Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60
Тергеуші арнайы пайымдаулар (сараптама жүргізу мен мамандардың көмегі арқылы) және әртүрлі ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға кең мүмкіндікке ие [14, 301 б.].
Алдын ала тергеуде қолданылатын
ғылыми-техникалық құралдар мен тәсілдер
мақсатына қарай екі түрлі
болуы мүмкін: іздестіру (танымдық)
– олардың көмегімен
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында іздестіру сипатындағы қандай ғылыми-техникалық құралдарға қылмыстарды тергеу кезінде жол берілетіні туралы нақты нұсқау жоқ.
Бұл орайда қылмыстарды
тереу кезінде іздестіру
Егер ғылыми-техникалық
құралдарды пайдалану нысаны мен
әдісі қылмыстық процестің
Тергеу іс әрекеттері барысында анықталған немесе алынған фактілік мәліметтер дәлелдемелік маңызға ие болады, егер олар заңмен белгіленген нысанда бекітілген болса. Бекітудің әмбебап нысаны болып хаттама табылады, сонымен қатар заң дәлелдемелерді бекітудің басқа да құралдарын (кинофотосъемка, жоспарларды, схемаларды, іздердің орындарын жасау, бейне және аудио жазба) қолдануға жол береді.
Оларды қолдану тергеу іс-әрекеттерінің хаттамасында көрініс табуға тиіс. Бұл орайда нақты қандай техникалық құралдар қолданылғаны, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер, алынған нәтижелер көрсетілуге тиіс.
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау
Егер тергеушінің айыптау функциясын атқарытыны туралы пікірді іс жүргізушілердің басым көпшілігі қолдаса, тергеушінің бұл бағыттағы қызметінің көлеміне қатысты әр алуан пікір бар.
Кейбір авторлардың пікірінше, қылмыс жасады деп айыптау мыналарды қамтиды:
а) айыпталушыны әшкерелейтін және оның кінәсін айқындайтын жағдайларды көрсететін дәлелдемелер жинау;
б) айыпталушыға әртүрлі мәжбүрлеу шараларын қолдану: аллын алу шаралары, тінту, куәландыру және т.б.
в) сот алдында айыптауды негіздеу, айыпталушының кінәлігін сот алдында дәлелдеу арқылы оған жаза тайындау қажеттілігін негіздеу.
Айыптау құрамына қылмыстық істі қозғауды айыптаудың бастапқы кезеңі ретінде қосу ұсынысы бар.
Қылмыстық процесте үш функция бар: айыптау, қорғау, істі шешу. Айыптау мен қорғау бағыттылығы бойынша қылмыстық іс жүргізу қызметінің диалектикалық тұрғыдан бір-біріне қарама-қайшы түрі болып табылады және бір уақытта бір тұлғамен жүзеге асырыла алмайды, және белгілі бір кезеңде тергеуші соның бірін ғана, яғни айып таққаннан кейін айыптауды жүзеге асыра бастайды. Сонымен, қылмыстық іс қозғау және тұлғаны сезікті ретінде тарту айыптау болып табылмайды деген түйін жасауға болады.
Қылымстық қудалаудың құрылымы туралы мәселе басқа да шешімге жол береді. Дәлелдемелердің айып тағу маңызы тергеуші алдына қойылған мақсатпен емес, олардың объективті мазмұнымен шартталғандықтан, бұл іс әрекеттер айыптау емес, істің мән жайын зерттеу функциясының бір бөлігі ретінде қарастырылуға тиіс. Тінту мен куәландыру бұл дәлелдемелерді жиаудың тәсілі. Олар айыпталушыға қатысты да, басқа тұлғаларға қатысты да орын алуы мүмкін.
Тінтудің, куәландырудың нәтижелері айыпталушыны айыптап қана қоймай, оны ақтауы да мүмкін, оның кінәсін жеңілдететін жағдайларды белгілеуі де мүмкін.
Алдын алу шараларын қылмыстық қудалауға жатқызу даулы болып табылады. Өйткені оларды теңдей жағдайда тергеуші де, сот та қолданады. Қылмыстық істі қозғау да әрқашан айыптаудың басталуы болмауы мүмкін, егер іс қылмыс жасау фактісі бойынша қозғалса, бірақ сезікті мен айыпталушы сияқты процестің қатысушылары болмаса.
Тергеушінің айыптау функциясын жүзеге асыруының бір нысаны болып белгілі бір тұлғаны қылмыс жасады деп ресми айтылған күдігі табылады [15, 147 б.]. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сезікті ретінде қылмыс жасады деп күдіктеліп ұсталған адам танылады. Қылмыс жасады деп күдіктенудің заңдық көрінісі болып: ұстау хаттамасы, айып тағуға дейін бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабына сәйкес, тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты белгiленген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн жолын кесу шарасы қолданылған адам сезiктi болып танылады. Сезiктi ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуы тиiс.
Ұсталған сезiктi телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен дереу өзiнiң тұрған жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы хабарлауға құқылы.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, сезікті қылмыс жасады деп күдіктену бойынша сезіктіні ұстау туралы қаулы негізінде ұсталады, егер оны ұстау туралы шешімді тергеуші қабылдаса, ал іс жүзінде оны ұстауды осы шешімге сәйкес анықтау органы немесе басқа тергеуші жүзеге асырса.
Тәжірибе жүзінде бұл мәселе басқадай шешіледі: тергеуші қаулы шығармайды, ол анықтау органына немесе басқа тергеушіге жеке тапсырма жібереді, соның негізінде олар ұстауды жүзеге асырады.
Қылмыс жасады деп күдіктеліп кез келген ұсталған тұлғаға қатысты хаттама толтырылады, онда басқа жағдайлармен қатар қылмыс жасауға күдіктенуге негіз болған ұстау негіздері жазылады. Ұсталған адам ұстау хаттамасымен танысады, ол күдіктену мен ұстауға қатысты түсініктеме бере алады. Оның түсініктемесе хататмаға тігілуге тиіс.
Айып тағылғанға дейін тергеуші бұлтартпау шарасын қолдану туралы негізделген қаулы шығарады. Онда тиісті адам күдіктелетін қылмыс көрсетіледі және тиісті бұлтартпау шарасын қолдану негізі жазылады. Бұл қаулы оған қатысты шығарылған адамға жария етіледі.
Егер сезікті ұсталған болса немесе оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылса одан дереу жауап алынуға тиіс. Егер жауапты дереу алу мүмкін болмаса, сезікті ұсталған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жауап алынуға тиіс. Бұл орайда жауап алу барысында оған қандай қылмыс үшін күдік келтіріліп отырғаны айтылу керек, бұл туралы жауап алу хаттамасында тиісті белгі жасалады.
Сезікті нысанында айыптау
функциясын жүзеге асыру қылмыстық
іс бойынша шынайылыққа қол
Сонымен, процессуалдық сезіктенудің негізінде тұлғаны қылмыс жасады деп фактілі жүзінде күдік келтіру тұрады. Дей тұрғанмен, фактілік сезіктену қолданыстағы заңнама бойынша әруақытта заңдық тұрғыдан (процессуалды) көрініс таппауы мүмкін, өйткені ресми ретінде адамды ұстаумен немесе оған айып таққанға дейін бұлтартпау шарасын қолданумен байланысты күдіктену ғана танылады.
Фактілік және заңдық күдіктену арасындағы мұндай ара қатынас бірқатар жағымсыз салдарға алып келеді. Іс жүзінде сезіктелетін, бірақ ұсталмаған және бұлтартпау шарасы қолданылмаған тұлға процесте оған айып тағылғанға дейін кугер ретінде болады.
Бұған қоса, бұл орайда тұлға сезікті
құқықтарын пайдаланбайды, ол қылмыстық
жауапкершілікке тартылу
Тергеушінің айыптау функциясын жүзеге асыруының екінші және барынша тән нысаны болып адамды айыпталушы ретінде тарту табылады. Адамды айыпталушы ретінде тартудың толық жүйесін қалыптастыру үшін, сондай-ақ, айыпталушының алдын ала тергеудегі құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін, тұлғаны айыпталушы ретінде тартудың процесуалдық тәртібі төмендегідей іс-әрекеттерден тұруға тиіс:
- айыпталушының келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
- айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы шығару;
- айыпталушының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
- айып тағу;
- айыпталушыдан жауап алу;
- айыпты өзгеру және толықтыру.
Айып тағуға негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған жағдайда тергеуші айыпталушы ретінде тарту туралы негізделген қаулы шығарады. Онда ол тиісті адам айыпталатын қылмыс түрі, жасалған қылмыстың орны, уақыты және жағдайлары және тиісті қылмысқа жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң нормасын көрсетеді.
Заң әдебиеттерінде процессуалдық шешім қабылдауға шешімнің қажеттілігін растайтын жеткілікті дәлелдемелердің болуы емес, айыпталушымен белгілі бір қылмыс жасаған фактінің дәлелденгені есептелетініне назар аударылған [17, 14 б.].
Тұлғаны айыпталушы ретінде тартудың негізін осылайша түсінуді нақты деп таныған жөн, өйткені шешімнің негізі ретінде дәлелденгендік жеткілікті дәлелмелерден құралады, олардың болмауы тергеушіге тиісті қаулы қабылдауға құқық бермейді.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыны шығару сәтінде тергеу жүргізіліп жатқан іс-әрекет дәлелденуге тиіс: шынында да ол әрекет орын алды ма, шынымен де оны айыпталушы ретінде тартылғалы отырған адам жасады ма, бұл адамның іс әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, адамның қылмыстық жауапкершілігін жоққа шығаратын жағдайлар жоқ па деген сұрақтар шешілу керек. «Жеткілікті» деген түсінік құбылыстың сандық та, сапалық та қырларын қамтиды. Шешімнің негізіне қойылатын дәлелдемелер шынайы болуға тиіс, ал олардың саны дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жиынтықты құруға тиіс.
Қылмыстық процесуалдық заң дәлелдемелерді жинауға, тексеруге және бағалауға қатысты барлық ережелерді бірдей мөлшерде тергеуші мен сотқа таратады. Тергеу органы адамды айыпталушы ретінде тартуға қажетті дәлелдемелердің жеткіліктілігін анықтаған кезде айыпталушының кінәсінің дәлелденгені туралы мәселені шешу кезінде сот басшылыққа алатын талаптарға назар аударуға тиіс.
Айыпталушы ретінде тарту
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін дәлелдемелердің жеткіліктілігі туралы мәселені шешкен кезде тергеушінің ішкі сенімі маңызды рөлді иеленеді.
Адамды айыпталушы ретінде
жауапқа тарту кезіндегі
Дәлелдемелер істің барлық мән жайын жиынтығында жан жақты, толық және объективті қарастыруға негізделген ішкі сенім бойынша бағалануға тиіс. Ішкі сенім қылмыстық іс бойынша барлық маңызды шешімдер қабылдаудың ажырамас талабы болуға тиіс, олай болмаған жағдайда оларды қабылдаудың механикалық, формальды ұстанымының болу қаупі туындайды.
Тергеуші айыпталушы ретінде тартылып отырған адамның қылмыс жасағаны туралы түйінінің шынайылығына көз жеткізу керек. Бұл тергеушінің өз түйінінің дұрыстығына берік болуға тиіс екенін білдіреді, ол оның айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыда, айыптау қорытындысында нақты бекітіп, оны жоғары тұрған орган алдында қорғауға дайын болу керек.
Әрине, белгілі
бір адамның қылмыс жасағаны
туралы тергеушінің
Әдебиеттерде құқықтық
сана-сезім заңды қолдануды
Ол орынды сынға ұшыраған.
Өйткені дәлелдемелерді бағалауға
қатысты ондай ұстаным
Дәлелдемелерді бағалау кезінде заңнан басқа құқықтық сана-сезімді басшылыққа алу туралы нұсқау орынсыз деп есептейміз, ол айыпталуышының заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сай келмейді.