Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60

Файлы: 1 файл

Самат.doc

— 430.00 Кб (Скачать)

Қылмыстық іс жүргізуден туындайтын қылмыстық-процессуалдық  функциялар қылмыстық-процессуалдық  құқықта жеке-дара бекітілген. Олардың  кейбіреуі заңда анық көрсетілген (мысалы, қылмыс туралы хабарды қаарстыру  және  қылмыспен  келтірілген материалдық шығынды өтеу), басқалары нақтылы институтар арқылы байланыстырылған (мысалы, айыптау функциясы). Яғни, процессуалдық функциялар тек қана теориялық қана емес,  сонымен бірге құқықтық категория.

Процессуалдық функциялар процесске қатысушылардың міндеттері мен құқықтық жағдайының арасындағы байланыстырушы буын, олар көбінесе, тергеушінің процессуалдық жағдайын, оның құқықтары мен міндеттерін алдын ала анықтайды, жекелеген құқықтық институттар мен нормаларда нақтыланады.

Тергеушінің процессуалдық функциясы жүйесін тану, оның қызметінің негізгі бағыты ретінде қылмыстық іс жүргізудің міндеттерінің орындалуындағы тергеушінің рөлін барынша толық танып-білуге, оның қызметін реттейтін әрбір құқықтық институт пен әрбір норманы дұрыс түсінуге және қолдануға мүмкіндік береді [5, 5 б.].

Жоғарыда аталғандарды назарда ұстай отырып, бағыттар, түрлер, құрамдас бөліктер, қылмыстық  іс жүргізу міндеттерімен негізделген  оның қылмыстық-процессуалдық қызметінің бөлігі ретіндегі тергеушінің процессуалдық функциясының мынадай анықтамасымен келісуге болады.

Осылайша, тергеушінің  процессуалдық функциялары  сот  ісін жүргізу мен тергеушінің  құқықтық жағдайының арасындағы міндеттерді  байланыстыратын өзгеше буын болып  табылады. Ізінше, логикалық түсініктің бірізді қатарын түзуге болады, олардың әрқайсысы келесінің қажеттілігін тудырады: қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттері – тергеушінің қылмыстық-процессуалдық қызметін, қылмыстық-процессуалдық функциялар – тергеушінің процессуалдық өкілеттілігінің қажеттілігін тудырады.

 

 

1.2 Тергеушінің  процессуалдық функцияларының түрлері  мен мазмұны

 Процессуалдық функцияларға  қылмыстық істің  туындауы, қозғалуы  және шешімін табуы тәуелді   болатын процессуалдық қызметтің  түрлерін жатқызу керек. Мұндай  көзқарас процессуалдық қызметтің арнайы бағыттағы түрін негізді түрде айқындауға және сонымен бірге қызметтің барлық түрлерін қажетті мөлшерде анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы түрде, тергеуші қызметіндегі мынадай функцияларды (содан кейін  нақтылауға жататындарды) атап көрсетуге болады: айыптау, қорғау, істің жағдайын зерттеу, қылмыстық істі шешу [6, 145 б.].

Айыптау функциясын  айыпталушы  ретінде жауапқа тартылған тұлғаның қылмыс жасағанын әшкерелеуге, оған тиісті жаза шарасын қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған, яки қылмыс жасалған кездегі әшкерелеуге және соттауға  бағытталған қызмет түріндегі процессуалдық әрекеттердің жиынтығы деп  қарастыруға болады.

Қылмыс жасаған тұлғаны  айыптау үшін жеткілікті дәлелдердің  бар екені туралы тергеуші  тұжырымын  материалдауға ынталы арнайы институттың бар екенін жоққа шығару өте күрделі. Бұл институтты қолдану айыптау функциясын құрайды.

Қорғау функциясы айыптауды  теріске шығаруға, айыпталушының  кінәсіздігін қалпына келтіруге  немесе оның жауаптылығын жеңілдетуге  бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы.

Тергеу қорғау функцияларын бір-біріне қарама-қарсы қою дұрыс  еместігін аңғартады. Қорғау мен  тергеудің арақатынасын бұлайша  талдау соңғысының мәнін жоққа шығарады. Тергеу қорғау институтының бөлінбес құрамдас бөлігін құрайды.

Тіпті бұл инстиут тергеу орындарының  да алдында тұрған мынадай міндеттердің жетістігіне қызмет етуге борышты: әрбір қылмыс жасаушы  әділ жазаға тартылып және бірде бір кінәсіз қылмыстық жауапқа тартылмай және жаза кесілмеу үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету.

Қорғауды тергеуге қарсы  қою соңғыға, сөзсіз, айыптау сипатын  береді, ал айыптау (күдіктену) фактісінің өзі тергеушіні оның негізділігін тексеруден ол дәлелденбеген (немесе оны жеңілдету  жағына қарай өзгерту) жағдайда да  босатпайды.

Бұны жүзеге асыру да «тергеу» ұғымына енеді, олармен қамтылады. Бір нәрсе айдан анық: қорғау тергеуге қарсы тұрмайды, айыптаудың негізділігін тексеру немесе одан бас тарту айыпталушы немесе қорғаушы тарапынан ба, тергеу ұйымдарындағы кімнің бастамасымен екендігіне қарамастан, керісінше, оны болжайды.

Әрине, күдікті немесе айыпталушы ретінде негізсіз жауапқа  тарту, яки айыптау  оның әрекетіне  сәйкес келмейтін оқиғалары кездеседі. Заң бұны мойындайды және ескереді. Міне, сондықтан да заңда мынадай  нормалар бар: егер алдын ала тергеуде тағылған айып қандай да бір бөлімде дәлелденбеген болса, тергеуші өзінің қаулысымен осы бөлімдегі істі тоқтатады, бұл жөнінде айыпталушыға хабарлайды.

Айыпталушының қорғануға  құқығы коституциялық принципі тиісті мемлекеттік ұйымдарға осы құқықты қамтамасыз етуді жүктейді. Қорғау функциясын жүзеге асыруға тергеушінің қатысуы айыпталушының қорғануға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстық - соттық іс жүргізудің  міндеттерінің  бірі – бірде бір  кінәсіздің қылмыстық жауапқа тартылмауының орындалуына кепілдік береді [7, 331 б.].

Тергеуші қызметіндегі қорғау функциясы процессуалдық  шешім қабылдауда қандай да бар дәрежедегі айыпталушыны (күдіктіні) оңалтудан  немесе оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайдың бар екендігі туралы шешім шығарудан, яғни, азаматтарды негізсіз айыптаудан және қылмыс жасады деген күдіктен арашалаудан тұрады.

Заңда бұл функцияның тікелей көрсетілмеуі тергеушінің  айыптау мен қорғауды жүзеге асыруына қарсы дәлел  бола алмайды. Көптеген ғылыми ұғымдар жинақталған, жалпыланған сипатты білдіреді.

 Процесстің  бұл  сатысындағы айыптау мен қорғау  функцияларының сәйкестігі, егер  олардың істің мән-жайын зерттеу функциясынан туындайтынын және олардың бірін немесе басқасын жүзеге асыру істің мән-жайын зерттеудің нәтижелеріне байланысты екенін ескерсек, түсінікті және ұғынықты.

Тергеуші қызметінің қисыны мынада: тұлғаны айыптай отырып және сондықтан да осы айыптаудың шындыққа сәйкес келуіне, оның дұрыс  әрі онан әрі теріске шығарылмауына (айыпталушымен, қорғаушымен, прокурормен, сотпен) ниетті бола отырып, ол өзі таққан айыптауды теріске шығаратынын яки теріске шығара алатынын немесе ауыстыра алатынын жоққа шығара алмайды.

Тіпті, оған негізсіз айыптау  нәтижесінде тиімді емес зардаптың  туу мүмкіндігі тұрғысынан алып қарағанның өзінде, тергеуші  ақтау, сондай-ақ істі жеңілдету жауапкершілігін ескеруге, және керісінше, қорғау функциясын жүзеге асыруда оның айыпталушыны қорғау әрекеті кінәліні негізсіз қорғаштау болып бағаланбауына мүдделі.

Тергеуші көбінесе дәлелді  хабар алады, алынған сәтте оның әшкерелеуге яки ақталуға бағытталғанын анықтай  алмайсың. Тек қана бағалау және басқа дәлелдемелермен салыстыруда ғана оның әшкерелеуші немесе ақтаушы екенін шешуге болады. Айыптау, қорғау және істі шешу істің мән-жайын зерттемейінше, іс бойынша ақиқатты  ашпайынша ақылға сиымсыз болып табылады.

Қылмыстық процессте  зерттеуге және соттық тергеуге арналған арнайы құқықтық институттардың болуы  кездейсоқтық емес.

Айыптау, қорғау және істі шешу функцияларын іс жүзіне асыру  істің мән-жайын зерттеу нәтижелерімен алдын-ала анықталады, тіпті, жалпыға таныс, тергеушінің барлық қызметіндегі басым салмақ нақ осы істің мән-жайын зерттеу, ақиқатты ашу. Жоғарыда айтылғандардың бәрі істің мән-жайын зерттеу – тергеуші қызметіндегі процессуалдық функцияның бірі  деп тануға мүмкіндік береді.

Қылмыстық істі шешу функциясының орындалуы да жоғарыда санамаланған үш функциялар сияқты тергеуші қызметіне  жатады. Бұл функцияны мойындау тергеушіге соттық функция тиесілі, яки сот  төрелігін жүзеге асыру деген  тұжырымға әкелмеуі керек, бірақ та қылмыстық істің түрлі шешімін сот төрелігін жүзеге асырумен теңестіруге болмайды. Сот төрелігі  бұл – істің сотпен шешілуі. Негіз болған кезде және заңмен белгіленген тәртіпте қылмыстық істі тергеуші мен прокурор тоқтата, яғни шеше алады.

Қылмыстық істің тоқтатылуы туралы қаулы қылмыстық істің  шешілуінің бір формасы ретінде  қарастырылады. Істің шешілуі тергеушіге өте  тар  шекте ғана тән: қылмыстық  істің тоқтатылуы, кейбір жағдайларда  істің тек прокурордың келісім  арқылы ғана тоқтатылуы формасында.

Тергеуші қызметіндегі санамаланған бағыттар қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қарау  мен шешуді, материалдық шығынды  өтеуді қамтамасыз ету мен мүлікті  тәркілеуді, қылмыстың алдын алу  мен болдырмауды, айыпталушыны іздеуді  тергеушінің процессулдық функцияларынан  сырт қалдырады.

Дегенмен, тергеуші қызметінің бұл бағыттары қылмыстық сот  ісінің міндеттерінен туындайды, қолданыстағы заңда нақты белгіленген және іске асыру формалары мен жуық арадағы міндеттері тұрғысынан  ұқсас. Процессуалдық функциялар ұғымын қолданудың мәні – процессуалдық қызметтің барлық негізгі қырларын айқындау және ашу, оның құрылымын танып-білу.

Процессуалдық қызмет  жасалған қылмыс туралы  дабыл түскен сәттен басталады. Қылмыс туралы арыз бен хабарды қарау және олар бойынша қылмыстық іс қозғау туралы  шешім шығару яки тиісті органдарға бұл тұрғыда қарсылық білдіру міндеті заңмен  жүктелгендіктен, бұл функцияны да тергеуші қызметіне жатқызуға болады [8, 2 б.].

Жасалған қылмыс жауапкершілігінің  бұлтартпастығы туралы ереженің мәні кінәлінің қылмыспен залал келтірілген материалдық шығынды өтеудің де бұлтартпастығын білдіреді.

Қылмыстық процессте  азаматтық-құқықтық  санкцияларды қолданудың, қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз етудің мақсаты – қылмыстан зардап шеккен тұлғаның (жеке немесе заңды)  қылмысқы дейінгі материалдық игілігінің көлемін қалпына келтіру.

Заңға сәйкес, қылмыспен  келтірілген материалдық шығын  туралы жеткілікті мәліметтер болған кезде тергеуші талап  қоюды  немесе   болашақта болуы мүмкін азаматтық талап істі қамтамасыз ету  шараларын қолдануға міндетті. Егер азаматтық талап ету қойылмаған болса, сот үкім шығару кезінде өз  бастамасымен материалдық шығынды өтеу туралы мәселені шешуге құқылы.

Демек, қылмыспен  залал  келтірілген материалдық шығын туралы жеткілікті мәліметтер болған кезде азаматтық талап етудің қойылған қойылмағанына және азаматтық талап етуші бұл жөнінде өтініш білдірген, білдірмегеніне қарамастан тергеуші материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ететін шараларды қолдануға міндетті.

Қылмыстық іс бойынша  іс қозғалған  кезде мүлікті тәркілеу түріндегі жаза түрі қолданылуы мүмкін болса, тергеуші  айыпталушының мүлкін жасырмауын қамтамасыз ететін шаралар  қолдануға міндетті.

Өзінің мазмұны бойынша  ол қылмыспен келтірілген  материалдық шығынды қамтамасыз ету функциясына ұқсастығы сонша, тіпті онымен бірге  қылмыспен  келтірілген  материалдық шығынды қамтамасыз ету функциясымен және мүлікті тәркілеу бойынша үкім орындау функциясымен  бірігіп кетуі мүмкін.

Тергеушінің процессуалдық қызметінің бірі қылмыстың жолын кесу және қылмысқа итермелейтін жағдайды жоюға бағытталған шара қолдану. Бұл функция қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізудің қылмыстың алдын алу мен  оны түбірімен жою сияқты жалпы мақсаттарынан туындайды.

Тергеуші қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды ашып, және оларды жоюдың шараларын қолдануы керек. Көрсетілген себептер мен жағдайлардың ашылуына істің мән-жайын зерттеу процесінде қол жеткізіледі.

Тергеуші қызметіндегі дербестік бағыт – бұл айыптыны іздестіру. Бұл функция қылмыстық-процессуалдық заңда  барынша анық көрсетілген: айыптының мекен-жайы белгісіз болған кезде, тергеуші  оны іздестіруге қажетті шараларды қабылдайды.

Баяндалғандарды қоса алғанда, сондай-ақ алдыңғы параграфтарда  баяндалған пікірлерді ескере отырып, тергеуші мынадай  процессуалдық функцияларды жүзеге асырады деп айтуға болады:

- қылмыс туралы өтініштер  мен хабарламаларды қарастыру;

- істің мән-жайын зерттеу;

- азаматтарды қылмыс  жасаған деп негізсіз айыптаудан  қорғау;

- қылмыс жасады деп айыптау;

- қылмыспен  келтірілген  материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз  ету, және де мүлікті тәркілеу  бойынша үкімді орындау;

- қылмыстың жолын кесу  және қылмыс жасауға итермелейтін  мән-жайды жою шараларын қабылдау;

- мекен-жайы белгісіз  айыптыны іздестіру (айыптыларды);

- қылмыстық істі шешу.

 

 

1.3 Тергеуші  функцияларының ара қатынасы

Тергеушінің процессуалдық  функциялары бір-бірімен өзара  байланысты. Бұл байланыс, біріншіден, белгілі бір функцияның басқаның нәтижесімен үйлесімділігінен, екіншіден, бірнеше функциялардың бір мезгілде жүзеге асуынан көрінеді.

Алдымен өзара байланыстылық  мынадан көрінеді: қылмыс туралы өтініштерді  немесе хабарламаларды қарастыру мен  шешу функциясын жүзеге асырудың нәтижесіне байланысты істің мән-жайын зерттеудің қажеттілігі туындауы да, туындамауы да мүмкін. Бұл хабарламаны шешу үшін қылмыс белгісінің бар яки жоқ екені туралы мәселеге жауап беруге мүмкіндік беретін тексеру жүргізген уақытта болады.

Қылмыстық іс қозғалғаннен кейін істің мән-жайын зерттеу  функциясы міндетті түрде жүзеге асырылады.

Тіпті егер оның жүзеге асырылуы іс қозғалғаннан бұрын басталса да, бұл сатыда ол  әжептәуір кең  көлемде жүзеге асырылады әрі  басқаша процессуалдық құралдар арқылы жүргізіледі.

Бұл функцияның жүзеге асырылуы тергеушіні тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін дәлелдеме жеткілікті (осы кезде айыптау  функциясы жүзеге асырылады), немесе қылмыстық істі тоқтатуға   күші бар негіздеменің  (осы кезде істі шешу функциясы жүзеге асырылады) бар екені туралы қорытындыға әкеледі.

Информация о работе Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы