Ауыл шаруашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 05:48, доклад

Краткое описание

Қазығұрт ауданының жер көлемі 403 000 гектардан тұратын ауданымыздың табиғаты ауыл шаруашылығы саласына бейім болғандықтан ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы осы салаға байланысты.
105,9 мың гектар егістік, 31 460 гектар шабындық, 203 784 гектар жайылым, 60 мың гектар өзге жерлер аудандағы 3413 шаруа қожалықтары мен 121 өндірістік кооперативтерге 85 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен заңды тұлғаға бекітіліп берілген.

Файлы: 1 файл

Ауыл шаруашылыгы саласы.doc

— 34.00 Кб (Скачать)


Ауыл  шаруашылығы

 

Қазығұрт ауданының жер көлемі 403 000 гектардан тұратын ауданымыздың табиғаты ауыл шаруашылығы саласына бейім болғандықтан ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы осы салаға байланысты.

105,9 мың гектар егістік, 31 460 гектар шабындық, 203 784 гектар жайылым, 60 мың гектар өзге жерлер аудандағы 3413 шаруа қожалықтары мен 121 өндірістік кооперативтерге 85 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен заңды тұлғаға бекітіліп берілген.

Біздің ауданымызда дәнді дақылдар егіліп жүрген аймақтар ылғал түсіміне байланысты 3 аймаққа бөлінеді:

1. аймақ: ылғалмен толық қамтамасыз етілген аймақта /<500-750 мм жауын болатын жерлер/; /Көкібел, Жаңабазар, Қарабау, Алтынтөбе, Қақпақ/.

2. аймақ: ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген аймақта /400-500 мм/, /Шарапхана, Шарбұлақ, Қызылқия, Рабат, /Атбұлақ, Қазығұрт/.

3. аймақта: ылғалмен қамтамасыз етілмеген шөл және шөлейтті аймақта / <250-350 мм/, /Шанақ, Рабат/, /Еңбекші, Қызылдала, Амангелді, /Бақабұлақ/.

Аймақтарға аудандастырылған сорттарды егу /күздік бидайдың «Жетісу», «Южная-21», «Октябрина-70», «Красноводопадская-210», «Стекловидная-24», арпаның «Береке-54», «Бәйшешек» сорттары егіледі.  

2011 жылы аудан агроқұлымдары 33 000 гектар астық, 24 мың га. мақсары, 110 га. картоп, 700 га. бақша, 1500 га көкөніс, 785 га. күнбағыс, 730 га. дәндік жүгері мен 23985 га жоңышқа дақылын қосқанда 85 800 га. егістік жердің игерілуі қамтамасыз етілді.

2011 жылы ауыл шаруашылығы диқандары үшін табысты жылдардың бірі болды. Дәнді дақылдардан жоғары өнім алудың негізгі кепілі тұқымдық дән екендігі белгілі. Аудан агроқұрылымдарын жоғары репродукциялы тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында Қарабау МКҚ-нан басқа кіші шаруа қожалықтарын І-ІІ репродукциялы тұқым өндіріп сататын Сапа, Айқожа және Ақбастау шаруашылықтары арнайы тұқым өндіріп сату мәртебесін алып жұмыс жүргізуде.

Аудан көлемінде диқандардың меншігін пай үлесін сақтай отырып заңды тұлғаларға біріктіріп, пайдаланатын жер көлемін ірілендіріп, дақыл егетін жерлерді шоғырландыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге дейін ауданда 2357 кіші шаруалар 97 агроқұрылымға бірігіп, жалпы егістік жердің 95 пайызы іріленді.

 

Мал шаруашылығы

Ауданда барлық мал түрлері өндірілетін өнім түрлері тұрақты өсіп келеді. Мал басының жалпы өсіміне ғана емес оның сапасына үлкен мән беріліп отыр.  Бүгінгі таңға ауданның барлық нысандарындағы ірі қара мал саны – 54024 басқа, одан сиыр -26312 басқа, қой саны - 316710, ешкі –30369, жылқы-17510, шошқа-557, құстар-87209 басқа жетті.  Мал өнімдерін өндіруде ет 14194 тоннаға, сүт 54308 тоннаға,  жүн 738 тоннаға, жұмыртқа 8641 мың данаға өндірілді.

Ауыл шаруашылығы малдарынан төл алу шаруашылықтың барлық категориялары бойынша өткен жылмен салыстырғанда бұзау-103,7 пайызға, қозы-100,2 пайызға, лақтар -100,3, құлын-109 пайызға орындалды.

Ауданда мал өнімдерінің өнімділігін арттыру үшін асыл тұқымды малдарды көбейту жолдары бойынша жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңға аудан көлемінде 19 асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыс жүргізеді, одан ірі қарадан 2, қойдан 11, жылқыдан 5, шошқадан 1 шаруашылық. Асыл тұқымды шаруашылық статусын алуға үміткер 2 шаруашылықтың құжаттары дайындалуда, қойдан -1, жылқыдан-1 шаруашылық.

2011 жылы жаңадан 2  арнайы салынған мал бордақылау алаңын іске қосуға тапсырма берілген болса, бүгінгі күнге ірі қарадан 2, қодан -1 арнайы салынған мал бордақылау алаңы іске қосылып, аудан бойынша арнайы салынған 10 мал бордақылау алаңы жұмыс істеуде.

Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамытудағы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданға 2011 жылы 11 агроқұрылымның құжаттарын дайындап, өтінімдерін тіркеуге тапсырма берілген болса, 12 өтініш тапсырылып, нақты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  АҚ-нан 3 агроқұрылым 23,5 млн теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 3 агроқұрылым 72,4 млн теңге, жалпы аудан бойынша 6 агроқұрылым 95,9 млн теңгеге қаржыландырылды.

Аудан, облыс халқын құс етімен қамтамасыз ету мақсатында ауданның шаруашылықтары мен жеке қожалықтары «Ордабасы құс» ЖШС-нен 62444 бас күрке тауық балапанын алып өсіріп, бордақылап етке өткізді.

 

1

 



Информация о работе Ауыл шаруашылығы