Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60
Алтыншыдан, қылмыстық
істің жүргізілуі, қылмыстық процесстің
дамуы қылмыстық-процессуалдық
Тергеушінің процессуалдық функциялары сот ісін жүргізу мен тергеушінің құқықтық жағдайының арасындағы міндеттерді байланыстыратын өзгеше буын болып табылады. Ізінше, логикалық түсініктің бірізді қатарын түзуге болады, олардың әрқайсысы келесінің қажеттілігін тудырады: қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттері – тергеушінің қылмыстық-процессуалдық қызметін, қылмыстық-процессуалдық функциялар – тергеушінің процессуалдық өкілеттілігінің қажеттілігін тудырады.
Жетіншіден, айыптау функциясын айыпталушы ретінде жауапқа тартылған тұлғаның қылмыс жасағанын әшкерелеуге, оған тиісті жаза шарасын қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған, яки қылмыс жасалған кездегі әшкерелеуге және соттауға бағытталған қызмет түріндегі процессуалдық әрекеттердің жиынтығы деп қарастыруға болады.
Қылмыс жасаған тұлғаны айыптау үшін жеткілікті дәлелдердің бар екені туралы тергеуші тұжырымын материалдауға ынталы арнайы институттың бар екенін жоққа шығару өте күрделі. Бұл институтты қолдану айыптау функциясын құрайды.
Қорғау функциясы айыптауды
теріске шығаруға, айыпталушының
кінәсіздігін қалпына келтіруге
немесе оның жауаптылығын жеңілдетуге
бағытталған процессуалдық
Тіпті бұл инстиут тергеу орындарының да алдында тұрған мынадай міндеттердің жетістігіне қызмет етуге борышты: әрбір қылмыс жасаушы әділ жазаға тартылып және бірде бір кінәсіз қылмыстық жауапқа тартылмай және жаза кесілмеу үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету. Тергеуші қызметіндегі қорғау функциясы процессуалдық шешім қабылдауда қандай да бар дәрежедегі айыпталушыны (күдіктіні) оңалтудан немесе оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайдың бар екендігі туралы шешім шығарудан, яғни, азаматтарды негізсіз айыптаудан және қылмыс жасады деген күдіктен арашалаудан тұрады. Заңда бұл функцияның тікелей көрсетілмеуі тергеушінің айыптау мен қорғауды жүзеге асыруына қарсы дәлел бола алмайды. Көптеген ғылыми ұғымдар жинақталған, жалпыланған сипатты білдіреді.
Сегізіншіден, қылмыстық істі шешу функциясының орындалуы да жоғарыда санамаланған үш функциялар сияқты тергеуші қызметіне жатады. Бұл функцияны мойындау тергеушіге соттық функция тиесілі, яки сот төрелігін жүзеге асыру деген тұжырымға әкелмеуі керек, бірақ та қылмыстық істің түрлі шешімін сот төрелігін жүзеге асырумен теңестіруге болмайды. Сот төрелігі бұл – істің сотпен шешілуі. Негіз болған кезде және заңмен белгіленген тәртіпте қылмыстық істі тергеуші мен прокурор тоқтата, яғни шеше алады.
Қылмыстық істің тоқтатылуы туралы қаулы қылмыстық істің шешілуінің бір формасы ретінде қарастырылады. Істің шешілуі тергеушіге өте тар шекте ғана тән: қылмыстық істің тоқтатылуы, кейбір жағдайларда істің тек прокурордың келісім арқылы ғана тоқтатылуы формасында. Тергеуші қызметіндегі санамаланған бағыттар қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қарау мен шешуді, материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету мен мүлікті тәркілеуді, қылмыстың алдын алу мен болдырмауды, айыпталушыны іздеуді тергеушінің процессулдық функцияларынан сырт қалдырады.
Тоғызыншыдан, тергеушінің процессуалдық функциялары бір-бірімен өзара байланысты. Бұл байланыс, біріншіден, белгілі бір функцияның басқаның нәтижесімен үйлесімділігінен, екіншіден, бірнеше функциялардың бір мезгілде жүзеге асуынан көрінеді. Алдымен өзара байланыстылық мынадан көрінеді: қылмыс туралы өтініштерді немесе хабарламаларды қарастыру мен шешу функциясын жүзеге асырудың нәтижесіне байланысты істің мән-жайын зерттеудің қажеттілігі туындауы да, туындамауы да мүмкін. Бұл хабарламаны шешу үшін қылмыс белгісінің бар яки жоқ екені туралы мәселеге жауап беруге мүмкіндік беретін тексеру жүргізген уақытта болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Гаврилов Б. О процессуальной самостоятельности следователя: история, реальное состояние, перспективы развития // Право и политика,2001. - №2 – с. 92-99.
2 Патсаев У. Предварительное следствие в Республике Казахстан: проблемы и возможные пути повышения роли следователя // Предупреждение преступности, 2006. - № 4. – с. 37-40.
3 Ларин А.М. Процессуальные гарантии и функция уголовного преследования.//Сов. государство и право, 1975. - №7. – с.74-83.
4 Кусаинов Ш. Личность обвиняемого как субъект уголовно-процессуальных отношений // Фемида, 2003. -№1. – с. 38-42.
5 Мельников В.Ю. Следователь и дознаватель в уголовном процессе // Уголовное судопроизводство, 2008. - №4. – с.3-6.
6 Ерешев Е. Қылмыстық іс жүргізу: жалпы бөлім оқулық. – Алматы: «Өлке», 2006. – 213 б.
7 Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан [Текст] / Б.Х. Толеубекова. - Алматы : Баспа, 1998. - 432 с.
8 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. -Алматы: «Жеті Жарғы», 2009. - 45 б.
9 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы [Лексиялар жинағы] / Тәшібаев Қ.Ө., Тәшібаева А.Қ. - Караганда : Болашак - Баспа, 2009. - 545 с.
10 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Жалпы бөлім. – Алматы, «Жеті Жарғы», 1999. - 327 б.
11 Кенжебекова Э.П. Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелері: з.ғ.к. кандидат. диссерт. автореф. - А., 2006. – 20 б.
12 Наурызова А.А. Понятие и значение уголовно-процессуальной формы // Право и государство, 2006. -№4. – с. 332-334.
13 Мусенова Э. Предмет и пределы доказательства по уголовному делу // Право и государство, 2007. - №3. – с. 145-148.
14 Нұрмашев Ү.Ө. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы: жалпы және ерекше бөлімдер: оқу құралы. Алматы: «Жеті Жарғы», 2008. – 368 б.
15 Алауханов Е.О., Оразалиев М.М. Айып тағу және айыптау қорытындысын түзу: монографиялық зерттеу. – Алматы, 2003. – 175 б.
16 Оспанов С. Подозреваемый по УПК Республики Казахстан // Фемида, 2002. -№4. – с. 25-26.
17 Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасы Конституциясы қылмыстық заңдардың қайнар көзі // «Конституция: тұлға, қоғам және мемлекет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы, 2005. - 15-17 бб.
18 Мамытов Б. По вопросу совершенствования уголовного, уголовно-процессуального законодательства Республики Казахстан // Фемида, 2001. - №5. – с. 7-10.
19 Хисматуллин И.Г. Проблемные вопросы взаимодействия дознавателей и следователей органов внутренних дел // Современное право, 2007. - №8. – с. 101-103.
20 Ережепов Н. Некоторые проблемы судебных прений по уголовно-процессуальному законодательству Республики Казахстан // Фемида, 2001. -№3. – с. 22-24.
21 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі: жалпы бөлім. - Алматы: «Жеті Жарғы», 2009. – 450 б.
22 Баженов В.Б. Процессуальные формы взаимодействия следователя и органов дознания // Закон и право, 2008. - №11. – с. 63-65.
23 Садыков С. Алдын ала тергеу сатысында
тергеушінің жауап алу функциясы // Әділ
сот, 2009. - №1. -10-11 бет.
24 Тұрғанов Ө. Жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу барысындағы жариялылықтың маңызы // Заңгер, 2010. - №3(104). - 60-63 бб.
25 Тұрашев Е. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тексеру әрекеттері жөніндегі кейбір мәселелер //Заң және Заман, 2007. - №6. - 46-47 бб.
26 Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 24 тамызындағы № 858 Жарлығы // Егемен Қазақстан, 2009. – 5 шілде.
27 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: «Жеті Жарғы», 2007. – 22 б.