Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсерінің теориялық мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Өзін-өзі анықтау барда өзін-өзі тежеу де бар. Оқушы профессионалдық қатынаста әлі ешкім емес, таза парақ. Ол слесарь, дәрігер, косманавт болуы мүмкін. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көп баспалдақты процесс. Біріншіден, қоғамның жаңадан тұлғаға айналып келе жатқан адамға қоятын қызметтер сериясы. Ал бұл тұлға белгілі бір уақытқа дейін оны шешуі тиіс. Екіншіден, шешім қабылдау процесі сол арқылы тұлға өз қабылеттері мен таңдауын оптимистік тұрғыда қарайды. Үшіншіден, жеке өмір стилін жасау, ал оның бір бөлігі болып, мамандырылған іс-әрекеті саналады.

Файлы: 1 файл

Анар диплом.doc

— 865.50 Кб (Скачать)

Эксперименталды әдістерді өткізу белгілі талаптарды қажет етеді. Кез келген эксперименттің сәттілігі психологиядағы жалпы зерттеулердің принциптерін ескеру жағдайында жүзеге асады.

1. экспериментті жоспарлау.

            2. сыртқы факторлардың әсерін бақылау

            3.зерттелінушілер жиынтығы эксперимент әдістемесімен және міндеттерімен сәйкес болуы қажет

            4.экспериментатордың зерттеліп отырылған үрдіске, оның нәтижесіне, жалпы қорытындысына әсері ескерілуі тиіс

            5.эксперимент нәтижесін өңдеу өте жауапты үрдіс. Нақты материалды өңдеу яғни оған талдау жасап, қойылған болжамға және ғылымға белгілі нәтижелермен сәйкестендіру керек.

Зерттеу базасы: Шемонаиха қаласының №5 қазақ  орта мектебінің 9 – 10 сыныбының оқушылары.  Респонденттердің жалпы  саны 40.

Бітіру жұмысының  мақсатына жету үшін зерттеу әдістемелері қарастырылды. Зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты көптеген зерттеулерге назар аударылды. Дегенменде біз келесі зерттеу әдістемелеріне тоқталуды жөн көрдік.

        1. С.А.Будассидің тұлғаның өзіндік бағалауын зерттеу әдістемесі

              (тіркеме А);

        2.Д.Холландтың тұлғаның типтерін анықтау тесті алынды (тіркеме Ә);

        3.Климовтың «Дифференциалды-диагностикалық сұрақтамасын» тіркеме Б).

Ең бірінші  біз С.А. Будассидің тұлғаның өзіндік  бағалауын зерттеу әдістемесіне тоқтала кетейік. Будассидің әдістемесі тұлғаның өзіндік бағалауын зерттеуде сандық зерттеу, яғни өлшеу өткізуге мүмкіндік береді. Бұл әдістеменің негізінде рангтеу тәсілі жатыр.

Әдістемеде  төмендегідей нұсқау беріледі: «Сізге тұлғаның қасиеттерін беретін 48 сөзден тұратын тізбек беріледі, олардың ішінен сіздің ойыңыздағы эталонды тұлғаны(«менің идеалым деп атасақ та болады») көбірек жағдайда сипаттайтын жиырма сөзді таңдап алуыңыз керек. Бұл қатарда жағымсыз қасиеттер де орны табуы мүмкін.».

 

 

 

Сізге таңдалынып алынған жиырма тұлға қасиеттерінен зерттеу хаттамасында d1 эталонды қатарды құру керек. Онда бірінші позицияда сіздің ойыңызша тұлғаның неғұрлым маңызды жағымды қасиеттері, соңынан жағымсыз (20-ншы ранг неғұрлым тартымды қасиет, 19-ншыдан 1ге дейін азырақ жағымды) орналастыру керек. Бірде-бір баға-ранг екі рет қайталанбауы тиіс

 Кесте  2.1 Зерттеу хаттамасы

 

d1 эталонының ранг нөмірі

Тұлғаның қасиеттері

d2 субъектісінің ранг нөмірі

D рангтерінің түрлілігі

d2 рангтерінің түрлілігінің квадраты

         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
 

Σ d2 =


 

Сіздің таңдалынған  тұлға қасиеттерінің d2 субъективті қатарын құрыңыз, онда сізде байқалған қасиеттердің азаюы бойынша орналастырыңыз (20-ншы сізге көп деңгейде тән қасиет, 19-ншы біріншіге қарағанда неғұрлым азырақ тән және солай жалғаса береді). Нәтижені зерттеу хаттамасына тіркеңіз.

Нәтижелерді өңдеу.

Нітижелерді өңдеудегі  мақсат – «Мен идеалды» және «Мен реалды»  ойларына енетін тұлға қасиеттерінің  рангтік бағаларының арасындағы байланысты анықтау. Байланыстың мөлшері рангтік корреляция коэффицентінің көмегімен орнатылады.  Коэффицентті есептеу үшін ең бірінші әрбір қасиеттің d1 - d2       рангтерінің түрлілігін тауып, алынған нәтижені зерттеу хаттамасындағы d тізбегіне енгізу керек. Содан кейін әрбір алынған d рангінің түрлілігінің мәнінің квадратын шығарып (d1 - d2) оның нәтижесін d2     тізбегіне жазу керек. Σ d рангтерінің түрлілігінің квадратының жалпы соммасын есептеп, оны r = l - 0,00075 x Σ d2 формуласына енгізіңіз,  мұндағы r – корреляцияның коэффиценті (тұлғаның өзіндік бағалаудың деңгейінің көрсеткіші).

Нәтижелерді интерпретациялау.

Рангтік корреляцияның  коэффиценті -1 ден + 1 интервалында болуы  мүмкін. Егер алынған коэффицент -0,37 ден аз емес және  +0,37 көп емес болғанда (сенімділіктің деңгейі 0,05ке те болғанда) адамның өзі-өзі идеалды және реалды қасиетерінің арасында өте әлсіз (немесе болмауы) байланыстың болуын көрсетеді. Мұндай көрсеткіш зерттелушінің нұсқауды дұрыс орындамауымен байланысты болуы мүмкін. Егер нұсқау орындалған болса, төменгі көрсеткіштер адамның өзінің Мен идеалды мен Мен реалдысы туралы ойының дифференциалданбағандығы және анық емес екендігі жайлы айтуға болады. Егер корреляцияның коэффицентінің мәні +0,38 до +1 болған жағдайда Мен идеалды мен Мен реалды арасындағы мәнді жағымды байланыстың бар екенін білдіреді. Мұны адекватты өзіндік бағалаудың көрінісі немесе г +0,39 дан +0,89 дейін болса, оның жоғары екенің айтуға болады. +0,9 дан +1ге дейінгі мән әдетте адекватсыз жоғарыланған өзіндік бағалауды білдіреді. -0,38 дан -1ге дейінгі интервалдағы корреляция коэффицентінің мәні Мен идаелды мен Мен реалдының арасындағы теріс байланыстың (адамның қандай болғысы келетіндігімен реалды өмірде оның қандай екендігінің арасындағы ойдың сәйкеспеуін білдіреді) бар екендігін білдіреді. Бұл сәйкессіздікті төмендетілген өзіндік бағалау деп қорытындылауға болады. Коэффицент неғұрлым -1ге жақын болса, сәйкессіздік соғұрлым жоғары. Ұсынылған әдістемеде өзіндік бағалауды зерттеу оның деңгейі мен адекваттылығы Мен реалды мен Мен идеалды арасындағы қатынас ретінде анықталады. Адамның өзі туралы ойы әдетте оған объективті білім мен субъективті көзқарасқа сүйене ме, олар шын ба немесе өтірік пе екендігіне көз жеткізбей сенімді болып көрінуі мүмкін. Адамның өзіне берген қасиеттері әрқашан адекватты болмауы мұмкін.

Өзіңді бағалау  процесі екі жолмен жүзеге асады: 1) өзіңнің көзқарасыңды өзіңнің  әрекетіңнің объективті нәтижелерімен  сәйкестендіру арқылы; 2) өзге адамдармен өзіңді салыстыру арқылы. Алайда өзіндік бағалаудың негізінде адамның өзі туралы ойы болса да, өзге адамдардың тұжырымдарының интерпретациясы болсын өзіндік бағалау әрқашан субъективті сипатта болады; сонымен қатар оның көрсеткіштері ретінде адекваттылық пен деңгей болуы мүмкін.

Өзіндік бағалаудың адекваттылығы адамның өзі туралы ойының объективті негіздермен сәйкестігінің деңгейін білдіреді. Өзіндік бағалаудың деңгейі реалды және идеалды деңгейді немесе өзі туралы ойды білдіреді. Адекватты өзіндік бағалауды (жоғарылауға тенденциясымен) өзіне, өзіндік сыйлауға, өзін қабылдауға, өзінің толыққандылығын сезінуге деген жағымды қатынасымен сәйкестендіруге болады. Төмен өзіндік бағалау керісінше, өзіне деген жағымсыз қатынаспен, өзін қабылдамаумен, өзінің жеткіліксіздігін сезінуімен байланысты.

Өзіндік бағалауды  қалыптастыру процесінде маңызды рөлді  Мен идеалды мен Мен реалды образдарының сәйкестігі ойнайды. Сондықтан  кім реалды өмірде идеалдыға сәйкес сипаттамаларға жетсе, сол жоғары өзіндік  бағалауға қол жеткізеді. Егер адам осы сипаттамалар мен өзінің жеңістерінің арасындағы айырмашылықты «нәтижелі» рефлексияласа, оның өзіндік бағалауы төмен болуы мүмкін.

Адамның өзіндік  бағалауы мен өзіне деген қатынасы мотивация мен тұлғаның эмоционалды  ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Өзіндік бағалауға жиналған тәжірибенің интерпретациясы мен адамның өзінен және өзгелерден күтулері байланысты.

Өзіндік бағалаудың ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері бойынша есеп.

Төмендегі кестені  қолдана отырып, өзіндік бағалаудың ерекшеліктерін зерттеудің жеке нәтижелерін  интерпретациялаңыз.

 

 Кесте 2.2 Өзіндік бағалаудың ерекшеліктерін  зерттеудің жеке нәтижелері.

Өзіндік бағалау  көрсеткіштерінің көріну деңгейлері

Өзіндік бағалаудың көрінуі

Әдеттегі мінез-құлықта

Қарым-қатынаста студенттік топтарда (еңбек ұжымында)

Оқу (кәсіби) іс-әрекетте

- 1,0 тен + 0,85

Өзіндік бағалау  жоғары Адекватты емес

   

+ 0,84 тен + 0,53

Өзіндік бағалау  жоғары 
Адекватты

   

+ 0,52 тен -0,1

Өзіндік бағалау  орташа 
Адекватты

   

-0,09 тен -0,32

Өзіндік бағалау  төмен 
Адекватты

   

-0,33 тен -1,0

Өзіндік бағалау  төмен 
адекватты емес

   

Тұлғаның өзіндік  бағалауына байланысты мінез-құлқының сипаттамасы.

Өзіндік бағалауы жоғары адамдар өз мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалайды, өздерінің  шын мәнінде қолдары жете алмайтын мақсаттарды алдына қояды. Тұлғаның сау қасиеттері: ар, намыс, өзін сүю – тәккәппарлыққа, атаққұмарлыққа, эгоцентризмге айналады.

 Өз мүмкіндігін  адекватты емес бағалау мен  тартылыстың деңгейінің жоғарылауы  шектен тыс өзіне сенуге әкеледі.  Шектен тыс өзіне сенудің дамуы  жанұядағы және мектептегі сәйкесінше тәрбие стилінің салдары болуы мүмкін. Орынсыз мақтау мен мадақтау мұндай адамда қайталанбастығын түсінудің, өз мүмкіндіктері жайлы бұрмаланған ойдың қалыптасуының, өз әрекетінің нәтижесін объективті емес бағалауының қалыптасуына әкеліп соғады. Өзіне сенімді адамдар өзіндік талдауға бейім емес. Ойлауы сыналмайтындықтан, тәртіпсіздіктен, қажетті өзіндік бағалаудың болмайтындығынан олар қате шешім қабылдап, тәуекелдікті қажет ететін әрекеттерге барады. Қажет байқампаздық сезімінің болмауы адамның бүкіл өмірінің сенімділігі мен нәтижелілігіне, қауіпсіздігіне теріс әсер етеді. Өзін жетілдіру қажеттілігінің аз мөлшерде болуы немесе мүлдем болмауы олардың өзіндік тәрбие процесіне енуіне қиындық туғызады.

Өзіндік бағалауы төмен адамдар әдетте өзінің алдына болуы мүмкін сәтсіздіктердің мәнін өсіре отырып, өз мүмкіндіктерінен төмен мақсаттар қояды. Өзіндік бағалаудың төмен болғанда, адам өзіне сенімділіктің екінші ұшы - шектен тыс өзіне деген сенімсіздікпен сипатталады. Әдетте негізделмеген өз-өзіне деген сенімсіздік тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылады және адамдағы бой ұсыну, белсенсіздік, «толымсыздық сезімі» сияқты қасиеттерді қалыптастыруға әкеледі. Бұл адамның сырт келбетінде көрініс табады: басы иығының ішіне кіріңкі, жүрісі сенімсіз, қабағы түсіңкі, көп күле бермейді. Айналадағы адамдар мұндай адамды ашулы, ызалы, контактіге түсе бермейтін адам ретінде қабылдайды да, оның салдары ретінде ол шеттетіліп, жалғыздыққа бой ұсынады. Сенімсіздіктің дамуына кейбір субъективті факторлар да әсер етуі мүмкін: жоғары жүйке жүйесінің типі, темпераменттің қырлары жіне т.б. Мысалы, сенімсіздік мазасыздықтың кейбір сипаттамаларының бірі ретінде болады. Сенімсіздікті өзін тәрбиелеу процесі арқылы жеңу қиынға түседі, өйткені адам өзінің мүмкіндіктеріне, соңғы нәтижеге сенбейді.

Адекватты өзіндік  бағалау неғұрлым жағымды, ол кезде  адам өзінің жақсылықтарымен қатар, кемшіліктерін тең мойындайды. Оңтайлы  өзіндік бағалаудың негізінде қажетті  тәжірибе мен сәйкес білім жатыр. Өзіндік бағалаудың адекваттылығы  адамның жағымды қасиеті – сенімділіктен көрінеді. Өз-өзіне деген сенімділік адамға тартылыс деңгейін реттеуге және қмірдегі түрлі жағдайларға байланысты өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Сенімді адамды нақтылық, логикалық шешімдерді тауып, ұабылдап, кейіннен оны жүзеге асыра алу қасиеті ерекшелеп тұрады. Сенімді адам жіберілген қателерге сын тұрғысынан қарай алады, олардың себептерін талдап, оларды қайталамау жолдарын іздейді. Осы жерден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: өзін тану арқылы адекватты өзіндік бағалауды дамытуға тырысу керек. Адам өзін танып, бағалағаннан кейін саналы түрде өзінің мінез-құлқын басқарып, өзіндік тәрбиелеумен айналыса алады.

Келесі әдістеме Дж. Холланд «тұлғаның типтерін анықтау» әдістемесі. Осы әдістеме жайлы толығырақ баяндайық. Бұл тест адамның қалауы мен кәсіби қызығушылықтарын анықтауға арналған. Ол бейімділіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын түрлі, нақты кәсіпке сәйкестендіруге көмектеседі.

Бұл әдістемеге төмендегідей нұсқау беріледі: «Тест  бланкісінде қызығушылықтар мен бағдарлар кең түрде берілген. Берілген екі кәсіптің бірі, яғни сізге қызықтысы қайсысы, соған белгі қоясыз». (Тіркеме Ә)

Нәтижелерді өңдеу  үшін әдістемеге төменде берілген кілтті қолданамыз:

1а, 3б, 6а, 9а, 13б, 16а, 18б, 21а, 24а, 28б, 31а, 35а, 37б, 40а әлеуметтік;

2а, 8а, 9б, 12а, 14б, 17а, 23а, 24б, 27а, 29б, 31б, 33б, 36а, 42а артист;

3а, 5б, 8б, 11а, 15б, 18а, 20б, 23б, 26а, 30б, 34б, 37а, 39б, 42б конвенциалды;

4б, 6б, 10а, 12б, 15а, 19б, 21б, 25а, 27б, 30а, 32а, 34а, 38б, 40б кәсіпкер;

2б, 5а, 7а, 10б, 13а, 17б, 20а, 22а, 25б, 28а, 32б, 36б, 39а, 41а интеллектуалды;

1б, 4а, 4б, 11б, 14а, 16б, 19а, 22б, 26б, 29а, 33а, 35б, 38а, 41б реалист.

Осы жоғарыда келтірілген  кілтті қолдана отырып, оқушылардың  Холланд бойынша қай типке  жататындығын анықтаймыз. Ол үшін қай типтегі сәйкес жауаптар саны көп болса, респонденттің сол типке жататыны анықталады. Нәтижелер өңделгеннен кейін әдістеменің орташа мәнділігінің салыстырмалы кестесін қолданамыз.

 

           Кесте 2.3 Дж. Холландтың диагностикасы бойынша орташа мәнділігінің салыстырмалы кестесі.

 

Холланд бойынша  тұлға типтері

Р.

И.

С.

К.

П.

А.

5,8

6,5

4,7

6

5,3

5,3

3,3

5,2

6,9

4,7

3,7

4,4


Р.-реалист

И.- интеллектуалды

С.- әлеуметтік

К.- конвенциалды

П.- кәсіпкер

А.- әртіс

Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда  өзін-өзі бағалау мәселелері психологияда өзекті де, күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Өзін-өзі бағалау мәселесін теориялық жағынан толығырақ қарастырылған Б.Г. Ананьев, Л.И.Божонович, И.С.Кон.

Жеке тұлғаның негізгі ерекшілігі -өмірлік жоспарларының құрылуы.Бір жағынан өмірлік жоспар тұлғаның өз алдына қойған мақсаттарының ұлғаюынан және ауыспалы мақсаттарды бағындыратын құндылықты бағыттың тұрақты ядросының құрылу нәтижесінде туады. Екінші жағынан, мақсаттар мен уәждердің нақтылуанымен дифференциялану процесі жүріп жатады.

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсерінің теориялық мәселелері