Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60

Файлы: 1 файл

Самат.doc

— 430.00 Кб (Скачать)

Біз тергеушінің іздестіру  функциясын кеңірек қарастыруды  ұсынамыз, бұл тек қана жасырынып  үлгерген айыпталушыны іздестіру шаралары ғана емес,  бұған  тергеуден  жасырынудың  алдын алу үшін қылмыстың жолын  кесу шарасын таңдау  жағдайында қолданатын, қамауға алуға қатысы жоқ шараларды қосуға ұсыныс жасайды, атап айтқанда:

1) жауап алу кезінде  айыпталушыны зерттеу, оның байланыстарын,  туыстарын, қоршаған ортасын (үй  жанындағы көршілері, жұмыстағы  әріптестері, учаскелік полицейден алынған мәліметтер және т.б.) зерттеу; бұндағы мақсат – айыпталушының тергеуден жасырыну ниетін анықтау және осы ниетін жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау;

2) қадағалау туралы  мекен-жайына рапорт жіберу. Рапорт  тіркелген жеріндегі немесе нақтылы  мекен-жайындағы полиция бөлімінің бастығына азаматты  ҚК-тің (қандай да бабы көрсетіледі) бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту  және оған тергеуден жалтаруды  болдырмау бойынша қажетті шара қабылдау үшін қылмыстың жолын кесу шарасы (қандай) кесілгені туралы хабарлама жіберіледі. Сонымен бір мезгілде полиция бөлімінің  құжаттандыру бөлімінде күзет парақшасы қойылады, яғни тергеушіні хабардар етпей тұрып, айыпталушыны тіркелген жерінен шығармау үшін. 3) айыпталушыны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі хабарлама оның жұмыс орнындағы  (егер ол жұмыс істесе) кадрлар бөліміне жіберіледі. Хабарламада тергеушіге айыпкердің жұмыстан кетуі немесе жұмысқа келмеуі жайында дереу хабарлау туралы, сондай-ақ айыпталушыны сот ісін жүргізу кезінде іссапарға жібермеу туралы ұсыныс жазылады. Іссапарға кеткен жағдайда оның барған жері мен қанша күнге кеткені туралы дереу тергеушіге хабарлау қажет;

4) айыпталушының тіркелген  жері бойынша (приписка) әскери  комиссариатқа қылмыстық жауапкершілікке  тартылуы туралы, оның әскер қызметіне немесе әскери жиынға шақырылуын кейінге қалдыру туралы ұсыныс жасап, хабарлама жібереді.

5) азаматтың қылмыстық  жауапкершілікке тартылғаны туралы  хабарды құжат-визалық қызметке  де жібереді, айыпкер шет елдік  төлқұжат рәсімдеген жағдайда  бұл туралы дереу тергеушіге хабарлауды өтінеді;

6) егер айыпталушы  қашқын немесе эммигрант мәртебесінде  болса, онда оның қылмыстық  жауапкершілікке тартылғаны туралы  Көші-Қон қызметіне хабарлайды, айыпталушының  мекен-жайының өзгергені және  қай жақта жүргені туралы дереу тергеушіге хабарлауын  сұрайды;

7) шекарадан асып кетпеудің  алдын алу үшін азаматтың қылмыстық  жауапкершілікке тартылғаны туралы  кедендік және шекаралық бақылау  қызметтеріне де хабарлама жібереді.

Айыпталушыны іздестіру  шараларын қабылдау үшін іздестіру туралы арнайы хабарлама жасаудың қажеттілігі талап етілмейді, бұл тергеушінің жасырынып жүрген айыпталушыны табудың жалпы әрекетіндегі бір ғана шарасы.

Егер тергеушіде айыпталушының  мекен-жайын анықтаудың басқа да құралдарына (белгілі бір тұлғалардан жауап алу, хат-хабарламаларға тиым салу, тергеу жолымен мүмкін деген мағлұматтарды тексеру) сенімі мол болған жағдайда ол іздестіру жарияламай-ақ қоюына болады немесе қажет болған кезде, кейінірек жасауына болады. Алайда, іздестіру жариялаудың дұрыстығы және қажеттілігі туындаған кезде, тергеуші істің тоқтатылу сәтін күтпей-ақ, бұл шараны қолдануы қажет.

Егер тергеуден жалтару  әрекетінің алдын алуға бағытталған  профилактикалық шаралар жемісті  нәтижеге жеткізбеген болса, онда тергеуші жасырынып жүрген айыпталушыны іздестіруге бағытталған  мынадай процессуалдық іс-қимылға көшуі керек:

1) айыпталушының туыстарынан,  көршілерінен, әріптестерінен, қызметтестерінен, қызмет істеп жүрген жеріндегі  техникалық жұмыс атқарушылардан  оның қайда жүргендігі туралы жауап алу керек. Жауап алу кезінде  оның қажетті мәліметтерді білуі мүмкін  таныстарын барынша кең қамту қажет;

2) қаулы шығарып, тінту  жүргізу керек (тұрған жері  бойынша айыпкерге, оның отбасына, туыстарына, қажет болған жағдайда  басқа да тұлғаларға). Мақсат – айыпкердің тұрғылықты жерін анықтау.

3) айыпталушының тергеуден  жалтаруға бағытталған, қасақана  істеген әрекеті анықталған жағдайда, алдын ала тергеудің мерзімі  аяқталғанын күтпей-ақ, жасырынған  айыпталушыны іздестіру хабарламасы  туралы қаулы шығарып, оны жүзеге асыру үшін  анықтау органдарына жіберу керек;

4) егер қылмыс жасауға  қатысы бар деп күдіктенген  тұлға айып тағылғанға дейін  жасырынса, және де айып тағуға  негіз болатын айғақтар жеткілікті  болса, қылмыстық жауапкершілікке  тарту (сырттай) туралы қаулы шығарып, оған қылмыстық істің жолын кесу шарасын қолдану қажет. Егер айыпталушы оған айып тағылғаннан кейін және бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ қылмыстың жолын кесу шарасы қолданылғаннан кейін жасырынса, қылмыстың жолын кесу шарасын өзгерту туралы мәселені шешу қажет;

5) қаулы шығарып, туыстарына, таныстарына жолданған пошта-телеграфтық  хабарламаларға тиым салу қажет; 

6) жинақ немесе коммериялық  банктердегі депозитті, ағымдағы  немесе басқа да шоттардағы  ақшаны анықтап, осы шоттарға  тиым салу қажет;

7) туыстарының, жақын  таныстарының және басқа да  тұлғалардың телефон арқылы сөйлесулерін  тыңдауды ұйымдастыру туралы  жекелеген тапсырмалар беру керек; 

8) алдын ала тергеу  мерзімі аяқталған соң, айыпталушы  табылмаған кездегі барлық мүмкін  деген тергеу әрекеттерінің орындалуы жағдайында және оны іздестірудегі барлық шаралар қолданылған жағдайда іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығару керек.

Іздестіруді жариялау шын  мәнінде анықтау органдарының тапсырмасы (жергілікті іздестіру жариялау кезінде бір адамға немесе топқа, ал бүкілресейлік іздестіру жариялау кезінде осылардың барлығына). Бірақ азаматты іздестірудің, ол қылмыс жасауға қатысты болса да, нақтылы бір құқықтық салдарлары, сондай-ақ әжептәуір материалдық шығыны да бар, заң шығарушы іздестіруге хабарлама жасау туралы шешімнің негізділігін ерекше кепілдік ретінде қаулығы енгізуді анықтады (алдын ала тергеуді тоқтату туралы және іздестіру жариялау немесе арнайы қаулы шығару).

Іздестіру жариялай отырып, тергеуші қаулыға іздестіріліп отырған  тұлға туралы іздестіруді  тиімді жүзеге асыруға қажетті барлық мәліметтер түзілген анықтау қағазын тіркеп, оны анықтау органдарына жібереді [25, 47 б.].

Заңда көрсетілген негіздер болған кезде, тергеуші іздестірілушіге  қатысты қылмыстың жолын кесу шарасын , соның ішінде қамауға алу туралы прокурордың санкциясын да таңдай алады. Қылмыстың жолын кесу шарасының дұрыс таңдап алынуы айыпталушының тергеуден және іздестіру аяқталған кездегі соттан жалтармауының қажетті алғышарты болып табылады. Қылмыстың жолын кесу шарасы туралы қаулы айыпталушыға іздеу жариялаған қаулыға қоса тігіледі.

Егер іс барысында  айыпталушының соттан қасақана жасырынып  жүргені мәлім болса, онда мұндай тұлғаға қылмыстың жолын кесудің  қамауға алу шарасын таңдап алу  тергеушінің құқығы ғана емес, ол оның міндеті де болып табылады.

Бүкілресейлік іздестіру  жарияланған және қылмыстың жолын  кесу шарасы ретінде қамауға алу  таңдап алынған айыпталушы тергеу ісін жүргізу орнында емес, басқа аумақта  анықталып және ұсталуы мүмкін.

Айыпталушыны тергеу ісін жүргізу орнына дер кезінде жеткізуді қамтамасыз ету үшін, қылмыстың жолын кесу шарасымен қоса бірмезгілде қаулы шығарып және аумақтан тыс жерде ұсталған айыпталушыны тергеу ісін жүргізу орнына  жеткізу туралы прокурордың санкциясын алу қажет. Қаулы прокурордың санкциясымен рәсімделіп, іздестіру жариялау туралы қаулыға қоса тігіледі.

Іздестіру жариялау туралы қаулыға, сондай-ақ, айыпталушының заңды  мүддесі мен құқықтарын қамтамасыз ететін, осы тұлғаны айыпталушы ретінде  тану туралы қаулы да қоса тігіледі.

Осылайша, айыпталушыға бүкілресейлік іздестіру жариялау кезінде тергеуші іздестіру қаулысына  тұлғаны айыпталушы ретінде тану туралы қаулының көшірмесін, қылмыстың  жолын кесу шарасының анықталғаны  туралы қаулының көшірмесін, оның этапталғаны  туралы қаулының көшірмесін (қамауға алу анықталса) және,  ең соңында, іздестірілушінің жеке басы туралы анықтаманы қоса тігеді.

Айыпталушы жасырынып  жүрсе немесе басқа да себептерге байланысты оның мекен-жайы анықталмаған болса, алдын  ала тергеудің мерзімі  аяқталған соң, бұл іс тоқтатылады.

Іс жүргізу тоқтатылған  соң тергеуші анықтау органдарына  мынадай құжаттарды кешіктірмей  жіберуге міндетті:

1) қылмыстық істің  тоқтатылғаны туралы қаулының  көшірмесін;

2) айыпталушыны іздестіру  туралы қаулының көшірмесін (егер  ол бұрын жіберілмеген болса);

3) айыпталушының жеке  басы туралы анықтаманы;

4) айыпталушы ретінде  тану туралы қаулының көшірмесін; 5) қылмыстың жолын кесу шарасының  анықталғаны туралы қаулының  көшірмесін.

Процессуалдық тергеу іс-қимылдарымен бірге тергеуші бірмезгілде іс тоқтатылғанға дейін де, тоқтатылғаннан кейін де айыпталушыны іздестіруге бағытталған мынадай іс-шаралар орындай алады:  айыпталушы ретінде танылған адамның басқа да қылмыстық іске қатыстылығы туралы  анықтама сұрайды; ауыру  және аурухана жату фактісін  шығарып тастау үшін емдеу мекемелерінен анықтама сұрайды; өлім фактісін шығарып тастау үшін мәйітханалардан анықтама сұрайды; некеге тұруына байланысты ата-жөнін өзгерту, жәй аты-жөнын өзгерту, және өлім фактісін шығарып тастау үшін ЗАГС-тен анықтама сұрайды; айыпталушының ол жерде бар яки жоқ екені туралы фактіні шығарып тастау үшін қабылдау-тарату орындарынан (приемники-распределители) анықтама сұрайды; айыпталушының қайда жерде болуы мүмкін деген сұрақпен тұрғылықты жері бойынша құжаттандыру мекемесінен анықтама  сұрайды; шетелдік құжатының болуы туралы анықтама сұрайды; кедендік бақылау мен кедендік  бақылау қызметтерінен шекара асып кету фактісін шығарып тастау үшін анықтама сұрайды; әскери қызмет немесе әскери жиынға шақырылу фактісін шығарып тастау үшін әскери коммисариаттан анықтама сұрайды; айыпталушының мерзімдік жалдамалы жұмысқа кету фактісін шығарып тастау үшін жұмыспен қамту қызметінен анықтама сұрайды; сөйлесулердің жазбаларын алу үшін телефон станцияларынан анықтама сұрайды; айыпталушының шетелде екендігі анықталса, анықтау органына Интерполдың Ұлттық Орталық  бюросының бастығының атына осы тұлғаны іздестіру туралы өтініш жіберу туралы тапсырма беріледі; қажет болған жағдайда теледидар, радио және басқа да ақпарат құралдары арқылы халыққа хабарланады.

Алайда, тергеу нәтижесінде  басталған іздестіру іс-шаралары дұрыс нәтиже беретіндігіне негіз  бар деп саналса, іс жүргізуді  тоқтатпау және іздестіруді аяқтау үшін тергеуші тергеу мерзімін ұзарту туралы қолдаухат жазуға құқылы.

Айыпталушыны іздестіру қылмыстық жауапкершілікке тартылу мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады. Мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған  іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.

Егер қылмыс жасаған  тұлға терегуден немесе соттан жасырынып  жүрген болса  өтіп кеткен мерзім ағымы тоқтатылады. Бұл жағдайда өтіп кеткен мерзім ағымы тұлға ұсталған  немесе кінәсін мойындап өзі келген сәттен бастап қайта қалпына келтіріледі. Мұндайда қылмыс жасалған уақыттан бастап  мерзім ағымы өтіп кеткен болса, тұлға қылмыстық жауапқа тартыла алмайды.

 

 

2.8 Қылмыстық  істі шешу

Қылмыстық істі шешу функциясының мәні мемлекеттің құзіретті органының  белгіленген тәртіпте және заңғы  сәйкес негізгі үш мәселе бойынша  түпкілікті шешім қабылдауы болып  табылады:

1) қылмыс құрамының  және қылмыс оқиғасының бар  (немесе жоқ) екені туралы;

2) белгілі бір тұлғаның  немесе тұлғалардың осы қылмысты  жасаудағы кінәлілігі (немесе кінәсіздігі)  туралы;

3) кінәлілердің жауаптылығының  формасы мен деңгейі туралы.

Тергеуші жеткілікті негіз болған кезде істі тоқтата  алады, ал істі тоқтату дегеніміз шын мәнінде істің шешілуі болып табылады. Соттың заңды күшіне енген үкімі тәрізді іс тоқтату туралы тергеуші қаулысы да қылмыстық сот ісін жүргізудің қорытынды актісі болып саналады. Үкім сияқты, бұл қаулы да бірқатар маңызды құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және басқа да салдарлар туғызады.

Тергеуші қылмыстық  істі шешу функциясын тар шеңберде жүзеге асырады: ол қылмыстық істі тек  қана негіздер бойынша және заңда  қарастырылған тәртіп бойынша ғана тоқтата алады. Тергеу аяқталған  соң қылмыстық істің  айыптау қорытындысын жасау тек қана сотпен шешіледі. Қылмыстық  істі тергеу медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану мәселесін қарастыру үшін сотқа жіберу туралы қаулы шығарумен аяқталған болса, бұндай қылмыстық істі де  сот шешеді.

Қолданыстағы заң бойынша тергеуші қылмыстық іс жүргізуді алып тастайтын мән-жайларды анықтаған соң  қылмыстық істі тоқтатуға міндетті. Егер айыпталушы бұған қарсы болса, мерзімі өтіп кетуіне байланысты, кешірім (амнистия) актілерінің нәтижесінде, сондай-ақ жекелеген тұлғалардың кешірім жасауларына байланысты істі тоқтатуға тиым салынады. Мұндай жағдайда іс жүргізу әдеттегідей тәртіпте жүргізіледі.

Информация о работе Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы