Үнді құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы — Орталық Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км, батыстан шығысқа қарай 2700 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бедгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аммидив, Бенгаль шығапазғындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15 мың км., жағалауы 5.5 мың км-ден асады. Үндістан солтүстік-батысында Пакістанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3287,59 мың км2 (БҰҰ-ның деректері). Халқы 606 млн-нан астам (1975 ж.). Астанасы— Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976 ж.). Штаттар дистрикттерге (округтарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 Ежелгі Үндістандағы құқық
1.1 Ежелгі Үндістан құқығының тарихы...................................................................6
1.2 Ману Зандары пайда болуы, мәні......................................................................10
1.3 Ежелгі Үндістандағы меншік құқығы..............................................................14
2 Ману Заңы бойынша неке-отбасы қатынастары мен қылмыс және жаза түрлері
2.1 Ману Заңы бойынша неке мен отбасы мәселелері...........................................19
2.2 Мұрагерлік құқық...............................................................................................21
3 Ежелгі Үндістандағы Ману Заңдарындағы қылмыстық құқық
3.1 Қылмыс пен жаза...............................................................................................23
3.2 Мемлекетке және жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар..........................24
3.2 Сотта іс қарау кезінде қылмыстық және азаматтық құқық.............................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................33

Файлы: 1 файл

Индусское_право_-_Унди_кукыгы.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

1 Ежелгі Үндістандағы  құқық

1.1 Ежелгі Үндістан құқығының  тарихы...................................................................6

1.2 Ману Зандары пайда болуы,  мәні......................................................................10

1.3 Ежелгі Үндістандағы меншік құқығы..............................................................14

 

2 Ману Заңы бойынша  неке-отбасы қатынастары мен қылмыс және жаза түрлері

2.1 Ману Заңы бойынша неке мен отбасы мәселелері...........................................19

2.2  Мұрагерлік құқық...............................................................................................21

 

3 Ежелгі Үндістандағы  Ману Заңдарындағы қылмыстық  құқық

3.1   Қылмыс пен жаза...............................................................................................23

3.2  Мемлекетке және  жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар..........................24

3.2 Сотта іс қарау  кезінде қылмыстық және азаматтық  құқық.............................27

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................31

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Зерттелгелі отырған курстық жұмыс тақырыбы Үндістан мемлекетінің құқығы, яғни үнді құқығы болғандықтан, ең алдымен Үндістан мемлекетінің тарихы, жалпы жағдайына тоқталдым.

Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы — Орталық Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км, батыстан шығысқа қарай 2700 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бедгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аммидив, Бенгаль шығапазғындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15 мың км., жағалауы 5.5 мың км-ден асады. Үндістан солтүстік-батысында Пакістанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3287,59 мың км2 (БҰҰ-ның деректері). Халқы 606 млн-нан астам (1975 ж.). Астанасы— Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976 ж.). Штаттар дистрикттерге (округтарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.1

Мемлекеттік құрылысы — Үндістан Азаматтық Демократиялық республика. Қазіргі конституциясы 1950 жылы 26 қаңтарда күшіне енді. Мемлекет басшысы — президент, ол 5 жылға сайланады. Үндістанның заң шығаратын жоғарғы өкімет органы — парламент, оның құрамына президент және екі палаталы: Халық палатасы мен Штаттар советі енеді.

Ежелгі Үндістанның құқығы дінмен, діни моральмен тығыз байланысты болған. Құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде Ведалар — діни кітаптар мен дхармашастралар — діни-құқықтың, ережелердің жиынтығы саналған, олардың ішінде аса маңызды болып Манудың дхармашастралары табылған.

Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық, мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Бұның өзі ежелгі үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы


1 Авдиев В. И. История древнего Востока. – Москва. 1993. – 189 б.

 

олардың рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді.

Ману заңдары 12 тарау мен қоссөздер (шлок) түрінде жазылған 2685-баптан кұралған. Құқықтық материал IV; VII; VIII және X тарауларда мейлінше толық көрініс тапқан.

Ежелгі Үндістанда жеке меншік ерекше дамыған, оның объектілері ретінде кұлдар, мал, астық және үй жабдықтары саналған. Ал жерге деген жеке меншік аса дамымаған. X-тарауда мүлікті иемденудің жеті заңды тәсілдері аталып өтілген: мұрагерлік, сыйға алу немесе тауып алу, жаулап алу, саудагерлік, жұмыс орындау, қайырымдылықты қабылдау.2

Курстық жұмыстың мақсаты. Үнді құқығын зерттеу – жұмыстың басты мақсаты болып табылады.  Сонымен, зерттеуде Ежелгі Үнді құқығына, Ману заңдарына тоқталдым. Шығыстық деспотия елдерінің қатарына жататын Ежелгі Үндістан мемлекетінің өмір сүрген кезеңіне, ол дәуірдегі құқықтық мәдениет өркениеті, не құқықтық сана және құқық көздеріне шолу жасай отырып, солардың бірі Ману заңдары деп аталған дхармадағы өсиеттерге ерекше тоқталып өттім. Ежелгі дәуірге қатысты бұл жинақ (б.д.д.ІІ - б.д.II ғ. ғ.) қазіргі заманға дейін өз маңызын жойған жоқ. Үндістанда бұл зандардың XIX ғасырға дейін қолданылып келуі – осының дәлелі. Соған дейін маңызын жоймай, елдің негізгі заңдық құжаты болып келуі бұл жинақтың заңдық негізінің мықтылығын байқатады.

Дін өзінің әсері мен күшін жоғалтқан немесе жоғалту үстіндегі кейбір елдерден Үндістанның бір өзгешелігі – мұнда дін әлі де мығым қалпында. Үндістан әлі де бұрынғыдай дін елі болып келеді.

1973 жылы жүргізілген санақ бойынша халқының 83 пайызы индуизмді уағыздайтындар. Үндістанда дін халық өмірінде өте үлкен рөл атқарады. Сондықтан үнділік пантеонның көп құдайлылығына (политеизм) орай елде мейрамдардың да түрі өте көп. Бұл мәселе турасында Үндістанның қасиетті


2   Вайман А. А. Шумеро-вавилонская математика. - Москва. 1961. – 105 б.

 

қалаларының бірі Варанасиде (Бенарес) жыл сайын 400-жуық түрлі мейрам өткізілетінін айтсақ та жеткілікті. 3

 Курстық жұмыстың міндеттері:

    • үнді құқығын қарастыра отырып, олардың тарихына, қызметтеріне, түрлеріне тоқталу;
    • үнді құқығының мәнін, қоғамға әсерін аша отырып, тақырыпты зерттеу.

        Курстық жұмыстың құрылымы. І – бөлімде Ежелгі Үндістандағы құқық: Ежелгі Үндістан құқығының тарихы, Ману Зандарының пайда болуы, мәні, Ежелгі Үндістандағы меншік құқығы; ІІ – бөлімде Ману заңы бойынша  Үнді қоғамындағы неке мен отбасы мәселелері; Мұрагерлік құқық түрлері, ІІІ -бөлімде Ежелгі Үндістандағы Ману зандарындағы қылмыстық құқық: Қылмыс пен жаза, Мемлекетке және жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар және сотта іс қарау кезінде қылмыстық және азаматтық құқық тағы басқа өзекті мәселелер қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3 Вебер М. Аграрная история древнего мира. - Москва. 1985. – 128 б.

1 Ежелгі Үндістандағы құқық

1.1 Ежелгі Үндістан құқығының тарихы

Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы сөз қозғамас бұрын ежелгі кезде "Үндістан" ұғымы қандай мағына бергеніне тоқталып өтейік. Сөз болып отырған дәуірде бұл елдің атауы болмаған. Бізге дейін жеткен әдеби мұраларда (мейлінше кейінірек шыққан) "Бхаратаварша" ("бхараттар елі") деген сөз кездеседі. Бұл сөз Үндістанның солтүстік бөлігіне немесе Ганга аңғарына ғана байланысты болған тәрізді. Үнді мифологиясында Үндістан түбегі "Джамвудьипа" деп аталады, бірақ бұл атау кең түрде қолданылмаған. "Үндістан" сөзі елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзен атынан шыққан. Үнділердің өздері оны "Синдху", ирандықтар "Хинду", гректер "Индос", ал оның жағалауы тұрғындарын "индтер" деп атаған. "Үндістан" (Индия) сөзінің астарында "индтер елі" немесе "үнділер өлкесі" деген мағына жатыр.4

Ежелгі Үндістанның мемлекеті мен құқығында Ежелгі Шығыстың бүкіл құл иеленушілік мемлекеттеріне тән типтік белгілермен қоса біраз өзгешеліктер де бар. Ол өзгешеліктерге қоғамның касталық құрылымы жатады. Бұл құрылым мемлекеттік белгі ретінде бүгінгі күнге дейін сақталған. Сол сияқты Үндістанда ұзақ уақытқа дейін селолық (ауылдық) қауымдық белгілері сақталып қалған.

Елі және халқы. Ежелгі Үндістанның мемлекеті "Үндістан" деп аталатын орасан үлкен түбектің солтүстік бөлігінде, Үнді және Ганга өзендерінің мал және егін шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы жағалауларында орналасты. Бұл аудандарда бұрыннан байқалған су тапшылығы ерте кезден бастап-ақ суармалы жүйе жасауды қажет етті.

XX ғасырға дейін Үндістанның ежелгі тарихы ғалымдарға б.д.д. 2-мыңжылдықтың ортасынан, яғни оларды арий тайпаларының жаулап алған кезінен бастап белгілі. Бірақ XX ғасырдың 20-жылдары Махенджо-Даро мен Хараппа маңайында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары бұл ұлы елдің ежелгі тарихы туралы түсініктерді едәуір терендетті. Ғалымдар Махенджо-Даро мен Хараппаның болған кезеңін б.д.д. З-мыңжылдыққа және


4 Всемирная история. I—II том. - Москва. 1995. – 457 б.

 

материалдық мәдениеттің мұндай жоғары деңгейіне жеткен қоғам сөзсіз таптық қоғам деген тұжырымға келді. Сол себептен Үндістан жерінде қоғам мен мемлекеттің дамуы, пайда болу кезеңі Египет пен Месопотамиядағы мемлекеттердің пайда болу кезеңімен шамалас.

Б.д.д. ІІ-мыңжылдықтың ортасында солтүстік-батыс жағынан Үндістан аумағына арийлердің көшпелі тайпалары ене бастады. ("Ария" сөзі ежелгі үнді тілінде "санскрит"-"аристократ" дегенді білдіреді). Алғашында ол халықтың атын білдіретін. Үндістанды жаулап алғаннан кейін "ария" сөзі халық атауы мағынасынан айрылып, "қайырымды" дегенді білдіре бастады. Жергілікті халыққа байланысты "төменгі" деген сөзге қарама-қарсы қолданылатын болды. Жергілікті тұрғындармен аяусыз күрес жүргізе отырып, олар алдымен Пенджабты және Үнді өзені бассейнінің жерлерін басып алды, одан соң Ганга өзені бассейнінің аумағына кіріп, оны да жаулап алды. Бұл арийлік басқыншы тайпалар ежелгі үнді өркениетін, үнді мәдениетін құртып жіберді. Олар жергілікті тұрғындардың жартысын өздеріне бағындырды, жартысы езіліп-жаншылып, ыдыратылып, Декан таулы жазығына және басқа да тіршілікке, өмір сүруге қолайсыз өңірлерге қуылды.2

Бұл елдің мемлекеті мен құқық тарихының екінші кезеңіне келсек, ол шамамен б.д.д. ІІ-мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап, дәлірек айтсақ, б.д.д. VI-IV ғасырларға келеді. Бұл Үндістанның құл иеленушілік мемлекеттерінің өркендеген дәуірі. Осы кезенде ел нарығының дамуы жоғары деңгейге жетті. Өзен алқаптары елдің маңызды нарықтық аймақтарына айналды. Ирригациялық құрылыстар тізбесі кеңейді. Джунглилердің көптеген жерлері жыртылып, егін салынды. Мақта мен күріш өсіруге ерекше маңыз берілді. Бау-бақша істері қарқынды дамыды. Қолөнер ауыл шаруашылығынан бөлінді. Үндістанның құл иеленушілік нарығында тауар өндірісі маңызды рөл атқара бастады. Тұтыну өнімін өндіріп қана қоймай, енді қосымша құн өндірісі өріс алды. Бұл жетістіктер сауданың өркендеуіне, ескі қалалардың өсіп, жаңа


2   Вайман А. А. Шумеро-вавилонская математика. - Москва. 1961. – 105 б.

 

қалалардың пайда болуына  әкелді. Олардың арасына байланыс орнату ішкі сауданың дамуына әкеліп, одан соң сыртқы саудаға ықпал тигізді.5

Өндіргіш күштердің  дамуы елдің жеке бөліктерінің арасында нарықтық байланыс орнатып, олардың бірігуіне жағдай жасады. Өндіргіш күштердің дамуымен, сауданың өсуімен бірге Үндістанда құлдарды және ерікті қауымдастарды қанау күшейе түсті. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жаңа құл иеленушілік мемлекеттің пайда болуы жаңа жағдайға байланысты рулық-тайпалық институттардың өзгеруіне, идеологиядағы өзгерістерге әкелді. Әдет-ғұрып құқықтары мен ауызша дәстүрлер енді мемлекеттің қажеттілігін өтей алмайтын еді.

"Дін ілімі", яғни, "Қасиетті ашылулар" (Веда) әдебиетіне жататын аса бай сутра (дәл аудармасы "жіп", яғни, тізбеленген, шумақталған өсиеттер) шығармалары болатын. Үндістанның құқық көздері осы ежелгі сутралардан бастау алады. Сутралардың козғайтыны - дін, философия, этика, күңделікті өмір мәселелері. Ол ежелгі өсиеттер "смритиге" қатысты. Сутраларды кей кезде "веданға" деген, бірақ әдет бойынша олар қасиетті "канондар" арасына кірмейді, керісінше, "веда" мәтіні түсінік беруге, сол сұрақтар арқылы бағыт алады.

Ведаларға дәстүрлер, этимология, грамматика, фонетика, метрика және астрономия кіреді. Оларға жататын діни дәстүрлер туралы трактаттар, грихьясутралар бар. Грихьясутралардың айтар тағылымдары ерекше. Бұл жинақта үй ішілік салттар, яғни, үй қожайынына байланысты түрлі ақыл-кеңестер айтылады. Грихьясутралар шамамен шраутасутралардың кезеңіне жатады.6

Драхмасутралар мазмұны жағынан олардан кең, яғни, оларда үй ішілік дәстүрлер мен отбасылық тұрмыс ережелерін, адамдардың әлеуметтік өмірін ретке келтіру және тұрғындардың түрлі топтарының жағдайлары, олардың


5 Зиммель Г.К. Социологии религии // Избранное. - Москва. 1996. – 49 б.

http://www.respublica.ru. – 14 б.

 

мемлекетпен қарым-қатынасы туралы, тағы басқа жазбалар бар. Ғалымдар бұл жинақтарды б.д.д. I мыңжылдықтың екінші жартысына, дәлірек айтар болсақ, б.д.д. VI-VIII ғасырларына жатқызады.

Сутралардың негізінде біртіндеп ғылыми және саяси шығармалар, шастралар пайда болды. Сол сияқты эпикалық және этикалық құқықтық сипаттағы дхармашастралар келіп шықты. Олар дұрыс жүйеленген, өлеңмен жазылып, оқып, меңгеруге, есте сақтауға арналған трактаттар. Оларда бейнеленген брахмандық доктрина сутралардың идеялық мазмұнымен тікелей ұқсас болып келеді. Бірақ жүйелілігі жағынан сутралардан өзгеше. Шастраларда көптеген әдет-ғұрыптық концепциялар, белгілі бір шығар-малардың құрастырылған уақыты туралы айтылған пікірлер ондағы мәліметтердің дәл екендігін растай алмайды.

"Дхарма" терминінің мағынасы өте кең, соның ішіндегі бастысы әр кезенде әдебиет жанрының әр түріне байланыстылығын білдіреді. Бұл сөзді әдетте индивид (жеке адам) күнделікті өмірінде басшылыққа алуға тиіс этика нормаларының жиынтық атауы ретінде қолданды. Дхармашастралар өзіндік кодекстер, олар қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының мүшелеріне арналған брахмандардың ақыл-өнегелері мен өсиеттері. Бұнымен қоса бұл мәтіндер құқық нормаларын да көрсетеді (соның ішінде қылмыстық және азаматтық құқық салаларындағы), олар мемлекеттік басқарудың ұзақ уақыт бойғы тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған. Дхармашастралар заң шығарудың негізі ғана, бірақ басты зандардың кодекстері емес.7

Информация о работе Үнді құқығы