Үнді құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы — Орталық Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км, батыстан шығысқа қарай 2700 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бедгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аммидив, Бенгаль шығапазғындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15 мың км., жағалауы 5.5 мың км-ден асады. Үндістан солтүстік-батысында Пакістанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3287,59 мың км2 (БҰҰ-ның деректері). Халқы 606 млн-нан астам (1975 ж.). Астанасы— Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976 ж.). Штаттар дистрикттерге (округтарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 Ежелгі Үндістандағы құқық
1.1 Ежелгі Үндістан құқығының тарихы...................................................................6
1.2 Ману Зандары пайда болуы, мәні......................................................................10
1.3 Ежелгі Үндістандағы меншік құқығы..............................................................14
2 Ману Заңы бойынша неке-отбасы қатынастары мен қылмыс және жаза түрлері
2.1 Ману Заңы бойынша неке мен отбасы мәселелері...........................................19
2.2 Мұрагерлік құқық...............................................................................................21
3 Ежелгі Үндістандағы Ману Заңдарындағы қылмыстық құқық
3.1 Қылмыс пен жаза...............................................................................................23
3.2 Мемлекетке және жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар..........................24
3.2 Сотта іс қарау кезінде қылмыстық және азаматтық құқық.............................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................33

Файлы: 1 файл

Индусское_право_-_Унди_кукыгы.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

"Құдай заңы" мен ежелгі үнділік дхарманың екеуін бір нәрсе деп түсіну қате. Әйтсе де ортақ нәрселері көп. Осының нәтижесінде дхармашастралар өз мазмұны жағынан әр тектес болып келеді. Олар азаматтық және қылмыстық заң шығару ісіне байланысты өсиеттерді ғана емес, сонымен бірге әр түрлі варналардың міндеттеріне байланысты жанұялық, тұрмыстық, культық, санитарлық-гигиеналық жазбаларды, т. б. біріктірді.


Индия // Дипломатия жаршысы. – Алматы. 2001. – 140 б.

 

1.2 Ману Зандары пайда болуы, мәні

Ману Зандары діни, этикалық және заң туралы өсиеттердің кең түрдегі жинағы.

Бұл өсиеттерді үш бөлімге бөліп қарауға болады: олардың біріншісін брахмандардың түрлі діни өсиеттері құрайды, екіншісін нормалар, яғни, мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен оның азаматтармен қарым-қатынасын реттейтін нормалар жиыны, үшіншісін азаматтық және қылмыстық істер нормалары құрайды.

Ману Заңдары өлеңмен  жазылған (шлокпен). Жинақ 12 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі өте көп шлоктардан құралған.

Брахманизм мен буддизмнің шиеленіскен күресі тұсында пайда болғандықтан, Ману Зандарынан сол күрес көрініс тапқан.

Буддизм б.д.д. VI-V г.г. пайда болған. Ол құл иеленушілік құрылыстың ыдырауының алғашқы белгілері байқала бастаған кезең еді. Ашоктың тұсында буддизм мемлекеттік дін ретінде жарияланды. Брахманизм буддизмнің және мемлекеттің алдында жеңіліс тапты да, күрес жүргізе тұрып, жойылып кетпеулері үшін "адамдар атасы" - "Ману өсиеттері" деген осы жинақты жасаған.

Жинақтың 12 бөлімінде де әлемнің пайда болуы, сословиенің қызметтері туралы, үй қожайынының құқықтары мен міндеттері туралы, мұрагерлік құқықтары, патшаның қызметі, оның саясатының принциптері және үкімет басқару, әр түрлі дәстүрлердің іске асуы туралы, дәруіштер мен тақуаларға деген өсиеттер және дұрыс өмір сүрудің нормалары туралы және тағы басқалары айтылған.

Ерекше назар аудартатыны - ол әр түрлі әлеуметтік топтардың жағдайлары, бұл жерде "Ману-смрити" дхармасутраның ежелгі дәстүрлеріне жол берген. Яғни, мұнда 4 варнаның өкілдерінің тәртіп нормаларына ерекше көңіл аударылады.

Енді осы азаматтардың арнайы санаттарының құқықтық жағдайына ерекше тоқтала кеткен жөн. Қоғамдық өмірдің әр кезеңінде әрбір варна (сословие) әр түрлі сатыға ие болған. Ал олардың өкілдері қоғамда сол сатыға сәйкес орын алады. Ману зандары бойынша тұрғындар төрт түрлі ұрпаққа беріліп отыратын жабық әлеуметтік топқа немесе варнаға бөлінді.

Олар: брахмандар, кшатрийлер, вайшийлер, шудралар. Алғашқы үшеуінің өкілдері екі рет туғандар деп саналды.

Брахмандар. Екі рет туғандардың алғашқысы – брахмандар. Олар өздерін құдайдың ұртынан жаралғандармыз деп түсіндірді (Ману Заңдары, 31-бап, 1-тармақ). Тек солар ғана дінді уағыздай алатын еді. Олардың міндеттері - діни ілімді меңгеріп, үйреніп, өзі және өзгелер үшін құдайға құрбандық беру. Құрбандықтарды беріп қана қоймай, сый түрінде алып тұратын еді. Яғни, олар барлық салықтар мен төлемдерден босатылды. "Адамдардың ішіндегі ең қасиеттісі болып саналады" (1-тарау, 96-бап), "тіршіліктің иесі болып, ең жоғарғы орында тұрады" (1-тарау, 97-бап), "Әлемдегі бар нәрсенің бәрі брахмандардың меншігі болып табылады" (1-тарау, 100-бап). Оларға ешқашан тән жазасы белгіленбейтін. Бәрі, тіптен патшалар да брахманның пікірімен санасатын. "Егер радж брахмандардың ақыл-кеңесіне жүгінбейтін болса, -делінген заңда, - ол балшыққа батқан сиырдай болып өледі" (Ману зандары).

Патша олардың тек кеңестерін тындап қана қоймай, сыйлық жасап, көңілін табуы тиіс болды. (VII-тарау, 13-бап). Брахмандарға сот және өзге мемлекеттік істерді шешу тапсырылатын (VIII-тараудың 1, 2-баптары). Олар өзге варна өкілдерінен өз қалағандарын талап ете алатын. Брахмандар ешкімнің қол астында болуы мүмкін емес. Жеке басы қасиетті болғандықтан, өз ілімімен ерекше ауыр жазаларға жол ашатын. Брахмандарға қолданылатын жазалар да жеңіл еді. Олар туралы кейінірек тоқтай аламыз.

Екінші варна (екі рет туғандар) - кшатрийлер. Олардан көбінесе әскербасылары және радждар шығады. Олар Ману Зандары бойынша кұдайдың қолынан жаратылған (І-тарау, 31-бап). Олардың міндеттері бүкіл әлемді қорғау (VII-тарау, 2-бап), соның ішінде бірінші болып брахмандарды қорғау. Бұл варна көбінесе қоғамдық тәртіпті қорғаушылар варнасы. Және олар қасиетті дін ілімдерін оқып, құрбандық шалулары керек. Ману заңдарының 1-тарауы, 89-бабында былай делінген: "Қарамағындағыларды қорғау, қайыр-садақа үлестіру, құрбаңдық шалу, құдай өсиеттерін оқып-үйрену және адамдардың ашыналықпен айналысуына жол бермеу міндеттерін кшатрийге көрсетіп отыру".

Үшінші тұрған варна - вайшийлер. Бұл - ең көп өкілді варна. "Ол варна өкілдерін Құдай санынан жаратқан", - делінген Ману заңдарының 1-тарау, 31-бабында. Бұл варна алдыңғы екі варнаға кірмеген бүкіл еріктілерді, яғни, жер өңдеушілер, қолөнершілер, саудагерлер тағы басқаларды біріктірді. Ману зандарының 1-тарау, 90-бабында көрсетілгендей: "Мал бағу, садақа үлестіру, құдайы құрбандық шалу, дін ілімін оқып-үйрену, сауда, өсімқорлық және жер өңдеуді құдай вайшийге белгіледі". Бұдан өзге бұл варна иелерінің міндеттері - асыл тастардың құнын айыра білу, тауардың сапасын ажырату, өз меншігін ұлғайту. Ману зандары бойынша бұл варна иелерінің қаналушы тапқа жататынын аңғаруға болады. Өйткені Заң алдыңда да, адамдар алдында да вайшийдің рөлі брахманнан 3 есе кем. Вайшийлер мемлекетке жоғары салықтар төлеп тұруға міндетті.

Ең төменгі  варна - шудралар. Дәрежесі жоғарыдағы үш варнадан айтарлықтай төмен. Оны үстем тап өкілдері "құдайдың табанынан жаралғандықтан" (1-тарау, 91-бап) деп түсіндірді. Бұлар, яғни, шудралар әскер бағындырып алған тайпалардың мүшелері. Формальды түрде құлдар емес, жеке басына ерікті варна. Бірақ саяси құқықтары мен бостандықтары жоқ. Ману зандарыңда бұларға бір-ақ қызмет белгілеп берген: "Шудра үшін рахатқа әкелетін жоғары дхарма – жасампаз брахмандарға қызмет көрсету және дін ілімін оқыған үй қожайындарына іс қылу" (ІХ-тарау, 334-бап). Шудралардың құқықтары мен бостандыктарының шектелгендігін Ману заңдарының кез келген тұсынан көруге болады. Әсіресе, "брахманға шудра әйелге үйленудің дұрыс еместігі" (3-тарау 14, 170-баптар туралы, қылмыс пен жаза туралы бөлімінде), азаматтардың ар-ұжданы туралы айтылған жерлерден көруге болады.

Ерікті адамдардың ең төменгі сатысында және варнадан тыс тұрған адамдар тобы - "аластатылғандар". Бұларды "чандалдар" деп те айтады. Бұл топқа ауыр қылмыс жасап, ортасынан қуылғандар, отбасымен ауруға (жұқпалы) шалдыққандар, аралас некеден туғандар жатады. Чандалдардың мекен-жайы көпшіліктен бөлек, киімдері де өзгеше, олар иттің терісінен тігілген киімдер киюі қажет. Басқа жұртшылық бұлармен ешқашан, ешқандай қарым-қатынас жасамайтын. Тек кайыр-садақа ғана беретін. Бірақ "аластатылғаңдар" ол садақаны шіркеулердің жанында қара киініп, қара жамылып, қолын көрсетпей алулары шарт.

Ежелгі Үндістанда аса көп болмағанмен, құлдар да бар еді. Құлдар сияқты еріксіз көпшіліктің шығу себептері мынадай:

1) соғыс кезінде тұтқынға түскен әскери тұтқындарды құлға айналдыру нәтижесінде;

2) құлдардың табиғи түрде пайда болуы (яғни, құл мен күңнің балалары құлға айналдырылатын);

3) еріктілердің құлдыққа сатылуы;

4) қарызын өтемеген ерікті адамды құлға айналдыру;

5) қылмыс жасағаны үшін ерікті адамды құлға айналдыру.

Ежелгі Үндістанда құл еңбегі онша кеңінен пайдаланыла қойған жоқ. Құлдарды тек үй іші жұмыстарына ұстайтын. Құл еңбегі өндірістің негізін құрай алмады. Себебі, олардың саны өте аз еді. Құлдар құқықтан жұрдай болтан топ. Ману заңдары оларды түрлі бостандықтар мен құқықтардан жан-жақты шектейді. Мысалы, 8-тараудың 416-бабында көрсетілгендей: "Құл әйелі және баласы тіптен өздері пайдаланып жүрген мүліктің де иегері бола алмайды". Бірақ бұл елде сол сияқты құлдықтан шығу да жеңіл болатын. Жағдайлары ескеріліл, жоғары орындарда арыз-шағымдары талқыға салынып, рұқсат етілетін. Ал қарызын тез арада өтеп болса, ол адам сол сәтте еркіндікке жіберілетін.

Міне, осы айтылғандардан шығатын бір қорытынды - Ежелгі Үндіс-тандағы касталық ұғымының беріктігі. Адамның қоғам, мемлекет пен заң алдындағы жауапкершілігі, міндеті, құқықтары мен бостандықтары тікелей варнаның қоғамдағы орнына тәуелді болды.

 

 

1.3 Ежелгі Үндістандағы меншік құқығы

Ежелгі Үндістандағы меншік құқығына назар аударатын болсақ, Шығыстың өзге деспотия елдеріне қарағанда сәл өзгешелеу сипатқа ие еді. Ол Үндістанның негізгі саласы ауыл шаруашылығы болуына байланысты. Ежелгі Үндістанның құқықтық ескерткіштерінің және әр түрлі трактаттарының жеткізуі бойынша, біз ол заманда жердің екі түрлі санатының болғандығын көреміз. Олар, яғни, жерге қауымның ие болуы және патша үлесіне тиесілі жерлер. Негізінен брахмандардың да жерлері болған. Бірақ ол туралы жазбаларда айтылмайды.

Патша жерлері онша үлкен болған жоқ, ол көп үлес алмайтын. Патша жерін ауыл шаруашылығын бақылаушы қадағалап отырған. Егін егу, егін жинау жұмыстарына құлдарды пайдаланатын. Одан өзге жалдамалы жұмысшыларды, айып төлеушілерді немесе қарызын өтемегендерді де әкеліп жұмысқа салатын болған.

Жердің көп бөлігі қауымдық болып есептелді. Оны шаруа қауымдастары еншіледі. Бұл жерде қауымдастар бір үлкен отбасы мүшелерінің жиыны. Ол кезеңде Үндістан тұрғындары патриархалдық тұрмыста өмір сүрді. Бір отбасында бүкіл туыстар жиналып, ұлдары мен келіндері, немере-шөберелері бәрі бас қосып тұратын. Бұлардың меншігі, дүние-мүлкі бәріне ортақ болды да, негізгі басқарушы, отағасы болып саналды. Ал бұндай қауымдар селолық қауымдастықтан жер үлесін алатын. Қауымдар жерді бірге пайдаланды. Қауым жер иесі, ал қауым мүшелері пайдаланушылар ғана болды. Қауым мүшесінің жеке меншігін, жерін, бауын, тоғанын күшпен тартып алуға болмайды (VII, 264-бап). Жер патшаның формальды түрдегі меншігі болғандықтан, оны сату, сатып алу, сыйлау немесе айырбас жасауға тыйым салынған жоқ. Осындай принцип сан түрлі көптеген жеке шаруашылықтарға (брахмандардың, көсемдердің, шенеуніктер және көпестердің) да қатысты болған. Бұның өзге халықтардағы қауымдық жер құқықтарымен салыстырып қарағанда өзгеше екені анық. Шаруашылықты жүйелі түрде жүргізілген құжаттардың жоқтығынан жердің құқықтық жағдайын анықтауға мүмкіндік жоқ еді. Жерге жеке меншіктің құқықтық институттары болмады. Ешбір ескерткіште ірі жер иеліктері туралы айтылмаған. Бірақ жерге меншік құқығы бөлшектенген еді. Жер мемлекетке (қауымға тиесілі, ол тікелей иелік етеді) және жеке шаруашылықтарға (қауымдық және қауымнан тыс) тиесілі болды. Соңғысында ғана бұл құқық іс жүзіндегі меншік құқығына айналды. Ману заңдары бойынша тек мемлекеттік сот органдары ғана қауымдар арасындағы шекара туралы мәселені қауым мүшелері арасында даудамай туған кезде қарауға тиіс болатын, артығын мемлекетке алатын (Архашастра, 3-тарау, 9-бап).

Қозғалмалы мүліктің бәрі жеке иелікке  жатты. Жеке меншіктің қайнар көздері: сатып алу, сату, мұрагерлікке қалдыру, жеребе бойынша бөлу (әңгіме жер бөлінісі туралы болып отыр), тауып алу, олжалау (соғыс кезіндегі), өсімге алу, жұмыс ақысы, мейірбан адамдардың сыйлығы. Бұның ішінде соғыс кезіндегі олжа кшатрийге ғана тән, сол сияқты мейірбан адамдардың сыйлығын алу брахманға ғана тән дәстүр.

Ежелгі Үндістан мемлекетіндегі міндеткерлік құқығына келетін болсақ, олардың түрлері аз емес еді. Әйтсе де, Ману зандарында келісім жасау нысандары туралы ешнәрсе айтылмаған. Бірақ екі жақ арасындағы жанжалды шешуде Ману заңдары бойынша куәгерлерге жүгінетін, ал олар жоқ болса, ант, ордалияны пайдаланатын. Осы жерде бір айта кететін нәрсе: көптеген азаматтық құқықтық келісімдер Ежелгі Үндістанда куәгерлердің көзінше ауызша жүргізілген екен.

Ежелгі Үндістан құқығына келісім және зиян келтіру міндеткерліктері тән. Келісімдер осындай жағдайлардан туады.

Сатып алу. Бұл келісімнің объектісіне сапасы, салмағы, көлемі бар нәрсе жатады. Сауда келісіміндегі негізгі шарт оның жариялылығы болып есептелген. Яғни, кез келген құпия сауда келісімі құқыққа қарсы деп табылды. Сатып алушының саудасын көргендер ғана өз куәліктері арқылы оны өзге адамның мүлігін сатып алудың қылмысты жауапкершілігінен құтқаратын. Яғни, бұл мүліктің тек өз иесі ғана сатушы бола алады деген сөз. "Өз меншігі емес затты сыйлау немесе сату, - делінген Ману зандарында, - сот өндірісінің әрекетіне қайшы". Ондай жағдайда мүлік өз иесіне қайтарылатын, ал шығынын сатып алушы көтеретін (VIII, 199-бап).

Көзге көрінбес кемістіктері бар заттарды сату да заңға қайшы саналып, келісімді бұзуға рұқсат берілді. "Төртаяқты" жануарлардың жарамсызын сатса, бір жарым айда, ал "жарамсыз" құлды сатса, бір жылда келісімді бұзуға рұқсат делінген "Артхашастрада".

Қарызға алу. Ману зандарында қарызға алу келісімдеріне аса көп көңіл бөлінген. Өйткені мұндай келісімдер жұрт арасында кең тараған болатын. Бұл келісім бойынша қарыз беруші өз мүлкін қарыз алушының толық иелігіне беретін. Ал қарыз алушының міндеті берушіге тура сол тектес, сапасы сондай мүлікті өсімімен немесе өсімсіз қайтару. Өсімнің ең жоғары мөлшері де белгіленген. VIII-тараудың 142-бабында айтылғандай, "варналар реті бойынша айына 2, 3, 4 және 5% өсім ала алады". Сол сияқты өсімқорлықтың кең көлемде өріс алғанын Ману заңындағы мынадай жолдар айқын көрсетеді: "Өсімқор байлығын ұлғайту үшін айына жүзден сексен бөлігін алуға болады" (VIII-тарау, 140-бап). Ежелгі Үндістан зандары бойынша, егер қарыздар адам қарызын өтей алмайтындай болса, ол оны жұмыс істеп, қарызын қызметпен өтеуі керек. Ал бірақ зандардың ұстанған негізгі бір принципі - төменгі кастадағы өсімқор жоғары кастадағы қарыз алушының қарызын жұмыспен өтеу туралы талап қоя алмайтын, оған бірте-бірте қайтаруға ғана ерікті (VIII-тарау, 177-бап). Қарыздар адам қайтыс болып кеткен жағдайда қарызы оның мұрагеріне көшірілетін. Ману зандары өсімқорға күшпен талап етуге ерік берді, яғни, қарыздар адамды ұстап әкеліп, үйінде ол қарызын өтегенше аштықта ұстауға, тіпті, ұруға құқылы болды (VIII, 49-50-баптан). Қарызын өтемегендер уақытша құлға айналып (VII, 177-бап), егер өтеген жағдайда одан босатылатын. Бұндай қатынастардың объектісі болып ақша немесе ауыл шаруашылығы өнімдері саналатын. Қарыз қайтарылмаған жағдайда қарыздар адамды тек қарыз беруші ғана қуғынға алып, оған талап қоя алатын.

Информация о работе Үнді құқығы