Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты бастауыш мектеп жасындағы балаларының ойлау іс-әрекетінің деңгейін арнайы дайындалған әдістемемен зерттеу; олардың сапасын арнайы жаттығулар арқылы дамыту; психологиалық картамен жұмыс жүргізуді пайдалану. Зерттеу міндеттері: Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамға сәйкес ойлау іс-әрекетінің оқытудағы маңыздылығн тәжірибе жүзінде зерттеу және дамыту. Қазақ тілі пәнінің әдістемелік негізін дамытуға арналған жұмыс түрлерін психологиялық тұрғыдан жүргізілудің тиімділігі. ( әдістемелерді іріктеу, модификациялау). Төменгі сынып оқушыларының оқу әрекетіндегі ерекшеліктерін экспериментті зерттеу. Төменгі сынып оқушыларының оқу процесіне таным әрекеттерінің психологиялық әсерін анықтау.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………… 3
I ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ
ТАНЫМ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІН АНЫҚТАУ..............6
1.1 Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың маңыздылығы.................6
1.2 Оқу процесіндегі төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту..
1.3 Төменгі сынып оқушыларына кәсіби маман психологтың қызыметі..
1.4 Төменгі сынып оқушыларының дамуына психологтың кәсібінің тигізетін маңыздылығы.......
1.5 Дарынды балалардың таным процестері мен тұлғалық ерекшеліктерінің психологиялық мәселелері....
II ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІ ЗЕРТТЕУ.... 46
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми әдістемесі......................... 46
2.2 Зерттеудің ғылыми зерттеу әдістемесі........................................... 47
2.3 Зерттеудің нәтижесін өңдеу................................................ 52
III БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................58
3.1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.....
3.2 Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы........ 59
3.3 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы қиындықтарды түзету жолдары....64
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ.....................................

Файлы: 1 файл

диплом Айнука.doc

— 1.04 Мб (Скачать)

   Көрнекті Кеңес психолог   ғалымы   А. Н. Леонтьев : “Менің өмірімдегі мен нені меңгере алдым, я  болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай...” -   деп,    психология ғалымының “мен” мен “маңыз” деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттеген .  Егер оқушылар  өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын түсініп, оның ерекшеліктерімен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын   меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық ойлау іс-әрекетінің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушылардың өз мүмкіндіктерін пайдалана білуі, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуге көмектеседі. Оқушы білімді жай уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді. Ал егер оқу әрекетін басқа әрекеттермен шығармашылық, танымдық, қарам-қатынас, бағалау байланыстырса, онда “білсем” “маған керек”, “маған қажет”, деген сияқты  мотивтерге “білгім келеді”, ”үйренгім  келеді”, деген мотивтер ұласады. Мұндай оқыту оқушының ақыл-ойының дамуына бірталай әсер етеді, табиғат өзі жаратқандай ойлау процесіне сәйкестенеді, адам үшін жаңа заңдылықтармен, танымдық және практикалық мәселелерді шешу жолдарына бағыттайды.

Біздің негізгі міндетіміз – оқыту процесінің ішкі мазмұнын ашып ондағы мұғаліммен оқушының қызметіндегі  өзара әсер, өзара әекетті көрсету, соның психологиялық негізін ашу,-деп көрсетті Джакупов С.М. [2]

Бұл процесте тәрбиеде  ие болатын  мақсат жобасы, форманың бағыты анықталады:  тек, біріншіден, білу керек, одан нені талап етеді, түсіну керек, оған қалай жету керек және қабылдау керек, бұл білім әрекетіне басшылық рөлінде көрінеді. Ал бұлның өзі — жеке адамның танымдық іс- әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Ең алдымен балалардан қандайда бір мінез-құлық нормаларын талап етпес бұрын,  берілетін білім туралы хабарлау керек.   Бірақ оның алдында бала білімді қабылдауға дайын ба, соған сенімді болу керек, ал егер жоқ болса, онда арнайы дайындауымыз қажет. Оқыту процесі адамның іс-әрекеті мен танымдық процесінің бірлігінде орындалады. Олар бір жүйелікті ұйымдастыра отырып, тегінде оқу процесіне психологиялық мазмұнда болып көрінеді.

Егер оқыту процесінің негізгі белгілері танымдық іс-әрекеттің маңызды формаларының бірі болса, онда мектептегі әлеуметтік мағынасы жағынан тиянақты іске асыруды, іш түрлі қажеттілікке бөлуімізге болады:

1) танымдық қажеттіліктер, мәселеyні шешу  тәсілі немесе оқыту процесінде жаңа мағұлыматтар алуды қанағаттандыру;

2) әлеуметтік   қажеттіліктер,   ” мұғалім-оқушы “  және   “оқушы-оқушы “ қарым-қатынастары негізінде оқыту іс-әрекетінің барысы немесе  қатынасын және оқыту іс-әрекетіне байланысты оның шешімін қанағаттандыру;

3) “мен “-ге  байланысты қажеттілік, жетістікке   жету қажеттілігі, оқу тапсырмаларының негізгі деңгейін арттыру.

Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше, себебі баға объективті қасиеттерді танып білудің  негізінде беріледі және өз алдына бағалау танымы  болып табылады.  Сондықтан, оқыту процесінде оқытушының арасында біріккен-диологтық танымдық іс-әрекет жүзеге асады. Танымдық іс-әрекеттінің  жалпы жүйелігі оқу – тәрбие процесі  ретінде оның бір құрамды бөлігі бола отырып, қажетті және қажеттілікті талаптарға жауап береді.

Оқу – тәрбие процесінің оқушыларға  білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе,  онда  бұл  жеткіліксіз болар  еді.   Жеткіліксіздің  бұл  түрін  формалдық білім деп атайды.

Баланың келешегі   ішін ең қажетті нәрсе білім емес, алдымен оның ой-өрісін, ақылын дамыту болып табылады: егер баланың ұғымындағы, ой-өрісі ауқымды дәрежеде дамыған болса, ол кейін өз бетімен кітаптағы мазмұнды түсініп, соған мол ие бола алады.       

Сонымен, оқытудың көздейтін құнды   мақсаттарының бірі -баланың ой-өрісін кеңейту болып табылады.

Оқыту процесі–педагогикалық күрделі құбылыс,  оның көптеген айырмашылықтары мен ерекше белгілері бар.

Л.С.Выготский  оқыту барысында оқушының мүмкіндіктерін барынша ескеру керек, ең басты мақсат-осы мүмкіндіктерді дамыту,-деп санады.

Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды. Баланың интеллектуалдық даму деңгейі оқытудың сапсы мен мазмұны және оны меңгеру процесінің көмегі арқылы анықталады. Ол ішін оқытушы мен оқушы арасында нақты байланыс, бала психикасының дамуына және ішкі жоспарының қалыптасу процесі іс-әрекеттің өнімі ретінде қарастырылады, оқытудың формасы мен мазмұны екі жақты іс-әрекетте орындалады.

 Оқытушы мен оқушылардың күнделікті ара қатынастарының бәрі сөз арқылы  іске асады. Сондықтан,  оқытушының шеберлік  күрсете  сөздерді  үйлестіріп, мағынасын аша сөйлеуінің мәні зор.

Мұнда, мысалы Л.С.Выготсккий айтқан сөзін мысалға келтіруге  болады, сөз  ересектермен қарым-қатынас жасау негізінде туындайды  және бірінші сөйлеу функциясы-коммуникация. [4]

 В.В. Давыдовтың жасаған дамыта отырып оқыту концепциясы оқыту іс-әрекетін үш қатарда көрсетеді, рефлекцияның пайда болу аймағы біріншіден: ойлау іс- әрекеті, бұл оқытушы мен оқушының арасындағы біріккен іс-әрекет негізінде ғылыми түсінік жүйесінің жалпы әрекет тәсілін қарастырады. Екіншіден, коммуникация, коорпорация және позицияға қатысушылардың біріккен іс-әрекетті, оқу тапсырмаларын бірігіп шешетін топ, сынып арасында өтеді.  Үшіншіден, өзін басқару, бала бір позициядан(жасаған жолынан) келесі жоғары психикалық функцияның өзі бастапқы біріккен іс-әрекетте қалыптасады, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың өзі біртіндеп ішкі жоспарға кіреді, ол баладағы ішкі психикалық процеске айналады.

Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді,психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлекция туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға арақатынаста болуды бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекеттерін дамыту арқылы оқыту процестерін түсіндіреміз. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Оқу бала танымына көптеген қиындқтарды келтірген соң, балалардың кейбіреулерінің оқуға ынтасы болмайды. Оларды оқуға реттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ынтасын тудыру ішін психологиялық тренингтер, тесттер, сауалнама, әдістемелер пайдаланған жөн. Балаларға берілетін жаңа білім жас ерекшелігіне сай болуы керек.

Г.С. Абрамов  жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдерінің қалыптасуын былай сатылап көрсетті:

0-1 жаста қаса қана істелген әрекет, еліктеу.

1-3 жаста заттық әрекеттерді меңгеру, белсенді тіл, өзіндік сана сезім.

3-6 жаста символдарды қолдану, талдап қорыту нормаларынан хабардар ету,бірлескен мотивтер, шартты-диологтық бағыт.

6-10 жаста өз еркімен сыртқы әрекетін жоспарлау, рефлексін (іштей өзіне-өзі сынмен қарау).

11-15 жаста ”өзін сезіну“ достық кодексі дағдылану, интеллектуалдық нормалардың әлеуметтік және жасөспірімділігінен хабардар ету.

15-18 жаста өзіндік сана –сезім, өмірлік жоспарлары, дүниетанымы қалыптасады.

Осы даму ерекшеліктерінің өзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өтпейді және ең маңыздысы мынау деп бөліп қарауға болмайды. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болып келсе,оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші ролді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар жаңа ортаға үйрену, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Баланың танымдық іс-әрекетіне әсер ету арқылы оқытудың қиыншылықтарын жеңуге мүмкіндік жасаймыз. Бүгінгі  күнгі  баланың  мектепке  дайындығын  анықтауда  оның  психологиялық  және  физиологиялық  дамуы  басты  назарда  болып  отыр. Психологиялық  дайындықтың  құрылымы  мынадай  бөліктерге  бөлінеді:       

Жеке  дайындық Баланың  жаңа  қоғамдық  ортаға  дайындығының  қалыптасуы  бірнеше  құқықтар  мен  міндеттерді  қамтитын  мектеп  ережесінен  тұрады. Мектепте  оқуға  дайын  оқушы-мектепке  қажетті  оқу  құралдарын (портфель, оқулық, дәптер,  және  т.б) түгелдеп  қана  қоймай, сондай-ақ  жаңа  білім  алу  мүмкіндігі  мен  таным  қабілеті  жеткілікті  дәрежеде  дамыған  бала  болып  табылады.

Болашақ  мектеп  оқушысы  қызығушылығының  қалыптасу  жүйесіне  қарай  өзінің  мінез – құлқын, танымдық  іс-әрекетін  басқара  алуы  керек.Сонда  ғана  оның  оқуға  деген  құлшынысы  пайда  болады.

Сонымен  қатар, жеке  дайындық  баланың  эмоциялық  жай – күйінің  даму  деңгейінде   көрсетеді.Мектепке  барар  алдында  баланың  көңіл-күйінің  көтеріңкі  болғаны  жөн.     

Зияткерлік  дайындық  Дайындықтың  бұл  түрі  баланың  нақты  білімі  мен  ой – өрісінің  ауқымын  көрсетеді. Баланың  танысып  отырған  материалына  деген  көзқарасы  мен  материалды  жекелей  әрі  жоспарлы  түрде  қабылдау  жүйесінің  қалыптасуы  маңызды.Сондай-ақ  жалпылай  ойлау  формасы  мен  негізгі  логикалық  операцияларды  атқарып, есте  сақтай  алуы  да   міндетті.

Зияткерлік  дайындық  негізінен  баланың   бойындағы  оқу  іс  әрекетінің  бастапқы  пайымдарын  қалыптастыруды  көздейді.Осы  дайындық  түрі  жалпыға  алғанда  төмендегілерді  қамтиды:

-саралап  қабылдау;                                                                                               -аналитикалық  ойлау;                                                                         -нақтылыққа  талпыныс;                                                                     -логикалық есте  сақтау;                                                                     -білуге  құштарлық;                                                                             -сөйлеу  тілін игеру;                                                                            -қолдың  қозғалысы  мен  көру – қозғалыс  үйлесімділігі.  

Әлеуметтік-психологиялық  дайындық Дайындықтың  бұл  компаненті  балада  басқа  балалармен, мұғаліммен  қарым-қатынас  жасай  алатын  сапаларды  қалыптастыруды  көздейді.Бала  топ  болып, бірге  жасап  жатқан жұмыс үстінен түседі.Осы кезде балада  өзін  ортаға  бейімдеу  қабілеті  өте қажет болады.Ол  үшін  балалармен  араласып  кетуге, олармен бірге әрекет  етуге, олардың қызығушылығына  ортақтасуына, оқу процесіндегі  түрлі жағдайларға икемделуіне  ықпал  ету  керек.

 Мектепке  келу  кезеңі:

-мінез – құлықтың  жаңа  сапалық  деңгейге  көтерілуі;                                                                      -әрекетке  іштей  талдау  жасау;                                                                                                - нақтылыққа  жаңа  танымдық  қатынасының дамуы;                                                               - қарым-қатынастың  жаңа  сапалы  кезеңіне  өту болып табылады.

Физиологиялық  дайындық Бұл  дайындық  бала  ағзасының  қызметі  мен  денсаулық  жағдайының  даму  деңгейімен  анықталады. Баланың  мектепке  дайындығын  дәрігерлер  арнайы  өлшемдермен  белгілейді.Баланың  мектепте  оқуға  психологиялық  және  физиологиялық  дайындығын  анықтау  кезінде денсаулық жағдайы басты назарда болуы шарт. Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады. Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді. Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады.

Алайда, мектепке даярлау  мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі.

Дегенмен, мектептегі оқуға  даярлау мәселесі әл іде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық  даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1 бағыт - балаларды  мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

2 бағыт – мектеп  жасына дейінгі кезеңнің аяғында  байқалатын жаңа құрылымдар мен  бала психикасындағы өзгерістерді  зерттеу;

3 бағыт - оқу әрекеттерінің  алғы шарттары;

4 бағыт - баланың берілген  ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі

Демек, баланы мектепке психологиялық  жағынан даярлау тақырыбын зерттеп  жүрген психологтар (В.В. Холмовский, Л.А. Венгер, Н.И. Непомнящая т.б.) даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:

1. Ақыл-ойының даярлығы.

Бұл мектепке дейінгі  баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра  білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен  қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады. Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.

Информация о работе Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу