Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 07:44, курсовая работа
Араб халифаты мемлекеті және оның құқығының тарихы орта ғасырлар кезеңінде маңызды және ерекше орын алатын құбылыс. Менің зерттеу тақырыбым осы мәселені жан-жақты қарай отырып талдау жасау. Мұсылман құқығының принциптері бүгінгі саяси өмірде кеңінен қолданылады. Кейде ислам қағидалары догмаға да айналып кетуі мүмкін. Мұсылман құқығы кеңінен тарап, тұрақтап қалған мұндай елдерге: Марокко, Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкістан, Ирак т. б. жатады.
Араб халифаты мемлекеті және оның
құқығының тарихы орта ғасырлар
кезеңінде маңызды және ерекше орын
алатын құбылыс. Менің зерттеу тақырыбым
осы мәселені жан-жақты қарай
отырып талдау жасау. Мұсылман құқығының
принциптері бүгінгі саяси
Қоғамдық өмірдегі жалғыз ғана реттеуші заң ретінде ұзақ мерзімге орнықтыруға бірнеше себептер ықпал жасады. Шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға көптеген ғасырлар бойы ислам діні жетекшілік етті және оның батыс діндерден елеулі айырмашылығы болды. Феодализм дәуірінен бері қарай ислам діні мындаған жылдар бойы қоғамдық қозғалысқа мұрындық болды.
Айтарлықтай маңызды орын алатын жағдайдың бірі - мешіт ұзақ уақыт бойы діни орын ретінде қызмет етті. Онымен қатар тың тірегін әрқашанда адатпен байланыстырған жөн, халықтың күнделікті тұтынатын ислам қағидалары діни құқық болып қалыптасқан.
Арабтар жаулап алу кезіңдегі шарттары құқық ретінде Египет, Сирия, Месопотамия, Кавказ бен Орта Азия елдерінде қабылданған. Адат тың, адаттың сақталуына мүмкіндік туғызып отырған.
Ұзақ уақыт бойы ақсүйектер мен діни үкімет бір адамның (халифтың, сұлтанның, әмірдің) қолында болып келді.
Бұл жағдай сапасы жағынан алғанда қолданыстағы бірден бір заң ретінде мұсылмандардың қоғамдық өмірдегі құқына байсалды түрде әсер етіп отырды. Ол тіпті капиталистік қарым-қатынас пен тәртіптің орнауына айтулы ықпал етті. Бірақ буржуазиялық қарым-қатынастардың дамуы монополиясын бұзды.
Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялык ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.
Жұмыстың мақсаты мұсылмандық құқықтың объективтікті шындыққа сай біртұтас, толыққанды логикалық бейнесін қалыптастыру.
Жұмыс кіріспе, үш тарау және қорытындыдан тұрады.
І. Мұсылмандық құқықтың институтының негізі
1.1
Мұсылман құқығы мен әдет-
Орта ғасырлардағы шығыс үшін Араб халифатында пайда болып, ең қолайлы бағытта дамыған құқықтық жүйе - Мұсылман құқығы - болып табылады. Жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда қолданыла бастады. Яғни, халифат жеткен жерге дейінгі аралықты қамтыды.
Ислам дінінде
мұсылман құқығы «шариғат»
Шариғат пайдалылы
және зиянды амалдарды
Қоғамдық қатынас
барысындағы маңызды мәселерде
адам мүддесін қорғайтын
Шариғат үкімдерінің «негізгі мақсаттарына» қоғам және адам үшін аса маңызды саналатын мынадай бес құндылық кіреді:
1. Дінді қорғау. Дінді қорғау жиһад деп аталады. Жиһад сөзі жұртшылықты хақ дінге шақыру деген мағынаны білдіреді. Факиһтер (мұсылман заңгерлері) діни күресті былайша жіктейді:
а) Нәпсімен күрес. Әртүрлі қиындықтарға және нәпсі қалаулары мен шайтанның азғыруына тойтарыс жасау.
ә) Білімді болу үшін күресу. Білуге ұмтылу және білгенін көркем әрі батыл түрде өзгелерге жеткізу.
б) Дүние-мүлкімен және жан-тәнін хаққа арнау. Яғни, ақиқат үшін дүние-мүлкі мен күш-қайратын сарқа жұмсау.
2. Ақылды қорғау. Мұсылманның әрбір іс-әрекеті ақыл мен білімге сай болуы тиіс. Шариғат ақылға зиян келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді. Исламда ақылдан айыратын арақ-шараптың ішілуін харам еткен. Адамды мас қылатын нәрсенің азы да харам деген қияс дәлелі бойынша барлық мас қылатын ішімдіктер мен есірткі түрлері харам етілген. Хақ үкімі тиым салған бұл заттарды пайдалануға ерік берілетін болса, ол қоғамда сол заттарды өндірушілердің материалдық тұрғыдан мерейі үстем болып, ал, оны тұтынушылар Алланың адам баласына берген зор қасиеті ақылдан айырылып пұшайман күй кешуге мәжбүр болады.
3. Жанды қорғау. Ислам қоғамда нақақтан кісі өлтірушіні қысас бойынша өлтіруді парыз еткен. Ауыр қылмысқа ауыр жаза қолдану арқылы қоғамда адам жанын қорғайды. Бұл үкім орындалмаған қоғамда болмашы себептерден кісі өлімі туындайтын болады. Жанды қорғау мақсатында шариғат намысты әйелге зина жаласын жабуды харам етуде. Егер бір әйелді зина қылмысымен кінәлаушылардың сөзі жала екендігі анықталса жалақорларға 80 дүре соғылуы парыз етілген. Яғни, Шариғат адам заңын тек материалдық тұрғыдан ғана емес, моральдік тұрғыдан да қорғайды.
4. Дүние-мүлікті қорғау. Қаражат қоғамның материалдық тірегі. Қоғам мүшелерінің әлеуметтік жағдайлары қанша жақсы болса, сол елдің соншалықты әлеуетті болуына әсер етеді. Қоғам мүшелерінде байлығы нисап мөлшеріне (байлық өлшемі) жеткен адамдарға зекет беру парыз. Зекет арқылы қоғамда кедей жандарға қаржы үлестіріледі. Байлардың малы Алланың қорғауында болады. Халықтың жеке мүлкіне қол сұғып табыс табу жолы харам етілген. Ұрлықты болдырмау мақсатымен шариғат ұрының қолын кесуді парыз еткен. (Мәйда 38) Бұл шариғаттың халық мүлкін қорғаудағы бір ғана мысалы.
5. Адал ұрпақ пен ар-намысты қорғау. Ұрпақты қорғау әрбір елдің келешегі сол елдің ұрпағына байланысты. Ұрпақтың тәрбиелі болуы келешектің айнасы. Шариғатта баланың тәрбиесі кімнің жауапкершілігінде, баланың үлесіндегі ақы не, ажырасудан кейін тәрбие міндеті кімдерге уәжіп және ол міндетті жүктеушінің сипаттары қандай? - деген тек қана бала тәрбиешісі мәселесіне жеке "һидане" бөлімі бар. Ұрпақты қорғау мақсатында зина істеуді харам етіп, ол қылмыспен ұстағандарды түрлі ауыр жазалар қолданумен қоғамнан тазартады.
Мұсылман құқығы дін ретінде
феодалдық қатынастардың
Мұсылман құқығының
Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы, өзінің түбегейлі тұжырымдамасы және теориялық қайнар көзі арқылы басқа құқықтық, отбасылардан өте өзгешілігімен көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық, мұсылмандық құқық нормаларымен қоғамдық қатынаста реттеледі.
Біз осы құқық жүйесінің феодализм
дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін
әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі
құқықтық діни этникалық нормалар,
мазмұны жағынан әртүрлі
Мұсылман құқығы мен мемлекеттің арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар. тың барлық нормалары Құран мен суннадан тұрады. Олардың құдайдың құдіретінен тыс болуы және принципті түрде қолданылуы мүмкін емес. Алайда, мемлекет дін сенімінің негізі және діни міндеттердің орындалуы, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгізді. Соңғысы құқықтық норма болып қалыптасты.
Формальды
құқықтың нұсқаларымен таныса отырып,
оның мемлекетпен қатынасына көңіл
бөлу керек. Мұсылман мемлекеттерінің
заң шығаратын формальды
Сол кезеңдерде түсініктілік және айқындылық принципі батыс үшін аса маңызды болып есептелді.
Мұсылман құқығы - дін мен құқықтың сабақтасуының жарқын көрінісі. Мұсылман құқығы ғылымның жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана жағы. Бұл дін мыналардан тұрады: теологиялық догмалар жиынтығы, міне, мұсылмандар осы ұғымға сенуі керек: -адамгершілік жолы.
Адам баласы үшін жүзеге асуы міндетті идея ретінде түзілген. Міндетін орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. Ислам әлемінде мемлекет жүргізіліп жатқан діннің қызметшісі ретінде маңызды ірі теократиялық қоғамның тұжырымдамасына жетекшілік етеді. Таза құдай жолымен шектеліп қалмай, мұсылман заңгерлері мен теологтары жер жүзі исламға бағынатын құқықтар жүйесін жетілдірді. Ислам - заңның діні.
Мұсылман құқығы - мұсылман рухының шығу мазмұны, мұсылман идеологтарының ең түсінікті бағыты.
Мұсылман құқығы ғылымының екі тарауы бар: құқықты құрайтын тұтас бір кешенді түсініктер ережесі, шығу тектері, материалдық мұсылман құқығының нормасына жататын шешімдер.[12, 152 бет]
Шариғаттың және бір қайнар көздері болып әдет-ғұрып заң нормалары болып саналады. Әдет-ғұрыпты тек имам Ағзам жолын ұстанушылар (соның ішінде қазақ халқы да бар) пайдаланды. Болса да әдет-ғұрып заң қағидалары кез келген халықтың тарихының өн – бойында қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттеп отырған. Қазақ халқы әдет-ғұрып заң нормалары әдемі сақтап, тіпті осы күнге жеткізіп отыр. Оның үстіне қазақи әдет-ғұрыптық заң нормаларының негізі әділдік, теңдік, заңдылық болғандықтан халықтық сипатқа ие болды ірі ислам діні оны жетілдіріп жіберді. Құқықтық сана –сезім дамыған, кемеліне жеткен ортада құқықтық реттеушілік оңайға түседі. Мұны терең түсінген ата – бабаларымыз адамаралық қарым – қатынастарды, мәмілелер мен келісім – шарттарды қасиетті міндет деп түсінген.
Мұсылман құқығы мен ислам дінінің өзіндік ерекшелігі мынада: олар қоғамдық болмыста қандай да бір кезеңде қандай да бір аумақта көп мәдениет қоныстанған халықтармен бірге дамытты. Олардың экономикалық және мәдени арақатынасы және мәдениеттің болып өткен әсерлері орта ғасырлардағы араб мәдениетінің жарыққа шығуы болды және адамзаттың мәдени даму тарихындағы оның орны ерекше еді. Құран - бұл исламның "Библиясы". Бұны бір жағынан күрделі, қарама-қарсы мағынадағы ережелердің жинағы деуге келеді. Ал екінші жағынан-күрделі варварлық әдет-ғұрыпқа қарсы реакция байқалады. Ол араб тілін, шығыс христиандығын, еврей әдет-ғұрыптарын және басқа да тәуір үлгілерді өзіне қабылдады.
Құранды түсіну үшін ислам діні туралы әртүрлі көзқарастар болған Француз ислам зерттеушісі А. Массэнің айтқандарынан мысал келтіреміз: "Мұхаммедтің діни және саяси данышпандығына орай, әдіс-тәсілмен жұртты біріктірген арабтар өздерін тани отырып, өз орнын тарих дамуынан мәңгілікке орын алу үшін, мәдениетсіздіктен және анархиядан шыға отырып мынаған дайын болды: "Ол Мұхаммедті Меккенің буржуасы ретінде анықтайды. Ол араб жаулап алушыларын ислам империализмінің пайда болуы деп санайды".