Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60

Файлы: 1 файл

Самат.doc

— 430.00 Кб (Скачать)

Қылмыстық іс жүргізу  процесінде тергеуші көптеген басқа  да әрекеттерді орындайды, бұл әрекеттер  айыпталушыға қолданыстағы заңға сәйкес тәсілдер мен құралдар арқылы оған тағылған айыптан қорғануға мүмкіндік  береді, оның жеке және мүліктік құқығын қорғайды (процессуалдық ережелермен танысу және оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерінің қамтамасыз етілуі). 

 

2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету

Тергеушінің қылмыспен  келтірілген материалдық шығынды  өтеуді қамтамасыз ету қызметі және мүлікті тәркілеу бойынша үкімнің орындалуы процессуалдық және ұйымдастырушылық құралдар жүйесінен құралады. Бұларға  заңды иесіне қайтаруға жататын мүліктер мен құндылықтарды іздестіру мен алып алудың барлық процессуалдық және ұйымдастырушылық құралдарын, азаматтық талапкердің құптауын, азаматтық жауапкер ретінде іске тартуды, өтеуге жататын мүліктер мен құндылықтарды анықтауды, мүлікке тиым салуды, мүліктің заңды иесіне қайтарылуын, кінәлілердің өз еркімен құнын қайтаруға немесе материалдық шығынды өтеуге көндіруді, т.б. жатқызған жөн.

Бұл бағыттағы тергеуші әрекеті шекаралық сипатта болады, істің мазмұнына және басқа да функцияларға  айқындалған бағыттармен  кіреді.

Мәселен, ұрланған заттарды іздестіру мен алып алу, шығынның көлемін анықтау шаралары келтірілген зиянды қайтаруға ғана кірмейді, сол сияқты мән-жайды зерттеуге де жатады, ал шығын туралы тұжырымның негізі мен мазмұны, егер бұл шығын заңмен осы қылмыстың белгісі деп қарастырылған болса, - айыптау функциясына жатқызылады. Мүлікке тиым салу туралы қаулы процессуалдық басшылықтың актісі болып саналады, ал тізімдеу процедурасының өзі, жауапты сақтауға беру немесе мүлікті алып алу шығынды өтеуге бағытталған әрекеттер болып табылады.

Кінәліні материалдық  шығынды өз еркімен қайтаруға  көндіру процессуалдық әрекет болып қарастырылмайды. Бұл кінәлінің санасына әсер ететін, тиісті заң мен мораль нормаларына сәйкес келетін, кінәлінің  қылмыстық әрекетпен жасаған зиянын, көбінесе, материалдық шығынның орнын қалпына келтіргісі келетін тілегін ояту мақсаты болыпт табылатын түрлі, мақсатты  тәсілдердің жиынтығы.

Шығынды өз еркімен қалпына  келтіру немесе зиянды жою қылмыс салдарының зиянын жоюдың құнды формасы. Сондықтан, қылмыстық заң бұларды  жауаптылықты жеңілдететін мән-жай  ретінде қарастырады. Бұны айыпталушыға оның құқықтарын түсіндірумен бірге, бір мезгілде хабарлау керек.

Заңда тергеу әрекеттерін  жүргізу ісі кезіндегі заттарды алып алудың тәртібі мен құжатталуы нақты көрсетілген. Бұны, алайда, заттарды қайтарып беру кезіне қатысты айтуға болмайды.

Тәжірибеде  мұндай кездерде түрлі атаудағы және мазмұндағы протоколдар  жазылады. Сөйте тұра, бұларды көрсетудің  қажеттігі айдан анық болса да, өз еркімен берудің фактісі мен  оның мән-жайлары, берілген заттардың  сипаттамасы жазыла бермейді.

Қылмыспен материалдық шығын келтірген тұлға кейде тергеу ұйымына шығынды өтеу үшін мүлік немесе ақшаны арнайы табыс етеді. Егер олар заттық айғақ болып табылмаса, онда кінәлінің еркі бойынша зардап шегушіге (азаматтық талап етушіге) берілуі немесе аударылуы керек. Бұл қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өз еркімен өтеудің бір формасы.

Қылмыспен келтірілген  материалдық шығынды өтеудің  тағы бір формасы – бұл  мүлікті  тергеушінің заңды иесіне қайтаруы. Әдетте, мұндай мүлік іс бойынша  заттық айғақ ретінде танылады және ол жалпы ереже бойынша қылмыстық істе сақталуға тиіс. Алайда, кейбір жағдайларда ол іс жүргізуге зиян тигізбейтін болса, ертерек қайтарылуы мүмкін.

Тез бұзылатын заттық айғақтар, егер оларды иесіне қайтару  мүмкін болмаса, пайдалану үшін тиісті мекемелерге жіберіледі, олар кейіннен зат иесіне осындай түрдегі және осындай сападағы заттарды қайтаруға тиіс немесе олардың құнын төлеуге міндетті.

Меншік иесіне (заңды  иесіне) бұрын одан тартып алынған  құндылықтарды қылмыстық іс шешілгенге дейін қайтару туралы тергеуші шешімі арнайы қаулыда немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыда негізделуі және әбден айқындалуы қажет.

Олардың  фактіге негізделген  қайтарылуы туралы протокол жазылады, немесе құндылықты алған тұлғадан қолхат талап етіледі. Көптеген жағдайларда, тұлғаны алған заттарды қылмыстық іс шешілгенге дейін сақтауға міндеттеген дұрыс.

Жалпы ереже бойынша  заңды иесінен қылмыскер тартып алынған және іс бойынша айғақты  заттар деп танылған ақша, құндылықтар  мен басқа да заттар қылмыстық  іс шешілген кезде, соның ішінде іс тоқталылған кезде заңды иесіне қайтаруға жатады. Бұл заттардың иесіне тиесілілігі туралы дау туындаған жағдайда ол азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде шешілуге тиіс.

Айналымға берілуге тыйым  салынған заттар қайтарылмайды. Олар тиісті мекемелерге жіберіледі немесе жойылады. Ешқандай да құндылыққа және пайдалануға жатпайтын заттар жойылуға тиіс, ал қызығушылық білдірген тұлғалар мен мекемелер болып жатса, онда ол заттар соларға беріледі.

Қайтарылуға тиіс шығынның көлемі туралы күдіктенуге негіз  болмаса, істі тоқтату туралы мәселенің шешімін шығарар алдында айыпталушыға келтірілген шығында қайтару туралы ұсыныс жасау керек, егер оның нақ осы сәтте мүмкіндігі болмаса, шығынды  нақтылы бір мерзім ішінде өз еркімен қайтару жөнінде ұсыныс жасау керек; кінәлінің шығынды өтеу міндеті оның қылмыстық істен босатылуының бір шарты деп қарастырылуы қажет.

Қолданыстағы заң бойынша  қылмыстық жазалаудың бір түрі ретіндегі  болуы мүмкін мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету үшін ғана тергеуші айыпталушының мүлікті жасыруына қарсы шаралар қолдануға міндетті.

ҚІЖК-те қылмыстық жолмен  келген ақша мен құндылықтардың іс бойынша затты айғақ ретінде  танылғандарын, олардың шығу, пайда  болу төркінін анықтау үнемі мүмкін бола бермегенда ғана мемлекет кірісіне енгізу көзделген. Мұндай жағдайларда қылмыстық жолмен келген мүлік мемлекет кірісіне енгізілетіндіктен, тергеуші қылмыстық жолмен келген ақша мен құндылықтың   мүмкін болатын тәркіленуін қамтамасыз ету шараларын қолдануы қажет.

Қылмыспен келтірілген  материалдық шығынды қайтарудың ұтымды құралы айыпталушының, күдіктінің немесе заң бойынша материалдық заттарға жауапты тұлғалардың, яки қылмыстық жолмен келген мүлікті ұстаушы тұлғалардың мүлкін тұтқындау болып табылады.

Мүлікке тиысм салу, заңда  көрсетілгендей, азаматтық талапты немесе мүліктің  тәркілену мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Бұдан басқа, материалдық шығынды қайтару туралы соттың өз бастамасымен шешілу мүмкіндігінің қамтамасыз етілуін де естен шығармаған жөн. Жоғарыда көрсетілген мақсаттардың тым болмағанда біреуінің жетістігін қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезде, мүлікке тиым салу тергеушінің міндеті болып табылады.

Жарияланған  азаматтық  талапты қамтамасыз ету шараларын  қабылдау туралы азаматтық талапкер немесе оның өкілі өтініш білдіре  алады, бірақ тергеуші мұндай шараларды өз бастамасымен де қабылдай алады. Мүлікке тиым салудың шарттары мен тәртібі заңда мұқият қарастырылған.

Мүлікке тиым салу үшін қылмыс жасаудың барлық мән-жайларының анықталуы, материалдық шығынның сипаты мен  көлемі, айыпкер ретінде тұлғаны  жауапқа тарту талап етілмейді.

Мұндай шараны қолдану  үшін қылмыстың жасалуын және оның негізінде материалдық шығынның келтірілгенін көрсететін мәліметтердің болуы жеткілікті. Заңның мұндай көзқарасы, бір жағынан, қамтамасыз ету шаралары тап сол сәтте кезек күттірмейтін сипатта болғандықтан (құндылықтың қауіпсіздігіне қауіп төну негізі болғанда), ал екінші жағынан, бірмезгілде бұл шаралар (мәселен, тінту, алып алу) тұлғаның кінәлі екендігін дәлелдеудің және қылмыспен келтірілген шығынның көлемін анықтаудың құралы ретінде қызмет ететіндігімен байланысты.

Жалпы ережелер бойынша  тиым салу заттық айғақтар ретіндегі  заттарға салынбау керек. Заңның түсінігі бойынша мұндай заттар алып алуға жатады және олар қылмыстық іс бойынша сақталуы қажет.

Тек көлемі аса ірі  болған кезде ғана олар, басқа жақта, тергеуші көрсеткен жерде, көбінесе, олардың алынған жерлерінде, мәселен, адал ниетті сатып алушыда сақталуы мүмкін. Алайда, бұндай жағдайда бұл заттарға тиым салынуы мүмкін. Мұндай заттарға заттық айғақтар үшін айқындалған барлық ережелер қолданылады. Зат сақталуға тиым салынған мүлік ретінде емес, заттық айғақ ретінде жіберіледі.

Тиым салу айыпкердің өзі үшін немесе оның асырауындағы тұлғаға қажетті заттарға салына алмайды. Алайда, бұл ереже қылмыстық жолмен келген мүлікке қолданылмайды. Мұндай тұжырым талдау жасаудан туындайды (қылмыстық жолмен келген құндылықтар заттық айғақ болып табылады және мемлекет кірісіне енгізіледі, ал заттық айғақ болып табылатын  қалған заттар оның заңды иесіне қайтарылады).

Мүлікке тиым салу азаматтық  талапты немесе мүмкін болар мүлікті  тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған. Істің мән-жайы бойынша тергеушіде айыпталушының мүлкін тәркілеуді күтуге негіз бар болса, оған тиым салу, сөзсіз салынуы керек.

Азаматтық талапқа келер  болсақ, оның қамтамасыз етілуіне айыпкердің мүлкіне тиым салу әрдайым қажет  бола бермейді. Істің мән-жайы бойынша  тұлғадан болмашы ақша сомасын өндіру туралы сот шешімінің (айыпталушының тұлға ретіндегі бейнесін, оның материладық жағдайын, тұрақты табысының болуын ескере отырып) шынайы орындалуына қауіптенудің негізі жоқ болса, мүлікке тиым салуға да негіз жоқ.

Мұндай жағдайларда азаматтық талапты қамтамасыз ету басқа, арнайы шара қолдануды талап етпейтін мән-жайлармен кепілдендірілген. Мүлікке тиым салу мұндай жағдайларда орынсыз, айыпталушының заңды мүдделеріне негізсіз қысым жасау  болған болар еді.

Айыптыдан болмашы ақша сомасын өндіру туралы сот шешімі мұндай жағдайларда тиым салынған мүлікті жүзеге асырудан гөрі, тезірек және аздаған шаруалармен-ақ жүзеге асуы мүмкін, ал бұл көп жағдайларда тұлға қылмысынан зардап шегушінің  мүддесіне сай келеді. Осылайша, шығын қайтарылмаған жағдайлардың барлығында мүлікке тиым салуды талап ету қаншалықты дұрыс. Бұл тұжырым мақсатқа сай және қажет болғандықтан аталған процессуалдық шаралардың міндетті орындалу талабының босаңсуын білдірмейді.

Мүлікке тыйым салу тергеушінің  қаулысымен кері қайтарылады. Қылмыстық істі тоқтата отырып, тергеуші тоқтату негізіне байланыссыз мүлікке тыйым салуды қайтаруға міндетті. Бұл жөніндегі шешім қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыда жазылуы қажет.

Соңғы кездері соттық тәжірибеде қылмыспен келтірілген  материалдық шығынды өтеуден басқа, моральдық зиянға өтемақы төлеуді талап ету жағдайлары жиі кездесуде [20, 22 б.]. Күннен күнге қанат жайып келе жатқан бұл мәселе арнайы, мұқият қарастыруды қажет етеді.

Алғаш рет ресей заңдылығының тарихында «моральдық зиян» ұғымы РСФСР ҚПК-тің 53 бабында пайда болды, бұл бойынша зардап шегуші қылмыспен моральдық, тұлғалық немесе мүліктік зиян келген тұлға ретінде анықталды.

Дегенмен, бұдан әрі, 90- жылдары моральдық зиян институты  азаматтық заңдылықтың басты  институттарының біріне айнала бастады, бұл ұғым қылмыстық процессте заңдық мәні бар ұғым ретінде қалып отыр.

Мүліктік  зиян нақты  бағаға ие бола алатындықтан, шығын  ретіндегі  сомалық бағасы сияқты өтелуінің де бағасы болатындықтан  оның толық немесе ішінара өтелуі туралы тұжырым шығару қиын емес.  Дәл мұндай бағаны қылмыскердің өзі де, тергеуші де шығара алады, тіпті болмаса, маманның қызметіне жүгіне алады.

Моральдық шығынның эквивалентті бағасы жоқ, және де оның  өтемақысы  ақша сомасы түрінде, ал бұл зардап шегушінің жүйкесіне әсер еткен зиянды әсерді жұмсартуға, қылмыспен келтірілген қайғы-қасіретті «жуып-шаюға» арналған.

Өтемақы мөлшерін анықтау  соттың құзырына берілген. Сөйтіп, моральдық  зиянның өтемақысының мөлшері, заңның нақты ұғымы бойынша, сот бұл  мөлшерді анықтағанға дейін мәлім болмайды. Осыдан байқағанымыздай, өз еркімен моральдық зиянды өтей отырып, қылмыскер, немесе тергеуші нақты жағдай туралы, яғни сот белгілей алатын өтемақы мөлшері туралы ештеңе білмейді. Бұдан басқа, моральдық зиянның өтемақы мөлшерінің, мысалы, мүліктік шығын мөлшерінен айырмашылығы, ол қылмыстық іс бойынша айғақтық зат тақырыбына кірмейді.

Азаматтық кодексте былай  анықталған: моральдық зиянның өтемақысы  ақша формасында жүзеге асырылады [21, 102 б.].

Алайда, моральдық зиянның  ерікті түрдегі қайтарылуына бұл шарт міндетті емес. Мұндай қайтару мүлікті беру жолымен, сондай-ақ дене жарақатын және адамгершілік қайғы-қасіретті (мысалы, қылмыс нәтижесінде зардап шегушіні, жарақат алушыны күту,) жұмсартуға бағытталған басқа да әрекеттер жасау жолымен жүргізілуі мүмкін.

Қылмыстық процессуалдық  заңдылыққа нақтылау немесе толықтыру  аса қажет. Мүлікті, сондай-ақ моральдық  шығынды өтеуден басқа зардап шегушінің мүддесіне сай келетін  басқа да өтеу мүмкіндіктері туралы  толықтыруды дереу енгізу талап етіледі.

Қылмыстық-процессуалдық  заңдылықта «моральдық шығын» терминіне  нақты анықтама беру жөн болар  еді. Мәселе мынада: моральдық зиян өтемақысына ие болу құқығына олардың  материалдық емес құқығына немесе материалдық  емес игілігіне қол сұғушылықпен байланысты дене жарақатын алған немесе адамгершілік қайғы-қасіретке тап болған тұлғалар ғана ие бола алады. Осылайша, қасақана жасалған қылмыстың барлық  түрлері бойынша зардап шеккендер, ал бұлар барлық жасалған қылмыстардың тең жартысынан артығын құрайды, келтірілген психикалық қайғы-қасірет үшін өтемақы алу мүмкіндігінен айырылуда.

Пәтерлерінен барлық құнды заттарды «алып кеткен»  немесе автокөлігін айдап кеткен  адамдардың жүйкесіне түскен  ауыр стрессті  ешкім де жоққа шығара қоймас. Мұндай қайғы-қасірет шегудің материалдық өтемақысы өзін-өзі ақтай алар еді. Бұл мәселені шешудің бір амалы қылмыстық сот ісін жүргізуде тағы бір терминді, «жүйкелік (эмоционалдық) зиян» терминін енгізу деп санаймыз.

Информация о работе Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы