Үнді құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы — Орталық Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км, батыстан шығысқа қарай 2700 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бедгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аммидив, Бенгаль шығапазғындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15 мың км., жағалауы 5.5 мың км-ден асады. Үндістан солтүстік-батысында Пакістанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3287,59 мың км2 (БҰҰ-ның деректері). Халқы 606 млн-нан астам (1975 ж.). Астанасы— Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976 ж.). Штаттар дистрикттерге (округтарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 Ежелгі Үндістандағы құқық
1.1 Ежелгі Үндістан құқығының тарихы...................................................................6
1.2 Ману Зандары пайда болуы, мәні......................................................................10
1.3 Ежелгі Үндістандағы меншік құқығы..............................................................14
2 Ману Заңы бойынша неке-отбасы қатынастары мен қылмыс және жаза түрлері
2.1 Ману Заңы бойынша неке мен отбасы мәселелері...........................................19
2.2 Мұрагерлік құқық...............................................................................................21
3 Ежелгі Үндістандағы Ману Заңдарындағы қылмыстық құқық
3.1 Қылмыс пен жаза...............................................................................................23
3.2 Мемлекетке және жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар..........................24
3.2 Сотта іс қарау кезінде қылмыстық және азаматтық құқық.............................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................33

Файлы: 1 файл

Индусское_право_-_Унди_кукыгы.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

Сақтап қоюға беру. Оған тек қозғалмалы мүліктер ғана объекті бола алатын. Бұл жалдамалылықпен де ұштасып жататын іс. Сақтап қоюға беру келісімі қайтарымсыз болған. Егер алушы уақытында еркімен қайтармаса, судья арқылы тексерілетін. Оған әр түрлі себептермен сақтауға алтын беретін. Егер ол алтынды қайтармаса, іс тоқтатылатын, ал қайтармаса, онда алтынды да, сақтауға берген мүлікті де күшпен қайтартатын. Кімде-кім сақтауға берілген затты иемденіп кетсе, жазаға ұшыраған. Сақтауға алушы мүлік иесі алдында егер мүлік ұрланып кетсе немесе суға ағып кетсе, жауап бермейтін. Өзі иемденіп кеткен жағдайда ғана жауап беретін.

Зиян келтіріп, бүлдіруден міндеткерлік өзгенің мүлкіне зиян келтіруден туатын. Мысалы, қала арасындағы сапар кезінде жолаушы зардап шексе (мүлік жағынан), күйме жүргізуші, оның иесі, бәрі жауапты. Ал кісі өлімі болса, қылмыскердің кінәсі ұрымен бірдей. Сол сияқты, малшы қожайынына өз кінәсіздігін дәлелдей алмаса, жоғалған малды төлейді. Мал егінге түскен жағдайда да малшы жауап беретін.

Ежелгі Үндістан заңдары келісімдердің жарамды-жарамсыздығын қатал қадағалаған. Mac адаммен, ақылы кеміспен, құлмен, жас баламен және алжыған кәрілермен жасалған шарт жарамсыз деп табылады. Сол сияқты күштеу, қорқыту және алдаумен жүргізілген келісімдер де заңсыз деп табылды (VIII-тарау, 163, 165, 168-баптар). Сонымен біз Ежелгі Үндістан мемлекетінің құқықтық қатынастарының азаматтық келісімдерін айтып өттік. Ал қалған иелік ету бүкіл варнаға ортақ. Меншікті осылайша пайдаланудың заңды түрлері Ежелгі Үндістан құқығына тән, өзіндік ерекшеліктер болып табылады.

Мүлікті ұзақ уақыт бойы адал түрде пайдалану оған иелік ету құқығын алуға жеткіліксіз. Егер Ману зандарының VIII-тарауының 47-бабында айтылғандай, меншік иесі ұзақ уақыт бойы мүлкін өзге біреудің пайдаланып жүргенін жақын маңнан бақылап, тыныштық сақтаса, ол 10 жылға созылса, нағыз иесі ол мүлікке иелігінен айрылады. Бұл меншік құқығының меншіктену уақытының ұзақтығына да байланысты болғанын көрсетеді. Жеке меншікке кез келген жағдайда қол сұғушылық ауыр жазаланатын. Мүлікке зиян келтірген адам оның иесіне шығынын өтеп және сол көлемде патшаға айып төлеуге міндеттейтін Ману зандарындағы VIII-тараудың 288-бабы осыған дәлел. Меншікке қол сұғушылықтың объектісіне байланысты бірнеше түрі және олардың әрқайсысына қолданатын әр түрлі жазалар бар.

Меншікті қорғаушы басты  билік патша болып саналды. Егер патша жазаны енгізбесе, онда ешқандай адамда да меншік болмас еді (VII, 21-бап).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. МАНУ ЗАҢЫ БОЙЫНША НЕКЕ - ОТБАСЫ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ЖАЗА ТҮРЛЕРІ

2.1. Ману заңы бойынша неке мен отбасы мәселелері

Ману зандарында неке мен отбасы қатынастарына ерекше кең орын берілген. Оған қарсы жасалған қылмыстар қатаң жазаланатын болған. Өйткені неке мен отбасы қатынастары өзгеше қасиетті қатынастар болып саналды. Ману Зандарында некенің әр түрлі нысандары туралы айтылған. Некенің кең таралған бір түрі - ол ер адам тарапынан әйелдің нәрсеге, затқа, мүлікке теңестіріліп алынуы. Қызды әкесі немесе туыстары жігітке беріп жіберсе, оның арты үлкен құқықтық салдарға апарып соқтыратын.

Отбасылық некеде ер адамның (әкесінің, күйеуінің) билігі толық бекітілген. Әйелдің құқықтық жағдайлары некенің түріне байланысты еді, бірақ қандай жағдайда да әйелге толық құқыққа мүмкіндік берілмеген. Занды неке жағдайында әйелінің жасауы ерінің меншігіне өтетін. Құнын төлеп, сатып алу, әйел алу, жұбайлардың өз араларындағы еркін келісімдерден туған неке, ақыр аяғында ұрлап алып қашу, соғыс кезінде олжалап алу сияқты неке түрлері болған.7

Ману заңдары бойынша, әйел адам әрқашан ер адамның қол астында, оның қамқорлығында болуы шарт. Ол бала шағында әкесі, жастық шағында күйеуі, қартайған кезде ұлдары тарапынан қорғалуы керек", "Әйел ешқашан дербестікке жарамсыз", - делінген (V-тарау, 147-148-баптар). ІХ-тараудың 2-бабында әйел үшін бұдан да ауыр талап белгіленген: "Күндіз де, түнде де әйелдері күйеулеріне бағынып, олардың құмарлығын қандырып, қажеттіліктерін өтеп отырулары тиіс". Әйел құқығы туралы тағы бір бап: "Сатып жіберсе де, тастап кетсе де, бәрібір әйелі күйеуінің үстемдігінен босай алмайды, дхарма осыны көрсетеді" (IX-тарау, 4-бап). Бұл әйелдің неке бойынша құқығының жоқтығының бір ғана айғағы. Одан өзге "әйелі жек көрсе, күйеуі оны тастап кетуге құқылы" деген өсиет жолдары бар (IX-тарау, 77-бап). Әйелдің ажырасуға құқығы жоқ. Сатып, айырылысу ақысын төлер болса да,


Индия // Дипломатия жаршысы. – Алматы. 2001. – 140 б.

 

әйелі өз меншігінде қалады" (IX, 46-бап). Бала тумаған әйелмен 8 жыл тұру керек, ал ылғи қыз туа беретін болса 11 жылдан кейін, ал долы әйелмен - сол сәтінде ажырасуға құқылы делінген (IX-тарау, 81-бап)  .

Бір-бірінің көзіне шөп салған болса, ұятқа қалдырар әрекет жасаса, хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, неке бұзылады. Күйеуі бар әйелдің мүліктік жағдайы некенің түріне байланысты. Кейбір жерлерінде меншігінің тікелей өзінің күйеуінің иелігіне көшетін кездері бар. Әйелінің үстінен билік жүргізетін құқықтық жағдаймен қоса күйеуіне көптеген міндеттер де жүктелінген. Яғни, күйеуі әйелін асырауға, сақтауға, қорғауға, қамқорлық жасауға міндетті болды. Бір сөзбен айтқанда тіршілік үшін қажеттінің бәрімен қамтамасыз етуге ол міндетті.8

Елдегі касталық құрылыс отбасы мен ондағы қатынастарға ықпалын тигізді. Әйелдердің шаңырақтағы ролі шыққан варнасымен анықталатын еді. Әсіресе көп әйел алған кезде бұл мәселеге мән берілетін. Көп әйелдің ішінен отбасында жоғары тұратыны - биік варнадан шыққан әйел.

Ежелгі Үндістанда әйелдердің отбасылық құқықтарына соншама шектеу қойылғанымен, қоғамда әйелдер еркектерден биік тұрды. Оларды әйел-ана деп құрметтеді. Ману зандары айтады: "Әйелдер құрметтелген жерлерде құдайлар да ырза болады, ал қайда олар құрметтеу-сыйлау көрмесе, ол жерде өткен бүкіл дәстүрлі салтанатты ғұрыптар нәтижесіз болады" (111-тарау, 56-бап). Ежелгі Үндістан діндеріндегі басты ерекшелік құдайлардың әйел бейнесімен бейнеленіп, әйел атымен аталуы деуге болады. Реті келгенде бұл елде қазіргі кезде өтетін жаңарған мейрамдар да әйел-құдайларға арналатынын айта кету жөн. Ежелде бұл "ғажайыптар елінде" "әйелдер құрметтелуге және әкесі, ағасы, күйеулері, сол сияқты жақсылық тілейтін қайын ағалары тарапынан сәнді әшекейлермен безендірілуге тиіс" деген (111-тарау, 55-бап) қағида болған. Әр отбасындағы бар байлық та қыздың әшекейіне және асыл тастары мен қымбат киімдеріне және жасауларына арналып, соған жұмсалатын еді. "Қызы үшін


Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. – Алматы. 2005. – 352 б.

 

берілген болымсыз ақыны  дүниеқоңыздықпен алып қалса, ондай әке бүкіл үрім-бұтағының, ұрпағының саудагері деп саналатын болған" (III-тарау, 51-бап). Ежелгі Үндістандағы неке және отбасы құқықтарын қорытындылай келе: Ману зандары 3-тарауының, 101-бабында "өзара адалдықты өлгенше сақтау керек"-делінген. Бұл қысқаша айтылғаннан неке мен отбасы қатынастарының қандай негізге құрылғандығын аңғаруға болады.

 

 

2.2 Мұрагерлік құқық

Ежелгі Үндістанның мұрагерлік құқығына өсиет бойынша қалдыру деген жат. Мүлік марқұмның тек қана ұлдарының бөлінісіне жатады. Ұлдары арасында тең бөліске түседі, бірде біреуі одан шет қалдырылмайды (IX-тарау, 104-бап). Олар, яғни мұрагерлер бөлінбеуге де болады, ондай жағдайда олар бөлектенбей, әкесінің ескі шаруашылығында үлкен ағаларының басшылығымен бірге тұрулары керек (IX-тарау, 105-бап). Мүлік бөлінісі жағдайында да үлкен ұлы жиырмадан бір бөлігіндей көлемде қосымша үлес алады. Қыздарға да белгілі көлемде, бірақ жасау ретінде ғана мұра тиесілі. Яғни, олар мүлік бөлінісінен түгелдей ажыратылған, ағалары өз иеліктерінен міндетті түрде төрттен бір бөлігін берулері керек. Қарсы болар болса, ондай ұл отбасынан аластатылады (111-тарау, 118-бап).

Егер марқұм тұрмысқа берер кезде қызының ұл табуын тілеген болса, одан туған ұл да жанағы адамның мұрагерлігіне тартыла алады. Ондай жағдайда мұра марқұмның өз балалары мен қызының ұлы арасында тең бөліске түседі. "Баласыз адамның меншігін атасы-әкесі және аға-інілері ала алады" (111-тарау, 185-бап). Яғни, баласы жоқ жағдайда, 6 атаға дейін ағайындары мұрагерлікке тартыла алады. Туған-туысқандар арасындағы берік сыйластық, татулық Ману зандарының 111-тарау, 104-бабында көрініс тапқан. "Ұлдары әкесі мен шешелері өлген кезде бірігіп, әке мүлкін теңдей бөлісіп алуларына болады, ал олардың тірі тұрған кезінде құқығы жоқ". Бұл үлкенге деген құрмет пен ата-анаға ізеттің үлкен көрінісі емес пе?!

Әр әйелден туған баланың бөлісудегі орны анасының варнасына байланысты болған. Ұлының өз еңбегімен тапқаны мұра үлесіне жатпайды. Шашпа, зиянкес ұл (егер кезінде әкесінің оны солай атап, мұрадан тыс қалдырылуын қалаған болса) әке мүлкін бөлісуден шет қалдырылуы мүмкін. Ауылдастық қауымның нығаюынан бөліске тек жылжымалы мүлік кана түсе алатынын байқау қиын емес. Жер бөліске түспейтін.9

Мұрагерлікті заң жолымен шешкен кездерде варналардың ара қатынасынан тәуелділік байқалады. Үстем тап өкілдері, яғни, осы зандарды құрастырушылар өз мүдделерін көздейтін қанаушылық сипаттағы зандарды да бұл жинаққа енгізіп жіберген. Мысалы, "қайтыс болған брахманның меншігін ешқашанда патша алуға тиіс емес", - деген ережеден осыны байқауға болады. "Ал өзге варнадағы адамдардың мұрагерлері жоқ болса, патшаның олардың меншігін өз қарамағына алуға еркі бар". Бұл, әрине, брахмандардың заңға тек қана өз мүдделерін енгізгендігінің дәлелі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Марко Поло. Книга о разнообразии мира. – Москва. 3-том. – 121 б.

3. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАНДАҒЫ МАНУ ЗАНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ

3.1  Қылмыс пен жаза

Ежелгі Үндістандағы Ману зандарында қасақана қылмыс пен абайсызда, алғаш рет қылмыс жасау және ауыр қылмыс пен оның жеңіл түрінің айырмашылығы көрсетілген. Жинақ шыққан ежелгі кезенде құқықтық мәдениеттің жоғары дәрежеге жеткендігі байқалады. Құл иеленуші таптың жеңілдіктері бүкіл анықтамаларымен бірге айқын тәртіпке түсірілген. Қылмыстық құқық нормаларында алғашқы құрылыстың көптеген қалдықтары сақталған. Мысалы, қылмыскер табылмаған жағдайда өз аумағында жасалған қылмыс үшін қауымның жауап беруі; қылмыскерді қуып жіберу. Ману заңдарында қылмыс істемеуге шақырған, оны діни жауапкершілікпен байланыстырған тармақтар да жоқ емес. Мысалы, VIII-тарау, 85-бапта: "Қара ниетті қылмыскер ойлайды: "Мені ешкім көрмейді" - деп, бірақ оны құдайлар және өз ары көреді" делінген. Бұның моральдық, өсиеттік түрде уағыз айтып, адамдарды қылмыс істемеуге тікелей шақыру екені сөзсіз.

Қылмысты түрлерге бөліп  карастырған:

1. Мемлекетке қарсы жасалған қылмыстар;

2. Жеке адамға (оның денсаулығы мен өміріне) қарсы жасалған қылмыстар;

3. Ар-ұжданға қарсы жасалған қылмыстар;

4. Меншікке (негізінен жеке меншікке) қарсы қылмыстар;

5. Отбасына қарсы қылмыстар.11

Бұлардың әрқайсысына және оларға қолданылатын жазаларға жеке-жеке тоқталмас бұрын Ману зандарында жалпы жаза ұғымы туралы не айтылғанын қарастырайық. "Жаза бүкіл адамды билейді, жаза қорғайды, ол өзгелер ұйықтап жатқанда сергектік танытып, ояу болады" (VII-тарау, 18-бап). Ал оның маңызы туралы 15-бапта "Соның алдындағы қорқыныштан бүкіл тірі нәрселер қозғалатын және қозғалмайтындар пайдалы қызмет етіп және дхарманы орындаудан ауытқымайды" - делінген.


11 Малявин В. В. Книга путешсствий. – Москва. 2000. – 127 б.

3.2 Мемлекетке және жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар

Мемлекетке қарсы жасалған қылмыстарға патшаға және отанына қарсы қылмыстар, ұрыс кезінде майдан даласынан қашу жолына түсу жатады. Патшаны ең қасиетті, ең жоғары тұрған ерекше жан деп ұғатындықтан, оған қарсы, яғни, денсаулығына қарсы жасаған қылмысы, өлтіруге тырысқаны үшін, тіптен патшаның жауымен жақын болғаны үшін де өлім жазасы белгіленген. Жалпы, мемлекетке қарсы қылмыстың бәріне де өлім жазасы қолданылады.

Жеке адамга қарсы қылмыстар. Өлімге душар етуі немесе өлтіру және оның жазасы туралы жинақта аз айтылған. Адам өлтіру діни қылмыс есебінде тұжырымдалған. Бірақ өлген адамдардың дәрежесіне, яғни, варнасына, өлтірген адамдардың дәрежесіне мән берілген. Мысалы, екі рет туғандардың өзінен екі саты төмен тұрғандарды, яғни, бір рет туғандарды өлтіргені үшін әр түрлі жазалар берілуі мүмкін, бірақ "Брахманды өлтіргені үшін өлім жазасы cөзсіз" (VIII-тарау, 381-бап).12

Ежелгі Үндістан құқығында  айтылған: "Қажетті қорғаныс сәтінде шабуылшыны өлтіру қорғанушыны жазадан босатады", оған құдайы құрбандықтарды, әйелдері және брахманды қорғау кезіндегі кісі өлтіру де жатады. Бұл туралы 34-бапта айтылады. Таптық сипатты, әсіресе, дене жарақатын салу қатысты жағдайда анық байқаймыз. "Бір рет туған адам екі рет туғандарды тілдесе, ең төменгі третей шыққан болғандықтан, тілін кесіп тастауға жазаланады" (270-бап). 72-бапта "Төменгі адам жоғарғы адамды қай жерімен ұрса, сол жері кесіп тасталсын" - делінген. Егер төбелесте екі адам бір варнадан болса денедегі жарақаттың ауырлығына қарайтын, жара түсірсе, айып салып, сүйегін сындырса, қауымнан қуып жіберу сияқты жазалар қолданылған.

Әйелді, қызды зорлаудың жазасы ауыр болған: "Қызды еркінен тыс зорласа, дене жарақатын алумен жазаланады. Бір-біріне тең және өз еркімен болса, ондай жазаға ұшырамайды" (VIII-тарау, 364-бап). Абайсызда кісі өлтіріп алған адам "қарапайым" әдіспен жазалануы тиіс болған. Меншікке қарсы қылмыстарға да жазаның ауыр түрлері қолданылатын. Өзге адамның меншігіне,


12  Мункуев Н. Ц. Индиский источник о первых гольских ханах. – Москва. 1965. – 24 б.

 

мүлкіне қол сұғу қылмыстың ең ауыр түрлері саналатын. Меншікке қарсы қылмысқа ұрлық, тонау жататын.

Ұрлық өте қатал жазаланатын. VIII-тараудың 302-бабында «Патша ұрыларды ауыздықтауға ерекше тырыссын, ауыздықтай алса, сөзі де өтімді болады, елі де көркейе түседі» - делінген. Ману заңдары бойынша түнде жасалған ұрлықтың жазасы ауыр, үшкір нәрсеге отырғызып қою қолданылған (IX-тарау, 276-бап). Өзге жағдайларда көбіне айып салынған (VIII-тарау, 320-бап) IX-тару, 277-бапта была делінген: "Бірінші рет ұрлық қылған адамның екі саусағын кесіп, екінші рет істесе, қолын кесіп, ал үшінші рет қайталаса, өлім жазасына кесуге лайық". Сол сияқты Ману зандарында патшаларға ұрыны қалай жазалау керектігіне жол сілтейтін жерлер бар. Мысалы: "Әділетті патша ұрланған зат бойынан табылмаған ұрыны өлім жазасына кеспесін, ал ұрлық, құралдары және ұрланған затымен қолға түскен ұры дереу өлім жазасына кесілетін болсын" (IX-тарау, 270-бап).13

Информация о работе Үнді құқығы