Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 20:51, дипломная работа
Өзін-өзі анықтау барда өзін-өзі тежеу де бар. Оқушы профессионалдық қатынаста әлі ешкім емес, таза парақ. Ол слесарь, дәрігер, косманавт болуы мүмкін. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көп баспалдақты процесс. Біріншіден, қоғамның жаңадан тұлғаға айналып келе жатқан адамға қоятын қызметтер сериясы. Ал бұл тұлға белгілі бір уақытқа дейін оны шешуі тиіс. Екіншіден, шешім қабылдау процесі сол арқылы тұлға өз қабылеттері мен таңдауын оптимистік тұрғыда қарайды. Үшіншіден, жеке өмір стилін жасау, ал оның бір бөлігі болып, мамандырылған іс-әрекеті саналады.
Ерте жастық шақта даралық интимдік достыққа деген қажеттілік ұлғая түседі.
Жоғарғы сыныпта жетекші іс-әрекет – оқу-кәсіби іс-әрекет болып табылады. Жасөсөпірім үшін оқу ең алдымен болашақ кәсіби іс-әрекетіне дайындық құралы ретіндегі мәнге ие болады.
Жас өспірім шақта психикалық процестер негізінен толыққанды ырықты ретінде қалыптасқан.
Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалулары жайлы отандық психологияда жаңа әдістемелік көзқарастармен Л.С. Выготский өз еңбектерінде қарастырған. Өзін бағалау туралы отандық ғалымдар эксперименталды жүзінде қарастырған. В.А. Горбачева балалардағы өзін-өзі бағалау туралы, В. И. Саваньконың мектеп жасындағы балалардың өзін бағалауы және басқа адамдарды бағалаулары жайлы толық қарастырған. Липкина және Рыбак өзін-өзі бағалауды оқу әрекетімен байланыстырса, Куницина. В. Н. жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауларын қарастырған. Аталған барлық экспериментеалды зерттеулердің барлығында өзін-өзі бағалаудың сұрақтары мен жауаптары айтылады. Сонымен қатар теориялық жағынан ғана қарастылған тұжырымдамалар да бар, бірақ олар өте аз кездеседі және олардың негізгі қарастырғандары өзін-өзі бағалаудың негізгі табиғаты мен оның құрылымы, адам психикасындағы атқаратын рөлі туралы болып келеді. [14, 36] б.
Өзін-өзі бағалау адам психикасының күрделі құрылымы болып табылады. Ол тұлғаның қалыптасып, даму кезінде пайда болатын әр түрлі өзін-өзі тану процестерінің нәтижесінде пайда болады. Сондықтан да өзін-өзі бағалау әрқашанда өзгеріп, жаңарып отырады. Әсіресе өзін-өзі бағалудың қатты өзгеріске ұшырап, ауысып отыратын кезі болып жасөспірім кезінде байқалады. Өзін-өзі бағалау процесі тоқтап қалуы мүмкін емес, өйткені тұлға белсенді дамыған сайын оның өзін-өзі бағалуы да ары қарай дамып отырады.
Өзін-өзі бағалудың адам психикасында атқаратын басты функциясы болып адамның өзінің іс-әрекеттерін және мінезін қадағалап, реттеп отыруға әсер етеді.
Р. Азимова бойынша: «Өзін-өзі бағалау бұл- ылғи да қозғалыста болатын, тұлғаның жағымды және кері жақтары мен әрекеттерін анықтап отыратын үрдіс » - деген.
Р. Х. Шакуров тұлғаның генезісін зерттей отыра оның өзіне деген эмоционалды-құнды қатынасын қарастырып, соның ішінде басты назарды өзін-өзі бағалаудың пайда болуына ықпал ететін тұлғаның өзін-өзі жақсы көру, намыс, өзін-өзі сыйлау сияқты қасиеттер жиынтығына аударды. Шакуров бойынша тұлғаның бұл құрылымдарының қалыптасуына басты себепкер болатын өзін-өзі бағалау дейді. Жасөспірім кездегі өзін-өзі бағалауы жайлы аз көлемде қарастырылған. Көп жағдайларда өзін-өзі бағалаудың жеке сипаттамалары қарастырылып, бірақ оның баланың ары қарай дамуына қалай әсер ететіндігі жайлы зерттелмеген. Кейбір ғалымдар осы шақтағы өзін-өзі бағалауы тұрақты болмайды, балада өсе келе өзін-өзі бағалауы нақты қалыптасып, тұрақтанады деген.
Жасөспірімдердің жас психологиясының бірде бір аспектісі «Мен» – концепциясы және өзін-өзі бағалау мәселесі сияқты өзіне көп көңіл аудартқан жоқ еді. 1890 жылы Уильям Джеймс «Принципы психологий» атты оқулығын «Мен» феноменіне аударған еді. 1947 жылы Карл Роджерс Американдық психологиялық ассоциацияда өзін-өзі бағалауға арналып жазылған баяндамасын ұсынды және 1949 жылы бұл мәселені Хилгард жалғастырды. Осы мәселеге байланысты Эрик Эриксонның «Идентичность, юность и кризис» атты атақты жұмысын атауға болады. Адам тұлғасының саналы сезілетін бөлігі «Мен» деп аталады. Мен концепциясын индивидтің өзін-өзі бағалауы және саналы когнитивті қабылдауы яғни өзі туралы ойлары мен пікірі деп анықтауға болады.
Мен концепциясының қалыптасу
жолындағы алғашқы қадам
Жасөспірімдернің өмірлік тәжірибе жинақтау барысында оның өзі туралы теориясы нақтылы және шынайы бола түседі. Ол сәтсіздіктерге ұшырап қалмау үшін оптимальды әрекеттер жасап бұл теорияның жағдайларын тексереді. Жасөспірім шақта тек физикалық қалыптасу ғана емес, когнитивті ержету кезеңі бой көрсетеді [14, 39] б.
Адекватты «Мен» концепциясының қалыптасуы өте маңызды. Әрбір адамда 6 түрлі «Мен» болады.
1.Өзіндік «Мен»;
2.Басқа адамдардың көзіне көрінетін «Мен»;
3.Адамның шынайы «Мені»;
4.Адам туралы басқалардың ойы;
5.Басқа адамдардың көзіне көрінетін идеалы.
«Мен» концепциясы балалық шақта үнемі өзгеруп отырады.гордон Олпорттың ойынша индивидуалдылық дегеніміз – соңғы нәтиже емес, ол өтіп жатқан үрдіс, оның тұрақты қасиеттері болады және олар өзгеріп отырады дейді. Олпорт проприум терминін енгізді.
Проприум дегеніміз – тұлғаның ішкі бірлігін қамтамасыз ететін барлық аспектілер.
Рут Стрет «Меннің» психологияның негізгі аспектісін атайды. Біріншіден жалпы, негізгі «Мен» концепциясы болады. Яғни жасөспірімнің өзіндік тұлғасы жайлы пікірлері мен сыртқы ортадағы рөлдер, статус пен өз қабілетін қабылдауы. Екіншіден индивидуалды уақыттық және өтпелі мен концепциялары болады. Олар ситуацияға, көңіл-күйге, өткен немесе қазіргі кездегі уайыдарға байланысты болады. Жасөспірімнің емтиханда алған жаман бағасы онда өзіндік ақымақтық сезімдерін туғызады және ата-анасының ауыр сөздері оның өзін-өзі бағалауын төмендетеді.
Үшіншіден жасөспірімнің әлеуметтік «Мені» болады. Әлеуметтік «Мен» басқа адамдардың олар туралы ойларынан құралады. Бұл пікірлер жасөспірімнің өзі туралы ойларына әсер етеді. Егер басқалар ақымақ деп ойласа ол да өзін солай негативті ойлауы мүмкін. өзара қарым-қатынас, жақын қарым-қатынас, қандай да бір топтарда бірлесіп еңбек ету жеткіншекке өте жақсы әсер етеді. Мен концепциясының құрамдас бөлігі - әлеуметтік статус болып табылады. Мысалы, әлеуметтік экономикалық статусы төмен топтағы бала өзін жоғары әлеуметтік экономикалық классқа жатқызса онда жаңа идентификация қалыптасады.
Төртіншіден идеалды Мен болады. Бұл пікірлер шынайы, төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Шынайы Меннің төмен болуы жетістікке жетуге кедергі келтіреді, шынайы Меннің жоғары болуы өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне әкеледі. Шынай Мен концепциялары адамның өзін-өзі дұрыс қабылдауына, психикалық денсаулыққа және шынайы мақсаттарға жетуге жағдай жасайды [15, 43 б].
Жыныстың жетілу
кезеңінің басында
Адамның өзін -өзі бағалауы не тым жоғары, не өте төмен болуы мүмкін екенін ескеретін болсақ, бұл екеуі де адам өмірін ауырлатады. Адекватты емес өзін -өзі бағалау, сол адамның өзіне ғана емес, онымен өндірістік, тұрмыстық және т.б. қатынастардағы адамдар өміріне де жағымсыз әсер етеді.
Б.Г.Ананьев өзара түсінісу процесінде адамда екі түрлі білім: басқалар және өзі жайлы қалыптасады десе, В.С.Мерлин өзіндік сана – сезім дамуының 4 кезеңін бөліп көрсетеді:
И.М.Чеснокова бойынша сана –сезімнің мынадай екі деңгейі бар:
1. «Мен және басқа адам» шеңберінде өзі жайлы білім қабылданады және оны басқа адам түсіндіреді, ал кейін ол өзіне ауысады.
2. «Мен және
мен» шеңберінде адам өз мінез
–құлқын жүзеге асыратын
Өзін - өзі бағалау құрылымы екі компонент түрінде көрсетілген көңіл –күй және когнитивтік. Шетелдік гуманитарлық теорияда өзін -өзі бағалауды аффектілік білім алумен салыстырады. К.Роджерс өзін -өзі бағалаудың көңіл –күйлік компонентін «аффектіні» өзіне жинауы, өзін қабылдау деп түсінсе, У. Джеймс өзін - өзі сынау деп түсінеді. Өзіндік бағалау - әлеуметтік жағынан шартталған психикалық құрылым болып табылады. Оның дамуының негізгі шарты баланың айналасындағылармен қарым – қатынас мен іс - әрекеті. Қарым – қатынас кезінде бала бағалаудың шарттарын, аслыстырудың тәсілдерін игереді. Ғылыми мәліметтер өзіндік бағалаудың өсуі индивид өмірінде маңызды құндылық аспект ретінде орын алатындығын көрсетеді. Бала өзін бақытты сезінуі үшін өзі туралы оңтүсінікте болуы керек. Жасөспірімдік жастың ең негізгі мазмұны ол балалықтан ересектік шаққа өту. Н.К.Крупская жеткіншек жастағы балалардың өздеріне тән психикалық ерекшеліктерін айта отырып, «Бұл жартылай бала, жартылай ересек» деп тұжырым жасады.
Э.Шпрангер ересектік дамудың 3 түрін бөліп көрсетеді:
Кейбір өзін-өзі төмен бағалайтын жасөспірімдер алдамшы образ құрып алып, басқаларға сонны көрсеткісі келеді. Бұнда орын алу механизмі орын алады. Жасөспірімдер өз-өзіне сенімді, ақкөңіл, көңілді адамды бейнелей отырып, қарама-қайшы сезімді бастан өткереді, ол өз-өзімен әрқашан күресумен болады. Адам қате қадам жасап қоямын ба деп қорқып, күшті қозу үстінде болады. Мазсыздықтың жоғары болуының тағы бір себебі өзін-өзі бағалауы төмен индивидтің қатар қоюы тұрақсыз болады және жиі өзгеріп отырады. Өзін - өзі бағалауы төмен жасөспірімдер ұялшақ, жаны нәзік болады. Басқа адамдардың оған күлуі, басқа адамдардың ол туралы жаман пікірлері жеткіншекті уайымға салады. Олардың жаны жараланғыш болған сайын мазасыздық деңгейі де жоғары болады [18, 69]б.
Айналадағы адамдар өзін-өзі бағалауы төмен жасөспірімдерге түсінбеушілікпен қарайды. Индивидтің басқа адамдарды қабылдауы, басқа адамдардың индивидті қабылдауы (әсіресе жақын достар арасында) өзін-өзі бағалаудың деңгейімен байланысты. Қабылдаудың ең жоғары деңгейі өзін-өзі бағалауы төмен топтарда байқалады, ал төменгі деңгей - өзін-өзі бағалауы төмен топтарда кездеседі. Жасөспірімдердің өзін-өзі қабылдауы, оны басқа адамдардың қабылдауы арасында күшті жағымды корреляция орнайды. Бұдан шығатын қорытынды жасөспірімдердің өзін-өзі қабылдауы мен әлеуметтік бейімделуінің өзара тығыз байланысты, екенін көрсетеді. Негативті Мен концепциясымен және өзін-өзі бағалаудың төмендегімен байланысты әлеуметтік бейімделудің нашарлығы түрліше көрініс береді. Өзін-өзі бағалауы төмен жасөспірімдер қоғамда көзден таса болғанды қалайды. Оларды ешкім байқамайды, олардан лидер шықпайды, олар қоғамдық іс-әрекетке сирек қатысады. Олар өз-өздерін қорғай алмайды, өз пікірін айта алмайды. Бұндай жеткіншектерде әдетте шеткерілету және жалғыздық сезімі туындайды. Ұялшақ адамдар қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауда қиыншылыққа жолығады. Бұл адамдар басқаларға ұнағысы келеді, оларға әсер ету оңай, оларды басқару оңай, басқалар бұл адамдар үшін шешім қабылдай алады өйткені олар өз-өзіне сенімсіз болады [18, 113]б.