Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60

Файлы: 1 файл

Самат.doc

— 430.00 Кб (Скачать)

Қылмыстық істі қозғау үшін негізділіктің  немесе бұл жөнінде қарсылықтың  бар екенін анықтай отыра, тергеуші маманның көмегін пайдалануға құқылы.

Бұл заңмен қарастырылған, тергеушінің  қажетті материалдарды талап ету құқығынан туындайды.

Тәжірибеде тергеушілер материалдық  шығынның көлемін, дене жарақаты ауырлығының  сипаты мен мөлшерін анықтау үшін, көлік құралының техникалық жағдайын зерттеу үшін, заттың есірткіге  қатыстылығын, және т.б. анықтау үшін маманның көмегін кеңінен пайдаланады.

Мамандар жасаған анықтамалар, актілер қылмыстық істі терең  негізде қозғауға мүмкіндік береді. Олар эксперттің қорытындысымен теңестірілмейді және айғақ ретінде басқа құжаттар категориясына жатқызылады.

Келіп түскен арыздар  мен хабарламалар бойынша қажетті  материалдар талап етілуі  және түсініктеме алынуы мүмкін, алайда, тергеу әрекеттерінсіз. Сол кезде  қылмыстық іс қозғалмай тұрып-ақ, кейінге қалдыруға болмайтын  жағдайда оқиға орнына тексеру жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда, егер оған негіз табылған болса,  оқиға орнына тексеру жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс дереу қозғалады. 

Бүгінгі таңда тергеу тәжірибелері іс қозғалғанға дейінгі  сараптама жүргізу ісінің қажеттілігін неғұрлым алға тартуда, әсіресе, адам шығынына ұшырататын тұлғаға қарсы қылмыстар туралы, көлік құралдары оқиғалары туралы әңгіме болған кезде. Мұндай жағдайларда, сараптама ісі үшін бастапқы материал ретіндегі жасалған қылмыс ізінің сақталғаны маңызды.

Арыздар мен хабарламаларға тексеру жүргізетін  тұлғаларды, соның ішінде тергеушілерді де, күштеу шараларымен бөліп беру туралы ұсыныс назар аудартады: заңда бұл жөнінде біраз ақтаңдақтар бар: материалдарды талап етудің формалары, оларды бермеудің жауапкершілігі белгіленбеген, құжаттарды алып алудың формалары, түсініктеме берген кезде орындамаудың немесе өтірік мәліметті хабарлаудың жауапкершілігі қарастырылмаған, тұлғаны мәліметтерді таратпауға міндеттеу мүмкін емес.

Қылмыстық істі қозғауға негіз жоқ, қылмыстық іс жүргізуді  жоққа шығаратын мән-жайлармен тең жағдайда, тергеуші қылмыстық істі қозғауды кері қайтарады [12, 333 б.].

 

 

2.2 Істің мән-жайын  зерттеу

Істің мән-жайын зерттеу  функциясын жүзеге асыру, жоғарыда көрсетілгендей, белгілі бір шекте қылмыстық  істі қозғау стадиясында-ақ жүзеге асырыла бастайды. Алайда, бұл функция толық көлемде қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жүзеге асады.

Қылмыстық істің мән-жайын  зерттеу тергеу сатысында, көбінесе, қарама-қарсылық, жанжал, қылмысты ашушы  тергеушілер арасындағы жекпе-жек, және де жауапкершіліктен құтылуға тырысушы қылмыскер ретінде қабылданады.

Тергеуші күдіктіні  ұстайды, осы тұлғаның қылмыс жасағанын  көрсететін мәліметтерге сүйеніп, айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке  тартады.

Әрине, тергеуші жауапкершіліктен құтылуға тырысатын арсыз әрекеттердің болу мүмкіндігін ескеруі және мұндай әрекеттерді оқшаулау шараларын жүргізуі қажет. Бірақ та қылмыстық істі қозғауға негіз болып табылатын мәліметтер кінәлілік туралы түпкілікті, шынайы тұжырым үшін жеткіліксіз болып табылатынын естен шығармау керек, және сондықтан да айыптыны немесе күдіктіні қылмыскермен теңдестіру логикалық тұрғыдан қате және заңсыз.

Өмірде тергеу сатысында  істің мән-жайын зерттеудің дамуы  істі шешу үшін  толық көлемдегі  дәлелді айғақты білудің қажеттілігі  қарама-қайшылығы мен осы сәттегі тергеушінің қолындағы дәлелдемелердің жеткіліксіздігі қарама-қайшылығымен байланысты.

Заң дәлелдемелердің  зерттелуін қарастырған. Алайда, сәйкес келмейтін белгілердің артында  әртүрлі ұғым бар деп есептеу  қаншалықты дұрыс болады. Қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешімнің негізі қылмыстық-процессуалдық заңмен қарастырылған істің мән-жайының заңды фактілері болып табылады. Іс үшін маңызы бар осы және де басқа мән-жайлар, тек қана бір жолмен, яғни дәлелдемелердің операциялануы арқылы ғана анықталады. Сондықтан да, заңда қолданылған  «істің мән-жайын зерттеу», «дәлелдеу» және «дәлелдемелерді зерттеу» терминдері синоним ретінде қарастырылуы мүмкін.

Алдын ала тергеуде істің  мән-жайын зерттеу бұл сөздің кең мағынасында танымның өзіндік  ерекшелігін білдіреді және өзінің негізінде танымның диалектикалық-материалдық әдісіне ие.

Қоғамдық танымның өзіндік  ерекшелігіне және оған тән жалпы  қасиеттерге ие тергеушінің танымдық қызметі  сонымен бергі танымның арнайы формасы болып табылады. Оның арнайылығы зерттеу нысанында бар, жалпы түрде айтқанда, материалдық, әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшеліктермен байланысты.

Зерттеу нысаны қылмыстық  процессте нақтыланған және заңда  қылмыстық іс бойынша дәлелдемеге  жататын мән-жай түрінде, сондай-ақ, оның анықталуы түрлі шешім қабылдау үшін қажет, қылмыстық сот ісін жүргізуді дұрыс және тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жеке мән-жай түрінде  белгіленген.

Қылмыстық процесстегі  танымның өзіндік ерекшелігі, соның  ішінде қылмыстық істің қозғалуы сатысындағы және алдын ала тергеудегі өзіндік ерекшелігі, ең алдымен, ақиқатты  анықтау мен іс бойынша шынайы  тұжырымды  қамтамасыз етуге беймімделген зерттеудің құралдары мен шарттарынан көрінеді.

Қылмыстық іс бойынша  дәлелдеу тақырыбына, ең алдымен, іс бойынша қарастырылатын негізгі сұрақтарға дұрыс жауап беруге мүмкіндік беретін мән-жайлар: қылмыс оқиғаларының болуы, жасалған қылмыстағы тұлғаның кінәлілігі, кінәлінің жауаптылығының дәрежесі мен сипаты кіреді [13, 147 б.].

Дәлелдеу тақырыбына кіретін екінші мән-жайлар тобын жалпы қағида бойынша  істі тіпті қылмыс құрамы болғанның өзінде де тоқтатуға алып келетін мән-жайлар құрайды;

үшінші топқа –  қымыс жасауға итермелейтін мән-жайлар;

төртіншіге –  кінәліні қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін негіз (немесе оның  құрамдас бөлігінің бірі) болып табылатын өзіндік ерекшелігі бар мән-жайлар;

бесіншеге – анықталуы  тергеу барысында нақтылы процессуалдық  шешімдер қабылдау үшін (мысалы, қылмыстың  жолын кесу, істі тергеуге жіберу, айыпталушының  психикалық немесе басқа да ауыр сырқат жағдайында істі тоқтату, т.б.) аса қажет мән-жайлар кіреді.

Соңғы мән-жайлар бір  топқа шартты түрде топтастырылған, олардың анықталу қажеттілігі  қылмыстық  істі шешуге тікелей қатысы жоқ түрлі  мәселелерді регламенттейтін нормалардан  туындайды.

Дәлелдеу (зерттеу) шектері  – мән-жайлар туралы дәлелдеу пәніне кіретін,  бұл мән-жайлардың бар  немесе жоқтылығына қатысты біржақты тұжырым жасау  үшін жеткілікті және қажетті нақтылы бір білім  деңгейі.

Осы мәселені  дұрыс  шешу үшін  шыққан жалпы ережелер істің мән-жайын жан-жақты, толық және шынайы зерттеу, іс бойынша жиналған барлық дәлелдемелерді мұқият, жан-жақты және шынайы тексеру туралы заң талабы болып табылады; негізінде қоғамдық қауіпті әрекеттің бар яки жоқ екені, тұлғаның кінәлігі немесе істің дұрыс шешілуінде  анықталатын маңызы зор басқа да мән-жайлар, және ең соңында, ақиқатты анықтау үшін сот отырысының төрағасына  қарастырылғандардың бәрін қабылдау туралы талап қою дәлелдеме түсінігі туралы нақты мәліметтерді білдіреді.

Осы барлық ережелердің талдауы зерттеудің негізгі мақсаты іс бойынша ақиқатты анықтау деген тұжырымға әкеледі. Демек, істі шешу үшін маңызы бар мән-жайды дәлелдеудің шегі аталған мән-жайды шынайы анықтау болып табылады.

Тергеу қызметінің тәжірибесінде  анықтау қиынға соғатын кез болады: нақтылы іс бойынша ақиқатты ашуға болатын хабарламалар көлемі жеткілікті ме немесе әлі де мәліметтер қажет пе.

Нақтылы істің дәрежесін, күрделілігін анықтау кейде мүмкін емес, сондықтан да қандай хабарлама  абсолютты артықшылыққа ие деген  мәселені шешу де қиын. Міне, сондықтан да хабарлама жинау кезінде нақтылы тергеліп отырған қылмыстық істің барлық мүмкін ерекшеліктерін анықтау аса маңызды, сонан соң  жемісті тергеу үшін қажетті хабарлама мөлшері мәселесін шешу керек.

Хабарламалық тұрғыдан алғанда қылмыстық істі тергеу декодирование процессінен басқа ештеме де емес. Сондықтан да нәтижелі декодирование сияқты, нәтижелі тергеу үшін де жеткілікті мөлшердегі хабарламалар қажет. Яғни, қылмыстық істі тергеудегі табыс тергеумен шұғылданушы нақтылы тұлғаның қолындағы хабарламалар мөлшеріне байланысты, сөйтіп, осы тұлға біржақты бір ғана тұжырым жасап, осының негізінде нақтылы процессуалдық шешім шығаруға болады.

Екінші кезең біріншіден де күрделі. Мұнда субъективті сәттің мәні аса зор. Екінші кезеңнің мәні мынада: тергеуші тергеліп отырған оқиғаға жиналған хабарламаның  қатыстылығы тұрғысынан  баға береді және соның негізінде қажетті процессуалдық шешім қабылдайды – бұл бірінші;  екіншіден  – мәлім болған мәліметтер мен оқиғаларға әлеуметтік баға беріледі.

Тергеушінің нақтылы  мәліметтерді немесе оқиғаларды қылмыстылық  немесе қылмыстылық емес, кінәлілік  немесе кінәсіздік тұрғысынан  қалай бағалайтындығы көптеген факторларға байланысты: оның қаншалықты қоғамдық пікірді ескеруінен; нақтылы оқиғаның барлық жақтары мен аспектілерін түсінуге қабілеттілігінің қаншалықты екендігінен; осы тұлға (тергеуші) мәліметтерді терең және мұқият талдауға қаншалықты қабілетті; тергеуші фундаменталды және кең көлемдегі танымға ие ме, т.б. Осы барлық факторларды мол қамту, әрине, мүмкін емес.

Ең маңыздысы, осының барлығы көптеген сатыда субъективті, және сондықтан да осылардың негізінде  шығарылатын шешім көптеген шара қолдануда қылмысты зерттеуші нақтылы  тұлғаның психикалық шынайылығының  анықталған кескіні болып табылады, міне, осыған байланысты процессуалдық шешімді қабылдаудың кешенді негіздемесі түрінде хабарлама түсінігін заңда бекіту туралы ұсыныс бар, осы мақсатпен қылмыстық процесс ғылымының бай ғылыми-тәжірибелік «қорын» пайдалануға болады, ал бұл қылмыстық тергеуді баяғыдан бері хабарламалардың жинақталуы мен өңделуі тұрғысынан қарастыруда, яғни, хабарлама – қылмыстық іс бойынша тергеу тақырыбына қатысы бар қоршаған ортадағы оқиғалардың, процесстердің, мәліметтердің көрінісі.

Дәлелдеме шегінің мұндай түсінігі дәлелдемелерді жинау үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылып және осы іс бойынша барлық мүмкін тергеу әркеттері орындалсын дегенді білдірмейді. Бастысы, зерттелетін мәліметтердің бар немесе жоқ екені туралы тұжырым оның анық екеніне күмән келтірмейтін, объективті шындыққа сай, дәлелдемелердің жиынтығына  сүйенген болу керек.

Істің мән-жайын зерттеу  функцияларын тергеушінің жүзеге асыру  құралдары заңмен қарастырылған  жинау, тексеру және дәлелдеме тақырыбына кіретін мән-жайлардың бар немесе жоқ екенін анықтайтын нақты мәліметтерді бағалау тәсілдерінің жиынтығы болып табылады.

Тергеуші өзі жүргізетін қылмыстық іс бойынша кез-келген тұлғаны жауап алуға немесе сарапшы  ретінде қорытынды беруге шақыруға құқылы; тексеру жүргізуге, тінтуге  және қылмыстық-процессуалдық кодекспен қарастырылған басқа да тергеу әрекеттеріне құқылы; мекемелерден, кәсіпорындардан және ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан іс бойынша нақтылы мәліметтерды анықтай алатын қажетті заттарды, құжаттарды, тексеру ісін талап етуге құқылы; қылмыстық-процессуалдық кодекспен қарастырылған жағдайларда тергеу әрекеті ісіне қатысу үшін іске қатысы жоқ, мүдделі емес маманды шақыруға құқылы, тергеушінің маманды шақыру талабы  маман жұмыс істейтін мекеме, кәсіпорын немесе ұйым басшылары үшін міндетті.

Қолданыстағы заңда процессуалдық шешім қабылдаудың кешенді негіздемесі анықталмаған. Тек қана жекелеген процессуалдық шешімдер қабылдаудың негізі ескертіледі. Олардың барлық процессуалдық шешімдерге  қолданылмайтынын, тек жекелеген, заңда анықталғандарына ғана қолданылатынын ескерсек, бұл негіздемелерді кешенді деп қарастыруға болмайды.

Процессуалдық шешім  қабылдаудың негізі ретінде пікір  пайдаланылады. Мұндай негіздер күмәнсіз, нанымды деп қабылдана алмайды. Процессуалдық шешім негізінің процесі екі кезеңнен тұрады: нақтылы мәлімет жайында хабарлама алу; анықталған мәліметті бағалау.

Дәлелдемені тергеушіге тергеуге қатысушылар мен олардың  өкілдері, сондай-ақ кез келген азамат, мекеме, кәсіпорын және ұйымдар беруі  мүмкін.

Дәлелдемені  табу мен  айқындаудың күдіктіден, айыпталушыдан, куәден, жапа шегушіден, сарапшыдан жауап алу, тану үшін беттестіру, алу, тінту, тексеру, куәлендіру, сараптама ісі сияқты құралдарының негізі, шарты және қолдану тәртібі заңда мұқият регламенттелген.

Тергеу әрекеттерін  жүргізу тәртібі тергеу әрекеттерінің, оған қатысушы тұлғалар тобын тергеу әрекеттерінің ісіне тарту шараларының, дәлелдемелік хабарламаларды табу немесе алу процедураларының және олардың тәсілдерін бекітуді жүргізудің жалпы шарттарына қатысты ережелерді қамтиды.

Заңмен белгіленген тергеу әрекеттерін орындау формалары алынған дәлелдемелік хабарламалардың шынайылығын қамтамасыз етуге және тергеуге қатысушылардың  құқығын және заңды мүдделерін қорғауға тиіс.

Азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдардан алынған  заттар мен құжаттар сияқты дәлелдемелер алу құралдары жоғарыда аталған тергеу әрекеттерінен өзінің барынша қарапайым танымдық аппаратымен ерекшеленеді, және сондықтан заңмен арнайы реттелмеген.

Тексеру жүргізу ісі  туралы талапқа қатысты да осыны  айтуға болады, шын мәнінде бұл да құжаттар алып алудың  ерекше әртүрлілігін білдіреді.

Заттар мен құжаттарды алып алу, сондай-ақ берілетін заттар мен құжаттарды алу тәртібін құқықтық реттеудің болмауы олардың қандай да бір ережелерсіз жүзеге асырылатынын білдірмейді. Заттар мен құжаттарды беру туралы талап жазбаша нысанда ресімделуге тиіс. Бұл қылмыстық процестегі іс жүргізудің жазбаша сипатынан туындайды. Жазбаша талап процессуалдық құжат болып табылады, біріншіден, ол талапты қою фактісін растайды, екіншіден, ол тиісті тұлғаны талапты орындауға міндеттейді, үшіншіден, лауазымды тұлғаның белгілі бір затты немесе құжатты беруіне құқықтық негіз болып табылады. Дәл осындай ойлармен сұралған затты немесе құжатты алу фактісін де бекіткен жөн. 

Информация о работе Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы