Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсерінің теориялық мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 20:51, дипломная работа

Краткое описание

Өзін-өзі анықтау барда өзін-өзі тежеу де бар. Оқушы профессионалдық қатынаста әлі ешкім емес, таза парақ. Ол слесарь, дәрігер, косманавт болуы мүмкін. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көп баспалдақты процесс. Біріншіден, қоғамның жаңадан тұлғаға айналып келе жатқан адамға қоятын қызметтер сериясы. Ал бұл тұлға белгілі бір уақытқа дейін оны шешуі тиіс. Екіншіден, шешім қабылдау процесі сол арқылы тұлға өз қабылеттері мен таңдауын оптимистік тұрғыда қарайды. Үшіншіден, жеке өмір стилін жасау, ал оның бір бөлігі болып, мамандырылған іс-әрекеті саналады.

Файлы: 1 файл

Анар диплом.doc

— 865.50 Кб (Скачать)

Кәсіби  бағыттылыққа байланысты еңбектерді талдап, біз мынадай қорытындыға келдік: лицей типтес мекгептердегі салалық сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде кәсіби бағыттылық педагогикалық қағидалардың жетекші бір түрі болып табылады. Ол жалпы білім берудің жоғары сатысында оқыту мазмұнын, бүкіл оқу-тәрбие үрдісін болашақ кәсіби іс-әрекетпен байланыстырады. Жан-жақты, жетілген, нақты мамандық саласына бағдарланған оқушыны дайындайтын педагогикалық үрдістің біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Әсіресе, мектеп таңдайтын саласына байланысты жоғары оқу орындары, техникум, өндіріс, өнеркәсіптік және ғылыми-өндірістік кооперативтермен байланыс орнатса, оқу-оқыту жақсы нәтиже береді. Мұндай базаны қуру салалық сыныптарды ұйымдастыру мәселесімен бір мезгілде шешіледі. Жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындармен  тікелей  байланыс   жасау —оқушылардың арнайы және кәсіби дайындығын жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп шешуге мүмкіндік береді.

Мүндай  сыныптарды ұйымдастыру салалык, саралап оқтумен байланысты. Сонда ғана шығармашылық тұрғыда интеллектуалдық, кәсіби әлуеті жоғары қоғам мүшесін қалыптастыру мақсатты түрде іске асырылады. Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қарағанда, оқытуды жекелеу (индивидуализация) әрбір оқушының бейімділігін, кәсіби бағыттылығын және қабілетін айқындау үшін тиімді жағдайларды жасау болып табылады [37, 192] б.

Салалық саралау жағдайында оқушының неге қызығатынына, бейіміне, қабілетіне, қай пәнге  икемді екеніне және жобаланған кәсіпке байланысты оқыту мазмуны мен талаптарына орай әр түрлі топтар құрылады. Мұндай саралау оқушылардың тұрақты кәсіби қызығушылықтарын, бейімділігі мен қабілеттерін дамы-туға бағытталған. Бұл қасиеттерді барынша дамыту мақсатымен таңдалған бағыт бойынша арнайы білім беріледі.

Салалық және тереңдетіп оқыту, негізінен, білім деңгейі, курс күрделілігі және оқушыларды қамту ауқымы бойынша ерекшеленеді. Егер тереңдетіп оқыту. оқушылардың санын шектеп, жоғары білім деңгейінде дайындауға негізделсе, салалық оқыту, білім беру демократиялық жолмен іске асырылады. Әрбір салада салалық пәндерге көбірек көңіл бөлінеді, оған оқу жүктемесінің маңызды бөлігі арналады.

Оқу орындарының қазіргі оқу-тәрбие үрдісі мазмұнында және ұйымдастырылуында көптеген қателіктер бар: бірде жеке адамның жан-жақты дамуына көңіл бөлінбей, тек ғылымилыққа назар аударылса, екінші ретте педагогикалық үрдістің тәрбиелік мақсаттары, оқушылардың мектептен кейінгі іс-әрекеттері есепке алынбай, салалық пәндердің сағатын жай ғана көбейтумен шектелінеді. Оқу-тәрбие барысында кәсіби бағыттылық жоқтығы гимназия, лицейлердің затын емес, атын ғана өзгертуінен де байқалады. Бұл қазіргі мектептің білім беру жүйесіндегі ізденіс пен жаңарту талабына педагогикалық үжымдардың көзжүмбайлықпен қарауына әкеліп соғады.

Арнайы  сыныптар, лицей, гимназияларда кәсіби тәрбие берудегі кемшіліктер мен қателіктер, біздің ойымызша: а) үйымдастырушылык, және мазмұндық бірліктің жоқтығынан; ә) орта білім мен жоғары білім беру жүйелері арасында сабақтастық болмауынан бастау алады.

Үздіксіз  білім беру жүйесі және оның әрбір  бөлігі болашаққа бағытталған. Сондықтан да тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеті оқушының тек бүгінгі күнгі өмір-тіршілігіне негізделмей, болашақ кәсіби іс-әрекетіне және оны ары қарай қоғамдық өндірісте дамытуына бағдарлануы қажет. Сонда ғана педегогикалық басты талап орындалып, жас ұрпақ мамандықтар әлеміне үмтылады.

Сарамандық  дағдылары, көзқарастары қалыптасады. Кәсіби оқытуды жандандыру—үздіксіз білім берудің біртұтас дидактикалық жүйесінде біршама мәнге ие. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына бағытталады. Кәсіби бағытталған оқу-тәрбие урдісінде нақты кәсіп немесе мамандық үйренуге, оқушы бойында әлі де жеткілікті дамымаған қасиеттерді жетілдіруте негізделеді. Сондықтан да шәкірттер бойында әуелі танымдық, содан кейін кәсіби бедсенділік пен дербестік қалыптастырылады. Оның тиімді жолы біздіңше оқушыларды кәсіби бағытталған педагогикалық үрдіспен оқыту және тәрбиелеу [37, 197] б.

Үздіксіз  білім беру жүйесінің біртүтастығын қамтамасыз етуде мектеп пен жоғары оқу орындары педагогикалық жүйелерінің арасында біршама қарама-қайшылық туындайды. Оны жеңуге ең қажетті жағдай — пән сабақтастығын жүзеге асыру. Ал қарама-қайшылық қойылған міндеттерге, оқыту түрлері және оның әдістеріне, мектептегі білім беру сапасы мен жоғары оқу орнындағы дайындық шарттары арасындағы обьективті сәйкессіздіктен пайда болады.

С.М.Годник еңбектерінде көрсетілгеніндей, білім берудің жаңа сатысында пайда болатын қиындықтар тәрбиелеудің обьективті және субьективті көріністері болып табылады. Олар жеке адам дамуының белсенділігін өсіреді, мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу-тәрбие ісінің маңызды сипатына айналады.

Мектеп  бітірушілер осындай қиындықтарды жеңгенде ғана, студент бола алады. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісі мектепте болсын, жоғары оқу орындарында болсын, мүндай қиындықтарды ескеріп, оқыту және тәрбиелеудегі диалектикалық қарама-қайшылықтарды жеңуге бағытталуы керек.

Бірінші курс студенттерінің оқытудың жаңа жағдайларына тез бейімделуі, оқыту субьектісі болуы, басқа кәсіби білім, іскерлік, кейбір дағдыларды тез игеруі алдын-ала дайындық жүмыстары жүргізілгенде ғана, ойдағыдай іске асатынын жоғарыдағы айтылғандар анық көрсетеді. Мүның өзі мектептегі іс-әрекеттер оқушыны жоғары оқу орнындағы талаптарды орындауға дайындаған жағдайда ғана мүмкін болады.

Бұл талаптарды іске асырудың бір жолы кәсіби бағытталған оқу-тәрбие үрдісін уйымдастыру болып табылады. Бұл үрдіс, жоғарыда айтылған мектеп бітіруші тулғалары сипаттары, кейінгі кездегі көптеген зерттеулерде (Л.Х.Мажитова, Е.С.Смирнова, Н.Г.Талызина, Н.Т.Печенюк, Л.В.Хихловский, Л.Г.Таукач т.б.) қарастырылған. Мұндай жумыстарда, көбінесе, нақты саладағы іс-әрекет үлгісі келтірілген. Бізге керегі, дамуы мен рухани өсуі сабақтастығын ескеріп, бірнеше үлгіні бір-біріне сәйкестендіру [37, 8] б.

Қазіргі таңдағы  мектептің алдына қойылатын міндет — бүкіл педагогикалық үрдіске және оқыту мазмүнына еңбектік, кәсіптік бағыттылық беру жолымен халық шаруашылығына қажетті маман дайындау. Олай болса, оқушының жеке басының үлгісінде, жеке адамның дайындығы мен қасиеттерінде болашақ іс-әрекеттерге, кәсіби бағыттылыққа қатысты талаптар туралы айтылуы қажет. Ал оқыту мен тәрбиелеудің кәсіби бағыттылығы, бітірушінің жеке басының үлгісі бүкіл педагогикалық үрдістің негізгі арқауы болады.

Мектеп  бітіруші үлгісі энергетика, денсаулық сақтау, білім беру салалары бойынша мамандық таңдау мен оны игеруге бағдарланған үлгінің құрамдас бөліктерден тұратын екі блогы бар.

1. Жоғары  оқу орнына түсуге дайындалып  жүрген мектеп бітірушіге тән жалпы құрамдас бөліктер. Бүлар жаңа типтегі мектептің педагогикальіқ үрдісінің жоғарыда келтірілген мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: салалық пәндер бойынша білім, іскерлік дағдылар және ғылыми дүниетаным; принципшілдік, тәрбиелілік, адамгершілік, жоғары эстетикалық талғам; еңбекке деген қабілеттілік және еңбек сүйгіштік; жоғары оқу орнындағы оқу-оқыту ерекшеліктеріне дайындық.

2. Инженер,  дәрігер және мүғалім мамандықтарын таңдауға, игеруге дайындайтын арнайы кәсіптік бағдарланған құрамдас бөліктер. Бұлар лицей-интернаттың негізгі міндеті мен жоғары оқу орнында оқуға және энергетика, денсаулық сақтау, білім беру салаларында еңбек етугё дайындықтың, мамандық туралы білімнің қалыптасқандығын; компьютерлік сауаттылық, электрондық-есептеу машинасы операторларының іскерліктері мен дағдылары, электротехника және радиотехника салалары бойынша сарамандық тәжірибелердің, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың алғашқы тәсілдерін меңгерудің аналитикалық ойлау логикасы болуын қажет етеді.

Кәсіби  бағыттылықтың мұндай блоктары оқушыларды инженер мамандығына әзірлеу және бағдарлауды жетілдіре түсу қажет болған жағдайда, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін толық айқындайды. Жалпы алғанда, олар лицейдегі оқу-тәрбие үрдісінің кәсіби бағыттылығы жұмысының кешенділігінен, жүргізілетін дайындық түрі мен мазмұны-нан, үйымдастыру жолдарынан көрініп отырады.

Тәжірибеде  сыналған дайындау үлгісі мынадай қүрамдас бөліктерден тұрады:

1) дайындық мазмұнын анықтайтын оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары және міндеттері;

2) дайындық  мазмұны; 

3) бітіруші  үлгісін қалыптастыруға бағдарланған оқу-тәрбие үрдісін үйымдастырудың әдістемелік сипаты.

Келтірілген үлгілер жүйесі оқушы жастарды кезең-кезеңмен кәсіби даярлау жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар мектеп пен жоғары оқу орнының кәсіби бағыттағы сабақтастығы мәселелерін шешуге мүмкіндік береді [36, 93] б.

Кәсіби  бағыттылықты тәрбиелеу — үздік-үздік  ұйымдастыратын қосымша жумыстар жүйесі емес, барлық оқу-тәрбие ісінің түпкі нәтижесі. Яғни, әуелі, жоғары деңгейде кәсіби бағытталған және саналы түрде кәсіби айқындалудың жоғары деңгейіндегі оқушы, содан соң өзінің кәсіби бейімділігін түсінетін, кәсіби іс-әрекет жүйесін игеруге тырысатын студент, ең соңында, кәсіби міндеттерді шешуте қабілетті және қазіргі өндіріс орындарында (халық шаруашылығының әр түрлі салалары) қызмет істейтін, жеке адамдық қасиеттері орныққан маман қалыптасады. Жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныбында лицейшілерді дайындау базалық және салалық дайындықты аяқтауды, оқушыларға кәсіптік еңбек дағдыларын игертуді, саналы кәсіби айқындалуға даярлықты, жоғары деңгейдегі кәсіби бағыттылықты қалыптастыруды мақсат етеді.

Дайындық  міндеттері:

1) оқушылардың  жалпы білімдік дайындғын іске асыру;

2) оқушылардьң  жоғары оқу орнына, кәсіпке дейінгі және сарамандық дайындығын қамтамасыз ету;

3) шығармашылықпен  жәие өз бетімен жұмыс істеушілікті дамыту.

Оқыту мазмуны қандай бөліктерден тұратынын  және оқу жоспары мен тәрбие мазмұнының бағытын анықтауға мыналар үлкен әсер етеді: оқушының қазіргі және болашақтағы іс-әрекетінің неден тұратындығы, болашақ кәсіби іс-әрекетінің жүйесі (дайындау үлгісі, бітіруші үлгісі), оның жиынтық құрылымы; болашақ іс-әрекетіндегі еңбек түрлерін сарамандықпен игерту ерекшелігі; жеке адамның өзіндік қасиеттерін (қабілет, қызығу мен бейімділік) дурыс дамыту.

Жалпы техникалық дайындық әр түрлі белгілері бойынша жүйеленеді. Бұл еңбекте олар: білім, іскерлік және дағды. Оларда жалпы техникалық теориялық және сарамандық бөліктері де бар. Сонымен қатар жалпы дай-ындықтың теориялық дайындық белгілері жалпы білім беретін пәндерге, әсіресе, физика мен информатика және кәсіпке дейінгі дайындық пәндеріне де кірістірілген. Осылай қарастырғанда, жалпы техникалық дайындықта жалпы және кәсіби білім берудің екеуіне де ортақ сипат болады. Лицей бітіруші үлгісіне сәйкес жалпы техникалык, дайындыққа қазіргі заманғы техника, энергетика, автоматика және есептеу техникасының жалпы сүрақтарын оқыту енгізілген. Жалпы техникалық дайындықты қамтитьн политехникалық білім бір мезгілде: әрі сңбектік оқыту, әрі политехникалық тәрбие; оқытуды өндірістік еңбекпен байланыстырушы қүрал; техника мен өндіріс негіздерін оқыту құралы; лицей-интернатты өмірмен байламныстыратын негізгі бағыт; оқушыларды мамандық таңдауға дайындайтын және олардың жоғары деңгейдегі кәсіби бағыттылықтарын тәрбиелеу құралы болып табылады [35, 205] б.

Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы, білім беру жүйесіне көп сатылылықты енгізу, еңбек қорларын тиімді пайдалану өнеркәсіп пен өндірістің әр саласында табысты еңбек ете алатын болашақ мамандарды тәрбиелеу проблемасымен тығыз байланысты. Мұндай жан-жакты дамыған мамандар әр адамның жеке басы қабілеті мен кәсіби икемділігін жетіддірумен қалыптасады.

Оқушы жастардың кәсіби бағыттылықтарын  қалыптастыру, кәсіби бағытталған оқу-тәрбие ісі мектептер мен жоғары оқу  орындарының бірлескен қызметі  барысында орындалады.

Жеткіншектердің кәсіби бағттылығының жоғары деңгейде қалыптасуы кәсіби айқындалуының негізгі шарты ретінде мамандық таңдауды жеңілдетеді. Кәсіби бағытталған оқу-тәрбие болашақ кәсіби іс-әрекет мазмұнымен таныстыруға, сарамандық еңбекте болашақ мамандыққа қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға құрылып, олардың өзара байланыстарын қамтамасыз етеді. Жан-жақты дамыған, кәсіби бағыттылығы жоғары деңгейде қалыптасқан оқушыларды тәрбиелеу ісінің біртұтастығын сақтайды. Бұл қағида үздіксіз білім беру жүйесінде, оның негізгі жүйешелері — мектеп пен жоғары оқу орнының бірлескен әрекеті барысында жүзеге асады [37, 13] б.

Мектептерде кәсіби бағытталған оқу-тәрбие үрдісін  үйымдастыру — көптеген міндеттерді  шешу негізі:

а) әрбір оқушыда оң сезімдік тебіреніс тудырып, мамандык, таңдауды және игеруді ойдағыдай іске асырудың;

ә) сала бойынша (энергетика, дәрігерлік, педагогика) мамандықты саналы түрде таңдау, дүрыс  кәсіби айқындалу мүмкіндігінің;

б) кәсіби бағыттылық деңгейлерінің қалыптасуына байланысты оқушымен жеке-дара жумыс істеудің [37, 25] б.

Кәсіптік  бағдар беру жүмыстарын жандандыруға арналған қазақ тіліндегі әдебиеттер, оқу қүралдары, әдістемелер өте  аз деуге болады. Ал кәсіби бағыттылықты қалыптастыру мәселесі, жастардың дүрыс  мамандық таңдауы, кәсіби айқындалуы проблемалары, әсіресе, қазақ мектептері үшін, әлі де көптеген зерттеулер қажеттілігін көрсетеді .

 

 

 

           2 Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының болашақ кәсіп таңдауға әсерін   эксперименталды түрде зерттеу

          2.1Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының болашақ кәсіп таңдауға  әсерін зерттеу  әдістерін, процедурасын және базасын негіздеу

 

 

Психологияда  эксперименталды зерттеу ғылыми мәселелерді шешуде маңызды саты болып табылады. Алайда ол аяқталған  ғылыми үрдіс болып табылмайды. Себебі, зерттеуден алынған нәтижелер маңызды фактілерді айқындайды, ғылыми болжаммен, оның заңдылықтары, байланыстары анықталады, сонымен қатар егер  болжам анықталмаған жағдайда ол жаңа зерттеу жұмыстарына жол ашады.

Информация о работе Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсерінің теориялық мәселелері