Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 20:51, дипломная работа
Өзін-өзі анықтау барда өзін-өзі тежеу де бар. Оқушы профессионалдық қатынаста әлі ешкім емес, таза парақ. Ол слесарь, дәрігер, косманавт болуы мүмкін. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көп баспалдақты процесс. Біріншіден, қоғамның жаңадан тұлғаға айналып келе жатқан адамға қоятын қызметтер сериясы. Ал бұл тұлға белгілі бір уақытқа дейін оны шешуі тиіс. Екіншіден, шешім қабылдау процесі сол арқылы тұлға өз қабылеттері мен таңдауын оптимистік тұрғыда қарайды. Үшіншіден, жеке өмір стилін жасау, ал оның бір бөлігі болып, мамандырылған іс-әрекеті саналады.
Оқушылардың 13-і әлеуметтік салада қызмет еткісі келетінін айтқан, яғни топтың 32,5% қарым-қатынас жасай біледі, топ басшысы болуға ұмтылады. Білгіш, сезімтал. Ұсынылатын қызмет түрі: оқыту мен емдеу (мұғалім, дәрігер, психолог) адам.
Респонденттердің үшеуі конвенционалды екені анықталды, ендеше топтың 7,5%-і Ұйымшылдық қабілеттері әлсіз дамыған, математикалық қабілеттері басым. Қеңсе, есеп айырысуға байланысты мамандықтарды қалайды.
9-10 сынып оқушыларының 4-уі іскер типіне жататыны анықталды. Ол топтың 10%-ы белсенділік, қызбалықты, құлшынысты, ынта жігерді талап ететін міндеттермен мақсаттарды таңдайды. Мінез ерекшіліктері: басшылық етуді, нұсқау беруді, тапқырлықты ұнатады, қадірлегенді, күш көрсеткенді жақсы көреді, тілге бай. Мұндай мінез ерекшеліктері дипломат, репортер, менеджер, директорға лайықты.
Зерттелінушілердің
3-уі әртістік типті таңдаған, ендеше
топтың 7,5%-ы адаммен қарым-
ОХ- тұлғаның типтерін анықтау бойынша көрсеткіштер: 1-реалист, 2-зияткер, 3-әлеуметтік, 4-конвенционалды, 5-іскер, 6-әртіс.
ОУ-проценттік қатынас
Сурет 2.2 Д.Холандтың «тұлғаның типтерін анықтау» тестінің қорытындысын төмендегі суреттен көруге болады
Келесі әдістеме Е.А. Климовтың «дифференциалды-диагностикалық сұрақтамасын» 9-10 сынып оқушыларына өткізілді. Нәтижесінде 10 адам техника типіне жататындығы анықталды. Ол топтың 25%-н құрайды, яғни «адам-техника» кәсіп типі техникалық құрылғыларды жөндеу және құру, монтаждаумен байланысты кәсіптерді (құрлысшы, монтажшы, сварщик, инженер-конструктор), техникалық құралдарды эксплуатациялаушы (жүргізуші, от жағушы, токарь, тігінші), техникаларды жөндеушілер (слесарь-жөндеуші, механик, электромонтер).
Бұл тип жұмысшыдан көрнекі-образды ойлауды, кеңістікті қабылдау, ептілікпен жақсы қозғалыс дағдыларын, техника жайлы хабары мол болуды талап етеді.
Респонденттердің 6-ы табиғат типіне жатады. Ендеше ол топтың 15%-н құрайды. «Адам-табиғат» типіне тірі және өлі табиғатпен айналысыатындарды жатқызуға болады: (микробиолог, агрохимик, геолог), өсімдіктер мен жануарларға қызмет көрсетуші (орманшы, егінші, зоотехник), өсімдіктер мен жануарларда кездесетін аурулардың алдын-аулушы, емдеуші (ветеринар).
Бұл типтегі адамдарда өте жақсы байқағыштық, аяқ асты, оқыс жағдайларға бірден бағдар жасай алуды, жағдайға байлансыты мақсаттарын өзгерте алуды, қолайсыз жағдайларда шыдамдылық пен төзімділік тануты талап етеді.
Зерттелінушілердің 12-сі адам типіне жататыны анықталды, яғни оқушылардың 30%. «Адам-адам» кәсіп типіне медициналық қызмет көрсетумен байланысты (дәрігіер, медбике, санитар қызметкерлер), оқыту мен тәрбиелеу (тәрбиеші, оқытушы, жаттықтырушы), тұрмыстық қызмет көрсетуші (сатушы, жолсерік, даяшы), құқық қорғаныс (заң қызметкері, тергеуші, учаскелік инспектор).
Бұл типтегі кәсіп қызметкердің келесі қасиеттеріне үлкен талап қояды: тұрақты, адамдармен жұмыс істеуде көңіл-күйі көтерінкі, қарым-қатынаста ашық, өзін өзгенің орынына қоя алатын, іскер байланыстар орната алатын, адамдардың жағдайын түсіне, өзгеге әсер ете алатын, шыдамды, мейрімді, қайырымды.
Оқушылардың 7-уі белгілік жүйе типіне жатыны белгілі болды, ол топтың 17,5% құрайды, яғни олар «Адам – белгілер» жүйесі кәсіп типі мәтін мен байланысты кәсіптерді жинайды (корректор, машинистшы, аудармашы, кітапханашы), сандар, формула, кестелермен байлансыты (бағдарламашы, экономист, бухгалтер, кассир), сызбалармен карта, сұлбалармен (штурман, нобайсызбашы), дыбыс сигналдарымен (радист, телефонист).
Бұл тип кәсібі қызметкерлерден шыдамдылықты, ұзақ тұрақты зейінділікіті талап етеді.
Қалған бесеуі шығармашылық типіне жатады. Ол зерттелінушілердің 12,5%-н құрайды. «Адам- шығармашыл» типіне көркем шығармаларды жобалаумен, моделдеумен байланысты кәсіптерді жатқызуға болады: (суретші, журналист, модельерші, композитор), үлгі эскиз бойынша түрлі заттарды қайта жасау (зерерші, актер, киім пішуші, реставратор, бағбан-декоратор).
Бұл типтегі қызметкерлерден көркемдік өрісінің дамығандығын, жоғары деңгейдегі сұлулық сезімді, бай және ұшқыр ой мен қиялды қажет етеді.
ОХ- мамандық типтерінің
классификациясы анықтау
ОУ-проценттік қатынас
Сурет2.3 Климовтың «
Жоғарыда зерттеу
барысында алынған
Мұндағы ( ) - орта мән, - респонденттердің алған ұпайы болса, n – оқушылар саны.
Енді біз
осы мәліметтерді психологиялық
ықтималды-статистикалық
Мұндағы : - өзіндік бағалау бойынша алынған баллдар болса, : - орталық арифметикалық шама, яғни алынған мәндердің қосындысының ортасы біздің зерттеу жұмысымызда жоғарыда есептелген, ал n – оқушылар санын береді.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауының ерекшеліктерін зерттеуге қолданылған әдістемелердің нәтижелеріне статистикалық талдау жасаймыз.
Сызықтық корреляция Пирсон коэффициенті өзара байланысты есептеудегі неғұрлым дәл параметрикалық тәсіл болып табылады.
Бұл формула белгілердің көлемін және нәтижесінде хі және уі екі айнымалылардың d2 ху «ортақ дисперциясын есептеуге және оны жекелеген ортақ квадраттық ауытқу туындысына бөлуге негізделген.
9-10 сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау деңгейі мен Холландтың «тұлғаның титерін анықтау» тестінің байланысын анықтаймыз.
Пирсон коэффициенті мына формуламен есептеледі.
Бұнда, х=хі – х ар,
У=уі – у ар
Хі – бірінші айнымалылар көрсеткіштері
(Будассидің «Өзіндік бағалау» әдістемесі)
уі – екінші айнымалылар көрсеткіштері (Климовтың «дифференциалды-диагностикалық сұрақтамасының»)
Х ар – бірінші айнымалылардың орталық арифметикалық шамасы.
У ар – екінші айнымалылардың орталық арифметикалық шамасы. [42; б 119]
Формулаға сәйкес алынған мәліметтерді (3) формуламен есептейміз.
Рэмп0,385>Р01
Енді оқушылардың Климов бойынша мамандық типтеріне бейімділігінің байланысын анықтаймыз.
Хі – бірінші айнымалылар көрсеткіштері (Будассидің «өзіндік бағалайды анықтау» әдістемесі)
Уі - екінші айнымалылар көрсеткіштері. (Холландтың дифференциалды-диагностикалық әдістемесі)
Рэмп 0,463>Р01
Статистикалық талдауда сызықтық корреляцияның шеткі мәндерін кесте IV тексердік. Р > Р 01 статистикалық мәнділігін көрсетеді. Сызықтық корреляция арқылы олардың байланысының мәнділігін көреміз.
Статистикалық
талдауда алынған мәліметтер біздің
зерттеу жұмысымыздағы «
«Жасөспірімдердің өзіндік бағалауы болашақ кәсіп таңдауға әсерін тигізеді»деген болжамды дәлелдеу үшін біз ең алдымен Будассидің «өзіндік бағалауды анықтау» әдістемесін жүргідік, ол жеткіншектердің өзін-өзі жоғары, төмен, орташа, жоғары аддекватты, аддекватты емес, төмен аддекватты, аддекватты емес бағалау деп бөліп көрсетеді; ал Климов бойынша «мамандық типтеріне бейімділігі» әдістемесін алдық, бұл әдістеме жеткіншектердің жалпы қай шығармашылық. Біздің қосымша болжамымыз бойынша жоғарыда аталған типтер бір-біріне сәйкес келген жағдайда, өзіндік бағалау орташа деңгейде болады. Өйткені оқушылар өз мүмкіндіктерімен таңдаған мамандықтарының арасындағы байланысты түсіне алады.
Ал өз мүмкіндіктерінен төмен мамандықтарды таңдаған кезде, өзіндік бағалау төмен деңгейде болады. Тек айырмашылық төмен деңгейдің адекватты және адекватты емес төмендігінде.
Егер жасөспірімдер өз мүмкіндіктерінен жоғары талапты қажет ететін мамандықты таңдаса, онда өзіндік бағалаудың жоғарғы деңгейі туралы айтуға болады. Мұнда да айырмашылық оның адекватты және адекватты еместігінде. Сонымен біз жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесінде В тіркемесіндегі қорытындыларға сүйене отырып, осы байланыстардың сенімді екенін анықтадық. Бұл фактілер математикалық статистикамен де дәлелденді. Ендеше біздің жеткіншектердің өзіндік бағалауының кәсіп таңдауға әсері бар деген болжамымыз дәлелденді.
Өзін тану арқылы адекватты өзіндік бағалауды дамытуға тырысу керек. Адам өзін танып, бағалағаннан кейін саналы түрде өзінің мінез-құлқын басқарып, өзіндік тәрбиелеумен айналыса алады.
Өзіндік бағалауды адекватты ету үшін мектеп психологтарының еңбегі қажет. Өйткені дұрыс таңдалған мамандық адам өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Дұрыс тұлға болу үшін мамандықтың алатын орны ерекше екендігі белгілі.
Болашақта осы
зерттеу жұмысын пайдалана
Қорытынды
Жасөспірім кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Жасөспірім жастардың өзін өзі бағалау мәселелері психологияда өзекті де күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе барлық елде жан жақты зерттелуде. Өзін-өзі бағалау мәселесін теориялық жағынан толығырақ қарастырғандар Б. Г. Ананьев, Л. И. Божов, И. С. Кон, М.И.Лисина, А. Липкина, В.В Столин, Е. Шорохова, У. Джеймс, Ч. Куль, Д.Ж. Мид, Э. Эриксон, К. Роджерс, т.б. Бұл ғалымдардың зерттелулерінде бағалаудың онтогенезі, оның құрылымы, атқаратын қызметтері, қалыптасулардың мүмкіндіктері мен заңдылықтары қарастырылған.
Психологияда өзін-өзі бағалау өзін -өзі танудың феномені ретінде қарастырылады. Өзін-өзі тану-бұл адамның өзін өзі, өз «менін» түсінуі.
Жасөспірім жасы өскен сайын оның өзін-өзі бағалауына басқалардың тигізетін әсері төмендей бастайды. Бұл кезде ата-аналардың әсері жоғарылайды, бірақ мұғалімдер мен достарының әсері өте күшті болғандықтан, басқалардың әсері әлсіздене түскен. Ұлдар үшін әкесінің пікірі мен әсері маңызды болған. Қыз балалар үшін мұғалімдер мен әкелерінің әсері әлсізденіп, шешелері мен достарының әсері күшейеді.
Көптеген зерттеушілердің
ойынша отбасындағы қарым-қатынастың
эмоцианалды сипаттары
Өзін-өзі бағалау
сөзінің мағынасының өзі
Өзін-өзі бағалау басқа психикалық құрылым секелді өмір барысында құрылады және оны жас ерекшелік аспектіде қарастырған жөн.
Жасөспірімдер өздерін объективті түрде және толық бағалай алмайды. Олардың өзін-өзі бағалауларында бірінғай тенденция жоқ: бірі өзін асыра бағаласа, енді бірі керісінше болып жатады. Кәсіп таңдау барысында ең алдымен адамгершілік-еріктік қасиеттеріне, одан кейін интеллектуалды және ұйымдастырушылық қасиеттеріне көңілбөледі.
Мүмкіндігі төмен бола тұра өздерін асыра бағалағандар кәсіп таңдағанда, кейін арты өкінішке әкеп жатады. Өзін төмен бағалағандарда кәсіп таңдауға теріс әсерін тигізіп қана қоймай тұлғасының дамуынада әсер етеді.