Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 15:43, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ............6
1.1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны.......................................................................................6
1.2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны..........13
1.3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы........................................................17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ....................20
2.1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру.............................20
2.2 Істің мән-жайын зерттеу.....................................................................................24
2.3 Қылмыс жасады деп айыптау.............................................................................29
2.4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау...........................................................................35
2.5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету......37
2.6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану................................................................................43
2.7 Айыпталушыны іздестіру...................................................................................47
2.8 Қылмыстық істі шешу.........................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................60

Файлы: 1 файл

Самат.doc

— 430.00 Кб (Скачать)

Адамды айыпталушы ретінде  жауапқа тарту үшін тергеушіге қылмыстың  болғанын және оны тиісті адамның  жасағаны туралы болжамды растайтын  мәліметтерді анықтау жеткілікті.

Тергеуші адамның кінәлілігіне күмән келтіруі мүмкін, бірақ дегенмен де оған оның жауаптарын тексеру нәтижесінде  оның кінәлілігіне немесе кінәсіздігіне  көз жеткізу үшін айып тағуы мүмкін.

Оның дәрежесіне қарамасатан  мүмкіндік тек мүмкіндік, болжам болып қана қалады. Сондай-ақ, белгілі бір тұлғаның қылмыс жасағаны туралы тергеушінің түйіні оны айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы шығарған кезде сол сәтке іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығына қатысты шынайы болып табылады. Дәлелдемелердің басқа жиынтығы кезінде тек бір ғана қосымша дәлелдемені қосқан кезде осы жаңа жиынтықты бағалау мүлдем басқаша болуы жоққа шығарылмайды. Бірақ сол жаңа жиынтықтан да күмән тудырмайтын бір ғана түйін шығуға тиіс.

Олай болмаған жағдайда тергеуші адамды айыпталушы ретінде тарту туралы жауапты шешім қабылдауға құқылы емес. Ондай шешім жеткілікті және шынайы дәлелдемелерге негізделуге тиіс, ол сол сәтте басқа шешім болу мүмкіндігі туралы тергеушіде ешқандай күмән тудырмау керек.

Яғни, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы актіге қатысты жеткілікті дәлелдемелер болып тергеушімен, заңда белгіленген тәртіпке сәйкес, жинақталған, тексерілген және бағаланған шынайы мәліметтер түсініледі, олар өз жиынтығында тергеудің сол сәтінде белгілі бір адам Қылмыстық кодекспен көзделген қылмыс жасады және ол үшін жауапкершіліктен босатылуға жатпайды деген жалғыз және дұрыс қорытындыға алып келу керек.

Осы қаулыны шығарған сәттен бастап екі тәуліктен кешіктірмей  айып тағу орын алуға тиіс. Оның мәнісі айыпталушыға айыпталушы ретінде тартылатындығы туралы қаулыны жария ету және тағылған айыптың мәнісін түсіндіру табылады. Айып тағу тәртібі мен шарттары қылмыстық заңнамамен нақты реттелген.                            

Егер алдын ала тергеуді жүргізу барысында тағылған айыпты өзгертуге немесес оны толықтыруға негіз туындаса, тергеуші заңнамамен белгіленген тәртіпті сақтай отырып айыпты қайта тағуға тиіс және адамнан жаңа айып бойынша жауап алыну керек. Заңның бұл ережесі айыптың нақтылығы мен дәлдігін, адамды айыпталушы ретінде тартқаннан кейін алынған фактілі мәліметтерге сәйкес түзетуді  немесе бұрын белгіленген мәліметтерді қайта бағалауды қамтамасыз етуге арналған.   

Айыпталушы ретінде тартудың негізі болып айып тағуға мүмкіндік беретін жеткілікті дәлелдемелердің болуы табылады.

Айыптауды нақты бір адамның қылмыс жасағаны туралы шынайы және түпкілікті сенім ретінде барлық жағдайда қарастыруға болмайды. Шынайылық пен дәлелденгендік айыптаудың сапалық қырын, оның заңдылығы мен негізділігін сипаттайды, бірақ ол түсініктің өзінің белгілері болып табылмайды. Айып, тіпті ол шынайы және заңды болмаса да айып болып қала береді.   

Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарған кезде тергеушілер айыптауда қылмыстық құрамды құрайтын фактілі жағдайларды ғана көрсетеді, заңдық түйінді өте сирек көрсетеді.

Бұл орайда айыптауды қалыптастырудың соңғы тәсілі дұрыс болып табылады. Біріншісі мейлінше кең таралған және қолданыстағы заң талаптарына сәйкес келеді, бірақ ол айыптаудың заңдық формуласын (оның мәнісін) толық ашпайды және сол себептен айыптау институтының мәнісінің өзіне және өзіне қарсы тағылған айыптың мәнісін білу туралы айыпталушының заңды мүддесіне толық жауап бермейді.

Жасалған іс әрекетті заңның тиісті нормасы бойынша саралау айыптаудың заңдық формуласының болмауының орнын толтырмайды. Сонымен бірге айыптауды заңдық формулаға ғана тіреу одан да бетер әлсіз болады, өйткені тұлғаның нақты қандай іс әрекеттері қылмыстық деп есептелетінін нақтылауға мүмкіндік бермейді, айыптаудың мазмұнын ашпайды.   

Қылмыстық іс жүргізу заңы айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда қылмыс жасалған уақыт пен орынды ғана көрсетуді талап етпейді, ол сонымен бірге қылмыстың жасалуының басқа да жағдайларын нақты баяндауды талап етеді, өйткені олар іс материалдарымен белгіленген.

Заң адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыны шығаруды іс бойынша түпкілікті позицияның таңдалғаны туралы негізді білдірмейді. Өйткені олай болмаған жағдайда алдын ала өндірісті жүргізудің мәнісі болмас еді, айыпты өзгерту немесе толықтырудың да қажеттілігін жоққа шығатын еді.  

Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығара отырып тергеуші қолданыстағы заңға сәйкес кінәлілік туралы мәселені түпкілікті шешпейді. Бірақ сонымен бірге егер қаулыны болжам деңгейіне дейін түсірсе, онда айыптаудың мәнісі бойынша күдіктенуден ешқандай айырмашылығы болмайды.  

Айыпталушы ретінде тартуға қажетті негіздерді белгілегеннен кейін тергеуші дереу тиісті қаулы шығаруға тиіс, бірақ кейбір жағдайларда тактикалық ұстаным мақсатында бұл ережеден ауытқуға жол беріледі.

Айып тағу үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған жағдайда, адамды айыпталу ретінше тартуды кейінгі қалдыру қажет болмаса, тергеуші адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыны дереу қабылдауға тиіс.

Адамды уақтылы айыпталушы ретінде тартудың үлкен алдын алу және тәрбиелік маңызы бар. Айыпталушыдан жауап алу тергеушіге одан тсініктеме алуға, оны уақытында тексеруге және оның кінәлілігіне қатысты өз түйінін жасауға мүмкіндік береді. Ал, айыпталушыда тағылған айыптан қорғану және іс бойынша шынайылықты айқындауға белсенді көмектесу мүмкіндігі болады.

Кейде тәжірибе жүзінде істі тергеу барысында, ол айқталғанға дейін айып тағу әдейі созбалаңға салынады.                   

Адамның қылмыс жасауға кінәлілігі туралы тергеушінің түйіні түпкілікті түрде және толық күйінде айыптау қорытындысында белгіленеді. Оның сипаттау бөлігінде істің мәнісі, қылмыс жасалған уақыт мен орны, оның тәсілдері, ниеті, салдары мен істің басқа да жағдайлары, қылмыстың болғанын айғақтайтын және айыпталушының кінәлілігін растайтын дәлелдемелер, айыпталушының өзін қорғау мақсатында келтірген уәждері мен осы уәждерді тексеру нәтижелері көрініс табады.

Айыптау қорытындысының қарар бөлігінде айыпталушының жеке басы туралы мәліметтер келтіріледі, оған тағылған айыптың формулировкасы жазылады, онда осы қылмыс белгіленген қылмыстық заңның баптары көрсетіледі.      

Алдын ала тергеудің аяқталып, айыптау қорытындысын жасау тергеушінің кінәліні сотқа беру керектігі туралы түпкілікті қорытындыға келгенін білдіреді. Іс айыптау қорытындысымен бірге прокурорға жіберіледі, ол, өз кезегінде, істі сотқа жіберуге толық негіз бар екеніне көз жеткізгеннен кейін, істі соттылығы бойынша сотқа жібереді. Айыпталушыны сотқа беру туралы шешімді сот немесе судья қабылдағаннан кейін, айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесі табыс етіледі. Сот тергеуі айыптау қорытындысын жария етумен басталады.  

Осылайша, айыптау қорытындысы алдын ала тергеудің маңызды процесуалдық актісі болып табылады. Ол бір жағынан, адамның қылмыс жасағанын әшкерелейді, екінші бір жағынан мемлекет атынан шығатын тергеуші мен прокурордың оны қылмыстық жауапкершілікке тартылуын қамтамасыз етуді білдіреді. Айыптау қорытындысына және оның мазмұнына қатысты оның айыпталушы тағдырындағы рөлін кеңейту туралы пікір бар.

Аралас типтегі процес ретіндегі қылмыстық процестің ерекшелігі сонда, дәлелдемелік база онда сотқа дейінгі кезеңдерде қалыптасады.

Алдын ала тергеудің қорытынды актісі болып айыптау қорытындысы табылады. Бұл маңызды процессуалдық құжатта айыптаудың мәнісі, ол негізделетін фактілі мәліметтер, айыпталушы іс әрекетінің заңдық саралануы, оның жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайлар көрініс табады және айыпталушыны жазалау туралы өз ұсынысын енгізу ұсынылады.

Айыптаудың барлық қылмыстық процессуалдық нысандары материалдық мағынада айыптаумен тығыз байланысты. Айыптаудың материалдық жағы – бұл айыпталушыға тағылатын қоғамға қауіпті және құқыққақайшы іс әрекеттер, олардың заңдық бағалануы. Айыптау процессуалдық құбылыс ретінде оның материалдық негізі болғандықтан бар болады.        

 

 

2.4 Негізсіз  айыптаудан оқшаулау

Негізсіз айыптаудан оқшаулау тергеушінің дербес процессуалдық  функциясы; бұл сол және басқа  да шара негізінде айыпкерді немесе күдіктіні ақтайтын яки айыпкердің жауаптылығын жеңілдететін мән-жайдың бар екені туралы тұжырым жөнінде шешім қабылдаумен сипатталады.

Тергеушінің бұл функциясын жүзеге асыру жөніндегі мәселе  даулы. Қарсыластардың пікірі бойынша  бұл функцияны жүзеге асыру мүмкін емес, өйткені тергеушінің өзі  таққан айыпты өзі қорғауы ақылға сыйымсыз дейді.

Кейбіреулер екі жақтың да пікірін назарға алмайды және тергеушіде айыптау мен қорғау функциясының бар екенін мүлде жоққа шығарады, тек қана бұл лауазымды тұлғаның қылмысты істі тергеудегі бір ғана функциясын орындауы туралы ғана айтады.

Тергеушінің қорғау функциясын жүзеге асыруын үзілді-кесілді тұжырымдау қисынға келмейді, сөйте тұра қылмыстық-процессуалдық  заңды зерттей келе,  оның тергеушіні күдікті мен айыпкерді қорғауға атсалысуға, сондай-ақ заңда көрсетілген негіздер болған жағдайда айыптаудан  бас тартуға немесе қылмыстық істі тоқтатуға міндеттейтін ережелерді жоққа шығаруға мүмкіндік бермейтінін көреміз.

Тергеуші қызметіндегі бұл бағытты қорғау деп атау дәл  емес, оны негізсіз айыптаудан оқшаулау  деген дұрысырақ.  Ресмиленген күдіктің негізсіздігін анықтай отырып, тергеуші күдік тудырған адамды ақтайтын қаулы шығарады. Іс жүзінде қолданыстағы заңға сәйкес мұндай қаулы айып тағылғанға дейін қылмыстың жолын кесу қолданылған тұлғаға күдік расталмаған кезде шығарылуы керек. Күдіктіні ақтау туралы тұжырым әдетте айып тағылғанға дейін таңдап алынған қылмыстың жолын кесу шарасын тоқтату туралы қаулыда көрсетіледі.

Заңда ақтау туралы қаулыны  күдік расталмаған кезде шығару қажеттігі айтылмаған, бірақ тергеушінің кез келген шешімі, соның ішінде қылмыстың жолын кесу шарасын тоқтату шешімі да уәжді болу керек.

Қаулының нақ осы  уәжді бөлімінде  тергеушінің  күдіктің расталмағаны туралы немесе  осыған байланысты қылмыстың жолын  кесу шарасының онан әрі қолданылуы үшін негіздің жойылғаны туралы тұжырым көрсетілуі керек. Қылмыс жасаған деген айыптаудан  бас тарту туралы қаулы бұрын ұсталған немесе айып тағылғанға дейін қылмыстың жолын кесу шарасына ұшыраған, сонан соң тергеушінің ақтау шешімінсіз мәжбүрлеу шарасынан босатылған тұлғаға қатысты шығарылған жағдайды, аталған қаулы тұлғаны негізсіз күдіктен  оқшаулау құралы болып табылады.

Қылмыс жасады деп  айыпталған тұлғаны ақтау, яғни тұлғаны  негізсіз айыптаудан оқшаулау, ішінара  болса да, тергеуші айыпты жеңілдету  жағына қарай өзгерткен кезде де орын алады. Егер алдын ала тергеу барысында тағылған айып кейбір бөлімде негізделмеген болса, тергеуші өзінің қаулысымен осы бөлімдегі істі тоқтатады да, бұл жөнінде айыпкерге хабарлайды.

Айыптау қорытындысын яки  ақтауға жатпайтын негіз бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығара атырып, тергеуші тергеу барысында анықталған айыпталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайды хабарлайды. Бұл да азаматтарды негізсіз айыптаудан оқшаулаудың маңызды бір формасы,  істі зерттеудің жан-жақтылық, барынша мол және шынайылық принциптерін бірмезгілде жүзеге асыру болып табылады. Айыптау қорытындысында айыпкердің жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар көрсетілуі керектігі заңда қарастырылған. Қылмыстық істің тоқтатылуы туралы қаулы уәжді болу керек, онда істің мәні мен тоқтатылу негізі көрсетіледі.

Жауаптылықты жеңілдететін мән-жай істің мәні ғана емес, оны тоқтату факторының да құрамдас бөлігі болып табылатыны анық. Сондықтан да, олар қаулыда көрсетілуі керек.

Тергеуші жүзеге асыратын қарастырылып отырған функцияның  сипатты және айқын нысаны – күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыс оқиғасының немесе қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істің тоқтатылуы болып табылады. Бұл барлық қылмыстық істің тоқтатылуында да орын алуы мүмкін, бұл жағдайда қорғау функциясы мен істің шешілуі өз ара сәйкес келеді, сол сияқты жекелеген күдікті немесе айыпталушыға қатысты іс тоқтатылған кезде де осы сәйкестік орын алады.

Егер іс бойынша бірнеше  айыпталушы жауапқа тартылса, бірақ  істі тоқтату негізі барлық айыпталушыларға қатысты болмаса, онда тергеуші жекелеген тұлғаға қатысты істі ғана тоқтатады. Бұл ереже заңда тек айыпталушыға ғана қатысты деп көрсетілген, алайда бұл толық негізде күдіктіге де қолданылуы мүмкін [19, 102 б.].

Қылмыстық істі тоқтатудың мынадай негізі туралы қиын мәселе бар:   қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндіктердің таусылуы, сөйтіп, айыпталушының қылмыс жасауға қатыстылығының бар екенінің дәлелденбеуі.

Осы негіз бойынша істі тоқтатуды негізсіз айыптаудан оқшаулау деп қарастырған жөн. Алайда,  істі тоқтатудың осы негізіне мұқият қарайтын болсақ, әсіресе, тергеушінің біз қарастырып отырған функциясы тұрғысынан алсақ, ол соншалықты дәйекті емес, өйткені айыптыға қатысты барлық күдікті алып тастамайды.

Айыпталушының қылмыс жасауға қатыстылығының бар екенінің дәлелденбеуі қылмыс оқиғасының немесе қылмыс құрамының дәлелденбеуін білдіруі мүмкін, яғни қылмыс оқиғасы болмаған деп яки айыпталушының іс- әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп бағалануы тиіс. Мұндай жағдайдағы істің тоқтатылуы жазықсыздық презумпциясы принципі тұрғысынан нағыз дұрыс шешім, өйткені, қылмысқа қатыстылығы дәлелденбеген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ресми күдікті қалдырмау керек, басқаша айтқанда, кінәсіздігі ресми  түрде алынып тасталуы керек.

Информация о работе Тергеушінің қылмыстық іс жүргізушілік функциялары түсінігі және түрлік сипаттамасы