Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60

Файлы: 1 файл

Самат.doc

— 430.00 Кб (Скачать)

Тергеушінің құқықтық жағдайына  байланысты оның қызметіне биліктік бастама тән екендігін де айту қажет. Яғни, тергеушінің өзінің жүргізуіндегі  қылмыстық іс бойынша заңға сәйкес шығарылған қаулыларын орындау басқа мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады. Олай болмаса, тергеуші өзінің алдына қойылған міндеттерін, соның ішінде қылмыстарды тез арада және толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды тиісті жауапкершілікке тарту қызметін жүзеге асыра алмас еді.  

Алдын ала тергеу жүргізген  кезде тергеудің бағыты туралы және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді тергеуші өз бетімен, дербес қабылдайды. Іс бойынша алдын  ала тергеу кезінде жиналған, сотқа  жіберілген материалдар басты сот талқылауының негізін құрайды. Жан-жақты, объективті, толық түрде жүргізілген алдын ала тергеу сотта іс қарау барысында заңды, негізделген, әділ үкім шығаруға жағдайлар туғызады. Егер тергеуші заңмен белгіленген алдын ала тергеу органдарының дәлелдемелерді жинау, бекіту, зерттеу тәсілдері мен құралдарын толығымен қоланбаса, істің мән-жайын бір жақты, үстірт зерттесе, бұл сотта іс жүргізуді қиындатып жіберуі мүмкін, кейде тіпті заңсыз үкімнің шығуына әкеліп соқтырады.

Тергеушіге тек жасалған қылмыстың бетін ашып, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту ғана тапсырылып қоймай, сонымен қатар қылмыстың алдын алу, қоғамға қауіпті әрекеттерді болғызбау, заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтық сана сезімін тәрбиелеу тапсырылады.

Қылмыстық істер бойынша  анықтау мен алдын ала  тергеу жүргізуді арнаулы органдар жүзеге асырады және бұлардың қызметі сот  пен прокуратурадан бөлінген. Алдын  ала тергеу органдарының негізгі  міндеті – қылмысқа қарсы күрес, қылмыстарды ашу мен алдын ала тергеу жүргізу. Мұндағы негізгі тұлға – тергеуші. Сондықтан тергеуші мәртебесін көтеру кезек  күттірмейтін мәселе болып табылады.

Диплом жұмысымның арқауына негіз болатын мәселе қылмыстық  іс жүргізу барысындағы тергеушінің  өкілеттілігін жан-жақты талдау болып табылады. Осыған орай заң ғылымдарында кездесетін тергеушілердің процессуалдық функцияларына байланысты кейбір ой-пікірлердің, заңда туындайтын қайшылықтарына тұжырым жасау қарастырылады.

Қылмыстық процесстің теориясындағы  мына тұжырымды қатып қалған деп айтуға болады: яғни, бұл бойынша қылмыстық-процессуаллдық  қызметтің әрбір  субъектісі нақтылы функцияларды жеткізуші, соның ішінде,  тергеуші, прокурор сияқтылар қылмыстық процесстің негізін құрайды, оның құрылымын  және құрылу принциптерін айқындайды.

Алайда, процессуалдық  функциялар түсінігі және олардың түрлері  туралы мәселе даулы деп айтуға болады. Кейбір ғалымдар қылмыстық сот ісін жүргізуде  қылмыстық-процессуалдық  қызметтегі қатысушылар (субъектілер) жүзеге асыратын  қылмыстық-процессуалдық   функциялардың болуын көрсетеді.

Басқалары, керісінше, қылмыстық  процессте бір-бірінен  оқшауланған  қандай да бір процессуалдық функциялардың  болуын жоққа шығарады, олардың пікірінше, қылмыстық-процессуалдық заңдылық  қылмыстық-процессуалдық  қызметті  түрлі функцияларға қатаң  межелей бөлу үшін негіз бола алмайды.

Дегенмен, қылмыстық-процессуалдық  функциялар концепциясының жақтаушылары арасында да бірталай мәнді  мәселелер  бойынша, мәселен, нақ осы процессуалдық  функциялардың  түсінігі,  олардың мәні, қылмыстық процесстегі саны туарлы көзқарас сәйкестігі жоқ. Тіпті, аттас функциялардың түсінігінің өзіне түрлі авторлар көбінесе әртүрлі мазмұн береді. Кейбір авторлар, қылмыстық-процессуалдық  қызметтің алуан түрлі субъектілерімен тең жағдайда жүзеге асырылатын қылмыстық-процессуалдық функциялар жоқ, болуы да мүмкін емес дегенге саяды [1, 97 б.].

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің  8-бабында белгіленгендей, Қылмыстық  процестiң мiндеттерi қылмыстарды  тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.

Сондай-ақ, қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз  айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс.

Қылмыстық істің  барлық қатысушыларының қызметі осы  міндеттерге бағынған, бірақ жоғарыда аталған мақсаттардың нәтижесі әрбір  қатысушылардың функцияларының нақты  бөлінуінде ғана мүмкін бола алады, соның ішінде тергеушінің де.

Бұл үшін мемлекет тергеушінің  құқықтық мәртебесін анықтап, оған нақтылы  құқықтар берді және міндеттер жүктеді. Тергеушінің процессуалдық мәртебесін реттейтін нормаларды жетілдіру  үшін, тергеуші немен шұғылдануы тиіс, сот ісін жүргізудегі мақсаттарға жетуде оған қандай рөл берілген, міне, осыларды нақты айқындау қажет.

Тергеуші функциясының заңмен нақты, дәл айқындалуы, әсіресе, заңға маңызды өзгерістер енген  кезде, оның реформалануы мен жаңа қылмыстық - процессуалдық кодекс қабылдау кезінде  қажет.

Өкінішке орай, қолданыстағы процессуалдық заң нормаларының талдауы көрсеткендей, заңдық тұрғыда  тергеуші функияларының бәрі бірдей заңда тура белгіленбеген. Функцияларды айқындау, тергеушіге қандай да бір  немесе басқа да  функциялардың қатыстылығын, олардың түрлерін анықтау, сондай-ақ олардың заң нормаларында  нақты бекітілуін, және осылар жайлы қандай көзқарастар бар  – жоғарыды айтылғандардың барлығы осы жұмыстың өзектілігін айқындайды деп ойлаймыз. 

Процесстің әрбір қатысушысы тек оның өзіне ғана тән қылмыстық-процессуалдық функцияны жүзеге асырады, және осыған сәйкес процессуалдық функия деп ең басты міндеті көрсетілетін және  процесстің әрбір қатысушысының процессуалдық рөлі айқындалатын негізгі процессуалдық міндетті айтады.

Сонымен бірге, процесстің барлық қатысушыларының алдында тең дәрежеде тұрған негізгі процессуалдық міндеттердің ортақтығы бұл міндеттердің процесс кезінде түрліше, олардың әрқайсысының арнайы тәсілдермен, алуан түрлі процессуалдық формада орындалатынын жоққа шығармайды.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде  қылмыстық-процессуалдық қызметтің  дербес қатысушысы ретіндегі тергеушімен  орындалатын процессуалдық функцияларға келетін болсақ,  кейбіреулер  тергеуші бір мезгілде үш функцияны  атқарады деп санайды: айыптау, қорғау және істің шешілуі, - және де айыптау (қылмыстық қуғындау) мен қорғау функциясы тергеушіде процессте кінәлі пайда болғаннан кейін ғана көрінеді деп атап көрсетеді [2, 39 б.].

Осы сәтке дейінгі  тергеушінің бүкіл қызметі –  процессуалдық функциялары жіктелмеген тергеу қызметі, бастапқы тергеу, және де бұл қызмет қылмыстық қуғындауға  қажетті дайындық түрінде болады, бірақ қылмыстық қуғындаудың нақ өзі емес. Осының нәтижесінде тергеушінің аса жауапты қызметі көбінесе бастапқы тергеу  ісінен айып тағуға дейінге әжептәуір маңызды кезең бойы дербес және қандай да бір процессуалдық функциямен қамтылмаған күйінде қалады.

Дегенмен де, тергеуші жұмысының қылмысты ашуға, қылмыскерді  табу мен әшкерелеуге бағытталған  зор, тынымсыз,  шешуші бөлігі процессуалдық  функция теориясында өзінің тиісті көрінісін таппаған.

Қылмысты тергеудің  мемлекеттік-құқықтық функциясын жүзеге асырушы мемлекетттің органы тергеуші болып табылатынын атап өту керек. Тергеушілер  осы функцияны жүзеге асыру үшін арнайы құрылған. Қылмысты ашу және тергеу, кінәлілерді табу, адамның адамшылық келбетін қалпына келтіру – тергеуші жұмысының мәні. Істің қалай аяқталуы, көп жағдайда, оның істі қаншалықты білетіндігі мен күш-қайратына, бірбеткейлігі мен ширақтығына, бастамасы мен ержүректілігіне байланысты.

Кейбір авторлар тергеушіде бір ғана процессуалдық функция бар, ол – істің  жан-жақты, толық және шынайы зерттелуі. Мұндай пікірмен де келісуге болмайды,  істі зерттеу  тергеушіге ғана тән функция емес; қылмыстық іс бойынша сот та, прокурор да, тергеуші мен тергеу жүргізу ұйымдары бірдей дәрежеде қолданатын ақиқатты орнықтырудың процессуалдық тәсілі. 

Сондай-ақ, тергеушілерге  бес функцияны бөліп берген авторлар пікірі де бар, соның ішінде жұртшылықты  қылмыспен күреске тарту және тәрбиелеу функциясы сияқтылар.

Кейбір авторлар тергеуші қызметіндегі негізгі бір ғана функцияны  –тексеру функциясының жүзеге асуын  ғана қарастырады.

Бұл пікірді жақтаушылар  тергеушінің  қылмыстық істі тергеу ісі бойынша процессуалдық қызметінің  біртұтас сипаты мен мәнін негізінен  іс жүргізудің басқа қатысушыларына тән бірқатар дара функцияларға жіктеу жасанды болып табылады деп есептейді.

Қылмыстық істі тергеудегі тергеуші қызметінің  түрлі жақтарын қарастыратын тергеушінің процессуалдық  функцияларының атауы қылмыстық  процесстің нақтылы бір кезеңінін атауымен сәйкес келмеуі мүмкін немесе бұл функцияны тергеушінің жүзеге асыруы қылмыстық істің барысындағы сотқа дейінгі барлық кезеңіне таралуы, яки қылмыстық істің қозғалу стадиясындағы немесе алдын ала тергеудегі белгілі бір  уақытты ғана қамтуы мүмкін.

Қылмыстық істі тергеу кезіндегі  тергеуші жүзеге асыратын функциялар жайлы ресей авторы А.М.Ларин тергеушіге қылмыстық-процессуалдық қызметтегі  мақсаттарға лайық мынадай функциялар тән дегенді айтады: істің жайын  зерттеу, қылмыстық қудалау, қорғау, зиянды жою және өтеу, азаматтық талап қоюға қарсы қарсылық білдіру, іске қатысушы тұлғалардың құқығы мен заңды талаптарын қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, процессуалдық басқару және істі шешу [3, 79 б.].

Бұл функцияларды автор  процессуалдық функцияларға өз анықтамасын бере отырып айқындады: процессуалдық функциялар – бұл ерекше тікелей мақсаттар бойынша ажыратылатын қылмыстық-процессуалдық қызметтің іс жүргізудегі қорытындысында қол жеткізілетін түрлері (компоненттері).

Процессуалдық функциялар туралы сөз қозғағанда  күрделі және сан қырлы болып келетін қылмыстық-процессуалдық қызметтің, шынында да, түрлі құрамдас бөліктерден құралатынын атап өту қажет. Алайда, процесстің бөліктерін (кезеңдерін) процесстің сатысына жатқызу үрдіс алған.

Сондықтан да, мына анықтама қажет: қылмыстық-процессуалдық қызметтің қылмыстық процесстің барлық сатысына тән  құрамдас бөліктері  бар. Қылмыстық-процессуалдық функцияларды қылмыстық-процессуалдық қызметтің өзінің бағыттары бойынша яғни жуық арадағы мақсаттарға жіктелетін, қызметтің осы түрінің  нәтижесін көздеген аса маңызды түрі ретінде қарастыру қажет.

Қылмыстық істің жүргізілуі, қылмыстық процесстің дамуы қылмыстық-процессуалдық  қызметтің өз бағыттары бойынша  диалектикалық тұрғыдан қарама-қарсы  екі түрінің –  айыптау мен қорғаудың   «күресімен» байланысты.

Бұл «күрестің» қорытындысын және тиісті шешім шығару үшін қылмыстық-процессуалдық қызметтегі істі  шешудің үшінші түрі қажет. Демек, қылмыстық процессте, тергеуші қызметінде қылмыстық-процессуалдық функциялардың үш түрі бар: а) айып тағу (қылмыстық қуғындау); б) қорғау және в) істі шешу. Автор көрсеткен функциялар, көп жағдайда,  басқа авторлар да  атаған функциялармен ұқсас, бірақ  олардың  қайсысы қай кезде  пайда болу  мәселесі басқаша шешілген.

Түрлі қылмыстық-процессуалдық функцияларды бөлуде, олардың процесстің түрлі қатысушыларына жүктелуі тәрізді, психология заңының біліміне сүйену қажет. Айыптау мен  қорғаудың біріктірілген функциясын  бір адамның орындауы екі міндетті шарттың қатаң сақталуында ғана мүмкін болады.

Біріншіден, мұндай адам ішкі сенім бойынша ол белгілеуге және бағалауға тиіс істің нақтылы  жағдайын ескере отырып, алда тұрған таңдауға толық еркіндік алуы тиіс

Екіншіден, бұл адам психологиялық  тұрғыдан,  іс бағдарындағы осыған дейін  жасалған тұжырымдармен күні бұрын байланысты болмауы қажет. Тұжырымның әлі жасалмағаны маңызды.

Демек, бұл –  тұлға  бір мезгілде айыптауды да, қорғауды да оған (оның ұғымында) ана жақ та, мына жақ та артықшылықта, дұрыс  немесе негізді болып көрінбегенге дейін ғана жүзеге асыра алады деген сөз. Қандай да бір тұжырыммен келген және оны ашық айтқан адам, әдетте, бұдан әрі де осы тұжырымдарды қорғауға және қарама-қарсы сипаттағы дәлелдерді жете бағаламауға бейім.

Жеке тұлғаның психологиялық  мүмкіндігі шектеулі, сондықтан да ол, әдетте, белгілі бір бағыттағы және көлемдегі ақыл-ой жұмысын жақсы атқарады [4, 41 б.].

Осылайша, айтылғандарды  қорытындылай келе, автор процесстің белгілі бір сатысында субъект  нақтылы бір шешімге келуі  керек, ал заңдылық, өз кезегінде, оған істің нақтылы жағдайын ескере отырып, ішкі нанымы бойынша ол жүзеге асыратын функцияны таңдауға  еркіндік береді, және де процесстің қандай да бір қатысушысымен (прокурор, сот) таңдау жасалынбағанға  дейін,  психологиялық тұрғыдан ол өз қызметінде толығымен айыптауға да, қорғауға да  тең дәрежеде  ықпал ете отырып, шынайы қалпында қала алады деп есептейді.

Тергеуші қызметін  жеке құрамдас бөліктерге (фнукциларға) мүшелеу тек қана механикалық  тәсіл емес, оның негізінде қарастырылып отырған қызметтің  сол және басқа да бағыттағы  өзгешелігі бар.

Информация о работе Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы