Ислам құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 07:44, курсовая работа

Краткое описание

Араб халифаты мемлекеті және оның құқығының тарихы орта ғасырлар кезеңінде маңызды және ерекше орын алатын құбылыс. Менің зерттеу тақырыбым осы мәселені жан-жақты қарай отырып талдау жасау. Мұсылман құқығының принциптері бүгінгі саяси өмірде кеңінен қолданылады. Кейде ислам қағидалары догмаға да айналып кетуі мүмкін. Мұсылман құқығы кеңінен тарап, тұрақтап қалған мұндай елдерге: Марокко, Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкістан, Ирак т. б. жатады.

Файлы: 1 файл

Оразалина Жансая КМП 101 Курсовая.docx

— 68.48 Кб (Скачать)

      Хадд санатына жататын қылмыстарға Аллаға және барлық мұсылман қоғамының қатаң қағидаларына қарсы бағытталған өте ауыр қылмыстар жатады. Мысалы, Құдайды мазақтау, дін ауыстару, басқа дінге сенушілермен достық қарым – қатынаста болу, елбасына қарсы шығу, діни салттарды орындамау, жала жабу, ұрлық, қарақшылық, басқаның мүлігін алып қою, спирт ішімдіктерін ішу және т.б. Мындай қылмыстар үшін  Құранда әртүрлі шаралар және өлім жазасы қарастырылған.

             Елбасына қарсы шыққандар дін  ауыстырылғандарға теңестірілген.  Осы сылтаумен билік етуші  топ халықтың тәуелсіздікке ұмтылуын басып отырған. Имамдар мен Пайғамбардың атына кір келтіргендерді өлтіруге әр адамның құқығы болған. Құлдар құқықтың субъектісі болмаған, олардың құқықтары қорғалмады. Бірақ жазаға келгенде дін ауыстыру үшін құлдар ерікті адамдарға теңестірілген.

 

         Шариғат ашық түрде мұсылмандар мен мусылмандар еместердің қылмыстық құқықтық қатынаста тең еместігін көрсеткен. Егер, мұсылман емес мұсылмандық мемлекетте жүре тұра мұсылманша киініп, мұсылманның үйінен жоғары үй тұрғызса, қоңырау соқса, ашық жерлеу салттарын жүргізсе, атқа мінсе, қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Шариғат жеке меншік құқығын қорғаған. Ұрлық жасағаны үшін қылмыскерден заттың бүкіл құнын  төлетіп қоймай, оны ұзақ мерзімге абақтыға  қамап немесе дене мүшелерін  кескен, қарақшылығы үшін өлім жазасы да қолданылған.

     Мұсылмандық құқықтық теория аса қауіпті қылмыстар қатарына зинақорлықты некесіз жыныстық қатынасты жатқызады. Мұсылмандық құқық бойынша осы қылмыстың ерекше қоғамдық қауіпке ие болуының себебі, ол заңмен ерекше қорғалатын басты құндылықтардың бірі – ұрпақты жалғастыруға қол сұғумен қатар моральдік қағидалар мен жанұя мүдделеріне қауіп төндіреді. Құранда зинақорлықты айқын қаралайтын бірнеше аятты кездестіруге болады. Оның құрамында сонымен қатар, мұсылмандарға арнап айтылған бұл күнәні болдырмау туралы талап бар: 17 –сүре  32 –аят «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаман жол» - деген.[9,88бет]

 

Сот ісін жүргізу мұсылман құқығы бойынша  айыптау сипатында болды. Істі қозғау мемлекеттік органдар мен мүдделі  жақтар ұсынысы бойынша жүзеге асты. Қылмыстық және азаматтық істер  мәні жағынан ажыратылмады. Сот ісі  жария түрде қаралды. Тараптар істі өздері жүргізді және адвокат көмегіне сүйенді.

Істі  жүргізу ауызша болды. Айыптау дәлеліне тараптардың мойындауы, куәлар жауабы, ант беру жатты. Істі қарау бір  отырыста шешілді, кейінге қалтырылмады. Істі қарауда тараптардың сословиелік  жағдайы оның барысына ықпал етті. Сот шешімі түпкілікті және даусыз деп танылмады. Жаңа фактілер бойынша  сот шешімі өзгеруі мүмкін болды. Дәлелдерді бағалауда формализм  сақталды. Әйелдің жауабы жартылай дәлел ретінде қаралды. Айыпталушының  мойындауы дәлел ретінде қаралып, шешім шығаруда пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.4 Қазіргі кезеңдегі  мұсылман құқығы

Мұсылман құқығы осы күнге дейін  әлемдегі ықпалды жүйелердің бірі болып  отыр және ол миллиардқа жақын мұсылманның  өзара қатынастарын реттейді. Мұсылман халқы қоныстанған көптеген мемлекеттер  ислам дінінің принциптеріне  адал екендігін жариялайды. Бұл жариялылық Марокко, Египет, Индонезия мемлекеттерінің  конституцияларында бекітілген.

Мұсылман құқығы өзгеріссіз. Бірақ  оның қолданылу мүмкіндігі өте кең. Себебі, ол өмір талаптарына байланысты икемделе алады. Құқықты өзгертпей, қарама-қарсы жақтардың келісуі  арқылы, әдет-ғұрыптың жаңғыруына, қоғамның дамуына әсер ететін жағдайларды  кіргізуге мүмкіндіктер табылады.

Қазіргі кезде діни факторлардың әсер етуі едәуір күшейіп, ол ислам дінінің  ер елдерінде қоғамдық дамудың дәстүрлі кезеңі ретінде қалай таралса, әлемдік  саясатта да сондай жағдайда. Ислам  факторы Иран төңкерісінің бірінші  кезеңінде шахқа қарсы және империализмге  қарсы бағыттың күшеюіне мүмкіндік  туғызды.

1979 жылдың басында Зия-уль-Хактың  жар салуымен Пәкістандағы қоғамдық-саяси  және экономикалық құрылысты  исламдық негізде ұйымдастыру  - буржуазиялық саяси билеуші  одақтың мақсатына қызмет етті. Исламды президент А. Садат қолданды, исламды социализм жүйесіне де қарсы қолданғаны мәлім. Ислам дінінің қолдануы қазіргі заманда жан-жақты.

Бүгінгі таңда мұсылмандар жер жүзі бойынша бір миллиардқа жақын адамға жуық деп есептеледі. 35 елдің негізгі тұрғындары мұсылмандар, ал 18 елде олардың ықпалы аз. Ислам бірсыпыра елде мемлекеттік дін ретінде жарияланған.]

Ислам төңірегіне он үш ғасыр бойы белсенді түрде үздіксіз әсер етіп келе жатыр. Ислам жай діни жүйе ғана емес, ол "өмірдің бейнесі".

Араб мәдениеті философия ғылымына, әдебиет пен көркем өнерге зор  үлес қосты. Буржуазиялық оқымыстылар  ІХ-Х ғасырларда мұсылман дәуірінің  өркендегенін айтады. Араб медицинасы, астрономиясы, математикасы, музыкасы, сәулет өнері жан-жақты дамыды. (Ибн-Сина, Хорезми, Бируни, Ферғани, әл-Фараби).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қоғам талабын қанағаттандыра алмаған заң - өлі заң. Ал, мұсылман құқығында көріп отырғандарыңыздай қоғамның алғышарттарына қарай үкімдердің өзгеріп дамуына мол мүмкіндік қарастырылған. Шариғаттанушы Ю.Апайдынның көзқарасынша қазіргі зайырлы мемлекеттің қабылдаған заңдары дін негіздеріне теріс келмесе, ол заңға мойынсұнудың шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ. Себебі, Парламент шығарған заңдар ақылға немесе мамандардың талдауына негізделеді. Яғни, шариғаттағы акли (қияс) қайнар-көздердің динамикасының қаншалықты өміршең екенін бағамдай беріңіз. Ал, белгілі ғалым Л.Сюкияиненнің пікірінше Батыс заңдары мен мұсылман құқығы теориялық тұрғыдан терең үндестік табады. Әсіресе адам құқықтары жөніндегі қағидаларында ұқсастық басым. Олай болса, дамыған Батыс қоғамының заңдылықтарынан қалыс қалмайтын мұсылман құқығы да прогрессивтік маңызға ие. Демек, шариғаттың кертартпалық сипаты басым деп түсінетін атеистер, сондай-ақ, хақ үкімдерін қатып-семіп қалған догма ретінде дәріптейтін фундаменталистер (уахапшылар, хизбут тахрир, таблиғшылар, хижратшылар-тәкпіршілер)  мүлде қателеседі.

 

Орта  ғасырлар таризы алуан түрлі көрнекті оқиғалар толы ұзақ дәуірді қамтиды: ол экономикалық және қоғамдық өмірдің, таптық күрестің жаңа формаларының тууы және дамуымен шеленіскен саяси және идеологиялық қақтығыстармен, буржуазиялық алғашқы революциялармен әйгілі болды. Орта ғасырларда адамат материалдық  және рухани мәдениеттің дамуы жөнінде  тарихтың одан бұрынғы кезеңдерңмен салыстырғанда едәуір ілгері басты.

         Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялық ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М. 1996.
  2. История государства и права зарубежных стран. Часть I,II. М.,1997-98.
  3. Всеобщая история государства и права. п/р. К.И. Батыра. М.,1998.
  4. Мұхтарова А.К. Шетелдер мемлекетi мен құқығы тарихы. А.,1999ж.
  5. Всеобщая история государства и права. В.Томин. Том 1,2. Москва., 2002 ж.
  6. Зиманов С. Өсеров Н. Қазақ  әдет ғұрып заңдарына шариғаттың әсері : монография. Алматы: Жеті жарғы. 1998.
  7. Всемирная история  государства и права. Энциклопедический словарь. М., 2003.
  8. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Алматы, 2004.
  9. Манна Аммар Абдуль Кари. Преступление и наказаие по мусульманскому праву: Учебное пособие.
  10. История государства иправа стран Азии и Африки.. М., 1981.
  11. Колесницский Н.Ф.  Феодальное государство. (ҮI-ХҮ вв).  М., 1967.
  12. Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право. М.,1986.
  13. Беляев Е.А. Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье. М., 1966.
  14. Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право. М.,1986. С. 152.

15.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010

16. Prof. Dr. Vehbe Zuhaylı. Islam Fıkhı Ansıklopedısı.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ислам құқығы