жалға алу шарты бойынша қолданса, онда прокаттың құны 920/8130 «Көмекші өндірістер» шотының "Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану» субшотына апарылады және басқа шығындармен қатар көрсетілген машиналардың өзіндік құнын құрайды.  
 
Егер механизация басқармалары (трест) мердігер ретінде жұмысты орындайтын болса, онда олар машиналар мен механизмдерді қолданумен байланысты барлық шығындарды өздерінде есепке алып, құрылыс ұйымына жұмыстарды орындағандары үшін шотты ұсынады.  
 
Механизация басқармаларының шоттары негізінде құрылыс ұйымдары қызмет құнын 900/8110 «Негізгі өндіріс» шот дебеті бойынша және 671/3310 «Төленуге тиіс шоттар» кредиті бойынша «Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша шығындар» бабы бойынша емес, «Мердігерлерден қабылданған жұмыстар құны» бабы бойынша көрсетіледі.  
 
Меншікті құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалануға жұмсалған шығындар және механизмдердің қызмет құнын көп жағдайда объектілердің өзіндік құнына тікелей жолмен апарады. Бірақ кейбір жағдайларды құрылыс машиналар мен механизмдер бір уақытта бірнеше құрылыс объектілеріне олардың көмегімен әр түрлі жұмыстар орындалады. Мысалы, құрылыс – монтаждау жұмыстары, материалдарды түсіру және тасымалдау, грунт, қар шығару және т.б. Бұл кезде құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша шығындарды объектілер және шоттар бойынша жанама әдіспен бөлуді қажет етеді.  
 
Үлестіру базасы дегеніміз орындалған жұмыстардың физикалық көлемі және оның сметалық құны, кейде жұмыстардың нормативті өзіндік құны немесе машиналардың жұмысының сағат саны болып табылады. 
 
9.3.4 «Үстеме шығындар» бабы бойынша шығындар есебі 
 
«Үстеме шығындар» бабы бойынша құрылыс – монтаждау жұмыстарына жататын үстеме шығындар көрсетіледі және 904/ 8110 «Үстеме шығындар» шотты дебеттеліп, 930/ 8410 «Үстеме шығындар» шоты кредиттеледі.  
 
Негізгі өндірістің үстеме шығындары құрылыс ұйымдарында ай сайын ең алдымен, жұмыс түрлері арасында үлестіріліп, кейін құрылыс объектілері арасында тікелей шығындарға пропорционалды түрде бөлінеді, бұл үшін келесі есеп құрылады ( 22 және 23 кестелер). 
Негізгі өндірістің үстеме шығындары механизация басқармасында (трест) ай сайын құрылыс – монтаждау жұмыстары (субмердігер келісімшарты бойынша орындалған) және шеттегі ұйымдардың көрсеткен қызметтер арасында тікелей шығындар сомаларына пропорционалды түрде бөлінеді. Біздің ойымызша, үстеме шығындардың әр бабын мүмкін болғанша объектілер арасында ортақ база бойынша бөлу қажет.  
 
9.3.4 Ақаудан болатын жоғалтулар есебі 
 
Құрылыстағы ақау техникалық жағдайды бұзу, СНиПтерді немесе жобалық шешімдерді бұзу бойынша орындалатын жұмыстар болып табылады. Ақаудың пайда болу себептері: жеткізілген материалдар мен конструкциялардың қанағатсыз сапасы, жобалық құжаттардағы қателер, жұмыс өндірісінің кезеңдерінде талаптарды сақтамау, қажетті жұмыстар мен операцияларды жүберіп алу, жоба шешімдерін бұзу, конструкцияларды көтеру және орналастыру кезінде оларды бұзып алу. 
 
Құрылыс өндірісінде, негізінен ақау былайша жіктеледі: 
а) құрылыс материалдары, конструкциялар, бөлшектердің ақауы; 
б) құрылыс – монтаждау жұмыстарының өндіріс процесінде жіберілген ақау; 
в) жобалық құжаттарда жіберілген қателерден болған ақау. 
 
Құрылыс материалдары, конструкциялар және бөлшектердің ақауы негізгі өндіріс процесінде материалдарды, бұйымдарды қолдану кезінде олардың сапасы кейбір салалық стандарттарға сәйкес келмеуінен, техникалық жағдайының немесе жоба құжаттарының кемшіліктерінен болады. Ақауға дқрыс маркаланбаған құрылыс материалдары, оларды жабдықтаушылардан қабылдаған кезде болатын жарамсыздық жатпайды. 
 
Кімнің кінәсінен ақаудың болатындығына байланысты ақау материалды жеткізушілердің және басқа ұйымдардың (жобалаушы, мердігер және т.б.) кінәсінен болған және құрылыс ұйымдарының жеке жұмыстары мен қызметтердің кәћінәсінен жіберілген деп бөледі. 
 
Ақау қалпына келетін және қалпына келмейтін болып жіктеледі. Қалпына келетін ақау дегеніміз, оның анықталған кемшіліктерін дұрыстауға мүмкіндік беретін және кемшіліктеріді жою техникалық жағынан мүмкін болатын, сонымен бірге экономикалық мақсаттылығы бар болса және кемшіліктерді жоюға қажетті қосымша шығындарды талап ететін ақау, ал қалпына келмейтін ақау - оны жою үшін сапасыз орындалған элементтерді толық қайтадан тексеруге және өндірістің қайталануына қажетті шығындарды жұмсау болып табылады.  
 
Құрылыс - монтаждау жұмыстарында ақау анықталған жағдайда ақау туралы акт құрылып, сапасыз орындалған жұмыстарды қайта орындау және дұрыстау бойынша жұмыстар үшін ресурстарға деген қажеттіліктерді есептейді. Бұл есеп ақауды дұрыстауға кеткен шығындарды көрсететін (жүкқұжаттар, жүктемелер, рапорттар т.б. ) тиісті бірретті құжаттарға негіз болып, оны бас инженер бекітеді. Ақаудың анықталған жағдайында, оны қалпына келтіру үшін қосымша материалдар және басқа да шығындарды қажет еткен жағдайда, аұаудың құнын кімге жүктеуді және қандай көлемде, қандай тәртіпте ұсталымдарды жүзеге асыруды басшы бекітетін акт құрылады. Егер ақауды дұрыстауға тек кінәлі жұмысшылардың еңбек шығындары қажет етілсе, онда акт жасалмайды, бірақ жұмыстарды тек қана ақауды дұрыстағаннан кейін қабылдайды.  
 
Бас мердігер жұмыстарды қабылдау алдында субмердігерлер жіберген ақау субмердігерлердің есебінде, оның шығындарын өсіріп көрсетіледі. Көбінесе бұл жағдай келісімшартта қарастырылмаса, жұмыстардың келісім шарттық құнының жоғарылауына әкелмейді.  
 
Бас мердігер жұмысты қабылдағаннан кейін анықталған субмердігердің жіберген ақау бойынша шығындардың көрсету тәртібі, субмердігерлік келісімшарт жағдайына байланысты. Егер келісімшартта бас мердігер жұмыс қабылдағаннан кейін ақау анықталып, субмердігерге оның жұмысының ешқандай күмән болмаса, онда ақауды жоюмен байланысты барлық шығындар бас мердігерге жүктеледі. Егер керісінше болса, шығындар және ақысы төленбейтін жөндеу бойынша шығындар субмердігерге жүктеледі немесе субмердігер жөндеу бойынша шығындарының өтемақысын бас мердігерге береді.  
 
Сапасыз материалдар мен конструкцияларды қолданудан пайда болатын ақауды дұрыстауға жұмсалған шығындар бас мердігердің шығындар құрамына енгізіледі (егер келісімшартта құрылыс - монтаждау жұмыстарының өндіріс барысында жарамсыздық анықталып, оны жабдықтаушы өтейді деп көрсетілмесе). Құрылыс процесінде анықталған қалпына келмейтін ішкі ақауды дұрыстауға кеткен шығындар құрамына кіретіндер: шығындалған материалдардан қайтарылатын материалдарды шегеру: ақауды жою бойынша жұмысшылардың негізгі еңбекақылары (егер ақауға кінәлі жұмысшылар дұрыстау жұмыстарын орындаса да, еңбекақы төленбеуі мүмкін және бұл жағдай еңбек шартында көрсетілген болса), ақауды жоюға көліктер, құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану бойынша және т.б. шығындар оның ішіне негізгі өндірістің үстеме шығындарының үлесін жатқызады. Шығындар құрамына ақауды жою бойынша үстеме шығындарды жатқызу тәртібін субъектілердің есеп саясатында анықталады. Шеттегі ұйымдардың ақауды дұрыстаған кезде ақауды жою бойынша шығындарға олардың қызмет құнын жатқызады.  
 
Қалпына келмейтін ішкі ақаудың шығындар құрамына бүлінген элементтердің нақты өзіндік құнын барлық тікелей шығындарды және үстеме шығындардың тиісті үлесінен барлық қалдықтарды шегергенде, материалдар құнынан қайтарылатын материалдарды алып тастағанда (бүлінген элементтерге кеткен шығындар), жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары, автокөліктер, құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану шығындарын және т.б. тікелей шығыдарды жатқызады. Шығындар құрамына ақауды жою бойынша үстеме шығындарды жатқызу тәртіптерін субъектінің есеп саясатында анықталады.  
 
Өткен жылдарда қолданысқа өткізілген объектілерде анықталған ақаудан болған жоғалтулар 561/ 5410 «Бөлінбеген пайда» (жабылмаған зиян) шотына есепті жылда анықталған өткен жылдардың шығындары ретінде апарылады. Ақаудан болатын жоғалтулар жеке 938/8410 «Басқа да үстеме шығындар» субшотында шығындар объектілері және баптары бойынша есепке алынады.  
 
938/8410 «Өндірістегі ақау» шоты дебет бойынша келесі шоттар кредитімен корреспонденцияланады: 
• 681/3350 «Персоналмен еңбек ақы бойынша есепайырысу» - ақауды жою үшін жұмысшыларға есептелген сомаға; 
• 208/1350 «Құрылыс материалдарыф және т.б.» - ақауды жоюға шығындалатын машина мен механизмдердің құнына; 
• 920/8310 «Көмекші өндірістер» - көмекші өндіріс қызметінің және ақауды дұрыстағанға дейінгі құрылыс машина мен механизмдердің құнына; 
• 635/3150 «Әлеуметтік салық» - жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысына бекітілген пайызбен есептелген әлеуметтік салық сомасына; 
• 671/3310 «Төленуге тиісті шоттар» - ақауды жою бойынша басқа ұйымдардың қызметтері. 
 
938/8410 шоты «Өндірістегі ақау» субшоты кредит бойынша келесі шотар дебетімен корреспонденцияланады: 
• 334/1280 «Басқа да дебиторлық берешек» - жабдықтаушылар мен мердігерлер мойындаған ақаудан болған жоғалтулар сомасына; 
• 208/1350 «Құрылыс материалдары және т.б.» - ақауға ұшыраған жұмысты қайтамонтаждау кезде кірістелген материалдар құнына; 
• 681/3350 «Персоналмен еңбек ақы бойынша есепайырысу» - кінәлі тұлғалардан ұсталынатын сомаға; 
• 901/8110 «Материалдар» және 902/ 8010 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақыларын төлеу» , 903/ 8110 «Құрылыс машина мен механизмдерді пайдалану бойынша шығындар» және 904/ 8110 «Үстеме шығындар» құрылыс - монтаждау жұмыстарына тиісті шығындар баптарына жататын ақаудан жоғалтулар; 
• 561/5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы» (жабылмаған зияны) - өткен жылдарда қолданысқа өткізілген объектілерде анықталған ақаудан болған жоғалтулар. 
 
9.4 Құрылыс - монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау 
 
Құрылыста құрылыс - монтаждау жұмыстарының сметалық, жоспарлық және нақты құны анықталады. с 
Осылайша, құрылыс материалдарын дайындаудың сметалық өзіндік құны материалдардың сатып алу бағаларын, көлікті құрылыс алаңына жеткізу шығындарын, тара мен деректеменің құнын қамту ұйымдарының үстемесін және дайындау - қойма шығындаын қамтиды.  
 
Құрылыс жұмысшыларының негізгі еңбек ақысына сметалық шығындар еңбек ақының аймақтық коэффициенттеріне бекітілген және орта разрядын есепке алғанда бір адам - сағат есебінде анықталады.  
 
Әр құрылыс машиналар мен механизмдер түрлерінің бір машина – сағатының сметалық өзіндік құны біруақытылы, жылдық және ағымдағы шығындарын есепке алып калькуляцияланады. Барлық шығындар орташа мәнде алынады.  
 
Машиналардың амортизациясы машиналадың жұмысының орташа сағат саны және шығындардың орта көлемін есепке алғанда орташа инвентарлық құнынан есептеледі. Эксплутациялық шығындар механизаторларды қолдану, күту, ұстау бойынша шығындар нормаларынан, материалдық шығындар нормаларынан, жөндеу және техникалық қызмет көрсету және т. б. есептелінеді.  
 
Үстеме шығындар техникалық қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысына пайыз түрінде жатқызылады. Құрылыс объектісінің сметалық құнына қабылданғын базаның пайызында есептелінетін үстме шығындар (тікелей шығындар) жатады.  
 
Материалдарды дайындаудың және құрылыс машиналар мен механизмдердің қызметін, жұмысшылардың еңбек шығындарының сметалық өзіндік құны және іріленген нормалар негізінде конструктивті элементтер, құрылыс ғимараттарының, құрылғылардың, объектілердің немесе жұмыстардың жалпы түрлердің бірлігінің сметалық өзіндік құны анықталады.  
 
Құрылыстардың немесе объектілердің теңестірілген сметаларында бекітілген нормалар, лимитер (шектер) және мөлшерлемелер бойынша кейбір шығындар қарастырылады: уақытша ғимараттар мен құрылғылар шығындары, құрылыс - монтаждау жұмыстарының қысқа уақыттағы өндірісі және т. б. 
 
Сонымен қатар қосымша жұмыстармен байланысты, жұыс көлемін анықтаумен, құрылыс техникасын қолданудың әдістері мен тәсілдердің өзгерісімен байланысты мүмкін болатын қосымша шығындардыжабу үшін күтілмеген жұмыстар мен шығындарға жалпы шығында сомасынан пайыз түрінде резерв қарастырылады. 
 
Объект бойынша сметаларды құру әдістемесінен тәуелсіз (ортақ бағалар немесе сатып алу құнын қолдану арқылы жұмыс сызбалары бойынша) бап бойынша тобы болмайды. 
 
Сметалық құнға жоспарлы жинақтаулар қосылады. 2002 жылдың 8 ақпаныдағы қабылданған ҚР құрылыс нормасына (ҚН) сәйкес «Сметалық пайда» (жоспарлы жинақтау) бабының орнына 6 пайыз (%) көлемінде (тікелей және үстеме шығыстардың сметалық құндарынан есептелінетін) «Мөлшерленбейтін және көрінбейтін шығындар» бабы енгізілді. Соған сәйкес мердігерлік ұйымдар жоспарлы пайдасын өздері анықтайды. 
 
Сметалық жұмысты ұйымдастырудың жоғарғаы деңгейімен байланысты жіне құрылыста шығындардың нақты есептелуіне байланысты құрылыс объектісінің жоспарлы калькуляциясы құрылмайды, құрылыс - монтаждау жұмыстарының жоспарлы өзіндік құны құрылыс ұйымы бойынша жалпылай анықталады. Құрылыс - монтаждау жұмыстарының жоспарлы өзіндік құнын есептеу үшін құрылыс - монтаждау жұмыстарының рентабельділік (тиімділік) деңгейін жоспарланған пайдаға қатынасымен анықтайды. Рентабельділік деңгейі мен жоспрлы жинақтардың пайызы арасындағы айырмашылық жоспарлы сметалық өзіндік құн деңгейінің төмендеуі болып табылады. Бұл өзіндік құнның төмендеу пайызы құрылыс - монтаждау жұмыстарының жалпы көлеміне, оның дайындығына байланыссыз үлестіріледі.  
 
Мысалы, Есепті жылда қолданысқа өткізілуі тиісті смета бойынша объектінің тікелей және үстеме шығындары 1 700 450 мың тг, сметалық шығындар бойынша жоспарлы жинақтар (7,41 %) - 126 000 мың тг. Барлық сметалық құн 1 826 450 мың теңге. 
 
Құрылыс ұйымымен қарастырылған жоспарлы пайда пайызы 9,5% болып табылады, осы жағдайда сметалық құнды төмендетудің жоспарлы деңгейі 2,09% (9,5-7,41) құрайды. Сметалық өзіндік құнды төмендетуді қамтамасыз ету мақсатымен ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жасалады және олардың орындалуының бақылауы ұйымдастырылады.  
 
Жоспарланған үнемдеу сомалары табыс баптары бойынша бөлінеді. Құрылыс ұйымы шығындарының бір бөлігі тапсырыс берушімен сметалық құннан тыс өтеледі. Сондықтан нақты шығыстармен салыстырылуын қамтамасыз етуді орындау үшін, жоспарлы өзіндік құн өтемақы және жеңілдік сомаларын қамтуы тиіс. Демек, құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құны осы жұмыстардың сметалық құнынан жоспарлы жинақтаулар мен сметалық құнды төмендету бойынша тапсырмаларды шегеріп, тапсырыс берушімен сметалық құннан жоғары төленетін өтемақы сомаларын қосу арқылы анықталады.  
 
Нақты құрылыс объектілерінің жоспарлы өзіндік құны құрылыс-қаржылық жоспарды құру кезінде де, құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құны туралы есеп берулерді құрғанда да есептелмейді.  
 
Құрылыс-монтаж жұмыстарының жоспарлы өзіндік құны өз күшімен орындалған жұмыстардың сметалық өзіндік құнын сметада көрсетілген жоспары жинақтар пайызына нақты өтелген өтемақы және сомалары қосылған сметалық өзіндік құнды төмендетудің жоспарлы пайызына түзету арқылы есептеледі. 
 
Осындай жолмен әр шығыстар бабының сметалық сомасы жоспары шамаға жеткізіледі, бірақ ол тек жалпы құрылыс ұйымы бойынша жасалады. Жоғарыда көрсетілгендей, құрылыста жұмыстардың өзіндік құнын жоспарлау кезінде орташа және ірілендірілген көрсеткіштер қолданылады, олар құрылыстың нақты жағдайында өндірістік нормалармен байланыстырылмайды. Табиғи көрсеткіштердің орташалануы және ірілендірілуі жұмысты орындаушыларға оларды өндіріс шығындарын бақылаудың нормативтік базасы ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді. Жұмыстардың келісім құнына өтуіне байланысты жоспарлы калькуляцияны объектінің сметалық құнына негізделіп құру қажет. 
 
9.5 Калькуляциялау объектілері 
 
Калькуляциялау объектілерін таңдау құрылатын объектілердің, кезектердің, жіберу кешендерінің өзіндік құнын есептеу және олардың нақты өзіндік құнын сметалық бағалар мен жоспарлы өзіндік құнымен салыстыру үшін маңызы зор. Технологиялық процестің, өнім сипатының, тапсырыс берушілер немесе бас мердігермен есеп айырысу нысанына байланысты калькуляциялау объектісі ретінде құрылыс объектісі бойынша орындалған бүкіл жұмыстың жиынтығы, оның жеке элементтері және конструкциялық элементтері алынуы мүмкін.  
 
Егер технологиялық процестер кезекті, бір типті немесе кезең сайын қайталанып отыратын жұмыстар тізбесінен құрылса, онда калькуляциялау объектілері бір түрлі өнімнің есепті кезеңде толығымен аяқталған бір түрлі өнімнің дайын бөлігі калькуляциялау объектісі бола алады.  
 
Соңғы құрылыс өнімі құрылысшы балансында қалыптасады, ол сәйкес объектілерді тұрғызуға арналған қаржылық ресурстарға ие болады. Мұнда пайдалануға енгізілетін негізгі корлардың бастапқы құнына айналатын барлық шығындар бірте-бірте жинақталады.  
 
9.6 Құрылыста шығындар есебінің нормативті әдісін ұйымдастыру ерекшеліктері 
 
Өндіріс шығындары есебінің нормативті әдісі есептің прогрессивті әдісі болып табылады, ол есеп мәліметтерін өндіріс шығындарының қалыптасуын жедел басқару үшін тиімді пайдалануға, өндірісті ұйымдастырудағы кемшіліктерді уақытылы анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Есептің нормативті әдісінің элементтері нормалар мен нормативтер жүйесі болып табылады, ол құрылыс өндірісінің барлық шығындарын қамтиды, күнделікті өндіріс процесінде анықталатын және нормалар бойынша шығындардан жеке жүйелі түрде есепке алынатын істегі нормалар мен нормативтерден нақты шығындар ауытқуларын құжаттауды, есепте нормалар бойынша шығындардан және олардан ауытқулардан есепте жеке көрсетілетін нормалар өзгерістерін құжаттауды, нормативті (жоспарлы) калькуляцияны дайындауды қамтиды.  
 
Объектінің сметалық құны сәйкес жұмыс түрлеріне (құрылыс, жөндеу-құрылыс, жабдықты монтаждау және т.б.) сметалық нормалар мен бағалардың жинақтарында қарастырылған нормалар бойынша жасалады. Нақты құрылыс өнімі өндірілетін жоспарлы кезеңнің шығындар нормалары (жоспары нормалар) сметалық нормалар мен бағалар жинақтарында қарастырылған нормалар деңгейінен және алдыңғы жылдың нақты шығындарының үлестік нормаларынан төмен болуы тиіс. Сондықтан жоспарлы (нормативті) калькуляцияны есептеу негізіне төмендету тапсырмасына түзетілген істегі сметалық нормалары алынады. 
 
Шығындар нормалары материал шығысы нормаларының спецификация-ларында және бағалар мен уақыт нормаларының карталарында жүйеге келтіріледі.  
 
Ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жүргізу нәтижесінде істегі нормаларының өзгерісі орташа күнтізбелік кезең ішінде өндіріс шығындарын қысқарту бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан нормалар негізделген, қатаң және прогрессивті болуы тиіс. Нормативті калькуляция құрылыстың барлық объектілеріне жоспарлы кезең басында қызмет ететін түзетілген сметалық нормалар мен бағаларға негізделіп жасалады. Нормативті калькуляция ұйымдастырушылық-техникалық шараларды енгізген және нормативтерді жаңартқан сайын өзгертіле алады және берілген сәттегі құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне сәйкес келетін нормативті шығындарды көрсете алады. Жоспарлы және нормативті өзіндік құнның өзара байланысы мынада: есепті кезең ішінде құрылыс өнімі объектілерін өндіру кезіндегі нормалар мен бағаларды төмендету бойынша тапсырманың орташа орындалуы жалпы мердігерлік ұйым бойынша күнтізбелік кезеңнің құрылыс-монтаж жұмыстарының жоспарлы өзіндік құнына жетуді қамтамасыз етуі тиіс. 
 
Нормативті калькуляцияның жалпы құрылыс өніміне және оның құрамдас бөліктеріне жасау- есептің нормативті әдісінің негізгі элементтерінің бірі. Құрылыс өнімі жұмыстарының жеке түрлеріне нормативті калькуляциялар тікелей шығындар (материалдарға, жұмысты механикаландыруға және еңбек ақыға шығындар) бойынша жасалады, ол жалпы құрылыс өніміне калькуляция өз күшімен жасалған құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құнының барлық баптары бойынша жасалады.  
 
Есептің нормативті әдісін енгізу есепті ұйымдастыру жүйесінен гөрі жобалау-смета ісінде, өндірісті жоспарлауда, нормалауда, жедел-техникалық бақылау мен талдауда елеулі өзгерістерді талап етеді.  
 
Сондықтан осы шараны дайындау мен жүзеге асыруда құрылыс ұйымының барлық қызметтері мен бөлімшелері қатысуы керек. Жоғарыда көрсетілгендей, нормативті әдісте құрылыс-монтаж жұмыстарының нормативті өзіндік құны шығыстарының прогрессивті нормалары негізінде есептеледі.  
 
Осылай, жұмысшылар еңбек ақысына шығындар істегі нормалар мен бағаларға сәйкес анықталады. Материалдарға шығындар құрылыстың әр объектісі бойынша материалдарды жұмсау нормаларына және нақты жеткізушілерді, материалдарға істегі нарықтық бағаларды мен материалдарды объект жанындағы қоймаға (құрылыс алаңы) жеткізу қашықтығын ескеретін материалдардың әр түріне жоспары есептік бағаларға негізделіп есептеледі.  
 
Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары құрылыстың сәйкес объектілеріне белгілі бір жұмыстар циклына қажет машина-ауысым санын арнайы есептеу және машина-ауысым құнының нормаларымен жоспарлы калькуляциясы негізінде анықталады. 
 
Конструкциялық элементтерге, жұмыстар түрлеріне немесе жалпы объектіге нормативті еңбек, материал және басқа өндіріс шығындарын есептеу үшін, технологиялық карталар негізінде нормативтік карталар жасалады. Олар жұмысшыларға нормативтік нарядтарды рәсімдеуде, материалдар шығысында лимитті есептеуде, лимиттік-заборлық карталарды құрастыруда, құрылыс машиналары мен механизмдеріне және автокөлікке деген қажеттіліктерді анықтауда қолданылады.  
 
Нормативті әдісте құрылыс өндірісінің шығындары 2 түрлі бастапқы шоттармен рәсімделеді: 1) нормативтік- нормалар шегінде жүзеге асырылатын еңбек, материал және т.б. шығындарға арналған; 2) сигналды- нормамен қарастырылмаған немесе белгіленген нормалардан тыс (жұмысшыларға қосымша еңбек ақы, материалдарды нормадан тыс жіберу немесе жұмсау) шығындарға арналған. 
 
Сигналды құжатта нормалардан ауытқу мөлшері, олардың себептері мен кінәлі тұлғалары көрсетіледі. Еңбек ақының төленуі, материалдардың жіберілуі немесе істен шығуы тек оның пайда болу себебін алдын-ала қарастырудан және сигналды құжатты құрылыс ұйымының басшысымен немесе орынбасарымен (бас инженерімен) бекітілгеннен соң ғана жүзеге асырылады. Осы тәртіп шығындар нормаларының тұрақты ағымдық жедел бақылауды қамтамасыз етеді.  
 
Нормативтік әдісте материалдық, еңбек ақының және басқа шығындарды жұмсаудың істегі нормалар өзгерістерінің жүйелік есебі ұйымдастырылады. Ол жаңа техниканы прогрессивті технологияны енгізу, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шараларды орындауды бақылауға мүмкіндік береді.  
 
9.7 Аяқталмаған құрылыс өндірісі 
 
Аяқталмаған құрылыс өндірісіне есепті кезең соңында тапсырыс берушіге тапсырылмаған мердігерлік ұйыммен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары жатады. Мердігерлік ұйымдардың аяқталмаған өндірісінің құрамы тапсырыс берушілермен есеп айырысудың белгілеген тәртібіне байланысты болады. Салынып жатқан объектілердің кезекті және жіберу кешендерінің толық дайындығы бойынша есептеу кезінде тапсырыс берушіге тапсырғанға және мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдау актісіне қол қойғанға дейін осы құрылыстарлың барлығы аяқталмаған өндіріске жатқызылады.  
 
Тұрғын үй ғимараттарын және тұрғындарға өткізуге арналған басқа объектілердің құрылысы кезінде осы объектілердің барлығы мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдау актісіне қол қойғанға дейін аяқталмаған өндіріске жатады. Бас мердігерде өз күшімен орындалған жұмыстармен қатар аяқталмаған өндіріске аралық мердігерлік ұйымдармен орындалған және оған тапсырылған жұмыстар кешені, көлемдері (объектінің толық дайындағанға және бас мердігердің оны тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін) кіреді.  
 
Егер тапсырыс берушілермен конструкциялық элементтер мен жұмыстар түрлері бойынша есеп айырысу тәртібі белгіленген болса, онда аяқталмаған өндіріске орындалуы аяқталмаған конструкциялық элементтер немесе жұмыстар түрлерінің бөліктері кіргізіледі. Аяқталмаған өндіріс құрамына төленуге алынбаған және асыра жоғарылатылған бағалар мен бақылаушы өлшеулермен анықталған басқа да даулы сомалар (жұмыстар көлеміне артық жазулар, т.б.) кіре алмайды. Осы нормалар аяқталмаған өндіріс көлемінен шығарылып тасталуы және ағымдағы жылдың жұмыстарды тапсыру нәтижелеріне жатқызылуы тиіс. Ақауды түзетумен, қайта орындаумен (түзетумен) байланысты жұмысшылар аяқталмаған өндіріс көлеміне (оның сметалық құнына) кірмеуі тиіс. Олармен байыланысты шығындар салынып жатқан объектінің нақты өзіндік құн құрамында ақаудан залал (жоғалтулар) ретінде есепке алынуы керек.  
 
Әр құрылыс ұйымы аяқталмаған өндірісті нақты шығындар бойынша есепке алады. Осы кезде бас мердігер аяқталмаған өндірісті әр түрлі (аралас) бағалармен есепке алады: өз күшімен орындалған жұмыстарды- нақты өзіндік құнмен, ал аралық мердігерлер қабылдаған жұмыстарды- сметалық құнмен.  
 
Өндірістің аяқталмаған құрылыс көлемін анықтау үшін, құрылыс ұйымымен орындалған және тапсырыс берушіге тапсыруға жатпайтын барлық жұмыстар қалдықтарына түгендеу жүргізіледі. Түгендеу мәліметтері № КС-7 нысан актісінде тіркеледі, онда құрылысы аяқталмаған бөліктерінің, конструкциялық элементтерінің және жұмыстар түрлерінің көлемі мен құны көрсетіледі. Акт бас инженермен немесе басқа уәкілеті бар лауазымды тұлғамен бекітіледі. Акт 2 данада жасалады, оның біреуі бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі құрылыс учаскесінде қалады. Монтажы басталған, бірақ есепті айда аяқталмаған құрал-жабдыққа немесе оның бөліктеріне КС-7 нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталмаған өндірістің жеке актісі құрылады, онда әр құрал-жабдық түрі мен атауы көрсетіледі. Акт бас мердігермен тапсырыс берушіге тапсырылады және ол үшін орындалған капитал салымдары көлемінің құрамына берілген құрал-жабдықтың және оның бөліктерінің құнын кіргізуге негіз болып табылады. 
 
9.8 Мердігерлік жұмыстарды тапсырудың (өткізудің) және тапсырыс берушілер мен субмердігерлік ұйымдармен есеп айырысудың есебі  
 
Соңғы кезде тапсырыс берушінің бас мердігермен, ал бас мердігердің аралық мердігермен есеп айырысулары ай сайын №3 нысаны бойынша орындалған жұмыс пен шығындардың сметалық құны туралы анықтама негізінде жүзеге асырылады, ал орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің жедел есебінің және құрылыс өндірісінің түгендеу актілері негізінде жасалады. 
 
№3 нысан ай сайынғы аралық мердігермен бас мердігерге, бас мердігермен-құрылысшыға (тапсырыс берушіге) ұсынылады (24-кесте). 
Анықтамада жалпы құрылыс, оның ішінде әр объект бойынша орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі жайлы мәліметтер келтіріледі. Осы мәліметтер жыл басынан және есептік ай үшін жұмыстар мен шығындар түрлері бойынша мыналарды көрсетеді: 
- құрылыс жұмыстары (3 баған); 
- құрал-жабдықтар монтажы бойынша жұмыстар (4 баған) және 5 баған бойынша тапсырыс беруші мердігерлік ұйымға сметалық құннан жоғары соманы өтейтін құрылыс-монтаж жұмыстарының құрамына кірмейтін басқа жұмыстар мен шығындар (жұмыстың қозғалмалы сипаты үшін үстемелер, еңбек ақы төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі кезіндегі қосымша төлемдер және т.б.). 
 
Аралық мердігерлер №3 нысандағы анықтамаға өз күшімен орындалған жұмыстар көлемін және сырттан тартылған ұйымдармен олар үшін орындалған жұмыстарды кіргізеді. Осы анықтамаларды олар ай сайын бас мердігерге тапсырады. Бас мердігер №3 нысаны бойынша жалпы анықтаманы жасайды, оған өз күшімен және аралық мердігерлік ұйымдармен орындалған жұмыстар көлемін кіргізеді. №3 нысаны бойынша жалпы анықтаманың 1 данасын бас мердігер ай сайын тапсырыс берушіге тапсырады, ал тапсырыс беруші оны капиталды салымдар бойынша есептілік мәліметтеріне кіргізеді. 
 
Бас мердігердің бух. есебі мен есептілігінде тек төленуге қабылданған аралық мердігерлік ұйымдармен аяқталған және бас мердігерге тапсырылған жұмыстар кешені ған көрсетіледі. Осы объектілер тапсырыс берушіге тапсырылғанға дейін бас мердігердің балансында көрсетіледі.  
 
Қаржылық және басқарушылық есеп бөлек жүргізілген жағдайда аяқталмаған құрылыс өндірісінің қалдығы есепті кезең соңында 900/8010 «Негізгі өндіріс» шотының кредитінен 126/2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотының дебетіне көшіріледі, ал келесі есепті кезең басында аяқталмаған құрылыс өндірісінің қалдығы 126/2930 шотының кредитінен қайтадан 900/8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне апарылады.  
 
Соңғы есеп айырысу мердігерлік келісіммен белгілеген құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі аяқталғаннан соң және объектіні пайдалануға енгізу туралы актіні мемлекеттік (жұмыс) қабылдаушы комиссиясы бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.  
 
Құрылыспен аяқталмаған жұмыстар бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі №КС-2 типтік нысаны бойынша жасалады. (25 кестені қараңыз) 
Бас мердігермен тапсырыс берушіден алынған аванстар 441/1030 «Ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ұлттық валютамен ақша» шотының дебеті және 662/3510 «Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтен алынған аванстар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі. 
 
Бас мердігер орындалған жұмыстардың 801/7010 «Өткізілген өнімнің (тауардың, жұмыстар мен қызметтердің) өзіндік құны» шотының дебетіне 900/8010 «Негізгі өндіріс» шотының кредитінен көшіріледі. Тапсырыс берушіге ұсынылған ҚҚС ескерілген орындалған жұмыстардың өзіндік құны бас мердігер 301/1210 «Алынуға тиіс шоттар» шотының дебеті және келесі шоттар кредитінен көрсетіледі: 
- 701/6010 «Дайын өнімді (тауарлар, жұмыстар және қызметтер) өткізуден табыс»- орындалған жұмыстың келісімді құнына; 
- 633/3130 «Қосылған құнға салық» есептелген ҚҚС сомасына. 
 
Объектінің құрылысына бұрын алынған аванс сомасы 301/1210 «Алынуға тиіс шоттар» шотының кредитінен 622/3510 «Орындалған жұмыс және көрсетілген қызметке алынған аванс» шотына есептен шығарылады. 
 
Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін аралық мердігердің бас мердігермен есеп айырысу бойынша ұқсас бух. жазбалар жасалады. 
 
9.9. Уақытша құрылыс есебі 
 
Негізгі объектілердің құрылыс процесі кезінде тұрақты құрылысты ұйымдастыруға және оған қызмет көрсетуге керек уақытша объектілерді құру қажеттілігі туады.  
 
Мақсаты, құны және пайдалану ұзақтығына қарай олар уақытша, титулды және титулды емес болып бөлінеді. Титулды құрылыс объектілері (бетон-ерітінді тораптары, шеберханалар, учаске қоймалары, көмекші өндіріс ғимараттары және басқа құрылыстар) ішкі құрылыстың титулды тізіміне кіргізіледі, аяқталғаннан соң негізгі құралдар құрамына қабылданады, әдетте тұрақты объектілер толығымен аяқталғаннан соң және іске қосылғаннан кейін жойылады. Капиталды құрылыс объектілерінен өзге, уақытша титулды құрылыс тұрақты объектілердегі құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемінен аударымдар арқылы жүзеге асырылады, ол аударымдардың өзі құрылыстың үстеме шығыстары құрамына кіргізіледі. Осыған қажетті қаражаттарды мердігер тапсырыс берушіден құрылыстың сметалық құрамында алады. 
 
Уақытша (титулды) құрылыс объектілерінің номенклатурасын құрылыс ұйымы өз бетімен анықтайды. Ішкі құрылыстың титулды тізімінде әр объект дербес орынмен ерекшеленеді. Оларға жататын шығындар жалпы негізде- жеке объектілер немесе олардың тапсырысы бойынша топтастырылады.  
 
Уақытша (титулды) құрылыс объектілерінің шығындарын топтаудың өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістемесі капиталды құрылыспен бірдей. Уақытша (титулды) құрылыс шығындарының есебі 900/8110 «Негізгі өндіріс» шотында есеп объектілері бойынша «Уақытша (титулды) құрылыстарды салу» 1-субшотта жүргізіледі. Жеке объектілерге тікелей жатқызуға болмайтын шығындар объектілер арасында индекстік әдіспен бөлінеді. 
 
Уақытша (титулды) құрылыстардың өзіндік құнына үстеме шығындарды қоса, негізгі өндіріске белгіленген баптар номенклатурасы бойынша барлық шығындар кіргізіледі.  
 
Құрылыс аяқталған және пайдалануға енгізілген сайын негізгі құралдарға жататын уақытша (титулды) құрылыстар есепте типтік жоспардың 12-бөлімшесінің шоттары/2410 «Негізгі құралдар» шотының дебеті 900/8110 «Негізгі өндіріс» шотының кредитінен, «Уақытша (титулды) құрылыстарды салу» 1-субшотта көрсетіледі. 
 
Уақытша (титулды емес) құрылыстар мен құрылғыларға өндіріс процесінде (шағын кеңселер мен қоймалар, күзет орындары, т.б.) пайдаланатын уақытша (титулды емес) құрылыстарды, құрылғыларды салу бойынша шығындар жатады. Шығындар 900/8110 «Негізгі өндіріс» шотының «Уақытша (титулды емес) құрылыстарды салу » 2-субшотында есепке алынады. 
 
Уақытша (титулды емес) құрылыс объектілері тұрақты құрылыс режимінің барлығымен емес, құрылыс-монтаж жұмыстарының жеке объектілерімен байланысты оларға үлкен емес құн және шағын пайдалану мерзімі тән. Уақытша (титулды емес) құрылыс құрылғыларына тек қана тікелей шығындар үстеме шығындарсыз кіреді. Уақытша (титулды емес) құрылыстарды салу шығындарына құрылыс сметаларында есептелмейді, үстеме шығындардың жалпы лимитінде белгіленеді.  
 
Бардық титулды емес уақытша құрылыстар аналитикалық есепте жеке заттар немесе біртекті заттардың топтары бойынша тіркеледі, ал олардың жойылуы уақытша (титулды емес) құрылыс объектісінің жарамсыздығын немесе бөлшектеу қажеттілігін белгілейтін сәйкес актілермен рәсімделуі тиіс. Бөлшектеуден алынған материалдар құрылыс қоймасына тапсырылады және сәйкес шоттарда (206/1350 немесе 208) өткізудің мүмкін құны бойынша кірістеледі. Уақытша (титулды емес) объектілерді бөлшектеу шығыстары олар жойылғанда 900/8010 «Негізгі өндіріс» шотының «Уақытша (титулды емес) құрылыстарды салу» 2-субшотнда есепке алынады. 
 
Уақытша (титулды емес) құрылыстар бойынша өтелген шығындар 900/2 «Уақытша (титулды емес) құрылыстарды салу» шотының кредитінен 938/8140 «Өзге үстеме шығындар» шотының дебетіне апарылады. Әрі қарай пайдалануға жататын уақытша (титулды емес) құрылыстар және құрылғылар баланстан тыс сандық есепке қабылданады. 900/8110 «Негізгі өндіріс» шотының «Капиталды емес жұмыстар» 3-субшотында құрылысы топталған объектілердің және т.б. бұзу мен кері монтаждау бойынша шығыстар есепке алынады, жұмыс аяқталғаннан соң осы шығыстар 900/8110 «Негізгі өндіріс» шотының 3-субшотының кредитінен 875/7410 «Негізгі емес қызмет бойынша өзге шығыстар» шотының дебетіне есептен шығарылады және тапсырыс берушіге қызметті өткізу ретінде ұсынылады және (дебет 301/1210 кредит 701/6010 мен 633/3130)

Информация о работе Құрылыс өндірісі шығындарының есебін ұйымдастыру