Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 20:51, дипломная работа
Өзін-өзі анықтау барда өзін-өзі тежеу де бар. Оқушы профессионалдық қатынаста әлі ешкім емес, таза парақ. Ол слесарь, дәрігер, косманавт болуы мүмкін. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көп баспалдақты процесс. Біріншіден, қоғамның жаңадан тұлғаға айналып келе жатқан адамға қоятын қызметтер сериясы. Ал бұл тұлға белгілі бір уақытқа дейін оны шешуі тиіс. Екіншіден, шешім қабылдау процесі сол арқылы тұлға өз қабылеттері мен таңдауын оптимистік тұрғыда қарайды. Үшіншіден, жеке өмір стилін жасау, ал оның бір бөлігі болып, мамандырылған іс-әрекеті саналады.
Кәсіпті дұрыс таңдау – яғни өмірден өз орыныңды табу. Кәсіп дегеніміз не? Кәсіп- еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрімен айналысатын, адамдардың нақты категорияларына жататындығын көрсететін адамның әлеуметтік сипаты. Егер екі шарт орындалатын болса, еңбек іс-әрекеті кәсіби болып табылады.
Біріншіден, кәсіп- талап ететін біліктілік деңгейінің болуымен сипатталады, яғни шеберлік, біліктілік, дағды, білімділігі кәсіби білімін нақтылайтын арнайы құжаттармен нақтыланады: диплом, куәлік, аттестат, сертификат.
Екіншіден, кәсіп- еңбек нарығында сатуға болатын өзіндік бір тауар. Яғни, кәсіп өз иесінің кіріс көзі болып табылады [26, 24]б.
Е.А. Климовтың пікірі бойынша кәсіп таңдаудың 8 қырлы жағдайы бар. Мектеп оқушылары түрлі кәсіптің ерекшеліктері жайлы ақпараттарды ескеріп қана қоймай, басқада ақпараттарғада көңіл бөледі.
1) Жанұядағы ересектердің позициясы.
Кәсіпті дұрыс таңдауға жиі ата-аналарының бағдары кедергі келтіреді. Олар өздерінің жетпеген жетістіктеріне балалары жетіп орнын толтырғанды қалайды.
Зертеулер көрсеткендей көп жағдайда балалар ата-аналарының пікірімен келіседі. Келешекте ол мамандықтың иесі өзі болып, сол мамандық бойынша жұмыс істеу керек екенін ұмытып жатады.
2) Жолдас-жораларының позициясы.
Оқушылардың достық қатынастары өте күшті, сондықтан кәсіп таңдауғада жолдас-жораларының да пікірі біршама әсерін тигізеді.
3) Оқытушылар, сынып
жетекшісі, педагогтардың
Оқытушы оқушыны оқу барысында мінез-құлқына бақылау жасай отыра оның қызығушылығы, мінезі, қабілеті, ой-пікірі жайлы болжам жасай алады. Оқытушы типті оқушының өзіне белгісіз ақпараттарды білуі мүмкін.
4) Жеке кәсіби жоспарлары.
Адамның өмірінде жақын және болашақты болжай алуы маңызды болып табылады. Кәсіби жоспар нмесе образды ойша елестетудің өзі адамның тәжірибесі, мінезі, ой-өрісіне байланысты болып келеді. Алдына үлкен мақсат қойып, оған жету жодарын ойластырады.
5) Қабілеттері.
Оқушылардың қабілеттері, талантын тек оқу барысында ғана ескеріп қоймай, өзгеде қоғамға құнды белсенділік үстінде де қарастырған абзал. Адамның қабілеттері келешектегі кәсіби жарамдылықты анықтай алады.
6) Жалпы құптауға деген талаптану деңгейі.
Оқушының реалды талаптануы – кісіби дайындықтың алғашқа баспалдағы.
7) Хабардар болу
– маңызды, бұрмаланбаған
8) Іс-әрекетте
бейімділік көрінеді және
Кәсіптер әлемі- кәсіп әлеміне бағдарлану үшін, өзіндік бір карта ұсынылады. Бұл картаның территориясы мазмұны сипаты ұқсас кәсіптердің жинағы. Әрбір кәсіп адамға белгілі бір талаптар ұсынады. Кәсіп түрлері адамға өзінің кәсіби іс-әрекетінде немен әрекет ететіндігін, яғни еңбек пәнін көрсетеді. Еңбек пәні өзге адамдар, техника, ақпарат, сурет шығармалары немесе табиғат болуы мүмкін. Ал кәсіп класы еңбек сипатын береді. Еңбек сипаты атқарушы және шығармамшылық деп бөлінеді.
Еңбектің мазмұнына байланысты екі түрін ажыратады атқарушы класы және шығармашыл класы. Атқарушы класы мәселені шешуде нұсқауларға сүйеніп, ереже құқықтарды сқатп, берілген үлгі бойынша жұмыс істеумен байланысты (агент, медбике, сатушы, тапсырыстарды қабылдаушы, әлеуметтік қызметкер, машинист, оператор, ағаш ұстасы, кассир, машинист, телефонист, шаштаразшы, жасылдандырып-безендендіруші).
Бұл кәсіп кластарының көпшілігінен жоғары білімді талап етпейді. Шығармашыл класқа анализдаумен, зерттеумен, бақылаумепн, жобалаумен, ұймдастырумен, басқарумен, жаңа үлгілерді өңдеумен, стандартты емес шешімдерді қабылдаумен байлансыты және тәуелсіз ұшқыр ойлауды, жоғары деңгейдегі интеллектіні, жоғары білімді талап етеді (дәрігер, менеджер, референт, психолог, оқытушы, заңгер, инженер, экономист, математик, архитектор, физик) [28, 45]б.
Профориентация дәстүрлі түрде келесі бағыттарды бөліп көрсетеді: кәсіби ақпарат, кәсіби үгіт немесе насихат, кәсіби ағарту жұмыстары, кәсіби диагностика (сұрыптау мен таңдау) және профконсультация.
Профориентация – кең ауқымды түсінік, батыс қоғамында бала туа салысымен мен оны «өмірлік сәттілікке», «тиімді мансапқа» бағдарлап бағыттайды Кәсп таңдауда тек педагогтар мен психологтар кешенді түрде көмек көрсете алады. Профконсультация кәсіби өзіндік анықталу жолындағы жеке бағдарланушы көмек болып табылады.
Профориентация және профконсультация – бұл оқушының "бағдарлануы", кәсіби өзіндік анықталу көбіне өзін анықтаушы субьект рөліне енетін оқушының «өзіндік бағдарларына» жатады.
«Мансап» түсінігі Батыста кең тараған, (мысалы, АҚШ профориентация «мәнсаптың психолоиясы» деп аталады). Рессейде «мәнсап» сөзін қолданудың өзіндік ерекшелігі бар- ол қандада бір іс-әрекеттің жетістігі, бірақ оныңда негетивті қыры бар «мәнсап қуу». Америка дәстүрінде мәнсап (Дж.Сьюпер бойынша) – бұл өзінің өмірінің барыснда атқаратын рөлдердің бір ізділігі мен комбинациясы (бала, оқушы, азаматша, демалушы, жұмыскер, жолдас, үй иесі, ата-ана)". Бұндай түсінік біздің дәстүрімізге жақын болып келеді [29, 80]б.
Е.И. Головахе бойынша кәсіби таңдау кәсіби өзіндік анықталуға қарағанда оқушының болашақ өмірінің жақын аймағын ғана қамтып өтеді. Дж. Сьюпер адам өмірінде өптеген таңдаулар жасауға мәжбүрлі (мәнсаптың өзі «алма кезек таңда» деп қарастырылады.
«Өзіндік анықталу» сөзі өзін-өзі жетілдір, өзіндік сана сезім деген сөздерге қатысты болып келеді. Көптеген ойшылдар өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі белсендендір ұғымдарын еңбек әрекетімен баланысытрады, мысалы, А. Маслоу өзін-өзі жетілдіру «маңызды еңбекпен шұғылдануда» өрінеді десе; К.Ясперс өзін-өзі жетілдіруді «іспен», яғни адам атқаратын іспен байланыстырады. И.С. Кон өзін-өзі жетілдіру еңбек, жұмыс және қарым-қатынас арқылы көрінеді дейді [30, 68]б.
Е.А. Климов кәсіби өзіндік анықталудың екі деңгейін көрсетеді: 1) гностикалық (өзіндік сана мен сананы қайта құру); 2) практикалық деңгей (адамның әлеуметтік статусының шынайы өзгеруі) [27, 63]б.
Жүз жылдықтың 20 –шы жылдары С.П. Струмилин еңбек барысындағы адамның өзбеттілік деңеіне баланысты кәсіпті жітеуді ұсынды:
Рессей жерінде қазіргі заман талабына сай кәсіп типалогиясын ұсынған Е.А. Климов, онда еңбек пәніне деген (еңбек субьектісі) адамның қатынасы критери ретінде алынады. Барлық кәсіптер негізгі бес топқа қатысты қарасытрылады:
Еңбек пәні бойынша кәсіптің бес типін бөліп көрсетуге болады: «Адам-Адам» кәсіп типіне медициналық қызмет көрсетумен байланысты (дәрігіер, медбике, санитар қызметкерлер), оқыту мен тәрбиелеу (тәрбиеші, оқытушы, жаттықтырушы), тұрмыстық қызмет көрсетуші (сатушы, жолсерік, даяшы), құқық қорғаныс (заң қызметкері, тергеуші, учаскелік инспектор). Бұл типтегі кәсіп қызметкердің келесі қасиеттеріне үлкен талап қояды: тұрақты, адамдармен жұмыс істеуде көңіл-күйі көтерінкі, қарым-қатынаста ашық, өзін өзгенің орынына қоя алатын, іскер байланыстар орната алатын, адамдардың жағдайын түсіне алатын, өзгеге әсер ете алатын, шыдамды, мейрімді, қайырымды.
«Адам-Техника» кәсіп типі техникалық құрылғыларды жөндеу және құру, монтаждаумен байланысты кәсіптерді (құрлысшы, монтажшы, сварщик, инженер-конструктор), техникалық құралдарды эксплуатациялаушы (жүргізуші, от жағушы, токарь, тігінші), техникаларды жөндеушілер (слесарь-жөндеуші, механик, электромонтер). Бұл тип жұмысшыдан көрнекі-образды ойлауды, кеңістікті қабылдау, ептілікпен жақсы қозғалыс дағдыларын, техника жайлы хабары мол болуды талап етеді.
«Адам – Белгілер Жүйесі» кәсіп типі мәтін мен байланысты кәсіптерді жинайды (корректор, машинистшы, аудармашы, кітапханашы), сандар, формула, кестелермен байлансыты (бағдарламашы, экономист, бухгалтер, кассир), сызбалармен, карта, сұлбалармен (штурман, нобайсызбашы), дыбыс сигналдарымен (радист, телефонист). Бұл тип кәсібі қызметкерлерден шыдамдылықты, ұзақ тұрақты зейінділікіті талап етеді.
Соңғы «Адам-Табиғат» типіне
тірі және өлі табиғаттпен
Кәсіпті таңдау барысында адам келесі мотиватарға басшылық алады: кәсіптің қоғамдық маңыздылығыне, беделдігіне, жалақысына, қызмет бойынша көтеріл мүмкіндіктеріне және т.б. Әдістеме барысында неліктен осы немесе басқа кәсіп таңдалынып алынды және таңдалынып алынған іс-әрекетіне деген қаншалықты қызығушылығы тұрақты болатындығын, қаншалықты шынайы, әуестенуін анықтауға мүмкіндік береді [28, 54]б.
Барлық мотивтерді ішкі және сыртқы деп бөлуге болады.
Сол немесе басқа кәсіпті таңдаудың сыртқы мотиві — оның қоғамдық және жеке маңыздылығы; оның шығармашықы сипатының арқасында келетін қанағаттану; басқа адамдармен басшылық жасау, қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігі және т.б. Ішкі мотивация адамның өзіндік қажеттілігіне байлансыты пайда болады, сондықтан соның негізінде адам еш қиындықсыз қанағаттанушылық сезімімен қызмет атқарады. Сыртқы мотивация — бұл қызмет ақысы, беделділікке талпыну, талқылау, талдау, сәтсіздіктерден қорқу және т.б. Сыртқы мотивтерді жағымды және жағымсыз деп бөлуге болады. Жағымды мотивке: материалды түрде ынталандыру, қызмет бабы бойыншы жоғарылау мүмкіндігі, ұжымның қолдауы, беделділік, яғни осы ынталар үшін адам өз күшін салуға болады. Жағымсыз мотивтерде тұлғаға қысым көрсету арқылы, жасалау, сынау сондай-ақ басқада негетивті сипаттағы санкцияларды қолдану арқылы қысым көрсету жатады [31, 124]б.
Кәсіби бағдар — еңбек
нарығындағы әлеуметтік-
Кәсіби бағадар – ол көп аспектілі жүйе, үйткені ол ағарту жұмыстарын, тәрбие, психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтауды, психодиагностика жүргізуді, элективті курстарды ұйымдастыруды қамтиды, сондай-ақ психология бойынша пәннің оқытылуын қамтиды. Осы арқылы арнайы қарым-қатынас іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы баланың психикасына тікелей әсер етуге болады. Осыған байланысты келесі аспектілерді бөліп қарастыруға болады: әлеуметтік, экономикалық, психолого-педагогикалық, медико-физиологиялық.
Әлеуметтік аспектінің маңыздылығы кәсіби өзіндік анықталу барысында жастардың құндылық бағдарын қалыптастыру, онда қандайда бір сала қызметкерінің квалификациясына қойылатын талаптарды зерттеуге негіз қояды.
Экономикалық аспект – тұлғаның мүмкіндіктері мен қоғамның қажеттілігіне сай жастардың кәсіп таңдауын басқару процесі. (еңбек нарығын зерттеу).
Психологиялық аспект тұлға құрылымын зерттеу, кәсіби бағыттын қалыптастыру (саналы түрде таңдау қабілеті).
Педагогикалық аспект кәсіби қызығушылықтар мен кәсіп таңдау мотивінің қоғамдық маңыздылығын қалыптасытрумен байланысты. Медико-физиологиялық аспект денсаулық жағдайына байланысты критерилерді қарастыру, сондай-ақ сол тұлғадан кәсіптің талап ететін талаптарын қарастыру [32, 87]б.
Оқушыларға жүргізілетін кәсіби бағдар жүйесі: кәсіби ағарту жұмысы, профессиография , кәсіби диагностика, кәсіби кеңес беру, кәсіп таңдау, кәсіби бейімдеу.
Мектеп оқушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере оьырып мектептегі кәсіби бағдар жұмысының мазмұның келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1-4 сыныптар: бастауыш
мектеп оқушыларында еңбекке
деген құндылық қатынасын