Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсерінің теориялық мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Өзін-өзі анықтау барда өзін-өзі тежеу де бар. Оқушы профессионалдық қатынаста әлі ешкім емес, таза парақ. Ол слесарь, дәрігер, косманавт болуы мүмкін. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көп баспалдақты процесс. Біріншіден, қоғамның жаңадан тұлғаға айналып келе жатқан адамға қоятын қызметтер сериясы. Ал бұл тұлға белгілі бір уақытқа дейін оны шешуі тиіс. Екіншіден, шешім қабылдау процесі сол арқылы тұлға өз қабылеттері мен таңдауын оптимистік тұрғыда қарайды. Үшіншіден, жеке өмір стилін жасау, ал оның бір бөлігі болып, мамандырылған іс-әрекеті саналады.

Файлы: 1 файл

Анар диплом.doc

— 865.50 Кб (Скачать)

«Жасөспірімдердің өзіндік бағалауы болашақ кәсіп таңдауға әсерін тигізеді»деген болжамды дәлелдеу үшін біз ең алдымен Будассидің «өзіндік бағалауды анықтау» әдістемесін жүргідік, ол Жасөспірімдердің өзін-өзі жоғары, төмен, орташа, жоғары аддекватты, аддекватты емес, төмен аддекватты, аддекватты емес бағалау деп бөліп көрсетті; ал Климов бойынша «мамандық типтеріне бейімділігі» әдістемесін алдық, бұл әдістеме жасөспірімдердің жалпы қай мамандық иесіне бейімділігі бар соны анықтауға мүмкіндік берсе; Холландтың «дифференциалды-диагностикалық сұрақтамасы» респонденттердің нақты қызығушылық тудыратын мамандықты анықтауға мүмкіндік берді. Осы әдістемемелеріміз Шемонаиха қаласының №5 қазақ орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына жүргізілді.

Жоғарыда аталған  әдістемелерді қолдана отырып, біз  олардың арасындағы байланысты табуға тырыстық. Нәтижесінде Климовтың  әдістемесі бойынша мамандық типтердің, Холландтың әдістемесіндегі типтерінің арасындағы байланысты таптық. Оны біз төмендегідей етіп, сәйкестендірдік: реалист-техника, зияткер-табиғат, әлеуметтік-адам, конвенционалды-белгілік жүйе, әртістік-шығармашылық. Біздің қосымша болжамымыз бойынша жоғарыда аталған типтер бір-біріне сәйкес келген жағдайда, өзіндік бағалау орташа деңгейде болады. Өйткені оқушылар өз мүмкіндіктерімен таңдаған мамандықтарының арасындағы байланысты түсіне алады. Ал өз мүмкіндіктерінен төмен мамандықтарды таңдаған кезде, өзіндік бағалау төмен деңгейде болады. Тек айырмашылық төмен деңгейдің адекватты емес және адекватты төмендігінде.

Егер жасөспірімдер өз мүмкіндіктерінен жоғары талапты қажет ететін мамандықты таңдаса, онда өзіндік бағалаудың жоғарғы деңгейі туралы айтуға болады. Мұнда да айырмашылық оның адекватты және адекватты еместігінде. Сонымен біз жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесінде В тіркемесіндегі қорытындыларға сүйене отырып, осы байланыстардың сенімді екенін анықтадық. Бұл фактілер математикалық статистикамен де дәлелденді. Анығырақ айтсақ, пайыздық үлесті табу, орташа арифметикалық шаманы анықтау, квадраттық ауытқуды табу, Пирсон коэффициенті формулаларын қолдандық.

Ендеше біздің жасөспірімдердің өзіндік бағалауының кәсіп таңдауға әсері бар деген болжамымыз дәлелденді. Сонымен өзіндік бағалауды адекватты ету үшін мектеп психологтарының еңбегі қажет. Өйткені дұрыс таңдалған мамандық адам өмірінің маңызды бөлігі. Дұрыс тұлға болу үшін мамандықтың алатын орны ерекше екендігі белгілі.

Болашақта осы  зерттеу жұмысын пайдалана отырып, өзіндік бағалауды адекватты  етуге мектеп бағдарламасына өзгертулер енгізу жолдарын қарастыруға болады. Бұл жұмыс біздің келесі ғылыми жұмысымызда жалғасын табады деген ойдамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

 

  1. Абрамова Г.С. Возрастная психо<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family:

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсерінің теориялық мәселелері