Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 10:30, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдамада қаржылық есептіліктің сапасын көтеру келешек мақсаттардың негізгі бағыты ретінде танылуда. Қазіргі экономикалық жағдайда ұйымдар стратегиялық шешімдер қабылдауда бухгалтерлік есепке маңызды рөл беруде. Өндіріс процесі барысында түрлі шикізат пен материалдар көп мөлшерде пайдаланылады.
Сонымен, басқару мақсаттарын шешудің негізгі базасы болып есеп ақпараты табылады және ол бақылауды жүзеге асыруда жетекші рөл атқарады. Бірақ, есеп ақпараты тек қана сандық көрсеткіштерден тұрады, ол басқару шешімдерін қабылдау үшін жеткіліксіз және оны басқару қызметінде бақылау үшін тікелей пайдалану мүмкін емес. Бақылау ақпаратының ерекшелігі, ол тек сандық емес, сонымен қатар маңызды сапалық көрсеткіштерден де тұрады. Қолданылатын бақылаудың түрлеріне байланысты, ақпараттық қамтамасыз етудің түрлі көздерін пайдаланады. Сыртқы бақылау үшін қажетті ақпараттың ерекшелігі, ол кезең сайын пайдаланылады және талғаммен тексеру тәртібімен тексеріледі. Сондықтан ақпараттың жартысы бақылаудан сырт қалады.
Ауыл шаруашылық ұйымдарындағы ішкішаруашылық бақылау – бұл барлық қызметті тұлғалармен, кәсіпорынның қоғамдық ұйымдарымен, олардың құзыреттілігінің шегінде, өндіріс тиімділігін көтеру резервтерін анықтау мақсатында, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, өндірістік ресурстардың пайдалануын, меншіктің сақталуын және заңдылықтардың сақталуын үнемі тексеру болып табылады. Бөлімшелер және қызметтермен, басшылармен кәсіпорын мамандарымен өз құзыреттерінің шегінде үнемі жүзеге асырылатын ол, жоспарды орындау барысындағы ауытқуларды анықтауға, өндіріс технологиясының бұзылуын, зұлымдық фактілерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай бақылау, әдетте, арнайы бақылау – ревизиялық аппаратсыз жүзеге асырылады және көп шығын талап етпейді, сондықтан тиімді болып табылады. Ішкішаруашылық бақылау тікелей шаруашылық қызмет процесінде және жедел басқарудың барлық кезеңдерінде жүргізіледі. Бұл оның барлық шаруашылық бақылаудың негізі екенін білдіреді. Сондықтан, ішкішаруашылық бақылауды өндірістік процесті басқарудың бір қызметін орындайтын жеке өзіндік бақылау жүйесі деп қарастыруға мүмкіндік бар деп есептейміз. Жеке өзіндік жүйе ретінде ішкі шаруашылық бақылаудың өзіне тән элементтері бар: объект, субъект, бақылаудың технологиялық процесі және нәтижелі кезең.
Құрылымдық бөлімшелердегі ішкі бақылауды ұйымдастырудың қағидаларына келесілерді жатқызу ұсынылады: нақтылау (қызметтік нұсқаулардағы бақылау қызметтерін нақты бөліп көрсету); мамандандыру (белгілі мақсат үшін бақылауды жүзеге асыру); координация мен байланыстылық (бөлімшелердің бақылау мәселелері бойынша қарым қатынас жасауы және бөлімдер арасында бақылау қызметтерін үйлестіру); дербестік (жаңа бақылау процедураларын жасау).
Субъектілерінен тәуелді ішкішаруашылық бақылау процесінің технологиялық бөлігі – бұл тікелей бақылау процесі. Осы тәуелділікті ерекше атап көрсету қажет себебі, алынған бақылау процедуралары нәтижелерінің тиімділігі бақылау субъектілерінің қызметімен, олардың осы процестің маңыздылығын түсінуі мен көзқарасына, ішкі бақылаудың жаңа әдістемелерін жасай білуімен, байланысты.
Нәтижелі кезеңді де екі құрамдас бөліктен тұрады деп қарастыруға болады: 1) тексеру барысында анықталған нормативті актілердің бұзылуын, өнім өндірісі барысында қорларды пайдаланудағы нормалардан ауытқуларды, қорлар есебі процесіндегі қателіктерді қосып көрсеткен бақылау нәтижесі; 2) бақылау нәтижелері бойынша, басқару жүйесін, нақты бұл жерде материалдық қорлардың бары, сақталуы, пайдаланылуын өндірістік қажеттілік бойынша берілген жағдайға жеткізу мақсатымен қабылданған басқару шешімдері.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарында өнеркәсіп ұйымдарымен салыстырғанда, айналым қорларының үлес салмағы көп. Бұл өндірістің, әртүрлі материалдық ресурстарды дайындау мен тұтынудың мезгілдігімен байланысты. Шаруашылықтағы қорлар мөлшері бірнеше факторларға байланысты: мамандануына, шоғырлануына, орналасуына, көлікпен қамтамасыз етілуіне және т.б. Қажеттілігіне байланысты олардың тиімді мөлшері мен өндіріске дер кезінде келіп түсуін қамтамасыз ету маңызды.
Материалдық қорлар біржолғы тұтыну қорларының сипатында (негізгі және көмекші материалдар, отын, ыдыс - өнімнің құрамдас бөлігі болғанда) және бірте-бірте тұтыну сипатында болуы мүмкін. Олардың құрамына негізінен еңбек заттары кіреді, бір бөлігін ғана еңбек құралдары құрайды деп тұжырымдауға болады (1 сурет)
Материалды болып табылмайтын, бірақ әлі дайын өнім болып рәсімделмеген қорлар есепте ерекше орын алады. Бұл өндірістің барлық фазасынан өтпеген өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар мен аяқталмаған өндіріс. Бұдан басқа материалдардың басқа да жіктелулері қолданыла алады. Атап айтқанда келесідей тұрғылардан :
- қорларды қаржыландыру тұрғысынан – мөлшерлі, мөлшерден тыс, толықтырылмаған;
-
пайдалану мүмкіндігі
-
жабдықтау процесін жедел
-
қорлар сапасын бақылау
Бухгалтерияда, материалдарды олардың нақты бар орындары бойынша жіктеу ұсынылады: жолдағы материалдар, қоймадағы материалдар, пайдаланудағы және өңдеудегі материалдар деп.
Материалдық қорлардың жіктелуі әртүрлі нормативті құжаттарда түрлі дәрежеде келтірілген: Шоттардың жұмыс жоспарында, бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібі бойынша, қорлар есебіне арналған арнайы стандарттарда (ХҚЕС 2, ҚЕҰС 1 -9 тарау), жіктелу шамамен көрсетілген: материалдық өндірістік қорларға шикізат пен материалдар, дайын өнім, тауарлар жатады.
Осы проблеманы кешенді түрде қарастырып, айтылған ескертулерді есепке ала отырып, біз материалдар есебі мен бақылаудың төрт негізгі мақсаттарын жеке атап көрсетуді ұсынамыз: құқықтық, экономикалық, бақылау және басқару.
Құқықтық мақсаты, әрбір ұйым басқа экономикалық субъектілерден толық тәуелсіз болмайды және олармен белгілі шаруашылық қарым-қатынаста болады дегенге негізделген.
Басты экономикалық мақсат – басқару шешімдерін қабылдау үшін ішкі пайдаланушыларға (басшылар, құрылтайшылар, мүлік иелері) және сыртқы пайдаланушыларға (кредиторлар, инвесторлар және т.б) қажет ұйым активтерінің, соның ішінде қорлардың, бары мен пайдаланылуы туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру.
Бақылау мақсаты - материалдық қорлардың бары мен қозғалысы жөніндегі шаруашылық операцияларды жүзеге асырудың заңдылығын,тиімділігін және олардың белгіленген нормалар мен сметаларға сәйкес пайдаланылуын анықтайтын, бақылау процедураларынан тұрады.
Басқару мақсаты – ең алдымен, бірқалыпты қызмет ету жағдайында ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен, ішкі мақсаттар тізімі «ашық» болып қалады, немесе әрбір экономикалық субъект қорлар есебі мен бақылаудың мақсаттарына қарай, төрт негізгі мақсаттың біреуінің мағынасын күшейтумен өзі жеке ішкі мақсаттарын өзгерте алады.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауының қазіргі жағдайы. Нарық экономикасы жағдайында экономикалық субъектінің қызмет ету мақсаты пайда табу болып табылады. Сондықтан, басшылардың басқару қызметі, бір жағынан ұйымның тұрақты жағдайын қалыптастыру мен ұстап тұруға, екінші жағынан, өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, бағытталған. Осы екі бағыт та ұйымның материалдық өндірістік қорларымен тікелей байланысты.
Көптеген шаруашылықтарда бәсекелестікке, сату нарығын жоғалтуға, шаруашылық субъектілерінің және тұрғындардың сатып алу қабілетінің төмендігіне, өнімнің өзіндік құнының жоғарылығына, ауыл шаруашылық өнімінің дайын болу мерзімділігіне, өнімді тиеудің ырғақсыздығына байланысты айналым активтеріндегі үлкен үлестік салмаққа дайын өнім ие. Кәсіпорын қоймасында дайын өнім қалдықтарының көбеюі айналым капиталының ұзақ уақыт тоқтап қалуына, нақты ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне, несиеге деген қажеттілікке, олар бойынша пайыздар төлеуге, жабдықтаушылармен есеп айырысу, бюджетпен есеп айырысу, шаруашылық жұмысшыларымен еңбек ақы бойынша есеп айырысу бойынша кредиторлық қарыздардың өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта бұл өндірістің төмендеуінің, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендігінің және олардың банкроттығының негізгі себептерінің бірі.
Осы проблеманы зерттеу Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсірумен, мал шаруашылығымен маманданатын, ауыл шаруашылық ұйымдарының мысалында жүргізілген. Берілген шаруашылықтардың өндірістік ресурстарының көлемі мен 2007-2009 жылдар аралығындағы қызметі процесінде алынған нәтижелерін сипаттайтын кейбір орташа көрсеткіштерді келтірейік (1-2 кестелері)
1 кесте - Ауыл шаруашылығы ұйымдарының өндірістік ресурстары
Көрсеткіштер | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2009 ж 2007 жылға пайызбен % |
А/ш –ғы жерлерінің ауданы, га | 758282 | 648634 | 641264 | 84,57 |
Жұмысшылардың орташа жылдық саны, мың адам | 20,0 | 20,1 | 18,6 | 93 |
Өсім мен бордақыдағы мал басы, бас | 607767 | 642270 | 676373 | 111,3 |
Барлығы, ұйымның активтері, мың.тенге | 3548383 | 4855411 | 5111087 | 144,04 |
Соның ішінде айналым активтері, мың. тенге | 415162 | 748219 | 1001262 | 241,17 |
Ескерту -статистикалық мәліметтер негізінде автор құрастырған |
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы жерлердің ауданы 15,43 %-ға, жұмысшылардың орташа жылдық саны 7 %-ға төмендеген, ал ұйымдардың активтері 44,04 %-ға, соның ішінде айналым активтері 141,17 %-ға ұлғайып отыр.
2 кесте-Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметі нәтижелері
Көрсеткіштер | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2009 ж 2007 жылға пайызбен % |
Алынған
жалпы өнім, мың тенге
-1 жұмысшыға шаққанда -а/ш –ғы жерлерінің 1 га-на -айналым құралдарының 100 тенгесіне |
4,76 0,13 22,94 |
5,02 0,14 13,48 |
6,38 0,18 11,85 |
134,03 138,46 51,67 |
Өсім мен бордақыдағы малдардың бір басының өсімі, ц | 1,31 | 1,36 | 1,51 | 115,14 |
Өсім мен бордақыдағы малдарға кеткен шығындар, мың.тенге | 2130 | 2788 | 4063 | 190,80 |
Олардың ішінде жемге кеткен шығындар үлесі, % | 59,7 | 66,40 | 64,40 | 107,87 |
Пайдалы/шығынды шаруашылықтар саны | 621/294 | 659/332 | 740/195 | - |
Рентабелділік деңгейі | 9,8 | 8,6 | 17,0 | - |
Ескерту - ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде автор құрастырған |
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерден жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өндірістік көрсеткіштердің жер, еңбек ресурстарының 2009 жылға азюы, ал материалдық ресурстардың көбеюі туралы қорытынды жасауға болады. Оң көрсеткіш ретінде еңбек өнімділігінің өсуі мен өсім және бордақыдағы малдардың өнімділігін атауға болады.
Бірақ шаруашылықтардың көпшілігі шаруашылық қызметі барысында зиян шегеді. Бұл жерде өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерінің бағасындағы айрмашылық үлкен әсерін тигізеді, себебі өндірілген өнімге жұмсалған шығындар құрамында материалдық шығындар үлкен үлестік салмақты алады. Мысалы, зерттелген кезеңде бағалардың келесідей өсімін атауға болады: байытылған жемге (комбикормға - материалдық-өндірістік қорлардың бір түрі) – 5,1 есеге, сүтке – 2,3 есеге, ірі қара малдың етіне – 2,2 есеге.
Ауыл шаруашылығының әрбір өндірістік
саласында өндірілген өнімнің құнында
материалдық шығындар, үлкен үлестік салмаққа
ие.
Ауыл шаруашылығы ұйымдары қаржыларының
негізгі қызметтерінің бірі болып, ақшалай
нысаннан тауарлы нысанға, тауарлыдан
- өндірістікке, одан қайтадан тауарлы
және ақшалай нысанға ауысып үздіксіз
айналым жасайтын, айналым құралдарының
қозғалысын реттеу табылады.
Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған
2 сурет - Қазіргі
кезеңдегі айналым құралдарының қозғалысы
Суретте ұдайы өндіріс процесінің кезеңдері әріптермен белгіленген : А - сатып алу (жабдықтау), Б - өндіріс, В – сату процесі.
Төменде, зерттелген шаруашылықтардың құрамдас элементтерінің жалпы сомадағы үлестік салмағын сипаттайтын айналым құралдарының құрылымы келтірілген (3кесте)
3 кесте - Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы ұйымдарының айналым құралдарының құрылымы
Атаулары | 2007 ж | 2008 ж | 2009 ж |
Баланс қорытындысындағы айналым құралдарының пайызы | 11,71 | 15,41 | 19,59 |
Айналым активтері, барлығы | 100,00 | 100,00 | 100,00 |
Қорлар | 75,83 | 74,80 | 78,00 |
Соның ішінде : шикізаттар | 24,14 | 23,51 | 24,04 |
өсім және бордақыдағы малдар | 11,10 | 11,3 | 15,2 |
аяқталмаған өндіріс | 7,83 | 7,39 | 8,21 |
дайын өнім | 32,76 | 32,6 | 30,55 |
Қосылған құн салығы | 5,49 | 5,57 | 6,08 |
Дебиторлық қарыздар | 9,44 | 11,23 | 8,66 |
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар | 7,14 | 6,62 | 5,13 |
Ақша қаражаттары | 2,10 | 1,78 | 2,13 |
Ескерту –ауыл шаруашылығы ұйымдарының қаржылық есептілік көрсеткіштері негізінде автор құрастырған |