Үнді құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы — Орталық Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км, батыстан шығысқа қарай 2700 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бедгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аммидив, Бенгаль шығапазғындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15 мың км., жағалауы 5.5 мың км-ден асады. Үндістан солтүстік-батысында Пакістанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3287,59 мың км2 (БҰҰ-ның деректері). Халқы 606 млн-нан астам (1975 ж.). Астанасы— Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976 ж.). Штаттар дистрикттерге (округтарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 Ежелгі Үндістандағы құқық
1.1 Ежелгі Үндістан құқығының тарихы...................................................................6
1.2 Ману Зандары пайда болуы, мәні......................................................................10
1.3 Ежелгі Үндістандағы меншік құқығы..............................................................14
2 Ману Заңы бойынша неке-отбасы қатынастары мен қылмыс және жаза түрлері
2.1 Ману Заңы бойынша неке мен отбасы мәселелері...........................................19
2.2 Мұрагерлік құқық...............................................................................................21
3 Ежелгі Үндістандағы Ману Заңдарындағы қылмыстық құқық
3.1 Қылмыс пен жаза...............................................................................................23
3.2 Мемлекетке және жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар..........................24
3.2 Сотта іс қарау кезінде қылмыстық және азаматтық құқық.............................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................33

Файлы: 1 файл

Индусское_право_-_Унди_кукыгы.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

Тонау қылмыстың ерекше түріне жататын. Оған "жәбірленушінің көз алдында ашық, күшпен мүлкін тартып алып кету" (VIII-тарау, 332-бап) деп таза занды түрде анықтама берілген. "Зорлық пен күш көрсету, тіл тигізу, таяқпен ұру ұрлықтан да ауыр болғандықтан" (IX-тарау, 345-бап) тонау ерекше ауыр жазаланатын. Тіпті, "Тонаушыны достарымен және ағайын-туыстарымен бірге өлтіру" жазасы белгіленген (IX-тарау, 269-бап).

Ұрлыққа жаза тағайындағанда ұрлық объектісінің қасиеттері де есептелінеді. Мысалы, "Текті адамдарды, соның ішінде бағалы асыл тастарды және әйелдерді ұрлайтын болса, қылмыскер өлім жазасына лайық" (ІХ-тарау, 322-бап).

Ар-ұжданға қарсы жасалған қылмыстар. Бұларға біреуге жала жабу, тілдеу жатады. VII-тарауда белгінің ашу тудырған сегіз белгілердің ішіндегі сөз тасу, өтірікшілік, күндеу, сөзбен қорлау, ашу-ыза және тағы басқалар ар ұжданға   қарсы   қылмыс  түрлері   болып   табылды.   Бұндай   қылмыстарға


13 Орта ғасырлар тарихы. – Алматы. 1976. – 85 б.

қолданылатын негізгі жаза - айып төлеу. Қылмыстың бұл түрлерінен варналардың қоғамдағы теңсіздігінің сипаты анық көрінеді. Мысалы, оған мына бап айғақ: "Кшатрий брахманды тілдесе, 100 пан айыпқа, ал вайший 250 пан айыпқа, ал нгудра тілдесе, дене жарақатына жазаланады" (VIII-тарау, 267-бап). Ал "брахман кшатрийді тілдесе, 50 пан, вайшийді тілдесе 12 пан айып салынады" (VIIІ-тарау, 268-бап). Сол сияқты екі рет туғандардың артықшылығын көрсетеді бір бапта: "бір рет туған екі рет туғандарды тілдесе, тілін кесуге жазаланады" (VIII-тарау, 270-бап). Ал мұндағы есепке алынатыны қылмыстың ауыр жеңілі емес, адамның қоғамда алатын орны. Бұл касталық құрылыстың жағымсыз көріністерінің бірі.

Ежелгі Үндістанда Ману заңдары бойынша отбасылық құқықтар қасиетті, қол сұғуға болмайтын құқықтар болып есептелді. Оларды жоққа шығаратын қылмыстың қай түрі де ауыр жазалануға лайық. Әсіресе, ашыналық пен өзгенің әйеліне тиісу, оны зорлау ауыр қылмыс болып саналатын. Тіптен күйеуі бар әйелмен тілдескен адамға да айып салынатын. Бірақ бұл құқық саласында да варналық каста өз ықпалын жүргізетін. Ер адам өзінен жоғары тұрған варнаның өкіліне барса, дене жарақатын алады. Оны заңдағы мынадай жолдар көрсетеді: "егер кшатрий брахман әйелге тиіссе, 1000 пан айыпқа бұйырылады, вайший бүкіл дүние-мүлкінен айрылады. Брахман болса айып өтейді немесе қуылып жіберіледі".

"Егер әйел өзі  шыққан тегіне мастанып, күйеуінің  көзіне шөп салса, көпшілік  орында ол әйелді итке талатып  жазалау керек" - делінген Ману зандарында. 325-бапта айтыпғандай, "өзгенің әйелімен ашыналық, қатынаста болғаңдарды патша жұрт арасына үрей тудыратын жазаға кесіп, қуып жіберуі керек". 353-бапта бұның салдары туралы айтылады: "өйтпесе, бұдан шыққан ашыналық, варналардың араласып кетуі, сол себепті тамырларды үзіп, барлығына қаза әкелетін адхармаға әкеліп соғады" (353-бап, VIII-тарау). Бірақ әйел арына қарсы істелген қылмыста әйелдің қорғалғаны, қорғалмағаны рөл атқаратын болған.

"Барлық 4 варнаның әйелдері де қорғауда болуы керек", - дейді жинақта. Оның рөл атқаратындығы мынадай жағдайдан байқалады. Мысалы, өзінен жоғары тұрған әйелге барғаны үшін шудра өлім жазасына кесіледі. Бірақ егер ол әйел қорғалмаған жағдайда болса, шудра ол жазадан құтыла алады.

Жазалардың түрмеге жабу, суға батырып, қандалаға талатып өлтіру деген басқа да түрлері бар.14

Ману зандарында талион принципі "қанды кек" туралы айтылмаған. Ол жазықты екені мемлекет органдары тарапынан көрсетілетін жаза жүйесі және ақшалай айыппен (бұның бәрі жоғарыда айтылды) алмастырылған.

Өлім жазасы мемлекеттік қылмыскерлерге, жұбайының көзіне шөп салушыларға, ұрыларға және өзгенің мүлкіне қасақана зиян келтіретін маскүнемдерге қолданылды. Суға батыру, инеге отырғызу, кереуетке таңып ұру, отқа өртеу, пілге таптату, міне, осының бәрі өлім жазасының толық емес тізбегі.

Сол сияқты, денеге жарақат салу жазасы да кеңінен таралған. Саусағын, қолын, аяғын, ернін кесу бұл жазаның түрлері. Айтылған жазалар көп жағдайда жоғары варнаның адамына қарсы қылмыс жасаушыларға қолданылды. Керісінше жағдайда болмашы айыппен ғана шектелетін.

Түрмеге жабу. Ежелгі Үндістанда қылмыскерлердің мүлкін тәркілеу де жүргізілетін. Қылмыскерді жұртшылық көру үшін түрмені үлкен жолдардың бойына салатын.

 

 

3.2 Сотта іс қарау кезінде қылмыстық және азаматтық құқық

Coт пен үрдіс (процесс). Сотта іс қарау кезінде қылмыстық және азаматтық құқық өзара бөлінбеген еді. Жоғарғы сот билігі патшада болған. Ол мәселені брахмандармен ақылдаса отырып қарайтын. Патша соты апелляциялық сотқа жатады. Ол төменгі соттардың шешіміне айтылған


14 Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность. // Политика и культура. - Алматы. 2002. – 132 б.

наразылықтарды тексерді. "Іс тексергісі келген патша сотқа  дайындалған күйде 

брахмандар мен тәжірибелі кеңесшілерін алып келуі керек" (VIII-тарау, 1-бап).

"Сотта ол тұрып немесе отырып, қолын көтеріп тұрып, қарапайым киімде немесе жасаулы әшекейде тұрып, екі жақтың ісін қарауы керек" (VIII-тарау, 2-бап). Сот талқысына түсер дхармадағы негізгі себептердің саны 18, олар - қарызды қайтармау, бәстесу, өзгенің мүлкін сату, сауда немесе өзге бірлестікке мүше болу, берген нәрсені қайтармау, еңбек ақысын төлемеу, келісімді бұзу, сауда-саттықты тоқтату, қожайынның бақташымен арасындағы жанжал-даулар, шекара туралы таластар, жала жабу және қорлау, ұрлық, зорлық және ашыналық, әйелі мен күйеуінің дхармасы, мұрагерлік, сүйек ойыны және бос тігу.

Сотта іс жүргізуде куәгерлік  жасау мен көрсетулерге келетін  болсақ, іс алқалы түрде шешіліп, ақиқатқа жету жолында куәгерге және түрлі  сынақтарға жүгінді. Куәгердің көрсетулеріне баға беруде олардың қасиеттеріне қойылатын өлшемдер үстемдік етті.

Анық куәгерлер жоқ  болған кезде, сот түрлі ант алу мен сындарға жүгінетін, ол ордалия (сынау) деп аталатын. Брахман "адалдығымен", кшатрий "әскер арбасы және қару-жарақтарымен", вайший "сиырымен, астығымен және алтынымен", шудра "бүкіл қылмыстары атынан" ант берулері қажет еді (VIII-тарау, 113-бап). Егер кінәлаушы "от ұстамаса", "суға батып сыналмаса" ант беру жеткіліксіз саналған. Кімді жанып жатқан от өртемесе, кімді су жоғары көтеріп әкетпесе және кімге тез арада бақытсыздық келмесе, ол антта адал болды деп есептеледі. Ордалияның негізі жоғарыда айтып өткен Ману заңының ("қарақшыны құдай көреді") VIII-тарау, 85-бабына келеді.

Айғақ іздеу қиындық  туғызған жағдайда соттар айыпталушының сөзіне, бет әлпетінің құбылыстары мен өзгерістеріне, қимыл әрекетіне, жүріс-тұрысына тағы басқаға мән беріп, оның "дауыс үніне, бетінің түсіне" қарап, оның жасырын арам ойын біліп алатын болған (VIII-тарау, 25, 26-баптар).

Куәгерлерден адал болу ерекше талап етілді. "Не сөйлемеу керек, не адалын ғана айту керек", - деп үндейді Ману зандары. Куәгер шындықты айтса, тазарады, соның нәтижесінде дхарма өрістейді, міне, сол себепті бүкіл варнада куәгерлік кезінде тек шындықты ғана айтулары керек деген пікір үстем болған.

Соттағы әділдік халық талабы екендігі ескеріліп, Ману зандарына мынадай жолдар енгізілген: "Әділетсіз жаза арға нұсқан келтіреді, адамдар арасындағы жасампаздықты жояды, дүниеде аспан әлемінен айырады, сондықтан әрқашан бұдан аулақ болған жөн" (VIII-тарау, 127-бап). Міне, бұл занды құжат сол кездегі бүкіл соттарға жол сілтеп, адал жолдан таймауға әрқашан қызмет еткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе айтарым XX ғасырға дейін Үндістанның ежелгі тарихы ғалымдарға б.д.д. ІІ-мыңжылдықтың ортасынан, яғни оларды арий тайпаларының жаулап алған кезінен бастап белгілі болды. Бірақ XX ғасырдың 20-жылдары Махенджо-Даро мен Хараппа маңайында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары бұл Ұлы елдің ежелгі тарихы туралы түсініктерді едәуір тереңдетті. Ғалымдар Махенджо-Даро мен Хараппаның болған кезеңін б.д.д. ІІІ-мыңжылдыққа және материалдық мәдениеттің мұндай жоғары деңгейіне жеткен қоғам сөзсіз таптық қоғам деген тұжырымға келді. Сол себептен Үндістан жерінде қоғам мен мемлекеттің дамуы, пайда болу кезеңі Египет пен Месопотамиядағы мемлекеттердің пайда болу кезеңімен шамалас.

        Бұл елдің мемлекеті мен құқық тарихының екінші кезеңіне келсек, ол шамамен б.д.д. ІІ-мыңгжылдықтың екінші жартысынан бастап, дәлірек айтсақ, б.д.д. VI-IV ғасырларға келеді. Бұл Үндістанның құл иеленушілік мемлекеттерінің өркендеген дәуірі. Осы кезеңде ел нарығының дамуы жоғары деңгейге жетті. Өзен алқаптары елдің маңызды нарықтық аймақтарына айналды. Ирригациялық құрылыстар тізбесі кеңейді. Джунглилердің көптеген жерлері жыртылып, егін салынды. Мақта мен күріш өсіруге ерекше маңыз берілді. Бау-бақша істері қарқынды дамыды. Қолөнер ауыл шаруашылығынан бөлінді. Үндістанның құл иеленушілік нарығында тауар өндірісі маңызды рөл атқара бастады. Тұтыну өнімін өндіріп қана қоймай, енді қосымша құн өндірісі өріс алды. Бұл жетістіктер сауданың өркендеуіне, ескі қалалардың өсіп, жаңа қалалардың пайда болуына әкелді. Олардың арасына байланыс орнату ішкі сауданың дамуына әкеліп, одан соң сыртқы саудаға ықпал тигізді.

"Дхарма" терминінің мағынасы өте кең, соның ішіндегі бастысы әр кезенде әдебиет жанрының әр түріне байланыстылығын білдіреді. Бұл сөзді әдетте индивид (жеке адам) күнделікті өмірінде басшылыққа алуға тиіс этика нормаларының жиынтық атауы ретінде қолданды. Дхармашастралар өзіндік кодекстер, олар қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының мүшелеріне арнаған брахмандардың ақыл-өнегелері мен өсиеттері.

"Құдай заңы" мен ежелгі үнділік дхарманың екеуін бір нәрсе деп түсіну қате. Әйтсе де ортақ нәрселері көп. Осының нәтижесінде дхармашастралар өз мазмұны жағынан әр тектес болып келеді. Олар азаматтық және қылмыстық заң шығару ісіне байланысты өсиеттерді ғана емес, сонымен бірге әр түрлі варналардың міндеттеріне байланысты жанұялық, тұрмыстық, культық, санитарлық-гигиеналық жазбаларды және тағы басқаларды біріктірді.

Ежелгі Үндістанда Ману заңдары бойынша отбасылық құқықтар қасиетті, қол сұғуға болмайтын құқықтар болып есептелді. Оларды жоққа шығаратын қылмыстың қай түрі де ауыр жазалануға лайық. Әсіресе, ашыналық пен өзгенің әйеліне тиісу, оны зорлау ауыр қылмыс болып саналатын.

Соттағы әділдік халық талабы екендігі ескеріліп, Ману зандарына мынадай жолдар енгізілген: "Әділетсіз жаза арға нұсқан келтіреді, адамдар арасындағы жасампаздықты жояды, дүниеде аспан әлемінен айырады, сондықтан әрқашан бұдан аулақ, болған жөн" (VIII-тарау, 127-бап). Міне, бұл зандық құжат сол кездегі бүкіл соттарға жол сілтеп, адал жолдан таймауға әрқашан қызмет еткен.

Сонымен, біз жоғарыда Ежелгі Үндістанның құқықтық ескерткіші, тарихи нұсқа саналатын Ману заңдарына талдау жасадық. Шығыстық деспотия елдерінің қатарына жататын Ежелгі Үндістан мемлекетінің өмір сүрген кезеңіне, ол дәуірдегі құқықтық мәдениет өркениеті, не құқықтық, сана және құқық көздеріне шолу жасай отырып, солардың бірі Ману зандары деп аталған дхармадағы өсиеттерге ерекше тоқталып өттік. Ежелгі дәуірге қатысты бұл жинақ (б.д.д. ІІ - б.д. II ғ.ғ.) қазіргі заманға дейін өз маңызын жойған жоқ. Үндістанда бұл зандардың XIX ғасырға дейін қолданылып келуі осының дәлелі. Соған дейін маңызын жоймай, елдің негізгі заңдық құжаты болып келуі бұл жинақтың зандық негізінің мықтылығын байқатады.

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

    1. Авдиев В. И. История древнего Востока. – Москва. 1993. – 189 б.
    2. Вайман  А. А. Шумеро-вавилонская математика. – Москва. 1961. – 105 б. 
    3. Вебер М. Аграрная история древнего мира. – Москва. 1985. – 128 б.
    4. Всемирная история. I—II том. - Москва. 1995. – 457 б.
    5. Зиммель Г.К. Социологии религии // Избранное. Москва. 1996. – 149б.
    6. http://www.respublica.ru. – 14 б.
    7. Индия // Дипломатия жаршысы. – Алматы. 2001. – 140 б.
    8. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. – Алматы. 2005. – 352 б.
    9. Марко Поло. Книга о разнообразии мира. – Москва. 3-том. – 121 б.
    10. Стужииа Э.П. Индейский город XI-ХШ вв. – Москва. 1979. – 40 б.
    11. Малявин В. В. Книга путешсствий. - Москва 2000. – 127 б.
    12. Мункуев Н. Ц. Индиский источник о первых гольских ханах. – Москва. 1965. – 24 б.
    13. Орта ғасырлар тарихы. – Алматы. 1976. – 85 б.
    14. Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность. // Политика и культура. - Алматы. 2002. – 132 б.
    15. http://www.kniga.com/books/. – 5 б.
    16. http://www.respublica.ru. – 14 б.
    17. Лурье С. Историческая этнология. – Москва. 1997. – 48 б.
    18. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. – Алматы. 2001. 3-том – 557 б.

 



Информация о работе Үнді құқығы