Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты бастауыш мектеп жасындағы балаларының ойлау іс-әрекетінің деңгейін арнайы дайындалған әдістемемен зерттеу; олардың сапасын арнайы жаттығулар арқылы дамыту; психологиалық картамен жұмыс жүргізуді пайдалану. Зерттеу міндеттері: Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамға сәйкес ойлау іс-әрекетінің оқытудағы маңыздылығн тәжірибе жүзінде зерттеу және дамыту. Қазақ тілі пәнінің әдістемелік негізін дамытуға арналған жұмыс түрлерін психологиялық тұрғыдан жүргізілудің тиімділігі. ( әдістемелерді іріктеу, модификациялау). Төменгі сынып оқушыларының оқу әрекетіндегі ерекшеліктерін экспериментті зерттеу. Төменгі сынып оқушыларының оқу процесіне таным әрекеттерінің психологиялық әсерін анықтау.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………… 3
I ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ
ТАНЫМ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІН АНЫҚТАУ..............6
1.1 Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың маңыздылығы.................6
1.2 Оқу процесіндегі төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту..
1.3 Төменгі сынып оқушыларына кәсіби маман психологтың қызыметі..
1.4 Төменгі сынып оқушыларының дамуына психологтың кәсібінің тигізетін маңыздылығы.......
1.5 Дарынды балалардың таным процестері мен тұлғалық ерекшеліктерінің психологиялық мәселелері....
II ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІ ЗЕРТТЕУ.... 46
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми әдістемесі......................... 46
2.2 Зерттеудің ғылыми зерттеу әдістемесі........................................... 47
2.3 Зерттеудің нәтижесін өңдеу................................................ 52
III БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................58
3.1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.....
3.2 Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы........ 59
3.3 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы қиындықтарды түзету жолдары....64
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ.....................................

Файлы: 1 файл

диплом Айнука.doc

— 1.04 Мб (Скачать)

1.4 Төменгі сынып оқушыларының таным процестерінің дамуына психологтың кәсібінің  тигізетін  маңыздылығы

   Жұмыс  формалары мен әдістерінің көп  түрлілігі, жасы, әлеуметтік жағдайы,  мәдениеті, мамандығы және т.б  әр түрлі адамдармен үнемі қарым-қатынас психологтың кәсіби тұлғалық сапаларын өздігімен дамытып отыруға байланысты тұрақты жұмыс істеуді жобалайды:

- өзін және басқаларды тартуға талпыныс,

 - қызығушылықтардың кеңдігі мен көзқарастардың тәуелсіздігі, байланыс -    орнатуға дайындық және оны ұстай білу;

- адамдарды өзіне эмоционалды түрде тарта білу;

- қарым-қатынас кезінде эмоционалдық сабырлықты сақтай білу, өз әрекеттеріне жауапкершіліктің жоғары болуы,

- өз кәсіби концепциясының шегін ұғыну,

- әр адамның бірегейлігін түсіну мен мойындау,

- өз сөздерінің, істерінің, қылықтарының нәтижелері жайлы ойлай білу. Басқаша айтқанда, психолог-күрделі кәсіби салада қызмет ететін ақылды, тілектес және әсерлі адам.

1.Психологиялық климат жасау, қарым-қатынас серігіне сенім туғызу, оны қажетсінетіндерге психологиялық көмек көрсету шарты ретіндегі тілектестік;

2.Зерттелуші адаммен қарым-қатынасты оңай орнатуға қабілеттілік ретіндегі, „өзін оның орнына қоя” білу ретіндегі анықтық.

Қабілеттілік және рефлексия яғни, өзінің құндылықтары мен кемшіліктерін тұлғалық тұрғыда ұғыну және реттеу ретіндегі түсінілетін өзін-өзі талдау дағдылары;

3.Өөзінің психологиясы мен адамгершілік потенциалын үнемі арттыруға ұмтылыс ретіндегі тұлғалық өсу;

4.Жалпы, арнайы білімдердің үнемі арттырудан, зерттеу дағдылары мен практикалық жұмыс әдістерін жетілдіруден көрінетін проффессионализм;

5.Аталмыш кеңеске, қабылданған шешімге, тұжырымдалған ұсынысқа жауапкершілік сезімі, оның алдына келгендердің барлығына сенімді, тілекпен қарым-қатынас орнатуға қабілеттілік.

   Практик психолог басқа адамдардың дау-жанжалдарын шешуде және олардың қателіктерін белгілі бір дәрежеде түзетуде арбитр рөлін атқарады. Бұл оның тұлғалық сапаларына қойылатын талаптарды арттырады.

Психолог статусының жалпы ережелер:

Психолог  қызметі халыққа білім беруге байланысты СССР Мемлекеттік комитетінің 27.04.89 ж. №16 „Халыққа білім беру мекемелеріне психолог қызметін енгізу” жайлы нұсқау хатының

негізінде ашылды.

     Жоғары  білімі мен жас ерекшелік және  педагогикалық-психологиялық, психодиагностика, психокоррекция, әлеуметтік психологиялық оқытудың белсенді әдістері мен психологиялық кеңес беру саласында жұмыс тәжірибесі бар, мамандыққа сәйкес арнайы дайындықтан өткен мамандар қатарынан қабылданады.

    Мектеп психологы  өзінің практикалық қызметінде психологиялық қызметті ұйымдастырудың диагностикалық, дамытушы, коррекциялық және басқа да бағыттарды іске асырады.

Мектеп психологының негізігі міндеттері:

1. Балалар дамуында пайда болатын қиындықтар мен олардың                себептерін анықтау және оларды жою мен болдырмауға байланысты ұсыныстар жасау.

2. Тұлғалық қатынастарды басқару, педагогикалық ұжымда мінез-          құлық нормалары мен қатынастарды қалыптастыру процесіне қатысу;

3. Мектепке балаларына, олардың ата-аналарына, педагогтарға және басқа да қызметкерлерге шынайы психологиялық көмек көрсету;

4. Педагогикалық ұжымға (әкімшілікке) олардың жұмысының деңгейлерін арттыруға байланысты ұсыныстар жасау;

5. Педагогикалық ұжымға педагогикалық қарым-қатынастың формаларын, әдістерін үйрету, олардың психодиагностикалық шеберлігін арттыру, балалардың таным процесін басқаруда көмек көрсету.

6. Психологиялық-педагогикалық білімдерді насихаттау мақсатында қазіргі психологиялық құралдарды қолдана отырып шаралар жүйесін өткізу.

        Психолог іс-әрекетін бақылауды бағдарлама негізінде жоғары орындағы психологиялық қызмет, мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі және педагогикалық кеңес жүзеге асырады.

  • Психолог балаларды жан-жақты және гармониялы дамыту

 міндеттерін басшылыққа  ала отырып, өз іс-әрекетін педагогикалық ұжыммен, медициналық қызметпен, әлеуметтанушылармен, қамқорлық көрсету органдарымен, жұртшылық өкілдерімен тығыз байланыста ұйымдастырады.

Психолог мекеме базасында  жасалған, балалармен және педагогикалық  ұжым мүшелерімен диагностикалық, түзету және сауықтыру жұмыс түрлерінің келешегін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған психолог кабинетінде жұмыс істейді. қызметтік еңбекақы мөлшері, еңбек демалысының ұзақтығы, тарифтелген педагогикалық жүктеме көлемі білім беру Департаментінің нормативті құжаттарына сәйкес анықталады. Психологтың жұмыс тәртібі психологиялық қызметтің мақсаттарын, міндеттерін, қабылданған бағдарламаларын есепке ала отырып, мектепке дейінгі мекеменің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады. Және оны халыққа білім берудің қалалық комитетінің келісімі бойынша мекеме меңгерушісі бекітеді. [11]

Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері.

І Психолог міндетті:

  1. Өзінің бүкіл іс-әрекетінде өкіметтік және нормативті құжаттарды, Қ.Р. білім беру Департаментінің халыққа білім беруге байланысты ережелерін, бұйрықтарын және нұсқауларын, білім берудегі психологиялық қызмет жайлы Ережені басшылыққа алуға;
  2. Мәселелерді қатаң түрде өз кәсіби компетенциясының шегінде қарастыруға және шешім қабылдауға. Психологиялық ғылым мен практиканың қазіргі жағдайында орындалмайтын, сондай-ақ басқа мамандық өкілдерінің компетенциясындағы мәселелерді шешпеуге;
  3. Психология ғылымының, оның ішінде әлеуметтік, жас ерекшелік және педагогикалық-психологияның жаңа жетістіктерін білуге; тәжірибеде диагностикалық, дамыту, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және сақтандыру жұмыстарының қазіргі ғылыми негізделген әдістерін қолдануға; өзінің кәсіби сапаларын арттыруға.
  4. Сәйкес кәсіби даярлықтан өтпеген, компетентті емес адамдардың психикалық сауықтыру, психологиялық түзету және жұмыстың басқа да түрлерін жүргізуіне кедергі келтіруге.
  5. Барлық мәселелерді шешуде баланың мүдделеріне, оның толық психикалық даму міндеттеріне сүйенеді.
  6. Бала     ересек (педагог, ата-аналар), ересек    ересек (педагогтар, ата-аналар), бала    құрдас деңгейлерінде тұлғааралық қатынастарды талдауға, білім беру міндеттеріне сәйкес түзету позицияларына байланысты ұсыныстар дайындауға.
  7. Педагогтармен бірлесіп балалардың мектеп өмір жағдайларына бейімделуіне байланысты ғылыми негізделген бағдарламалар жасауға, оларды іске асыруға. Оқу тәрбие процесінің жағдайына олардың психологиялық негізділігі мен практикалық эффективтілігі тұрғысынан талдау жасауға. Ата-аналар, педагогтар, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері арасында психологиялық-педагогикалық білімдерді насихаттауға. Балалардың толық психикалық дамуын қамтамасыз ету, оларға және олардың ата-аналарына жеке қатынас жасауға байланысты негізгі проблемаларды шешуде әкімшілік пен педагогикалық ұжымға үнемі көмек көрсетуге. Барлық мәселелерді шешу барысында нақты жағдайды ескеруге және „зиян тигізбе” принципін басшылыққа алуға, яғни, балалардың, ата-аналардың, педагогтардың денсаулығына, ар-намысына, абыройына нұқсан келтірмейтіндей шешім қабылдауға және жұмыс жүргізуге.
  8. Кәсіби құпияны сақтауға және диагностикалық, кеңес беру жұмыстарының нәтижесінде алынған мәселелерді шетке шығармауға, егер олармен танысу балаға және оның ортасына зиянын тигізетін болса, сондай-ақ, психологиялық түзету, дамытушы жұмыстардың педагогикалық-медициналық, әлеуметтік немесе басқа аспектісін жүзеге асыруға қажетті болмаса және зерттеу нәтижелерінің анонимдігіне кепілдік берілсе.
  9. Білім беру бөлімдерінің қызметкерлеріне, оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына олармен жүргізілген жұмыстардың міндеттері, мазмұны мен нәтижелері жайлы мәлімдеуге.
  10. Жұмыстың барлық түрлерін орныққан форма бойынша тіркеуге және жазып отыруға.

ІІ Психологтың құқы бар:

  1. Аймақтың, оқу-тәрбие мекемелерінің және т.б. нақты жағдайларын ескере отырып, жұмыстың приоритетті бағыттарын өздігінен анықтауға.
  2. Балалармен және олардың ата-аналарымен, педагогтармен және мектепке дейінгі мекеменің басқа да қызметкелерінен жұмыс жүргізудің нақты міндеттерін өздігінен құрастыруға, осы жұмыстардың әдістерін талдауға, әр түрдегі жұмыс түрлерін жүргізу кезектілігін белгілеуге.
  3. Оқу тәрбие процесін ұйыдастыруға байланысты кез-келген документациямен, балалардың, педагогтардың және мектепке дейінгі  мек<span cl

Информация о работе Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу