Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60
Прокурордың келісімімен тергеуші мынадай жағдайларда қылмыстық істі тоқтатуға құқылы:
1) жағдайдың өзгеруіне байланысты;
2) қатты өкінумен байланысты;
3) тәрбиелік ықпалдағы мәжбүрлеу шарасы қолданылатын, кәмелетке толмағанға қатысты іспен байланысты;
4) зардап шегушімен татуласуға байланысты.
Егер іс бойынша бірнеше айыпталушы жауапқа тартылған болса, ал істі тоқтату негізі барлық айыпталушыларға қатысты болмаса, онда тергеуші жекелеген айыпталушыларға қатысты ғана істі тоқтатады. Бұл жағдайда істің шешілу функциясы ішінара ғана жүзеге асырылады.
Бір немесе бірнеше айыпталушылардың кінәлі мен әлде кінәсіз бе деген мәселесі, яки айыпталушының қылмысқа қатыстылығы дәлелденбегені туралы мәселенің шешілуі қылмыстық істі шешу функциясының құрамдас элементтері болып табылады. Қалған бөлімдерде (басқа айыпталушыларға қатысты іс) істі сот шешеді.
Қылмыстық істі тоқтату туралы тергеуші істің мәнін және тоқтату негізін ашқан дәлелді қаулы дайындайды; дәл осы кезде заттық айғақтар туралы, қылмыстың жолын кесу шарасын тоқтату және мүлікке тиым салу мәселелері де шешілуі керек.
Үлкен қоғамдық қауіп тудырмайтын, алғаш рет қылмыс жасаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Теорияда тергеуші ақтауға жатпайтын негіздер бойынша істі тоқтату туралы шешім қабылдауды қай тұрғыдан (қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаның кінәлілігі немесе кінәсіздігі) жүргізуі керектігі мәселесі шешілмеген.
Қылмыстық істің көрсетілген тәртіпте тоқтатылуы қылмыс жасаған тұлғаларға ғана қатысты. Тұтастай алғанда, алдын ала тергеу сатысында ақтауға жатпайтын негіздер бойынша істі тоқтатуды қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босату институты деп қарастырған дұрыс; мұндай жағдайларда істі тоқтата отырып, тергеуші қылмыс жасаған тұлғаның кінәсіздігін алға тартады және өз пікірін қаулыда көрсетеді.
Бұл жерде тек қана
абстрактілі теориялық
Тергеуші қылмыстық істі толық аша алмаған кезде, қылмыскерді анықтай алмаған кезде, қылмыстық әрекеттің шынайы көріністерін анықтай алмаған кезде, тағылған айыптаулардың ең ауырын дәлелдей алмағанда, іс тоқтатылған тұлғаға қатысты алғанда қылмыс жасауда қай тұлғаның рөлі белсенді болды, міне, осы кезде ақтауға жатпайтын негіздер бойынша істі негізсіз тоқтату оқиғалары да кездеседі. Бұл таңқаларлық оқиға емес. Жариялылық, ауызекілік, туралық, бәсекелестік (тараптардың тең құқықтығы жағдайында) жағдайларында сот талқылауындағы мән-жайды зерттеу сот ісін жүргізудегі әділеттілікке жетудің маңызды кепілі болып табылады.
Сот ісін жүргізудегі
әділеттілікке жетудің бұл
Қылмыстық істі тоқтатудың негіздерінің өзі де бірталай сұрақ туғызады. Егер мән-жайдың өзгеруіне байланысты жасалған әрекет тергеу кезінде өзінің қоғамдық қауіптілігін жоғалтқан болса, мынадай орында сұрақ туындайды: қоғамдық қауіптілік белгісі жоқ болған кезде әрекет қылмыстық жазалауға жата ма.
Әрекеттің қоғамдық қауіптілігі болмаған жерде қылмыс құрамының объективті тұсы да жоқ. Міндетті элементтердің бірінің болмауы әрекеттегі қылмыс құрамының болмауын да білдіреді. Мұндай жағдайда қарастырылып отырған негізді қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған жеке іс (арнайы болса да) деп жүйелеуге алғы шарттар бар деуге болады.
Жоғарыда аталып өткендей, қылмыстық істі тоқтату кезінде, соның ішінде ақталуға жатапйтын негіздер бойынша, тергеуші заттық айғақтар туралы мәселені шешуі керек, мәселен, айыпталушының қылмыс қаруы тәркілеуге жатады және ол тиісті мекемелерге жіберіледі немесе жойылады; айналымға түсуге рұқсат етілмейтін заттар тиісті мекемелерге жіберіледі немесе жойылады; ешқандай да құндылыққа жатпайтын және пайдалануға да болмайтын заттар жойылуға тиіс, егер қызығушылық білдірген тұлғалар немесе мекемелер болса, онда олар соларға берілуі мүмкін; қылмыскер заңды иесінен тартып алған ақша, басқа да құндылықтар мен заттар оның заңды иесіне қайтарылады, бұл заттардың кімге тиесілі екендігі туралы дау шыққан жағдайда бұл дау азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілуге жатады (4 бап); заттық айғақтар болып табылатын құжаттар ұзақ уақыт бойы сақтауға қалдырылады немесе қызығушылық білдірген мекемелерге жіберіледі.
Қылмыс қаруының тәркіленуі
қылмыстық-процессуалдық
Алайда, қылмыс қаруын (материалдық
құндылықты) тәркілеудің және мүлікті
тәркілеудің заңдық табиғатын жазалау
түріне теңдестірудің қажеті жоқ. Біріншісі,
қылмыстық-процессуалдық
Азаматтық талаптарды сотпен
шешудің жалпы азаматтық
Мұндай жағдайда, қылмыстан материалдық зардап шеккен тұлғалардың мүліктік құқықтары бұзылған қалпында қалады, тергеу кезінде қабылданған азаматтық талапты қамтамасыз ету кері қайтарылады, зардап шеккен тұлға өзінің мүліктік құқығын қорғау үшін қайтадан мемлекеттік органдарға өтініш жазуға мәжбүр болады; солай бола тұра құқықбұзушының жауаптылығы толық мөлшерде қамтамасыз етілмейді.
Қолданыстағы заң белгілі бір шарада тергеушіге қылмыспен келтірілген шығынды өтеу туралы мәселені шешу құқығын, айғақты заттар деп танылған ақша және басқа да құндылықтарды заңды иесіне қайтару құқығын береді.
Азаматтық талаптарды сотпен шешу, шын мәнісінде, материалдық өндірудің заңдылығы немесе оның көлемі туралы дау туған кезде ғана талап етіледі. Мұндай жағдайларда тергеуші шешіміне зардап шегушінің, азаматтық талапкердің, айыпталушының немесе олардың өкілдерінің шағымдануы тергеуші шешімінің орындалуын тоқтатқан болар еді және азаматтық талап туралы мәселе сотпен шешілер еді.
Қылмыстық істі тоқтатқан
кездегі азаматтық талапты
Қылмыспен келген материалдық шығынды өтеу туралы мәселенің бірмезгілде қылмыстық іспен бірге шешілуі процесске қатысушы барлық мүдделі қатысушылар үшін тиімді, өйткені олар қылмыстық процессте мән-жайды дәлелдеу міндетінен босатылады, ал олардың анықталуы азаматтық-құқықтық қатынастарды шешуде, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуде аса қажет.
Бұл, сондай-ақ, істің аяқталуына мүдделі емес субъектілерге де жайлы (куәлерге, мамандарға, сарапшыларға, аудармашыларға, куәгерлерге), өйткені, оларды өздерінің күнделікті қызметтерінен қайтадан алаңдатпайды.
Айыпталушырдың бір бөлігі қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіз бойынша босатылатын, ал басқалары туралы іс сотқа жіберілетін топтық істерде материалдық шығын туралы мәселені босатылған тұлғаның кінәсінен келген шығын мөлшері ешқандай күдік және дау тудырмайтын болса ғана,тергеуші шеше алады.
Қалған жағдайларда, соның ішінде, ынтымақты материалдық жауаптылықта қылмыстық жауаптылықтан босатылған тұлғаны азаматтық жауапкер ретінде жауапқа тарту дұрыс болған болар еді.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында белгіленгендей, қылмыстық сот ісінің оңтайлы моделі жасалмайынша мемлекеттің қылмыстық саясаты тиімді болмақ емес [26, 14 б.].
Сондықтан қылмыстық-іс жүргізу құқығын дамыту перспективалары туралы айтқанда, Республиканың қолданыстағы Қылмыстық-іс жүргізу кодексі негізінен қылмыстық әділет жүйесін қазіргі уақыттағы демократиялық, құқықтық мемлекеттің сипаттарына сәйкес келтіргенін атап өткен жөн. Заң шығарушының басты мақсаты тікелей қолданылатын, заңдардың мәнін, мазмұнын және қолданылуын айқындайтын және әділ сотпен қамтамасыз ететін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы конституциялық нормаларды тануға негізделген қылмыстық іс жүргізу заңын қалыптастыру болатын.
Тергеушінің жоғарыда көрсетілген міндеттері жиынтық түрде оның қоғам өмірінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етудегі әлеуметтік-саяси рөлін айқындайды. Алайда, тергеушінің толыққанды рөлі мен оның қызметінің мәні ол жүзеге асыратын функцияларда, құқықтық қағидалар мен оның қызметінің шарттарында ашылады.
Сол себепті қылмыстық-іс
жүргізу құқығын дамытудың
Бұл үшін қылмыстарды, жылдам әрі толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды тиісінше қолдану мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын және жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы тиімді қолдануды көздейтін оңтайлы құқықтық тетіктерді әзірлеу талап етіледі.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңмен белгіленген тәртібі -негізсіз айыптау мен соттаудан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеулерден мүлтіксіз қорғауды қамтамасыз етуге, кінәсіз адамды заңсыз айыптаған немесе соттаған жағдайда оны тез арада және толығымен оңалтуға, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібінің нығаюына, қылмыстың алдын алуға, құқыққа құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырған кезде заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақталуы маңызды міндет болып табылады. Бұл ретте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін жүйені күшейту, адамның жеке өміріне қол сұқпауды, жедел іздестіру қызметінің құралдары мен әдістерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауаптылықты қамтамасыз ету қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыстың объектісі мен пәнін зерттеу барысында тергеушінің процессуалдық функцияларына қатысты қылмыстық құқық ғылымында әртүрлі пікірлер бар екенін анықталды. Тергеуші қызметінің ішкі құрылымына ене отырып, заңнама мен доктриналдық ойларды талдай келе біз өзіндік қорытынды ойлар мен түйіндерге келдік.
Біріншіден, процессуалист ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлерің басым көпшілігі тергеушіде «өзіндік» функциялар бар екенін мойындайды. Олар қылмыстық сот өндірісінің мІндеттерімен шартталған қылмыстық –процессуалдық қызметтің бағыттарынан, түрлерінен, құрылымдарынан тұрады. Одан қылмыстық істің пайда болуы, қозғалысы және шешілуі тікелей байланысты.
Екінішден, тергеушінің
процессуалдық функциялары
Үшіншіден, қылмыстық-процессуалдық заңнаманы талдай келе және сол бір немесе өзге уәждерді назарға ала отырып, зерттеу барысында тергеушінің төмендегідей функциялары бөліп көрсетілді: қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарау; істің мән-жайын зерттеу; қылмыс жасады деп айыптау; азаматтарды негізсіз айытаудан оқшаулау; қылмыс келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету; мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімді қамтамасыз ету; қылмыстардың алдын алу; қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жоюға шаралар қолдану; айыпталуышыны іздестіру, қылмыстық істі шешу.
Төртіншіден, қылмыстық процестің әрбір қатысушысының, соның ішінде тергеушінің, рөлін түсініп білу, құқықтар мен міндеттерді нақты бөлуге септігін тигізеді, қызметтің мәнісі туралы ұғымды айқындайды және соның нәтижесінде заңнаманы дәлме дәл қолдануға, құқықтық қарама-қайшылықтар мен коллизияларды жоюға мүмкіндік береді.
Бесіншіден, процессуалдық функциялар туралы сөз қозғағанда күрделі және сан қырлы болып келетін қылмыстық-процессуалдық қызметтің, шынында да, түрлі құрамдас бөліктерден құралатынын атап өту қажет. Алайда, процесстің бөліктерін (кезеңдерін) процесстің сатысына жатқызу үрдіс алған. Сондықтан да, мына анықтама қажет: қылмыстық-процессуалдық қызметтің қылмыстық процесстің барлық сатысына тән құрамдас бөліктері бар. Қылмыстық-процессуалдық функцияларды қылмыстық-процессуалдық қызметтің өзінің бағыттары бойынша яғни жуық арадағы мақсаттарға жіктелетін, қызметтің осы түрінің нәтижесін көздеген аса маңызды түрі ретінде қарастыру қажет.