Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60
КІРІСПЕ.......................
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ
ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ..........
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының
түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі
орны..........................
1.2 Тергеушінің процессуалдық
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы......................
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ
ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен
хабарламаларды қарастыру......
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.......
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.....
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау..
2.5 Қылмыспен келтірілген
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс
жасауға итермелейтін жағдайларды жою
жөнінде шаралар қолдану.......................
2.7 Айыпталушыны іздестіру........
2.8 Қылмыстық істі шешу...........
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Диплом жұмысының өзектілігі. Қылмыстылықпен күрестің нәтижесі, шын мәнінде, әрбір қылмыстың тез және толық ашылуымен, оны жасаған барлық адамдардың әшкереленуімен және сотқа тартылуымен айқындалады. Тергеушілердің әрбір қылмыстық істің дәлелденуіне кіретін мәселелерді дұрыс шешуі көп жағдайларда заңдылықты және соттық үкімді алдын ала анықтайды. Сот қандай да бір процессуалдық заңдылыққа және тәуелсіздікке ие болғанмен де, ол оны қарау үшін прокурорға жіберетін, қылмыстық істің материалдарынан туындайтын өз бағасын айтады. Тек тергеуші ғана ең алдымен қылмыстың құрамын және оқиғасын анықтайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаның кінәсін дәлелдейді, қылмыстың заңды бағасын, материалдық шығынның сомасын анықтайды және т.б.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер қосымша тергеу барысында қаралады.
Қылмысты тергеудің мемлекеттік-құқықтық функциясын жүзеге асырушы мемлекетттің органы тергеуші болып табылатынын атап өту керек. Тергеушілер осы функцияны жүзеге асыру үшін арнайы құрылған. Қылмысты ашу және тергеу, кінәлілерді табу, адамның адамшылық келбетін қалпына келтіру – тергеуші жұмысының мәні. Істің қалай аяқталуы, көп жағдайда, оның істі қаншалықты білетіндігі мен күш-қайратына, бірбеткейлігі мен ширақтығына, бастамасы мен ержүректілігіне байланысты.
Тергеушінің жоғарыда көрсетілген міндеттері жиынтық түрде оның қоғам өмірінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етудегі әлеуметтік-саяси рөлін айқындайды. Алайда, тергеушінің толыққанды рөлі мен оның қызметінің мәні ол жүзеге асыратын функцияларда, құқықтық қағидалар мен оның қызметінің шарттарында ашылады.
Қылмыстарды ашу ісі – шығармашылық, күрделі іс. Ол ғылыми ұсыныстарды, ғылыми-техникалық құралдарды, арнайы ілімдерді, көпшіліктің көмегін пайдалануды көздейді. Тергеуші анықтайтын ақиқат, көбінесе тіпті де мүмкін болмайды. Тергеу жұмысы өте жауапты, өйткені, тергеу сапасына адам тағдыры тәуелді. Тергеуші бәрін де тексеруі қажет: куәгерлердің айғақтарын, құжаттардың тұпнұсқалығын, ревизорлар шешімінің дұрыстығын, мамандар қорытындыларының негізділігін және т.б. Кінәліні әшкерелейтін дәлелдерді ашу. Алайда, тым шектен де шықпау керек: күдікшілдік тергеушіні адастырып, оның адамдармен қарым-қатынасын қиындатуы мүмкін, әрі-сәрі күйге түсіріп, батылсыздық сезімі билеуі мүмкін.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып тергеушіні сол бірі немесе өзге процессуалдық функциялармен жүктеудің орындылығын саралау, осы бағыттағы заңнаманы және доктриналдық ой-пікірлерді талдау және тергеушінің процессуалдық функциялары бойынша белгілі бір ұсыныстар әзірлеу табылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді шешу белгіленді:
- Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орнын талдау,
- Тергеушінің процессуалдық
функцияларының түрлері мен
- Тергеуші функцияларының ара қатынасын талдау;
- Қылмыс туралы арыздар
мен хабарламаларды
- Істің мән-жайын зерттеуді талдау;
- Қылмыс жасады деп айыптауды саралау;
- Негізсіз айыптаудан оқшаулаудың мәнісі талдау;
- Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз етуді талдау;
- Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдануды талдау;
- Айыпталушыны іздестіруді саралау;
- Қылмыстық істі шешуді таладу.
Дипломдық жұмыстың объектісі болып қазақстандық қылмыстық-процессуалдық заңнамадағы тергеушінің процессуалдық функцияларын айқындайтын нормалар жүйесі мен оларды қолдану тәжірибесі табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні – тергеушінің процессуалдық функцияларын айқындайтын құқықтық қатынастар мен нормалар.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Зерттеу барысында қалыптасқан ғылыми қорытындылар, авторлық идеялар мен ұсыныстар қылмыстық іс жүргізу құқығы, қылмыстық құқық салаларындағы мамандар тарапынан сұранысқа ие болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар бұл зерттеу жұмысы аталған мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім беру процесінде пайдаланыла алады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Тергеушінің процессуалдық функцияларының жекелеген мәселелері туралы отандық авторлардың ғылыми еңбектері бар.
Атап айтқанда, қазақстандық авторлардың ішінде А.Н.Ағыбаевтың, Е.О.Алаухановтың, Т.Айтмухамбетовтың, Н.Ережеповтың, К.Балтабаевтың, М.Қоғамовтың, Е.Тұрашевтің, Ш.Шариповтың, С.Шокатаевтың және т.б. еңбектері бар. Сонымен қатар, тергеу органдарында тәжірибе жүзінде қызмет ететін мамандардың тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлі мәселелеріне арналған ғылыми-ақпараттық мақалалары мерзімді басылымдар мен ғылыми журналдарда жиі жарық көретінін атап өткен жөн. Дей тұрғанмен тергеу органары меен тергеушінің қылмыстық қудалауды жүзеге асыру қызметі әр уақытта ғылыми тұрғыдан зерттеу мен саралауды қажет ететіндігін атап өту маңызды. Өйткені тәжірибе жүзінде олардың қызметін құқықтық реттеу мен олардың құқықтық мәртебесін анықтауға қатысты түрлі сұрақтар туындап жатады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін диплом жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келетін ғылыми әдістер кешені құрайды. Зерттеудің әдістемелік негізін бүгінгі таңда оларсыз құқықтық зерттеулер жүргізу мүмкін болмайтын бірқатар ұстанымдар анықтады. Жұмыстың әдістемелік негізі жалпы алғанда жүйелі, салыстырмалы және тарихи талдауға сүйенген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны оның мақсат-міндеттерімен анықталған. Жұмыс кіріспеден, глоссарий, реферет, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.1 Тергеушінің
процессуалдық функцияларының
Тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер
ғылыми құрал ретінде процессуалдық
функцияларды нақтылы бағыт ретінде,
қылмыстық-процессуалдық
Мемлекеттің міндеті - өз халқының мүддесін қорғау. Мемлекеттің әр түрлі бағыттағы мәселеллерін зерттеу кезінде осы тезисті негізге алу керек. Осы бағыттардың ішінде мемлекетке аса қауіп келтіретін қылмыстарды және қүқық бұзушылықты зерттеу және ашумен айналысатын мемлекеттің өкілетті органдарының және лауазым иелерінің алатын орны ерекше.
Қылмыспен күрес жүргізуді мемлекеттің арнайы органдары – сот, прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы, Ұлттық қауіпсздік комитеті жүзеге асырады. Соңғы үш ведомствоның құрамында тергеу аппараты іс-әрекет жасайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8- бабында қылмыстық іс жүргізудің міндеттері айқындалады, яғни қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолану.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Егер ішкі істер органдарының тергеушілері басым көпшілік қылмыстар бойынша алдын ала тергеуді жүргізетін орган болса, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің (қаржы полициясының) қылмыстық ізге түсу функциясын орындау жұмысы 1998 жылдың басынан басталды. Қаржы полициясы 50-ден астам салыққа байланысты қылмыс құрамдарын тергеуде.
Алдын ала тергеу өндірісі бойынша тергеушінің іс жүргізу құзіреті заңмен көрсетілген міндеттерді қамтамасыз ету үшін оның өкілеттігін және алдын ала тергеу әрекеттерін жүргізуде өз бетімен дербестігін арттырады.
ҚР ҚІЖК-нің 64-бабына сәйкес, тергеуші өз құзыреті шеңберінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамы. Қылмыстық процесте тергеуші бір-ақ функция атқарады. Ол функция – қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу. Осыған сәйкес тергеушінің негізгі міндеті - қылмысты тез арада және толық ашу, қылмыс жзасаған адамды тиісті жауапкершілікке тартып, оның сотқа берілуін қамтамасыз ету болып табылды.
Қылмысты ашу, қылмысты жасаған айыптыларды әшкерелеу, істердің көпшілігінде арнайы құралдар мен әдістерді қолданатын ұзақ күрделі жұмыстарды қажет етеді. Қылмыс жасаған айыптыларды әшкерелеу, қылмысты тез арада және толық ашу мақсатында алдын ала тергеу органдары құрылып, өз әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл органдар қылмыстың барлық жасау жолдарын және қылмыстың оқиғасын анықтауға, қылмысты жасауда айыпты адамдарды анықтауға және оларды жазалауға, сонымен қатар айыптының жауапкершілігін ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды бекітеді; қылмыс нәтижесінде келтірілген материалдық зиян мөлшерін және материалдық зиянды өндіру үшін қолданатын шараларды бекітеді; қылмысты жасауға итермелеген себептерді анықтайды. Барлық дәлелдерді тауып, оларды процессуалды түрде бекітеді.
Тергеушілердің барлығының (ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының және қаржы полициясы органдарының) өкілеттіктері бірдей болып табылады. Ол өкілеттіктерінің ішінде тергеушінің процессуальдық дербестігі бар екендігін және оның маңызын атап айту қажет.
Тергеушінің процессуалдық дербестігі – оның тергеудің бағыты мен тергеу әрекеттерін жүргізу жөнінде шешімдердің барлығын өзі дербес қабылдайтындығын және іс бойынша жүргізілетін процессуалдық әрекеттердің заңды, әрі уақытында орындалуы үшін толық жауапты болатындығын білдіреді.
Заңда көрсетілген кейбір жағдайларда ғана тергеуші прокурордың санкциясын немесе соттың шешімін алуы тиіс (мысалы, тінту жүргізу үшін прокурордың санкциясын алу қажет (ҚР ҚІЖК-нің 232-бабының 1-бөлімі), қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамды мәжбүрлі түрде сот-психиатрлық сараптамасын жүгізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру үшін соттың шешімі қажет(ҚР ҚІЖК-нің 14-бабының 2-бөлімі).
Прокурор немесе тергеу бөлімінің бастығы тергеу жүргізудің барысында қандай шешімдер қабылдау және қандай процессуальдық шаралар қолдану қажеттігі жөнінде тергеушіге шектеу қоя алмайды. Сондықтан да ҚР ҚІЖК-нің 63-бабының 3-бөлімінде былай деп көрсетілген: тергеу бөлімі бастығының қылмыстық іс бойынша нұсқауы тергеушінің дербестігін және оның құқықтарын шектей алмайды. ҚР ҚІЖК 64-бабының 5-бөліміне сәйкес, тергеушінің қызметіне заңсыз араласуға жол берілмейді, оның қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Тергеушінің процессуалдық дербестігін қорғауға бағытталған тағы бір мынадай ереже бар: тергеуші прокурордың қылмыстық іс бойынша нұсқауларымен келіспеген жағдайда ол жөнінде жоғарғы тұрған прокуррға шағымдануға құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 64-бабының 6-бөлімі).
Келесі маңызды мәселе
– тергеушінің анықтау