Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың есебі мен бақылауының теориялық негіздері.

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 10:30, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдамада қаржылық есептіліктің сапасын көтеру келешек мақсаттардың негізгі бағыты ретінде танылуда. Қазіргі экономикалық жағдайда ұйымдар стратегиялық шешімдер қабылдауда бухгалтерлік есепке маңызды рөл беруде. Өндіріс процесі барысында түрлі шикізат пен материалдар көп мөлшерде пайдаланылады.

Файлы: 1 файл

Kalimbetova.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

     Ұйымның есеп саясатында көрініс табатын шаруашылық құралдарының есебін ұйымдастыру принциптерінің бірі болып, өндірісте пайдаланылатын шаруашылық құралдарының құнын есептен шығару сәтіне байланысты мәселе табылады. Біз осы қорлар құнын пайдалану мерзімінің басында есептен шығарудың дұрыстығын негіздедік. Бірақ бұл нұсқаның бір кемшілігі бар – ол өндіріске қолданысқа жіберілген және сол сәтте есептен шаруашылық құралдарына бақылаудың жеткіліксіздігі. Шаруашылық құралдарын пайдалануды бақылау қызметін күшейту мақсатында, біз бастапқы құжаттардың қосымша нысандарын жасадық «Шаруашылық құралдарын қолданысқа жіберу құжаты» материалдық қорлардың осы түріннің қолданысқа жіберілгенін растайтын құжат ретінде пайдаланылады және олардың құнын өндіріс шығындарына есептен шығаруға негіз болып табылады. Бөлімшелерде пайдаланылатын шаруашылық құралдары туралы мәліметтерді жүйелендіру үшін «Шаруашылық құралдарын пайдалану журналын» жүргізу ұсынылады. Бұл журналда шаруашылық құралдарының келіп түсуі, қолданысқа берілуі, ал ескертпесінде олардың тиімді (толық) пайдаланылуы көрініс табады. Қорлар алдын ала есептен шығып кеткен жағдайда – «Шаруашылық құралдарын алдын ала есептен шығару актісін» жасау ұсынылады. Онда қорлардың нақты пайдаланылғаны, алдын ала есептен шығарудың себептері, толық пайдаланылмаған сомаларды есептен шығару көздері туралы шешім көрініс табады.

     8. Өндірістегі материалдық шығындар есебі мен бақылауын тиімді жүзеге асыру мақсатында ауыл шаруашылығы ұйымдарында басқару есебін енгізіп есепті жауапкершілік орталықтарына бөліп жүргізу ұсынылды.

     9. Зерттелген ауыл шаруашылық ұйымдарының есеп және бақылау жүйесінің ұйымдастырылуын талдау олардың тиімсіздігін көрсетті. Бұл материалдық-өндірістік қорларды пайдалану мен олардың есебіне бақылау қызметтерін күшейтуді талап етеді. Біз, ішкі аудитормен материалдық-өндірістік қорлардың жағдайын тексеру жүргізу үшін, әдістемелік құрал жасадық. Оған келесідей жұмыс және әдістемелік құжаттар кірді:

  • материалдық-өндірістік қорлар есебінің жағдайын ішкі бақылау жүйесін бағалау үшін сұрақтар жинақтамасы;
  • материалдық-өндірістік қорлар есебіндегі қателіктер салдары бойынша әдістемелік материал;
  • материалдық-өндірістік қорлардың келіп түсуі және қозғалысы кезінде толтырылатын құжаттар бойынша әдістемелік материалдар (нормативті актілердің соңғы өзгерістерінен тұратын);
  • сатып алынған материалдық-өндірістік қорлар бойынша қосылған құн салығының дұрыс көрсетілуін тексеруге арналған жұмыс құжаты;
  • материалдық-өндірістік қорлардың кіріске алынуы мен қозғалысын құжаттық тексерудің бағдарламасы;
  • ішкі аудитордың қорытындысы және ұсыныстарымен бірге құжаттық тексерудің нәтижелерінен тұратын жұмыс құжаты.

    10. Ұйымның есеп саясатында көрініс табуға тиісті материалдық-өндірістік қорлар есебі бойынша негізгі көрсеткіштер анықталған. Зерттелген ұйымдардағы бухгалтерлік есептің жағдайын талдау көрсеткендей, есеп саясатын дұрыс құру проблемасы барлық экономикалық субъектілерде бар. Сондықтан біз, ұйымның есеп саясатында көрініс табатын келесідей міндетті көрсеткіштерді анықтап көрсеттік: мүлікті материалдық-өндірістік қорларға жатқызу көрсеткіші, қорлардың келіп түсуінде шоттарды пайдалану, оларды бағалау әдістері, ауыл шаруашылығы ұйымы үшін қорлар есебін ұйымдастыру бойынша шоттардың жұмыс жоспары - 1310 шотына ашылатын субшоттар, 1360 «Қорларды есептен шығару резервтері» пайдалану қағидасы, өнім өндіру есебінің тәсілі, шаруашылық құралдарының бір бөлігін өндірістік қорлар құрамында есепке алу, дайын өнім мен жөнелтілген тауарларды бағалау әдісі.

    11.Түгендеу бір жағынан, бұл есеп ақпаратының шынайылығы мен ұйым активтерінің нақты барын растау үшін пайдаланылатын бухгалтерлік есеп әдісінің элементі; екінші жағынан - бұл осы активтердің келіп түсуі, сақталуы, пайдаланылуы, шығарылуы есебімен байланысты, ұйым персоналдары қызметінің дұрыстығын анықтайтын бақылау тәсілі. Сонымен қатар, минималды еңбек шығындарымен перманентті түгендеу өткізу тәсілі ұсынылды.

      Жоғарыда  келтірілген қорытындылар мен ұсыныстар  есеп пен бақылау концепциясының ары қарай дамуы үшін пайдаланылуы мүмкін және ауыл шаруашылық ұйымдарында материалдық-өндірістік қорлар есебі мен бақылауының жедел жүйесін құруға көмектеседі. Ол өз кезегінде заңдылықтардың бұзылуын болдырмауға, өндіріс шығындарын төмендету резервтерін анықтауға және жалпы ауыл шаруашылық ұйымдарының қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 
 
 
 

Автордың  диссертация тақырыбы бойынша жарияланған  еңбектерінің тізімі  

     1.ҚР-да қазіргі таңдағы басқару есебі мен қаржылық есептің айырмашылық ерекшеліктері.// Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің хабаршысы-№6, 2004ж. 0,3 б.т. (бірлескен авторлықта)

     2.Методика учета переоценки товаров на предприятиях торговли // «Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары». – ХҚТУ, Түркістан, 2005ж. 0,25 б.т. (бірлескен авторлықта)

     3.«ҚР субъектілерінің шаруашылық операцияларының есебінің шоттар корреспонденциялары» Оқу құралы //Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Түркістан қ., 2005  (бірлескен авторлықта)., 4.9 б.т.

     4.Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында материалдық қорларды басқаруды ұйымдастыруда есеп пен бақылаудың ролі.// Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің хабаршысы-№3, 2008ж. 0,56 б.т.

     5.Ауыл шаруашылық ұйымдарындағы ішкі бақылаудың қазіргі жағдайы.// «Әуезов оқулары-7» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2008ж. 0,25 б.т.

     6.Материалдық қорлардың есебін бақылауды жетілдіру. // «Ізденіс-Поиск» №1 2009ж. 0,31 б.т (бірлескен авторлықта)

     7.Материалдық корларды басқаруды ұйымдастырудағы ішкішаруашылық бақылаудың ролі. // «Жас Ғалым» ІІІ Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы. - Тараз Мемелекеттік педагогикалық институты. Тараз қаласы, сәуір 2009ж. 0,38 б.т.

     8.Ұлттық және халықаралық стандарттар негізінде материалдық құндалықтар есебін ұйымдастыру. // Қазақстан Жоғары мектебі Алматы №2  2009ж. 0,44 б.т

     9.Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудегі ХҚЕС-тің ролі. // «Аймақтық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту мәселелері» Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Академиялық инновациялық университет, 2009ж. 0,25б.т

     10.Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың сақталуын бақылау мен есебін ұйымдастырудың әдісі ретіндегі түгендеу. // «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2010ж. 0,31б.т

     11.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары негізінде материалдық қорлар есебін ұйымдастыру. // «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2010ж. 0,38б.т

     12.Инвентаризация как метод контроля за сохранностью запасов. // «Новое пространство Европы 2010» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 2010ж. 0,25б.

Информация о работе Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың есебі мен бақылауының теориялық негіздері.