Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 20:51, дипломная работа
Өзін-өзі анықтау барда өзін-өзі тежеу де бар. Оқушы профессионалдық қатынаста әлі ешкім емес, таза парақ. Ол слесарь, дәрігер, косманавт болуы мүмкін. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көп баспалдақты процесс. Біріншіден, қоғамның жаңадан тұлғаға айналып келе жатқан адамға қоятын қызметтер сериясы. Ал бұл тұлға белгілі бір уақытқа дейін оны шешуі тиіс. Екіншіден, шешім қабылдау процесі сол арқылы тұлға өз қабылеттері мен таңдауын оптимистік тұрғыда қарайды. Үшіншіден, жеке өмір стилін жасау, ал оның бір бөлігі болып, мамандырылған іс-әрекеті саналады.
Мен концепциясы
мен оқудағы жетістіктер бір-
Басқа зерттеулер сыныптан тыс іс-әрекеттерге қатысу мен өзін-өзі бағалаудың жоғарылауы арасындағы тәуелділікті анықтады. Жоғары сынып оқушыларының әртүрлі мектептегі іс-әрекеттерге қатысуы өзін-өзі бағалаудың жоғарылығымен байланысты. 9- шы, 10-шы сынып оқушыларын зерттеу барысында ұлдарда жетістікке жету мен Мен образы арасындағы өзара тәуелділік қыздармен салыстырғанда айқын көрінеді және жас өскен сайын бұл корреляция ұлдарда күшейеді, ал қыздарда әлсіздене бастайды. Ұлдарға жас сайын жетістікке жетумен байланысты қоғамдық қысым көп түседі. Дәл сол уақытта қыздарға құрдастары жағынан қысымның түсуі өсетіндіктен олар қоғамдық қатынастар орнатуға ұмтылады. Басқа зерттеулердің көрсетуінше бұл жаста қыздарға мектеп ұнамайды, ал ұлдардың мектепке деген қатынасы өзгеріссіз қалады. Мектепке деге қатынастың өзгеруі оқудағы табыстарға кері әсер етеді. Мамандық таңдау - өзіндік Менді сезінуді жүзеге асыру болып табылады. Кәсіби жетістіктерге ұмтылу өзін-өзі бағалауға байланысты. Алдыларына белгілі кәсіби мақсаттар қойған жеткіншектерде өзін-өзі бағалау жоғары болады. Мансап жасаған және жанұясы бар әйелдердің өзін-өзі бағалауы үй шаруашылығындағы әйелеге қарағанда жоғары болады. Қызметтік баспалдақпен көтерілуге ұмтылатын адамдар өздерін жоғары бағалайды. Өзін төмен бағалайтын индивидтер басшы болғысы келмейді. Олар лидер болудан да, орындаушы болудан да қашқалақтай отырып, өз жұмысын бағалатудан, критикадан бас тартады [19, 73 б].
Білімдік, кәсіби ұмтылыстар Мен образына тәуелді және жанұялық жағдаймен байланысты болады. Зерттеулер көрсеткендей кедей ауылдан шыққан жасөспірімдердің Мен образы мен білім алудағы жоспарлары жоғары немесе орта әлеуметтік экономикалық статусы бар ортадан шыққан жасөспіріммен салыстырғанда қарапайым болған. Ауылдан шыққан жасөспірімдердің білім алу жоспары мен «Мен образы» олардың ата-аналарының білім деңгейімен байланысты. Аталған жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы да төмен болған. Құқық бұзушы жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы заң бұзбайтын жасөспірімдерге қарағанда төмен болған. Құқық бұзушы жасөспірімдерге мінездің девиантты моделі тән болып, өзін-өзі бағалауы төмен болады. Осындай мінез типі мен жеткіншектің өзі туралы негативті пікірі сәйкес келгенде өзін-өзі құрту сезімі пайда болады. Өзін-өзі сыйлауды орнына келтіру үшін олар девиантты топтарға қосылып, одан қолдау іздейді. Өзін-өзі бағалаудың адекваттылығы жасөспірімдерді құқық бұзудан арашалайды.
Өзін жақсы адаммын деп есептейтін жасөспірімдерде негативті қылықтар жасауға жол бермейтін ішкі шектеулер қалыптасады. Отбасылық балалар үйі – жас құқық бұзушыларды қайта тәрбиелеудің тиімді формаларының бірі. Олар мұнда ата-аналарын көре отырып, дұрыс мінез типін модельдейді, өз-өздеріне сенімді болады. Жасөспірімдердің тәртібі өзін-өзі бағалаудың жоғарылауы негізінде жақсара бастайды [17,86 б].
Мен концепциясы басқа адамдардың тұлға жайлы пікірлерімен анықталады. Бірақ адамдардың барлығы тұлғаға күшті әсер ете алмайды. Ал кейбір адамдар тұлға өмірінде үлкен роль атқаратын болғандықтан олар күшті әсер етуі мүмкін. Индивидке әсер етудің деңгейі қарым-қатынастың жақындығына, әлеуметтік қолдауға, беделге, тәуелді болады.
Мұғалімдердің, ата-аналардың және жолдастарының жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына тигізетін әсерін анықтау мақсатымен жүргізілген зерттеуге 399 респондент қатыстырылып, олар жастарына байланысты 3 топқа бөлінген. Зерттеу қорытындысы көрсеткендей 3 топтағы барлық қыздардың өзін-өзі бағалаулары ұлдарға қарағанда жоғары болған. Оның себебі қыздар ұлдарға қарағанда физикалық және әлеуметтік тұрғыдан ерте жетіледі. Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша ұлдармен салыстырғанда қыздардың өзін-өзі бағалауы төмен болады деген қорытынды жасалған [14, 156 б].
Кіші жастағы жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы ересек жеткіншектерге қарағанда жоғары болған. Оның себебі жоғарғы сыныптарға өткен кездегі травмалық әсерлер болуы мүмкін. Жасөспірімдердің логикалық ойлау қабілеттері дамитындықтан олар өздеріне және қоршаған ортаға сынаумен қарайды. Жасөспірімнің жасы өскен сайын оның өзін-өзі бағалауына басқалардың тигізетін әсері төмендей бастайды. Бұл кезде ата-аналардың әсері жоғарылайды, бірақ мұғалімдер мен достарының әсері өте күшті болғандықтан, басқалардың әсері әлсіздене түскен. Ұлдар үшін әкесінің пікірі мен әсері маңызды болған. Қыз балалар үшін мұғалімдер мен әкелерінің әсері әлсізденіп, шешелері мен достарының әсері күшейеді.
Көптеген зерттеушілердің ойынша отбасындағы қарым-қатынастың эмоцианалды сипаттары жеткіншектің өзін-өзі бағалауының жоғары деңгейімен байланысты болады. Жасөспірімнің өзін бағалауы ата-анасының білімділігіне, қарым – қатынас жасау сипатына, біріккен іс-әрекетке қанағаттануына, ата-ана тұрғысынан көрсетілетінін қолдауға тәуелді. Шешесімен жақын жеткіншек қыздар, өз-өзіне сенімді, ақылды, істерді өз бетінше атқара алады. Бұндай жақындықты сезінбеген жасөспірімдер импульсивті, ренжігіш болып келеді. Мен концепциясы өзін шешесімен қатар қою деңгейіне әсер етеді.
Егер қыздың шешесі қызы үшін идеалды қасиеттер ретінде тәуелсіздікті, еркіндікті таңдаса жеткіншек қызда Меннің жағымды образы қалыптасады. Ол есейгенде саяси және әлеуметтік белсенділік танытып,тұлғалық еркіндікті және гуманистік принциптерді бағалайтын болады. Қыздың дамуында әкенің ролі де маңызды. Әкесімен жақсы, жылы қарым-қатынастағы жасөспірім өзін жақсы сезінеді. Егер жұмысшылар классы мен орта орта класс әкелерін салыстырсақ, онда орта кластағы әкелер ұлдарына үлкен қолдау көрсетеді екен. Нәтижесінде орта кластан шыққан жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы жоғары болады. әкелерімен жақын, жақсы қарым-қатынастағы жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы жоғары және Мен образы тұрақты. Психоанализ теориясы бойынша әкесі мен ұлы, анасы мен қызы арасындағы жағымды қатынастар адекватты Мен концепциясының қалыптасуы үшін өте маңызды. Өзін - өзі бағалауы жоғары балалардың ата-аналары тәрбиенің демократиялық стилін қолданады. өзін-өзі бағалауы төмен жеткіншектердің ата-аналары балаларына сын көзбен қарайды, күшті қысым көрсетеді. Ата-анасы тарапынан және сексуалды зорлық көрген жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы төмен болады [15, 114 б].
Әлеуметтік
экономикалық статус өзін-өзі бағалауға
түрліше әсер етеді. әлеуметтік экономикалық
статусы төмен оқушылардың
Отбасындағы балалардың дүниеге келу реті мен жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы арасында да тәуелділік бар. Отбасындағы жалғыз баланың өзін бағалауы әрқашан жоғары болады.
Сондай-ақ физикалық кемшілігі немесе меннің негативті денелік образы бар болса жағымды Мен концепциясын және өзін-өзі бағалауды қалыптастыруды қиынға соғады.
Физикалық әдемілік деңгейі мен индивидтің өзінің денелік Менін қабылдау жалпы Мен концепциясының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Зерттеулер көрсеткенде бойы кішкентай немесе салмағы ауыр жасөспірімдерде негативті Мен концепциясы пайда болып, өзін-өзі жүзеге асыру деңгейі төмен болады. Солтүстік Дакота штатында 2154 жоғары сынып оқушыларына жасалған эксперимент нәтижесі көрсеткендей жасөспірімдердің өмірінде жағымсыз жағдайлар көп болған сайын оның өзін-өзі бағалауы төмен болады екен. Жағымсыз өмірлік жағдайларға жақын туысының қайтыс болуы, емтиханнан нашар баға алу, басқа жаққа көшу, басқа мектепке ауысу, ауру, қарым-қатынастағы мәселелер, отбасындағы өзгерістер жатады. Бұл нәтижелер өте маңызды өйткені егер стресс өзін-өзі бағалауға кері әсер етсе, бұл әсер жеткіншек өмірінің көптеген аспектілеріне кесірін тигізеді екен. Жасөспірімнің өзін-өзі бағалауы мен оның мәселелері арасында байланыстың бар екендігін жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсетіп отыр. Экспериментке 201 жеткіншек қатыстырылып, олар сауалнама толтырған және Розенбергтің өзін-өзі бағалау шкаласы бойынша тесттен өткен. Жасөспірімдер мектептегі сабақтарға бейімделудің қиыншылықтары жайлы айтқан қыздардың өзін-өзі бағалауына денсаулық, физикалық даму, отбасы және үй әсер етіп, осы мәселелердің бірі өзін-өзі бағалау дәрежесін түсіріп отырған. Ал ұлдардың өзін-өзі бағалауына әлеуметтік және психологиялық қарым-қатынастар әсер еткен [21, 693 б].
«Балалық шағында және жасөспірім кезеңде адам 2 бөліктен тұрады: нақты өмір сүретін, уақытша адам және нағыз адам. Уақытша адам нағыз адамға сенімсіздікпен, күдіктене сараңдықпен, қиялдана қарайды» деген Лидия Гинзбург.
Өзіндік сапаның дамуы - жасөспірімдер кезеңдегі орталық психикалық үрдіс. Жасөспірімдік кезеңдегі құнды психологиялық мәселелердің бірі-жасөспірімнің өзінің ішкі дүниесінің ашылуы. Жасөспірім үшін жалғыз ғана саналы түсінетін шынайылық - сыртқы дүние. Ол өз қылықтарын саналы түсінсе де өзіндік психикалық жағдайларды саналы түрде түсіне алмайды. Жасөспірімдік кезең ішкі, психологиялық мәселелерге ерекше сезімталдылықпен қарайтын уақыт [13,56]б.
«Мен-концепциясы» - бұл адамның өзі туралы барлық көріністерінің жиынтығы.
Тұлғаның өз-өзіне бағытталған бағдарлары келесілерден тұрады:
Егер адамның бет-әлпеті сүйкімсіз, физикалық кемшіліктері бар, әлеуметтік адекватты емес болса (егер де оған солай көрінсе де), бұл жағдайда ол қоршаған ортаның негативті реакцияларын сезеді (көбінесе оған солай көрінеді). Ол көбінесе әлеуметтік ортамен өзара іс-әрекетте болған кезде кездеседі.
«Мен-концепцияның»
«Мен-концепциясы» үш рольді атқарады: ол тұлғаның ішкі сәйкестіліктерінің жетуіне мүмкіндік тудырады, алынған тәжірибелерді интерпритациясын анықтайды, және өз-өзіне қатысты мәлімет көзі болып табылады.
«Мен-концепциясы» адамның болашағын да анықтайды, яғни, оның бейнесінің не болатынын болжайды. Мысалы, балалар мектептегі өзінің жетістіктері туралы уайымдайды, өз-өздеріне жиі мынаны айтады: «Мен олардың алдында ақымақ болып көрініп қалатынымды білемін», немесе, «Бұл бақылауды мен жаман жазатынымды сезіп тұрмын. Бұндай пайымдауларда балалар өздерінің сенімсіздігін көрсетеді.
«Мен – концепциясында» адамның мінез-құлығының қандай болатынын бағдарламаланған. «Мен – концепциясы» - бұл өзі туралы көріністер, олар дұрыс және бұрыс емес болуы мүмкін. Ол саналы да, санасыз да формада кездеседі [17, 25]б.
«Мен – концепциясы» мінез құлыққа нақты негіз береді және оған бағыт береді. Егер де жеткіншек жақсы оқушы болсам дегенді бағдарласа, ол барлық негативті қылықтарын жеңіп шығамын, (жалқаулықты, әлсіздікті). Бұл адамның «Мен-ін дәлелдеуде өте маңызды. Дегенмен «Мен» ұғымы ішкі бірлікті және тұлғаның теңбе-теңдігін болжайды, тұлғада көптеген әр түрлі «Мен» бейнелері бар. «Мен» бейнелі тұлғаның әлеуметтік установкадағы ең маңыздысы болып табылады. Барлық адамдар «Мен бейнесінің» оң қажеттіліктері саналады: өзіне деген теріс қатынасы, өзінің «Мен» жағымсыздығы, оның қандай болмасын негіздері мен себептері әрқашанда ауыр уайымдалады. «Мен бейнесі» мақтаныш пен жәбір спецификалық сезімдермен ассоциацияланады.
Біздің өзін-өзі бағалауымыз-бұл бейнелі когнетивті схемалар. Олар тұлғаның бұрынғы, өткен тәжірибелерін жалпылайды және «Мен» аспектінің жаңа мәліметін ұйымдастырады. Сонымен қоса, өзін-өзі бағалау, көбінесе, егер қабілеттер мен тұлғаның потенциалды мүмкіндіктері туралы сөз болса, тартылыстың белгілі деңгейін білдіреді. Ал ол көптеген жағдайларға байланысты болады. Жолдастардың арасындағы қатынасында мақтаншақ бала, мұғаліммен әңгімелескенде өзін қарапайым түрде бағалайды. Индивид өзінін мүмкіншіліктеріне көп мән беретіні анықталды.
Жүргізілген зерттеуде бірде-бір оқушы (соның ішінде де артта қалған) өздерінің эффективті кемшіліктерінің себептерінің тізімі мен жаман үлгерімдерін оқу материалдарын түсінудегі қиындықтарға, дағдылар мен икемденулерге сілтеледі. Барлық балалар өздерін жалқаумыз, тәртіпсіз деп санады, бірақ ешкім өздерінің сәтсіздіктерін интеллектуалды қабілеттерінің жетіспеушілігін айтпады. Егер де бала өзін жақсы сезінгісі келсе, ортаға жақсы бейімделуге қабілетті болғысы келсе және қиындықтарды жеңіп шығу үшін оның өзі туралы жағымды көріністер болуы керек. Ал өзін-өзі бағалауы жағымсыз балаларда мазасыздық деңгейі жоғары, мектептік өмірге қиын бейімделеді, құрдастарымен қиын қатынасқа түседі, оқығанда көп күш жұмсайды [19,89]б.
Баланың өзін-өзі бағалаудағы өзгерістердің мүмкіндіктеріне келетін болсақ, ішкі бағдарлары өзгертуді зерттеуде, мәлімет беру негізі неғұрлым көп сенім туғызатын болса, соғұрлым ол біздің қабылдауымызға әсерін тигізеді. Бұл «Мен концепциясын» қалыптастыруда мұғалімдер мен ата-аналардың рөлдері маңызды. Егер де ата-аналар өздерінің баласына «Сенің жауапкершілігің жоқ» - деп қайталай берсе, ол өзін солай қабылдайтын болады. Өзін-өзі бағалауы жоғары адамдар көп жағдайда, өздерінің тәжірибелерін қабылдап және бағалағанда олардың өзі туралы позитивті көрінісін сақтап қалады.
Баланың ұмтылыс деңгейлері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оларды қанағаттандыру қиынға түседі. Сәттілік пен сәтсіздіктер қандай да бір іс-әрекетте индивидтің өзін-өзі бағалауына әсер етеді. Тұлғаның жалпы өзін-өзі бағалауына индивидуальді ерекшеліктер де қатты әсер етеді. Өзін-өзі бағалау тұрақты болмайды, ол жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа бағалауларды меңгеруде бұрын меңгерілген бағалаулардың мағынасы өзгеруі мүмкін. Мысалы, емтиханды жақсы тапсырып жатқан оқушы өзін қабілетті оқушымын деп санайды. Ол өзіне қанағат алады, өйткені оны басқалар мойындайды: оның жетістіктері мұғалімнің ұнамды реакцияларын тудырады, жанұяда қандай да бір қолдаулар болады және орайлы әлеуметтік резонансқа ие болады.
Өзін-өзі бағалаудың үш кезеңі бар: