Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 10:30, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдамада қаржылық есептіліктің сапасын көтеру келешек мақсаттардың негізгі бағыты ретінде танылуда. Қазіргі экономикалық жағдайда ұйымдар стратегиялық шешімдер қабылдауда бухгалтерлік есепке маңызды рөл беруде. Өндіріс процесі барысында түрлі шикізат пен материалдар көп мөлшерде пайдаланылады.
Айналым құралдарының бұндай құрылымы бірінші кезекте экономикалық субъектілердің мамандануымен байланысты. Қорлардың жоғары пайызы көптеген өндірістік бірлестіктерге, соның ішінде, өндірістік кезеңі біршама ұзақ, көпшілігінде, өндірістік қорлардың көп түрлерін салуды, ал айналым кезеңін өндірілетін өнімнің ерекшелігіне байланысты барынша қысқартуды талап ететін, ауыл шаруашылық ұйымдарына тән.
Біз қарастырып отырған шаруашылықтар мақта өсірумен айналысатын шаруашылықтар, сондықтан айналым құралдарының көп бөлігін дайын өнім алады. Қорлардың құрамында дайын өнім 2007ж.- 32,76%, 2008ж.-32,60%, 2009ж.-30,55% құрады. Дайын өнімнің бұндай көрсеткіші шаруашылықтардың өз өнімдерін дер кезінде, әрі пайдалы бағамен өткізе алмауының себебінен.
Бухгалтериядан алынған жабдықтаушылардан келіп түскен және кіріске алынған қорлар ведомосының негізінде, жабдықтау бөлімінде материалдық қорларды жабдықтаудың уақыттылығы мен сапасы туралы қорытынды жасай алады. Сонымен, материалдық өндірістік қорларды жабдықтау процесі барысында, кәсіпорынның жеке қызметтерінің байланысы жүзеге асырылады және осы процестің ағымдағы есебі мен бақылаудың ішкі құжаттарын құрудың көмегімен осы кезеңдегі есептің құқықтық мақсаты орындалады.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың бухгалтерлік есебі мен бақылауын жетілдіру. Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаудың басты мақсаты - нақты экономикалық ортада бухгалтерлік есеп жүйесінің өзіне тиісті қызметтерін кезекпен, пайдалы, тиімді және ұтымды орындау үшін қолайлы жағдай жасаудан тұрады. Ол үшін қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесінің әлемде жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп жүргізу көзқарастарына қарама қайшы болмауын қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі
таңдағы Қазақстан
- пайдаланушыларды пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ететін есеп пен есептіліктің стандарттар жүйесін құру;
- Қазақсатандағы бухгалтерлік есепті халықаралық деңгейдегі стандарттар үйлесімінің негізгі тенденцияларымен байланысын қамтамасыз ету;
- Бухгалтерлік есептің реформаланған моделін енгізуде ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету.
Қазіргі таңдағы бухгалтерлік есеп жүйесінің ХҚЕС және ҚЕҰС қолдануы жағдайында, ауыл шаруашылығы ұйымдары шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші кәсіпорындар ретінде есептіліктерін ҚЕҰС №1 –не сәйкес ұйымдастыруға құқылы. ҚЕҰС №1 сәйкес қорлар келесідей жіктеледі:
Біздің ойымызша бұл анықтама – ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін ескермеген. Бұл нормативті құжатқа сәйкес, ұйым ішінде өндірілетін қорлардың көп бөлігі (жем-шөп және өз өндірісіндегі тұқымдық материалдар, табиғи тыңайтқыштар) материалдық өндірістік қорлар қорлар құрамына кірмей қалады, себебі бұл нормативті құжатта дайын өнімді пайдаланудың бір ғана бағыты көрсетілген – ол өнімді сату.
Сонымен
қатар материалдық өндірістік қорлар
құрамында қорлардың
Қорлардың орташа өзіндік құнын анықтау үшін нақты есепті кезең бір ай деп белгілеу қорлар есебінің басқару қызметін шектейді. Мысалы ірі өндірістік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалатын және басқа да қажеттіліктерге пайдаланылатын қорлардың орташа өзіндік құнын анықтау қажеттілігі бір айдан қысқа мерзімде (декада- онкүндік) туындауы мүмкін, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері ай сайын баланс құруға міндетті емес, яғни оларға материалдардың орташа өзіндік құнын тоқсанына бір рет есептеуге болады. Осыдан, орташа өзіндік құнды нақты айына бір рет есептеу кезеңділігінің орнына қажетті есепті кезеңді пайдаланған дұрыс.
Есепті жетілдіру бағыттарының бірі болып оны компьютерлік жүйелерді пайдаланудың көмегімен тиімді жүргізу. Басқару тиімділігін көтеру үшін материалдық ресурстарды басқаруды жетілдіру қажет. Тәжірибе көрсеткендей шамадан тыс қорларды ең төменгі қысқартудың өзі біршама қаржылық ресурстарды босатуға және тұрақты пайда алуға мүмкіндік береді. Бірақ өнім шығарудың үлкен номенклатурасымен, көп мөлшерде әртүрлі шикізаттарды пайдалану қажет болған жағдайда, қорлар деңгейін тиімді мөлшерде жасауға қатысты мақсаттарды шешу қиындайды. Бұл жерде материалдық ресурстар қозғалысының нақты және жедел есебін жолға қоюға мүмкінідік беретін компьютерлік жүйелер көп көмек береді.Қазіргі кезде материалдық қорлар бойынша есеп, басқару және бақылау жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік беретін көптеген компьютерлік бағдарламалар жасалған. Мысалы өндірістегі материалдар есебін ұйымдастыру бойынша олар лимитті-жинақтама карталарын, қорлар қозғалысы бойынша құжаттарды, есептен шығару актілерін, өндірістік есептерді құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйелерде өндіріске қорларды жіберуде сандық және құндық мөлшерлерді бақылау жүзеге асырылған. Мөлшерлеме өндіріске материалдарды жіберуге негіз болып табылатын құжат лимитті-жинақтама картаны рәсімдеу кезінде енгізіледі. Мөлшерден тыс жіберетін жағдайда өндіріске жіберу жүкқұжатында тиісті рұқсаттың деркетемелері келтіріледі. Мөлшерлерді бақылау белгілі көрсеткіштермен реттеледі. Пайдаланушы өндіріске мөлшерден тыс қорларды жіберу бойынша ведомостарды және мөлшерлеменің қалдықтары (артық жұмсалуы) бойынша есептерді қалыптастыруы мүмкін. Сонымен қатар бір материалдардың жетіспеушілігі жағдайында, оларды басқа бір түрімен алмастыру мүмкіндіктері ұсынылады. Дайын өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттардың нормативті және нақты шығындары туралы есептілікте материалдарды есептен шығарудың әртүрлі нұсқалары есепке алынады. Материалдық шығындар есебі дайын өнім түрлері бойынша жүргізіледі. Бұндай жүйе түрлері саладағы кәсіпорындарда пайдалануы және олардың ерекшеліктеріне қарай жасақталуы мүмкін.
Қазіргі таңда «1С» фирмасымен «Бухгалтерлік есеп. Ауыл шаруашылық кәсіпорын» бағдарламасы жасалған. Бұл жерде жем, отын, тыңайтқыштар есебі үшін арнайы анықтама пайдаланылады. Натуралды көрсеткіштерді есепке алу үшін үш өлшем бірлігі қарастырылған. Сонымен қатар бағдарламада арнайы ауыл шаруашылық есептіліктері бар - «Жемдер шығысы», «Малдар қозғалысы» және басқалар. Қазіргі уақытта материалдық қорлар есебін жеңілдетудің бір мысалы, жемдер сапасының есебі сияқты арнайы мақсаттарды орындайтын қажетті кез келген бағдарламалық өнімді алуға болады. Шаруашылықтардың көпшілігінде техникалық база (компьтерлер) бар, олар толық пайдаланылмайды. Бұл жердегі жалғыз проблема - есепті компьютерлендірудің маңызын түсіну және персоналдарды оқыту.
Қорлар есебін ұйымдастыруда шаруашылықтың еңбек құралдары болып табылатын шаруашылық құралдарының есебі ерекше маңызға ие. Активтердің бұл түрі пайдалану мерзіміне байланысты екіге бөлінген - бір бөлігі негізгі құралдар құрамына кіруі тиіс, ал екіншісі өндірістік қорлар құрамына кіреді. Қандай құралдарды қай шоттарда есепке алу керек екендігі туралы шешімді, ұйым қызметінің сипаты мен шарттарына байланысты, ұйым басшысы қабылдайды. Бұл шешім ұйымның есеп саясатында бекітіледі.
Айналымдағы мүліктер құрамына кіретін шаруашылық құралдарының есебі мен бақылауын нақты дұрыс ұйымдастыру үшін:
Сонымен қатар, ұйымның есеп саясатында шаруашылық құралдарының құнын есептен шығару мерзімі туралы мәселе ашып қарастырылуы қажет. Бұл топтағы өндірістік қорлардың құнын есептен шығару мерзімі болып, бір жағынан қолданысқа жіберу сәті саналуы мүмкін, ал екінші жағынан, активтің қызмет ету мерзімінің аяқталған, есептен шығарылған уақыты болуы мүмкін. Экономикалық көзқарастан бұл жерде бірінші нұсқаны пайдаланған дұрыс, себебі қолданысқа жіберілген шаруашылық құралдардың құны бірден дайын өнімге кеткен материалдық шығындар құрамына кіреді. Дайын өнімді сатқаннан кейін, қолданыстағы шаруашылық құралдарын, олардың қызмет ету мерзімі бітпей тұрып жаңа құралдармен алмастыру мүмкіндігі туындайды. Екінші нұсқаға қарағанда, бұл жерде қорларды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін, олардың айналым қарқыны өседі. Бірақ, біздің ойымызша, бірінші нұсқаның бір кемшілігі бар – ол қолданысқа жіберілген және сол сәтте есептен шығарылған шаруашылық құралдарына бақылаудың жеткіліксіздігі.
Нормативті құжаттарға сәйкес шаруашылық құралдарын қоймадан қолданысқа жібергеннен кейін, олардың бары мен қозғалысын бақылау жедел есеп тәртібімен жүзеге асыру ұсынылады. Бірақ бақылаудың қандай әдістері мен тәсілдерін қолдану керек екендігі түсініксіз. Сонымен қатар активтердің жеке осы түрімен байланысты бастапқы құжаттар да қарастырылмаған.
Сонымен,
материалдық-өндірістік қорлар құрамында
есепке алынатын, қолданысқа жіберілген
сәтте есептен шығарылатын
Бөлімшелерде пайдаланылатын шаруашылық құралдары туралы көрсеткіштерді жүйелендіру үшін «Шаруашылық құралдарын пайдалану журналын» жүргізу ұсынылады. Бұл журналда белгілі кезеңде осы қорлардың келіп түсуі, қолданысқа жіберілуі көрініс табады, ал ескертпесінде – қорларды пайдаланудың тиімділігі, яғни олардың өндірістік қуаты толық пайдаланылды ма немесе есептен алдын ала шығарылды ма және алдын ала шығарудың себептері көрсетіледі. Қорларды алдын ала есептен шығарған кезде объектінің нақты пайдаланылуы, есептен шығару себебі және қабылданған шешім көрініс табатын «Алдын ала шығару актісін» толтыру ұсынылады. Қабылданған шешімге байланысты бұл шаруашылық құралын пайдаланушы тұлғаның кінәсі анықталса, қордың жарты құнын төлетіп, өндірістік шығындарды осы сомаға кеміту керек. Ауыл шаруашылығы ұйымдарында қорлардың қозғалысын құжаттап рәсімдеу келесідей тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс (3сурет).
Сонымен
қатар қорлар есебін жетілдіру мақсатында
реттелу дәрежесі бойынша шығындарды
жіктеу және ұйымдарда есепті аналитикалық
қамтамасыз етуді ұйымдастыруды
жауапкершілік орталықтарына