Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60
Бірақ бұл жағдайда біз азаматтық заңдылықта мұндай терминнің «жоқ екендігімен» кездесеміз.
Ал, мына бір жол шындыққа сай келетін шығар: қылмыстық сот ісін жүргізудегі моральдық зиян деп материалдық өтемақыға жататын, қылмыстық заңмен қудаланатын, оларға қарсы жасалған әрекетпен байланысты азаматтардың дене жарақаты алуы мен адамгершілік қайғы-қасіретке тап болуы деп нақты атап көрсету дұрыс болатын шығар.
Айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болар: заңдылықта моральдық зиянды өтеудің тәртібін реттейтін (қылмыстық және азаматтық заңдылықта моральдық зиян деп нені түсіну керек; өтемақы қандай формада болу керек; моральдық зиянды өтеуді қамтамасыз етудегі тергеушінің әрекеті; қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен моральдық зиянды өтеу қаншалықты дұрыс; егер ол дұрыс болса, онда қылмыстың қандай категориясы бойынша) нормалардың ақтаңдақтары мен өзара қайшылықтары бар.
Соңғы жылдары, нарықтық экономикаға көшу, ішкі экономикалық даму кезінде түрлі мемлекеттердің қылмыспен күрес бойынша құқық қорғау органдарының өз ара бірлесіп әрекет етуі (соның ішінде іздестіру, қылмыспен келген мүлікке тиым салу мен тәркілеу бойынша) жиі кездеседі.
Бірақ өзара бірлесе
әрекет ету процесінде
Тұтастай алғанда, ұлттық заңдылық пен халықаралық-құқықтық құжаттар талдауы Ресейдің құқық қорғау органдарының, соның ішінде алдын ала тергеу жүргізетіндері де халықаралық көмекке жүгінуге құқылы деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді: іздестіру мен айыпталушының мүлкіне тиым салуда; қылмыстық жолмен келген құндылықтар мен ақшаны, мүлікті іздестіруде, тиым салу мен алып алуда, ал бұлар қылмыстық әрекеттен түскен, қылмыс жасау нәтижесінде алынған кіріске парапар материалдық артықшылық және бұған мүліктің кез келген түрін жатқызуға болады; қылмыстан зардап шеккендерге шығынды өтеу; мүлікті тәркілеуді жүзеге асыруда (жасалған қылмысты жазалаудың бір түрі ретінде, соттың үкімімен тәркілеуге жатуы мүмкін айыпталушының мүлкін іздестіруді жүзеге асыру).
Осы мақсатпен тергеушілер өтініш жасаудың тиісті процедураларын қолдана отырып, шет ел мемлекеттерінің тиісті органдары алдында өтініш жасай алады.
Бірақ бұның алдында осы өтініштің мына шарттарға сәйкестігі тексерілуі қажет: қылмыстық істің қозғалуы қолданыстағы заңға сай ма; ҚК қарастырылған баптарға сәйкес қылмыстық әрекеттің мән-жайын тексеру, мүлікке тиым салудағы қосымша жазалау түрін көздейтін, сондай-ақ айыпталушы есебінен өтелуге жататын, қылмыс жасалған кезде келген зиянды тексеретін санкциялар жүргізілуі қажет; іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың шеңберіне ұрланған ақша қаражаты мен мүліктерді (кез келген басқа да заңсыз жолмен келген пайданы), қылмыс жасаудың механизмі мен әдіс-тәсілдерін, істің мән-жайы бойынша шет елде қылмыстық жолмен келген ақшаны және басқа да құндылықтарды жасыру туралы мәліметтер болған кезде оларды анықтау кіреді.
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану
Түптеп келгенде, тергеушінің барлық қызметі қылмыстың алдын алуға бағытталған. Қылмыстардың тез және толығымен ашылуы, кінәлілерді табу, жауаптылықтың бұлтарпастығын қамтамасыз ету, осының бәрі, қылмыстық сот ісін жүргізудің құрамдас бөлігі бола отырып, заңдылықтың нығаюын, қылмыстың жолын кесуді, қылмыстың алдын алу мен түбірімен жоюды, азаматтарды заңдарды мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеуді қалыптастырады.
Алайда, тергеуші қызметі белгілі бір кезде қылмыстың жолын кесу мен алдын алуға тікелей бағытталған. Тергеуші қылмысқа итермелейтін себептер мен жағдайларды ашып қана қоймай (істің мән-жайын зерттеу функциясын жүзеге асыру процесінде), оларды жоюдың шараларын да қарастыруы қажет. Бұл жұмыстың ақпараттық базасы - дайындалған, белгілі бір уақытқа дейін созылған немесе аяқталған қылмыс, оның себептері мен жағдайлары туралы қылмыстық іс бойынша анықталған мәліметтер болып табылады.
Бұл тергеушінің алдын ала жүргізетін жұмысының шекарасын белгілейді. Егер қылмыстың жолын кесу кінәлінің тәртібіне тікелей әсер етуден, яғни нақтылы қоғамға қауіпті әрекетті аяғына жеткізуге, жалғастыруға немесе қайталауға жол бермеуден тұратын болса, алдын алу осы қылмысты қалыптастыратын объективті мән-жайға әсер ету болып табылады.
Қылмыстың бетін қайтару немесе жолын кесу шараларын тергеуші қылмыстық істің қозғалу сатысында-ақ, оның қозғалуымен бір мезгілде, яки тергеу немесе соттылық жайлы өтінішті немесе хабарламаны жіберу кезінде қолға алуы керек.
Тергеуші мұндай әрекеттерді нақтылы қандай нысанда жүзеге асыруы тиіс, бұл жөнінде заңда көрсетілмеген: осы сатыда қылмыстың алдын алу мен жолын кесу нысандары әрқилы және әрбір жекелеген жағдайда нақтылы мән-жайға әрі қылмыстық қол сұғушылықтың сипатына байланысты анықталып отырады [22, 64 б.].
Тергеу процесіндегі қылмыстың алдын алу құралы арқылы айыпталушыны қызметінен шеттетуге болады.
Көбінесе, айыпталушының қызметте қалуы жаңа қылмыстың жасалуына жол ашуы немесе қылмыстық іс жалғасуы мүмкін деген негіз болған кезде, тергеуші айыпталушыны қызметтен шеттету туралы қаулы шығарады, ал прокурор оны бекітеді.
Айыпталушы қылмыстық
іспен шұғылданады деген
Өте сирек жағдайларда қылмыстың жолын кесу шарасы қылмыс жасаушы деп күдіктенген адамға да қолданылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда ол кісіге қылмыстың жолын кесу шарасы қолданылған сәттен бастап он күн ішінде айып тағылуы тиіс; егер осы уақыт ішінде айып тағылмаса, қылмыстың жолын кесу шарасы тоқтатылады.
Күдіктенген тұлғаға қылмыстың жолын кесу шарасының қамап қою түрін қолдану туралы мәселені шешу мақсатында бұл тұлға алдын ала ұсталуы мүмкін. Бірақ мұндай ұстау тек қана қылмыстың жолын кесу шарасы туралы мәселенің кезек күттірмейтіндігі белгілі болған жағдайда ғана қолданылады.
Қылмыстың алдын алуға арнайы арналған негізгі процессуалдық құралдардың бірі тергеушінің ұсыныстары болып табылады. Қылмыстың жасалуына ықпал етуші себептер мен жағдайларды анықтай отырып, тергеуші тиісті кәсіпорындарға, мекемелерге немесе қоғамдық ұйымдарға осы себептер мен жағдайларды жоюға байланысты шаралар қолдану туралы ұсыныстар жазуға міндетті. Кәсіпорындардың, мекемелердің немесе ұйымдардың басшылығы бір айдың ішінде тергеушінің ұсыныстарын қарап, қажетті шаралар қабылдауға тиіс және бұл жөнінде тергеушіге хабарлауға міндетті.
Тергеуші тергеудің қай кезінде ұсыныс беру керек, бұл жөнінде көптеген процессуалистер қылмысқа ықпал етуші мән-жай анықталысымен, дереу ұсыныс беру керек деген пікірді ұстануда. Бұл мән-жайлар туралы шынайы мәліметтер алынған кезде-ақ жаңа қылмыстық қол сұғушылықтың қаупі төнеді.
Мән-жайды жою үшін қажетті шара қолдану тергеудің кез келген сатысында қолданылуы мүмкін, және де олардың анықталуына қарай, тергеушіде ұсыныс жасаудың міндеттілігі туындайды. Қылмысқа ықпал етуші мән-жайды барынша түгел және жан-жақты зерттеу мүмкін болса, онда оларды дереу жоюдың қажеттілігі жоқ, ұсынысты кейінірек жазуға да болады.
Қылмыстық іс материалдары бойынша ұсыныс түсіру процессуалдық құжат болып табылады және ол прокурор мен сот тергеушінің қолданған шаралары туралы білуі үшін қылмыстық іске қатыстырылуға жатады; қажет болған жағдайда олар тергеушінің ұсыныстары бойынша не істелгенін біле алады.
Ұсыныстың айыпкердің де
мүддесіне қатысы болғандықтан, іс
материалдарымен таныстырған
Ұсыныс жазған кезде тергеуші тек қана кемшіліктерді ғана көрсетпеуі керек, әйтпесе соңынан аталған бұл құжат тек қана формальды сипатта ғана болады. Әкімшілік немесе шаруашылық қызметте қандай кемшіліктердің орын алғаны, қашан, қайда, қай учаскеде, кім жасады, кімнің кінәсінен қателік кетті, қылмыстың жасалуына қалайша ықпал етті, міне, осылардың бәрі нақтылы, анық жазылуы қажет. Осы мән-жайларды анықтау үшін арнайы ғылыми немесе техникалық таным қажет болған жағдайда, ұсыныс мәтінінде немесе оған жазылған қосымшада (қорытындының көшірмесі немесе үзіндісі түріндегі) осы мәселе бойынша сарапшының пікірін келтіре кеткен жөн. Бұл ұсыныстың дәлдігін, оның әрекеттілігін айқындай түседі.
Қылмыс туралы алынған өтініште немесе хабарламада әкімшіліктің немесе тәртіптіліктің теріс қылығы яки қоғамдық тәртіптің басқа да тәртіп бұзушылықтары немесе көпшілік жатақханасы тәртібінің бұзылғандығы туралы мәлімет болса, тергеуші келіп түскен өтінішті немесе хабарламаны қоғамдық ұйымның, сотқа, еңбек ұжымының қарауына жіберуге немесе алынған материалды әкімшілік немесе тәртіптілік жолмен шешуге жіберуге құқылы.
Мұндай әрекет өздерінің өмір сүру салты мен теріс қылықтары арқылы олардан қауіптенуге негіз беретін тұлғалардың қылмыс жасауларын болдырмауға, алдын алуға бағыталған.
Осыған ұқсас әрекеттерді тергеуші айыпқа тартылған немесе басқа да тұлғаларға қоғамдық, тәртіптілік немесе әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды талап ететін фактілерді анықтаған кезде де қолдана алады.
Қылмыстық істі тоқтата отырып, тергеуші бұл мәліметтер туралы қоғамдық ұйымдарға, сотқа, еңбек ұжымына немесе кәсіпорын, мекеме әкімшілігіне тәртіптілік немесе әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану үшін хабарлама жібереді [23, 10 б.].
Қылмыстың алдын алудың тағы бір шарасы – бұл іс тоқтатылған кезде қылмыс құралын тәркілеу.
Тергеу сатысындағы қылмыстың жолын кесу мен алдын алуға бағытталған тінту мен алып алу төмендегіше: қылмыстың қаруы мен құралы; сақталуының өзі қылмыс құрамын құрайтын заттар; мемлекеттік қауіпсіздік немесе басқа негіздер тұрғысынан ерекше рұқсатнама арқылы ғана сатып алу мүмкін болатын заттарды осындай рұқсатсыз сатып алған кезде; заңсыз айналымдағы қызметтік құжаттар, мөрлер мен мөртабандар, заңсыз толтырылған ресми бланкілер, иелері жоғалтып алған жеке құжаттар.
Қылмыстың жолын кесу мен алдын алудың жоғарыда аталған шараларынан басқа, Ларин айыпкерді қылмыс жасауға итермелейтін немесе оған ықпал етуші жағдайды туғызатын арандатушылардың, көмектесушілердің, ұйымдастырушылардың және т.б. қылмыстық ісін анықтап, қылмыстық жауапқа тартуды ұсынады, және де бұл осы саладағы тергеуші қызметінің бір бағыты болу керек деп санайды.
Соңғы кездері, қылмыстың өршуіне байланысты қылмыстың жолын кесу мен алдын алу шаралары тергеуші қызметінде тиімсіз болып отыр. Қазақстанда соңғы жылдары болып жатқан процесстер бұрыннан келе жатқан қылмыстың алдын алу жүйесіне теріс ықпалын тигізуде, ал құқық қорғау органдарының, көбінесе, тергеушінің құзырындағы қылмыстың жолын кесу мен алдын алу шаралары жеткіліксіз.
Бүгінгі таңда бұл шаралар жүйесі іс жүзінде бұзылған, қылмыстың алдын алу жұмыстары нашарлап, босаңсып кеткен. Алдын алу қызметтерін жүргізетін бірыңғай жүйе жоқ, сондай-ақ бірыңғай заң да жоқ.
Осыны, және де криминалист
ғалымдардың еңбектерін ескере отырып,
заң авторлары мен
Егер заң жобасына жүгінетін болсақ, авторлар құқық қорғау органдарын, соның ішінде тергеушілерді, қылмыстың алдын алудың көптеген субьектісінің бірі ретінде қарастыру керек, ал қолданыстағы қылмыспен күресу құралдарына жалпы құқықтық тәрбиені қосу керек деп санайды: халықты оқыту, және тағы да арнайы (құқық қоғау органдары, тергеушілер жүзеге асыратын) профилактикалық әңгімелер; ресми сақтандыру; профилактикалық есепке алу; профилактикалық ұйғарым жазу.
Алайда, заң жобасында осы шараларды жүзеге асырудың тәртібі мен механизмі көрсетілмеген.
2.7 Айыпталушыны іздестіру
Айыпталушыны іздестіру
тергеудің міндетті элементі емес.
Бұл функцияны жүзеге асырудың негізі
айыпталушының мекен-жайының
Көбінесе бұл айыпталушының тергеу және анықтау органдарынан қасақана жасырынуынан, істеген қылмысының жауапкершілігінен қашуға тырысуынан туындайды.
Бірақ та кейде айыпталушының мекен-жайы тергеушіге басқа да себептер бойынша белгісіз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да айыпталушыны іздестіру қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін толық орындау үшін, жасалған қылмыс үшін бұлтарпас жауапкершілік принципін жүзеге асыру үшін қажет.
Қарастырылып отырған функцияның формалары мен құралдары заңмен белгіленген істің мән-жайын зерттеу құралдарының, сондай-ақ, заңға және мораль нормаларына қайшы келмейтін, ақпарат алудың алуан түрлі процессуалдық емес құралдарының жиынтығы болып табылады. Бұл функцияы жүзеге асырудың нәтижелілігі айыпкердің мекен-жайын табумен айқындалады.
Тергеушінің айыпкерді табу үшін барлық шараларды қолдануы туралы заң талабы оны өз құзіретінің шегінде барлық мүмкін деген және қылмыстық-процессуалдық заңмен рұқсат етілген, іс барысында айыпталушының мекен-жайын анықтауға ықпал етуі мүмкін (бұл - кез келген тергеу әрекеттері, процессуалдық мәжбүрлеу, соның ішінде қылмыстың жолын кесу шаралары, сондай-ақ тергеушінің жекелеген тапсырмалары, анықтау органдарына берілетін тапсырмалар мен жолсілтеулер, көпшілік және жекелеген азаматтардың көмегіне жүгіну және т.б.) деген әрекеттерге баруға міндеттейді.