Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60
Бірінші жағдайда істің мән-жайын зерттеу тергеу аяқталғанға дейін жүргізіледі. Оның қорытындысының нәтижесінде (алдын ала тексеру аясында) айыптау функциясы (іс айыптау қорытындысымен прокурорға немесе медициналық сипаттағы күштеу шарасын қолдану туралы мәселені қарастыру үшін істі сотқа жіберу туралы қаулымен) немесе істі шешу функциясы (іс тоқтатылған кезде) толығымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер істің мән-жайын зерттеу күдіктің яки тұлғаны қылмыс жасаған деп айыптаудың негізсіздігін немесе айыпталушының жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлардың бар екенін көрсетсе, тергеуші айыпталушыны негізсіз айыптаудан қорғау шараларын қабылдайды.
Қылмыс туралы хабарламаларды қарастыру мен шешу функцияларын жүзеге асыру және істің мән-жайын зерттеу процесінде қылмыстық әрекеттің жалғасып жатқаны немесе олардың жасалу мүмкіндігі сақталғандығы мәлім болса, яки қылмыстың жасалуына мұрындық болатын мән-жай анықталған болса, тергеуші қылмыстың жолын кесу және аталған мән-жайды жою шараларын жүзеге асырады, сөйтіп, қылмыстың алдын алу функциясын жүзеге асырады.
Ең соңында, істің мән-жайын
зерттеу құралы арқылы қылмыспен
келтірілген материалдық
Істің мән-жайын зерттеу функциясының жүзеге асырылуы өз кезегінде басқа да функциялардың, көбінесе, айыптау мен қорғаудың жүзеге асуына байланысты болады.
Тергеушінің процессуалдық функцияларының өзара байланыстылығы олардың қатар, кейде, тіпті бірдей формада жүргізілуінен де көрінеді. Мысалы, айыптау, қылмыстың жолын кесу және алдын алу, материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету мен мүлікті тәркілеу бойыншы үкімді орындау, сондай-ақ істің мән-жайын зерттеу бір-бірімен қатар жүргізілуі мүмкін. Қорғау функциясы туралы да осыны айтуға болады. Айыпталушыны іздестіру тек қана оның мекен-жайы белгісіз болғанда да ғана жүргізіледі.
Бұл функцияны табысты түрде жүзеге асырмайынша, басқа да көптеген функциялар толығымен іске аспайды, мәселен, айыптау, материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету, істі шешу, ал кейде істің мән-жайын шешу, қылмыстың жолын кесу мен алдын алу сияқтылар жүзеге аспайды.
Істі шешу функциясы
басқа функциялармен тығыз
Істі тоқтату туралы қаулы істің мән-жайын зерттеуді ұшпаққа шығаратын жинақталған дәлелдемелердің қорытынды талдауынан тұрады (яғни, осы функцияның жүзеге асуы). Кінәлілік немесе кінәсіздік, кінәліліктің деңгейі, жауапкершіліктің формалары мен мөлшері туралы түйіндемеде айыптау, ал кейде қорғау функциясы жүзеге асырылады [9, 289 б.].
Ақталмайтын негіз бойынша іс тоқтатылған кезде қылмыс жасаған тұлғаның кінәлілігі туралы түйіндеме тұжырымдауда айыптау функциясы, ал қорғау функциясы айыптауды азайтатын немесе айыпталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайды анықтауда жүзеге асырылады.
Ақтау негізі бойынша іс тоқтатылған кезде істі шешу функциясымен бір мезгілде қорғау функциясы да жүзеге асырылады. Бірақ айыптау немесе қорғау тіпті де істі шешудің міндетті элементі бола алмайды.
Көбінесе, бұл функциялар қылмыстық іс күдікті немесе айыпталушы жоқ, қылмыс оқиғасы болмағандықтан тоқтатылғанда, көптеген басқа функциялар сияқты, істің мән-жайын зерттеу және істі шешу функциясынан басқасы, жүзеге аспайды.
Тергеуші өзінің функцияларын процесстің басқа да қатысушыларымен өз ара әрекеттесе отырып жүзеге асырады, олардың рөлдері арнайы тағайындау (куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер), яки олардың дербес процессуалдық мүдделілігі арқылы анықталады.
Процесске қатысушылардың аталған рөлдерін тәптіштей қарастырмай-ақ, олардың тергеуге қатысуы нәтижелі сипатқа ие екенін атап өту қажет. Олар қандай да бір формада болмасын істің мән-жайының қойылуына және оның дұрыс шешілуіне ықпал етеді.
Қорғау функциясын жүзеге асырушы айыпталушы мен қорғаушының рөлдері көбінесе үндес болып келеді. Тіпті айыпталушы үшін қорғау функциясы мен тергеушіге мән-жайды анықтауда жәрдем беру функциясы факультативтік болып табылады.
Қорғаушы тек қана қорғау функциясын жүзеге асырушы, және осы функцияның аясында ғана әрекет ете отырып, істің мән-жайын анықтау мен оның дұрыс шешілуіне атсалысады. Істің мән-жайын зерттеудегі алдын ала тергеуде процесске мүдделі қатысушылар және олардың өкілдері белсенді түрде қатыса алады.
Олар тікелей дәлелдемелерді көрсетуге, сондай-ақ куәлардан жауап алу жөнінде қолдау білдіруге, экспертиза жүргізуге және дәлелдеме жинау бойынша басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы.
Заң сараптама жүргізудің мүмкіндігін қарастырған (сараптама тағайындалғаны туралы қаулымен танысу, қосымша сұрақтарына сарапшыдан қорытынды алу, сараптама қорытындысымен танысу, сарапшыға қарсылық білдіру құқығы және т.б.). Тексеру жүргізген кезде тергеуші айыпталушыны, күдіктіні, жәбірленушіні, куәні қатыстыруға құқылы, сөйтіп, оларды істің мән-жайын зерттеудің белсенді қатысушыларына айналдырады [10, 173 б.].
Тінту мен алу кезінде аталған тұлғаларды қатыстыру мүмкіндігі туралы заңда көрсетілмеген. Алайда, көрсетілген норманың мазмұны мен тағайындалуы тұрғысынан бұл қатысушыларды үйлесімділікпен тінту мен алу процессіне қатыстыруға болады. Материалдық шығынның көлемі мен сипатын анықтау кезінде жәбірленушінің өзінің көмегін пайдалануға болады (азаматтық талапкерді).
Тергеушінің процессуалдық функцияларының табысты орындалуының маңызды алғышарты – алдын ала тергеудің қатысушыларына, қылмыстық процесстегі олардың рөлдері сәйкес келетін және тергеушінің міндеттері мен функцияларын хабарландырып тұратын белгілі бір процессуалдық міндеттерді
жүктеу.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес, ттергеу функцияларын атқаратын тергеуші өз құзыреті шеңберінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамы. Қылмыстық процесте тергеуші бір-ақ функция атқарады. Ол функция – қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу. Осыған сәйкес тергеушінің негізгі міндеті - қылмысты тез арада және толық ашу, қылмыс жзасаған адамды тиісті жауапкершілікке тартып, оның сотқа берілуін қамтамасыз ету болып табылды.
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру
Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру қылмыстық процесстің дербес сатысы, ол теорияда қылмыстық істің қозғалуы деп аталады. Алайда, бұл сатыдағы дербестік кедергі жасамайды, керісінше, оны қылмыстық істі қозғау билігіне ие процесске қатысушының, көбінесе, тергеуші қызметінің негізгі бөлігі ретінде қарастыруды білдіреді.
Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды алдын ала тергеу қылмыстық-процессуалдық өкілеттілігі заңмен белгіленген тұлғаның қызметі болып табылады, ол қылмыстық істі қозғау немесе басқа да шаралар қолдану туралы дер кезінде әрі мәселелердің дәлелді шешілуі үшін қылмыс белгілерін немесе басқа да мән-жайларды ашуға бағытталған.
Прокурор, тергеуші және анықтау органы өз құзіреттерінің шегінде қылмыстың белгісі кездескен әрбір жағдайда қылмыстық іс қозғауға міндетті [11, 15 б.]. Қылмыстық іс қозғау қылмыстық сот ісін жүргізудің дербес және жауапты сатысы.
Дер кезіндегі және дәлелді қылмыстық істің қозғалуы қылмысты тез және толық ашу мен тергеудің, ақыр соңында соттың заңды және дәлелді үкім шығаруының қажетті алғы шарты.
Қатаң заң талабымен шығарылған қылмыстық іс қозғау туралы қаулы айыптаудың сипаты мен көлемін, қылмыстың жолын кесудің белгілі түрін таңдауды, қылмыстың заңдық бағасын және қылмыстық сот ісін жүргізудің басқа да компоненттерін алдын ала белгілейді.
Анықтау органдары мен алдын ала тергеу тарапынан жіберілетін көптеген заң бұзушылық, азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін шектеу қылмыстық іс қозғау туралы мәселенің шешіміне асығыс, көп жағдайларда жауапсыз қарағандықтан туындап жатады.
Бұдан басқа, кейбір тергеушілер
мен прокурорлар маңызды
Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру (тексеру) институты жайлы түрлі пікірлер айтылады. Көбінесе, аталған институтты алып тастау керектігі ұсынылады, оның себебі, мұндай тексеру тергеу элементтерінде қарастырылғандығын айтады.
С.Бажанов қылмыстық істі қозғау сатысындағы тексеру әрекеттері мағынасыз әуре-сарсаң мен шектен тыс сақтыққа саятын қылмыстық-процессуалдық заңның анахронизміне алып келетініне сенімді. Қылмыстық істі себеппен қозғау қажет, егер, әрине онда қылмыс белгілерін көрсететін мәліметтер болса. Қылмыстық істі қозғау актісін тергеу жүргізу ісінің құқықтық негізі деп бағалау қажет, оны зерттеліп отырған әрекетпен міндетті түрде, асығыс байланыстырмау керек.
Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру (тексеру) институтының арқасында алдын ала тексеру мен сотқа дейін қылмыс құрамы жоқ әрекеттер туралы көптеген арыздар мен хабарламаларға барлау жүргізілмейді.
Тергеу мен сот органдары, заңмен белгіленген сүзгіден өткізу процедурасының арқасында, артық жұмыстан арылады. Бұл жағдайдың ең басты артықшылығы арыздарда, хабарламаларда жеткіліксіз мәліметтер көрсетіліп, қылмыс жасаған-мыс деп тұлғаның құқығын шектейтін шаралар жүйесі іске қосылмайтындығында.
Қылмыстық-процессуалдық заңда қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздері, сондай-ақ қылмыстық істі қозғауға қарсылық білдірудің негіздері белгіленген. Заң қылмыс туралы түрлі сипаттағы арыздар мен хабарламаларды, сондай-ақ, анықтау органымен, тергеушімен, прокурормен немесе сотпен тікелей анықталған қылмыс белгілерін қылмыстық істі қозғаудың себептері деп есептейді.
Тергеуші кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдауға және арыздар мен хабарламалар алынған күннен бастап, олар бойынша 3 тәуліктен аспайтын уақыт ішінде шешім қабылдауға міндетті, тек ерекше жағдайда ғана 10 тәуліктен аспайтын уақыт беріледі. Осылайша, қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды алдын ала тексеруге мыналар кіреді деп айтуға болады:
1) қылмыстық істі қозғаудың себебінің заңдылығын тексеру;
2) қылмыстық істі қозғаудың негізін анықтау;
3) іс жүргізуді жоққа
шығаратын мән-жайлардың бар
екенін немесе жоқ екенін
Келіп түскен арыз немесе хабарлама бойынша мына шешімдердің бірі қабылдануы қажет:
1) қылмыстық істің қозғалуы туралы
2) қылмыстық істің қозғалуына қарсылық туралы;
3) арыздар мен хабарламаларды тергеуге немесе сотқа жіберу.
Қылмыстық істі қозғаудың себебі мен негізі болған жағдайда тергеуші қылмыстық істің қозғалуы туралы қаулы шығарады, әдетте ол заңда көрсетілген белгілі бір талаптарға жауап беруі қажет, бірақ тергеу қызметкерлерінің пікірлерін ескере отырып, процессуалдық акт ретіндегі қылмыстық іс қозғау туралы қаулының талаптарына бірнеше қосымша енгізу туралы ұсыныс бар екенін айту қажет.
Ол мынадай:
а) толық, яғни онда жасалған қылмыстың орыны, уақыты, басқа да мән-жайлар туралы мәліметтер болу керек;
б) негізді, яғни нақтылы бір тұлғаның, егер, әрине, бұл тұлға жөнінде мәліметтер болса, нақтылы қылмыс жасағанын дәлелдейтін мәліметтер болу керек;
в) анықталған, яғни, қаулыда жасалған қылмыс туралы (дайындық, қылмыс қастандылығы) нақтылы, балама емес, заңды, материалдық және процессуалдық құқықтың нақтылы нормаларының сілтемелері көрсетілген тұжырым жасалуы керек.
Қылмыс белгілерінің бар, жоқ екені, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жоққа шығаратын мән-жайлардың бар екені туралы тұжырым нақтылы мәліметтерге сүйеніп анықталған болу керек.
Қылмыс белгісі бар екендігі туралы болжам еркін түрде жасалмауы керек. Ол қылмыс белгілерін көрсететін нақтылы мән-жайлар анықталған болса ғана негізді және заңғы сыйымды бола алады.
Ал бұл мән-жайлар оларды көрсететін мәліметтер жеткілікті болған кезде ғана анықталған болып саналады.
Бұлай болмаған жағдайда қылмыстық істі қозғаудың негізділігін қамтамасыз етуге кепілдік беру мүмкін емес.
Қылмыстық іс қозғау жөнінде айта отырып, бұл мәселенің, бір жағынан - қылмыс белгілері туралы, екінші жағынан - қылмыстық істі қозғау туралы мәселені негізді түрде шешуді қамтамасыз ететін мәліметтер саны туралы, екі аспектісін ажырата білу керек.