Табыстар мен шығыстар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 13:29, реферат

Краткое описание

Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты – табыс табу болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі – осы мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету. Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең. Бірақ бұл анықтамалар әр түрлі қабылдануы мүмкін.

Файлы: 1 файл

Табыстар мен шығыстар есебі.docx

— 18.11 Кб (Скачать)

                          Табыстар мен шығыстар есебі

     

       Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты – табыс табу болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі – осы мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету. Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең. Бірақ бұл анықтамалар әр түрлі қабылдануы мүмкін.

       Шығындар  – бұл шаруашылық жүргізуші  субъктіге тиесілі келісімшарттар  және оқиғалардың нәтижесінде,  сонымен қатар шығынның немесе  акционерлік капиталды үлестірудің  нәтижесі болып табылатындарын  қспағанда субъектіге әсерін  тигізетін барлық басқа да  мәмілелер, оқиғалар мен жағдайларнәтижесінен  капиталдың азаюы.

       Табыс  – есепті кезең аралығындағы  активтер ағымы немесе өсуі  немесе банк қызметінің табыс  алуға бағытталған және капиталды  өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде  орын алған, жалпы қабылданған  есептілік қағидаларына сәйкесөлшенген  және мойындалған несиелік қарыздың  азаюы нысанындағы экономикалық  пайданың көбеюі.

      Шығыс –  есепті кезең аралығындағы экономикалық  табыстың активтердің кері ағыны  немесе пайдаланылуы түріндегі  азаюына әкелетін қарыздардың  пайда болуы, бұлар меншікті  капитал үлесінің иелері арасында  бөлетіндерінен ерекше болады.

       Табыс  банктің өмір сүру көзі болып  табылады. Банксіз табыс жоқ, ьабыссық  банк жоқ. Табыстың мәнін анықтау,  бағалау және табысты уақытпен  байланыстыру бухгалтерлік есептің  негізгі мәселелері. Табыстар екі  түрге бөлінеді: негізгі және  негізі емес қызмет түрлеріне  байланысты.

       Нәтижелі  шоттарды құру тәсілін, табыстар  мен шығыстардың құрамын, оларды  есепке алу және есептеу тәртібін  Қазақстан Республикасының Ұлььық  банкі анықтайды және қаржылық  есептіліктің халықаралық стандарттары  талаптарына сәйкес банкті басқару  және оған салық салу үшін  жеткілікті деңгейде түсінікті  болуы қажет.

       Табыстар  әдетте мәміле орындалған және  түсімді алу және оны өлшеу  мүмкіндіктеріне қатысты қатаң  сенімділік болған жағдайда мойындалады.  Шығыс немесе шығындар шығыс  немесе алдында мойындалғын актив  болашақтағы экономикалық пайданы  ұстай алмаған жағдайда мойындалады. 

        Өнімді  сатудан түскен табысты мойындаудың  негізгі өлшемдерінің бірі –  сатушы сатып алушыға сатылған  өнімге меншік құқығынан сыйақы  және елеулі тәуекелдерді беруі  болып табылады. Егер сатушы оның  өзінде қалдырса, онда ереже бойынша,  бұл мәмілені сату ретінде  тануға болмайды.

       Табыстар  мен шығыстардың әрбір түрі  банктің қызмет етуінің тиімділік  деңгейін бағалау үшін жеке  ашылады. Банктің қаржы-шауашылық  қызметінің нәтижесі туралы есеп  құру үшін табыстар мен шығыстар  маңызына қарай сәйкестілік қағидаларына  сай топталады.

        Табыстар  және шығыстар баптарын бөлек  ашып қарастыруға алып келген  жағдайлар мыналарды қамтиды:

  • тауарлы-материалдық қорлар құнының өткізудің таза құнына дейін, ғимараттар мен құрал-жабдықтар құнының – қалпына келтіру құнына дейін төмендеуі, сонымен қатар осындай төмендеуді қайта реверсиялау;
  • банк қызметі құрылымының өзгеруі және құрылымының өзгеруі бойынша шығындарға арналған кез келген резервтерді жою;
  • жылжымайтын мүлік және құрал-жабдық баптарының істен шығуы;
  • ұзақ мерзімді инвестициялардың істен шығуы;
  • үзілген операциялар;
  • сот үрдістерін реттеу;
  • резервтердің күшін жоюдың басқа да жағдайлары.

       Жалпы  көлемде елеусіз үлеске және  бір реттік ие табыстар мен  шығыстардың жеке түрлері жеке  аналитикалық жайғасымға бөлінбей, банктің басқа да табыстары  мен шығыстары құрамында есептеледі. Осылардың әрбір түрі клиенттерге  ұлттық және шетел валютасында  қызмет көрсетуге пайдаланылады. 

       Банктің  табыстары мен шығыстары есептіліктің, сақтық және сәйкестіліктің негізгі  халықаралық принциптерін негізге  ала отырып танылады. Әдетте есепті  кезең аралығында танылған табыстар  мен шығыстардыңбарлық баптары  таза пайданы немесе шығынды  анықтауда қолданылады. Осылармен  бірге таза пайданы анықтауға  төтенше баптар және есепті  бағалардағы өзгерістер нәтижелері  қолданылады. Іс жүзінде есепті  кезеңдегі таза табысты немесе  шығынды анықтауда қолданылатын  барлық кірі және шығыс баптары  банктің күнделікті қызметі барысында  пайда болады. Сондықтан тек кейбір  жағдайларда ғана шаруашылық  қызмет немесе операция төтенше  баптың пайда болуына әкеледі.

       Экономикалық  қызметке тән белгісіздік салдарынан  қаржылық есептің бірнеше баптары  нақты өлшене алмайды. Бұл жағдайда  соңғы мәліметтерді қоса есептегендегі  пікірталастарды енгізетін бағалау  үрдісі жүргізіледі. Әр түрлі  кезеңдерде қаржылық есептердің  сәйкестілігін қамтамасыз ету  мақсатында, есептік бағалардағы  өзгерістерден бұрын кәсіпкерліктен  түскен табыс немесе шығындар  есебіне қосылған бағаларға әсері  таза пайда немесе шығын құрамына  енгізіледі.

        Қаржылық  есептерді толтыру кезінде қате  математикалық дұрыс есептмеулер  нәтижесінде, есеп саясатын қолдануда,  фактілерді, дұрыс талқыламау, жалған  мәліметтер алу немесе абайсыздық  нәтижесінде туындауы мүмкін. Түзетулер,  соның ішінде кезекті кезеңдегі  әдетте ағымдағы жылдағы таза  табыс немесе шығынды анықтауға  негізделеді.

       Табыстар, пайдалар, шығыстар және шығындар  шоттарының ерекшеліктері – олардың  қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері  жайында есеп беру шоттары  болып табылатындығында. Оларды  уақытша шоттар деп атайды, себеі  мәліметтерді тек ағымдағы кезең  үшін ғана жинақтауда қолданылады.  Әдетте бір жыл болып келетін  әр есепті кезеңнің соңында  олардың қалдықтары келесі кезеңге  ауыстырылады немесе жабылады. Бөлінбеген табыс туралы есеп берудегі бұл кезең аралық көшіру жабылатын өткізбелер көмегімен жүзеге асады; олар әдетте екі мақсатта қызмет етеді: таза табысты немесе шығынды бөлінбеген пайдаға аудару, келесі есепті кезеңді бастау үшін әр уақытша шоттардан нөлдік мөлшерлеме тағайындау. Осылайша, бұл шоттар келесі жылға мәліметтерді уақытша жинақтау қызметтерін атқаруға дайын болады.

 


Информация о работе Табыстар мен шығыстар есебі