Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 16:54, реферат
Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші
Кіріспе
Сайлау тарихы
Сайлау әділеттілігі
Әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі
Сайлау еркіндігінің кепілдіктері
Кандидаттар қызметінің сайлау науқаны барысындағы кепілдіктері
Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі
Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары
Жалпыға бірдей сайлау құқығы
Тең сайлау құқығы
Жанама сайлау құқығы
Жасырын дауыс беру
Пайдаланған әдебиет
Жоспар
Кіріспе
Сайлау және
сайлану құқығы Қазақстан
Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді.
Сайлауда әркімнің дауысы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етуі. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елеміздің болашақтағы дамуын айқындайды.
Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет.
Сайлау бостандығын қамтамасыз етуге арналған бірқатар нақты шаралар бар. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңда сайлау еркіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар тікелей көрсетілген. Олар: соттар, прокуратура органдары, ішкі істер органдары.
Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбілеу заңсыз әрекет болып табылады. Азаматтардың сайлауда өз еркін білдіру ықтиярлы түрде жүзеге асады.
Президентікке,
Парламент депутаттығына
Соттар, прокуратура,
ішкі істер органдары, сондай-ақ сайлау
комиссиясы дауыс беру күні, оның ішінде
демалыс күндері де өз жұмыстарын ұйымдастырады.
Олар азаматтардың шағымдарын қабылдау
мен қарауды қамтамасыз етеді.
Сайлау тарихы
Барлық уақытта сайлау ерікті болған жоқ. Ежелгі дәуір және орта ғасырларда көптеген шектеулер болған. Сол кезеңдерде сайлауға тек ақсүйектер қатысты, кедей адамдар, әйелдер мен құлдар сайлаудан шеттетілді. Жаңа заманда сайлауға барлық азаматтар қатыстырылады, бірақ мүліктік, жасына, біліміне, жынысына және т.б. ценз — шектеулер енгізілген болатын. Сайлау құқығы — мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасында Президент, Парламент және республика мәслихаттарының депутаттары, жергілікті басқару органдарының мүшелері сайланып қойылады. Біздің еліміздегі сайлау Конституция ережелері мен "Қазақстан Республикасының сайлауы туралы" Конституциялық заңына негізделінген.
Сайлау әділеттілігі
Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді. Сайлау әділеттілігінің өлшемдері: бәсекелестік, мерзімділік, өкілеттілік және нәтижелілік болып табылады:
Бөсекелестік — сайлауға оппозициялардың, сонымен қатар бірнеше кандидаттың қатысу мүмкіндігі.
Оппозиция дегеніміз — көпшіліктің немесе билік жүргізіп отырғандардың пікіріне мүлде карсы пікірлі адамдардың тобы немесе партия.
Сайлаудың мерзімділігі — белгілі бір уақыт өткеннен кейін сайлаудың кайта өткізілуі.
Өкілеттілігі
— мемлекеттік органдардың
Нәтижелілігі
— сайлаудың нәтижесінде
Әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі
Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ыкпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаган таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.
Сайлау еркіндігінің кепілдіктері
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, көсіпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы зандарды бұзатын шешімдері мен іс-әрекетеріне сотқа шағымдануға болады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеу заңсыз әрекет болып табылады. Азаматтардың сайлауда өз еркін білдіруі ықтиярлы түрде жүзеге асады. Сайлаушы өзінің ішкі сенімі мен таңдауына сүйене отырып, дауыс береді. Егер сайлауды өткізу барысында заңды бұзушылық байқалса, сайлау жарамсыз болып танылуы мүмкін.
Кандидаттар қызметінің сайлау науқаны барысындағы кепілдіктері
Президенттікке,
Парламент депутаттығына
Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі
Соттар, прокуратура, ішкі істер органдары, сондай-ақ сайлау комиссиясы дауыс беру күні, оның ішінде демалыс күндері де өз жұмыстарын ұйымдастырады. Олар азаматтардың шағымдарын қабылдау мен қарауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың және ұйымдардың сайлау заңнамаларын бұзу туралы шағымдары сайлау комиссияларында шағым келіп түскен күннен бастап бес күн аралығында қарастырылады. Сайлау комиссиясы мен оның мүшелерінің шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жоғары тұрған комиссияда шағым келіп түскен күннен бастап үш күн аралығында қаралады.
Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары
Қазақстан Республикасы
сайлау құқығының қағидаттары
Жалпыға бірдей сайлау құқығы
Жалпыга бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының екі түрі ерекшеленген: • белсенді сайлау құқығы — бұл он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы; • бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР-ның Президенті, Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құкығы. Бәсең сайлау кұқығы белгілі бір құқықтық шектеулермен байланысты туындайды. ҚР-ның Президентігіне кандидат тумысынан республика азаматы болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы болуы тиіс. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаты Конституцияда көрсетілгендей 30 және 25 жасқа толуы тиіс. Дегенмен Конституцияда бірқатар шектеулер де қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес: сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Бұл өзінің жүйке ауруы мен акыл-есінің кемдігіне байланысты, өзінің азаматтық кұкықтарын толық жүзеге асыра алмайтын немесе азаматтық міндеттерін атқара алмайтын азаматтардың сайлау құқығы шектеледі дегенді білдіреді. Сонымен қатар сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға кұкығы жок. Тұтқындау орындарында отырған тұлғаларға, егер соттың айыптау үкімі шығарылмаса сайлау құкығында шектеуге жол берілмейді. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңда тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында сайлау учаскелерін құру, аталған орындарда отырған адамдардың тізімін жасау тәртібі бекітілген. Теңсайлау құқығы — сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады дегенді білдіреді. Өрі олардың өркайсысының бір сайлау бюллетеніне сай дауысы болады. Сайлау бюллетені тұлғаның жеке басын куәландыратын кұжаттары, төл құжаты арқылы беріледі. Кандидаттар өзінің сайлау құкығын жүзеге асыруда тең күкыктар иеленеді.
Тең сайлау құқығы
Тең сайлау құқығы:
• Қазақстан Республикасының
барлық азаматтарына олардың тұратын
мекен-жайы орнына қатыссыз, соның ішінде
елімізден тысқары
Жанама сайлау құқығы
Жанама сайлау құқығы—Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы қатысады дегенді білдіреді. Аталған сайлауда халықтың еркіндігі жанама жолмен тікелей сайлау құқығы арқылы сайланған мәслихат депутаттарының, яғни таңдаушылардың дауыс беруі арқылы көрініс табады. Әрбір таңдаушы бір дауысқа ие болады.
Жасырын дауыс беру
Жасырын дауыс
беру — сайлауда сайлаушылардың еркін
білдіруіне қандай да бір бақылау
жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.
Жасырын дауыс беру:
• әрбір сайлаушының
жеке өзі дауыс беруі, дауыс беру
құқығын басқа тұлғаға беруге
жол бермеу арқылы; • басқа тұлға
үшін дауыс беруге жол бермеу; •
дауыс беруге арналған бюллетеньдер
сайлаушыларға сайлаушылар
Пайдаланған әдебиет
↑ “ Құқықтану:
Жалпы білім беретін мектептің
қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына
арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева,
Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы,
2006. ISBN 9965—33-638-5
Үлгі:Stub: Құқық