Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 07:44, курсовая работа
Араб халифаты мемлекеті және оның құқығының тарихы орта ғасырлар кезеңінде маңызды және ерекше орын алатын құбылыс. Менің зерттеу тақырыбым осы мәселені жан-жақты қарай отырып талдау жасау. Мұсылман құқығының принциптері бүгінгі саяси өмірде кеңінен қолданылады. Кейде ислам қағидалары догмаға да айналып кетуі мүмкін. Мұсылман құқығы кеңінен тарап, тұрақтап қалған мұндай елдерге: Марокко, Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкістан, Ирак т. б. жатады.
Мұсылман құқығында істің бес түрлі категориясы бар: міндетті, айтылған, бейтарап, ұрысқан, жабылып тасталған.
Мұсылман құқығы ғылыми орта ғасырларда терең қалыптасты, сондықтан көптеген нормалар архаистік сипатқа ие болды, бұл жүйелендірілмеген казуистика болып табылады. Бірақ мұнда бастысы мұсылман құқығының өз табиғаты түпнұсқалық өзгеше орында.
Исламның бір бөлігі - мешіт құқығы. Кім оның талабына бағынбаса, сол кәпір деп саналып, ол мұсылмандар қоғамынан қудаланады. Әкімшілік тәртіппен, өздерінің келісімімен оны жаңа заманға бейімдейтін мұсылман құқығы өзгеріссіз, бірақ үлкен мүмкіншіліктер ұсынады. Дүние жүзінде мұсылман құқығы төрт мағынада өмір сүреді:
1) Ханифиттік (Иран, Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет);
2) Малакиттік (Солтүстік және Батыс Африка);
3) Шафегиттік (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка);
4) Ханбалиттік (Аравия).[ 4,185 бет]
II. Мұсылман құқығының қайнар көздері
2.1 Құран
Құран - Кітапты төрт мазхабтың өкілдері үкім берудегі өзге дәлелдерден жоғары қояды. Өйткені, Құран Исламның түп-қайнары. Исламның қиямет-қайым орнағанға дейінгі негізгі өлшем-таразысы Ұлы Жаратушы тарапынан адамзат баласына жібірген қасиетті кітабы Құран-Кәрім болып табылады. Құранның “Құраннан” өзге де есімдері мен сипаттары бар. Құранда 114 сүре бар. Меккелік сүрелер саны – 90, Мәдинелік сүрелер саны – 24.[13]
Құран аяттары жиырма үш жылда Мұхаммед (с.а.у)-ның басынан өткерген жағдайға қарай біртіндеп түсіп отырды. Мекке дәуіріндегі он үш жылда Құранның иман тұрғысындағы аяттары түссе, Мәдина дәуірінде мұсылмандар тәуелсіз мемлекет құрғандықтан мұндағы он жылда түскен аяттардың құқықтық сипаты басым болды.
Құран мағыналық мазмұны бойынша, негізінен, 3-ке бөлінеді:
Құран – қоғамдық әрі
әлемдік барлық проблемаларға шешім беретін,
адамның санасы жете бермейтін көмескі
әлімді суреттеп, беймәлім сырларды ашатын,
екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен
қараның ара-жігін ажыратып, тылсым ғалымның
мән-мағынасын ашып, адамзатқа жүктелген
төл міндетін түсіндіретін, өзіне сеніп,
шырақ тұтқан жандарды рухани Кемелдікке
тәрбиелейтін Ұлы Жаратушы тарапынан
жіберілген соңғы қасиетті кітап.
Құран – адамзаттың тән
азығы мен жан азығы, осы дүниелік ғұмыры
мен ақыреттік мәңгілік өмірі.
Құран – адам баласының жеке басы мен
отбасы, экономика һәм басқару жүйесі
үшін де жеткілікті.
Құран – дүрбелеңі мен шырғалаңы мол материалды
дүниеде кездесер түрлі бөгеттерден алып
шығар сара жол
Құраннан үкімді
факиһтер мүмкіндігінше мүхкам (мағынасы
анық үкімдер) аяттардан
2.2 Сунна
Сунна IX ғ. 6 жинақ түрінде Пайғамбардан қалған құқық ережелері, дәстүр, мінез-құлық. Сүннет араб тілінде “тура, дұрыс жол, үлгі алатын іс-әрекет” деген мағыналарды білдіреді. Қысқа қайырып айтар болсақ, сүннет Мұхаммед пайғамбардың айтқан сөздері мен бүкіл өмір салтын қамтитын іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Жалпы сунниттік сенім жүйесінің айқын түрде көріне бастаған кезеңі Омейядтар халифатының соңғы кездері мен Аббаситтер халифатының тарих сахнасына шыққан тұсына тура келеді. Ал сунниттер “Әһли сунна уәл жамаға” немесе осы секілді атауларды оныншы ғасырлардан бастап мұсылмандардың басым бөлігін құрайтын көпшілікке қолданғандығына ислами дереккөздерден куә боламыз.
Алғашқы кездерде мұсылмандар біртұтас қауым болатын. Заман өте келе, ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен әртүрлі бөлінулер бой көрсетіп, кейбір ағымдар пайда болды. Бұл ағымдарды қысқаша атап көрсетер болсақ, олар: харижиттер, шииттер, мутазилиттер, муржия, қадария, жабрия.
Сунниттік ағымды заман талабы мен өмір қажеттілігі дүниеге әкелді. Егер кейбір діни-саяси жағдайлар болмағанда, шииттер, харижиттер және мутазилиттер секілді ағымдар шықпағанда, сунниттер деп аталатын бір ағымға да қажеттілік болмас еді. Өздерін Мұхаммедтің көрсетіп берген тура жолымен жүрушілер ретінде есептейтін сунниттер қазіргі таңда бүкіл әлемдегі мұсылмандардың 90 пайыздан астамын құрайды. Сунниттерге тән белгілердің негізгілеріне: төрт “әділетті халифтердің” заңды билігін мойындау; алты “қағидалы” хадис жинақтарының (Кутубу-Ситта) дәйектілігіне күмән келтірмеу; сунниттік төрт құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу (маликиттік, шафииттік, ханафиттік немесе ханбалиттік) жатады. Шииттерден сунниттердің айырмашылығы – олардың Алла мен адам арасында Мұхаммед пайғамбардан соң елшілік етуші жан жоқ деген идеяны жоққа шығаратындығы. Олар Алидің “құдайи” табиғатын да қабыл алмайды әрі оның ұрпақтарының имаматқа (мемлекет басқаруға) толық мұрагер екендігін де мақұлдамайды. Өзінің шығуы жағынан сунниттер шииттерден кейін, соларға жауап ретінде пайда болады. Бастапқыда ол шииттік исламға қарсылық ретінде қабылданатын. Суннизмнің аясында ерекше секталар пайда бола қойған жоқ. Бұл жағы оны шиизмнен бөлектеп тұрады.
Сүннет - Факиһтер туындаған мәселеге Құраннан үкім таппаған жағдайда, Мұхаммед (с.а.у)-ның Сүннетімен пәтуа береді. Үкім беру кезінде алдымен «мутәуәтір» хадис негізге алынады. «Мутәуәтір» хадис дегеніміз бір топ сахабаның өздерінен кейінгі келесі бір топқа Мұхаммед с.ғ.а-нан естіген хадисті жеткізуін айтамыз. Жеткізілген мәлімет «мутәуәтір» саналуы үшін жеткізуші сахабалар және естуші топтың есте сақтау қабiлеті мен жалған сөйлемегендігі негізге алынады.
Факиһтер туындаған мәселеге «мутәуәтір» хадистен үкім таппаған жағдайда, шешімді «мәшһүр» хадистен іздейді. «Мәшһүр» хадис дегеніміз бір, екі немесе бірнеше сахабаның Мұхаммед с.ғ.а-нан естіген хадисін өздерінен кейінгі келесі бір топқа жеткізуін айтамыз. Бұнда да сахаба мен естуші топтың есте сақтау қабылеті мен жалған сөйлемегендігі ескеріледі. Сонымен бірге, бұл «машһүр» хадис табиндер (сахабаларды көрген мұсылмандар) мен таба-табиндер (табиндерді көрген мұсылмандар) кеңінен таныс болып, жалпы жұртшылық бұл «машһүр» хадистен хабардар болуы тиіс.
Факиһтер мәселеге «мәшһүр» хадистен шешім таппаған жағдайда, үкімді «аһад» хадистен іздейді. «Аһад» хадис дегеніміз Мұхаммед (с.а.у)-ның айтқан хадисін бір сахабаның келесі бір адамға жеткізуін айтамыз. Осы себептен де «аһад» хадис жалпы табиндер мен таба-табиндерге беймәлім болып келеді.
Факиһтер «әлсіз» хадиспен үкім беруді көбіне «қияспен» алмастырады. Себебі, хадис «әлсіз» саналуы үшін хадисті жеткізуші сахаба мен бұл хадисті естуші мұсылманның өмір сүру уақытында алшақтық болады. Сондай-ақ, хадисті жеткізушінің есте сақтау қабілетінің төмендігі ескеріледі. Сондықтан, факиһтер «әлсіз» хадисті үкім беру барысында көбіне қолданбайды.
2.3 Иджма
Иджма – Факиһтер Құран мен Сүннеттен үкім таппаған жағдайда «иджмамен» үкім береді. «Иджма» дегеніміз бір мәселеге қатысты бірнеше факиһтердің ортақ пәтуасын айтамыз. Алайда, «иджма» әдісімен берілген үкім Құран мен Сүннетке қайшы келмеуі тиісті. Егер, «иджмамен» берілген пәтуа Құран мен Сүннетке нұқсан келтіретін болса, Сунниттік бағыттағы факиһтер бұндай пәтуаны негізсіз деп тапқан. Мұхаммед (с.а.у) көз жұмғаннан кейін мұсылмандар әрбір мәселенің тұрақты үкімін білуге маңыз бере бастады. Құран мен Сүннеттен нақты үкім таба алмаса, мәселеге қатысты қазылардың шешімін негізге алды. Осы тұрғыда бірнеше қазының ортақ пәтуасы туындаған мәселенің соңғы шешімі болып табылды. «Иджма» деп аталатын бұл әдіс кейінірек атақты мазхаптардың негізін қалаушы тұлғалардың өмір сүрген кезеңінде де қоғамдық қатынастарға үкім беруде маңызды рол атқарды.
Иджма докторлардың өзара келісімінен құралған. Құран да, сунна да барлық сұраққа толық жауап бере алмайды.
Мұндай күрделі жағдайда (қандай да бір сұраққа жауап жоқ кезде), жауап орнына қатып қалған дайын догмалар мен мұсылман қоғамының тұтастығы мысал ретінде ұсынылады.
1). Адат менің қоғамым қате шешімді ешқашан қабылдамайды;
2). 115 қатар 4 өлеңнен тұрады "кімде-кім наным жолына жатпайтын басқа жол іздесе, ол тозаққа тап болады".[12,152бет] Иджма Еуропа салтына жатпайды. Ол жалпы мойындауды да талап етпейді. Талап ететіндер барша ілімді жетік білетін адамдар тобы. Олардың рөлі құқық белгілеуден тұрады. Оқымыстылар-пайғамбардың мұрагерлері. Құқық докторларының бір қалыппен ойлауы - исламның қағидаларының кең қанат жаюымен түсіндіріледі. Құранның практикалық мағынасы - сунна мен иджма. Мұсылман құқығының үш қайнар көзі, міне, осылар. Құран мен сунна негізгісі. Бірақ бүгінде бұл тек құқық ілімінің тарихи қайнар көздері, оларды қалай болса солай пайдаланбауы керек. Тек құқық кітаптары ғана иджманы мақұлдаған. Біздің жағдайымызда мұсылман құқығын оқу үшін пайдалану керек.
Мұсылман құқығы догма негізінде біздің дәуіріміздің X ғасырында өзгермейтіндей болып белгіленген. Ислам діні өкімет құқығының өзгерістерін мойындамайды. Мұсылман мемлекеттеріндегі үкімет басындағылар құқық қызметін заңды жолмен құра алмайды. Олар тек заң актілерін мұсылман құқығы рұқсат еткен мөлшерге дейін бере алады. Қияс - аналогияны құқық қолдану ретінде талқылауға болады. Құқық сенімдегілері діни істерге байланысты жүргізуі керек. Ол ақиқаттың айнасы деңгейіне көтерілуі шарт емес.
Әрине, құқық жүйесінде Құран негізгі орын алады. Ол мұсылмандар үшін қастерлі. Бұл қасиетті кітап барлық белгілі оқиғаларды түсіндіреді: адамның өмірге келуін, тууын, өліміне дейін талдау жасайды. Ол ежелгі араб тілінде жазылған.
2.4 Қияс
Қияс – Құран мен Сүннетті негізге ала
отырып ақылмен үкім беруді факиһтер «қияс»
деп атайды. «Қиястың» сөздік мағынасы
«теңестіру», «ұқсастыру» мағынасына
келеді. Ал, терминдік мағынасы «насстағы»
үкімдермен туындаған мәселенің ұқсастығына
қарай үкім беруді айтамыз. «Қияспен»
үкім берудің мынандай төрт шарты бар;
«негіз», «қосымша», «иллат», «үкім». «Негіз»
деп Құран мен Сүннетте берілген үкімді
айтамыз. Айталық; «насс» үкімі бойынша
арақ ішу харам саналса, коньякті ішу немесе
ішпеу жөнінде «насста» нақты үкім жоқ.
Енді, конякьті ішге бола ма, болмай ма?
деген мәселеге қияс үкімін беретін болсақ.
Бұл мәселеде «негіз» арақ саналады. «Иллат»
- екеуінің арасындағы ұқсастық, яғни арақ
пен коньякта спирттік қосындының болуы.
Ал, «қосымшасы» - коньяк болса, қиястың
«үкімі» -факиһтің коньякті ішуге болмайды
деген пәтуасы болып табылады.
Мұхаммед с.ғ.а жан тәсілім еткеннен кейін
құқықтық үкім берудің қалыптасқан екі
мектептің бірі «Рай» мектебі осы «қияспен»
үкім беруді қолға алған болатын. Кейін,
«қияспен» үкім беруді Имам Ағзам мектебінің
өкілдері мейлінше дамытты. «Қияспен»
үкім беруде тікелей ақыл қолданғандықтан,
бұл әдіс Исламдағы ғылымның да өркендеуіне
үлкен әсер етті.
3.1 Меншік қатынастары
Шариғат бойынша құқық салалары бөлінбегенімен, азаматтық-құқықтық қатынастар, соның ішінде меншік құқығы, келісім шарт және деликт құқығы жақсы даму алаған.
«Жеке мәртебе құқығына» шариғат ерекше мән берді. Ортағасырлық Шығыс мемлекеттерінде, сонымен қатар Араб халифатында жекелеген сословиелік топтар иерархиясы қалыптаспадымұсылман құқығы бойынша жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі. Оның діни ұстамына қарай анықталды. Толыққұқылы жеке мәртебені тек мұсылмандар ғана иеленді. Христиандық немесе иудаизмді ұстайтындар төмендеу сатыда тұрды және өте ауыр мемлекеттік салық «джизьяны» төлеуге міндетті болды. Оларға қатысты шариғат нормалары мына жағдайларда қолданылды:
Әлеуметтік қатынастардың дамуы тек құлдар жағдайына әсер етті. Құлдар құқық субъектілері қатарына жатпады, бірақ қожайыны атынан сауда операцияларын және мүлікті сатып алуға байланысты әрекеттерді жүзеге асырды. Мұсылман дініндегі құлдардға бостандық беру құдайдың ниеті деп саналды. Жеке тұлғаға байланысты шариғат бойынша құқықтық мәртебеде әйел мен ер адам теңсіздігі өзіндік ерекшелікке ие болды.
Шариғаттың
діни талаптары бойынша құқық
субъектісі тек Алла болып табылады,
ал мұсылмандар құдай бекіткен міндеттерді
орындаушылар. Мұсылманның діни парыздарын
қалай өтеуі оның құқықтық мәртебесі
жоғарылай түсуіне ықпал етті.
Сондықтан мұсылман құқықтанушылары
құқыққабілеттігі мен әрекетқабілеттілігі
мәселесіне көп көңіл бөлді. Азаматтық
әрекетқабілеттілігі меншік құқығына
ие болудың негізгі шарты болды.
Толық көлемде
Мүліктік
қатынастарын реттеуші мұсылман доктринасы
маңызды орын алады. Заттық құқық
объектісі ретінде мүлік құқығы
анықталды. Ерекше заттар санатын құрайтындарға
мыналар жатты: ауа, теңіз, шөл жерлер,
мешіт, су жолдары және т.б. «Таза
емес заттар», яғни шарап, шошқа еті,
ислам талаптарына қайшы