Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты бастауыш мектеп жасындағы балаларының ойлау іс-әрекетінің деңгейін арнайы дайындалған әдістемемен зерттеу; олардың сапасын арнайы жаттығулар арқылы дамыту; психологиалық картамен жұмыс жүргізуді пайдалану. Зерттеу міндеттері: Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамға сәйкес ойлау іс-әрекетінің оқытудағы маңыздылығн тәжірибе жүзінде зерттеу және дамыту. Қазақ тілі пәнінің әдістемелік негізін дамытуға арналған жұмыс түрлерін психологиялық тұрғыдан жүргізілудің тиімділігі. ( әдістемелерді іріктеу, модификациялау). Төменгі сынып оқушыларының оқу әрекетіндегі ерекшеліктерін экспериментті зерттеу. Төменгі сынып оқушыларының оқу процесіне таным әрекеттерінің психологиялық әсерін анықтау.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………… 3
I ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ
ТАНЫМ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІН АНЫҚТАУ..............6
1.1 Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың маңыздылығы.................6
1.2 Оқу процесіндегі төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту..
1.3 Төменгі сынып оқушыларына кәсіби маман психологтың қызыметі..
1.4 Төменгі сынып оқушыларының дамуына психологтың кәсібінің тигізетін маңыздылығы.......
1.5 Дарынды балалардың таным процестері мен тұлғалық ерекшеліктерінің психологиялық мәселелері....
II ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІ ЗЕРТТЕУ.... 46
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми әдістемесі......................... 46
2.2 Зерттеудің ғылыми зерттеу әдістемесі........................................... 47
2.3 Зерттеудің нәтижесін өңдеу................................................ 52
III БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................58
3.1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.....
3.2 Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы........ 59
3.3 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы қиындықтарды түзету жолдары....64
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ.....................................

Файлы: 1 файл

диплом Айнука.doc

— 1.04 Мб (Скачать)

Негізінде бірінші (ерте грек) және екінші жағдайда да жоғарғы деңгейдегі бірлескен танымдық дамуда оқыту формасы мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің мазмґнын ұйымдастыру біріккен-диалогтық болады. “Біріккен-диалогтық” термині қолданғанда, әрекеттің біріккен мінездемесі ретінде сызып көрсетуге болады, тек ғана оқушылардың арасында емес, оқытушылырмен қатынаста оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың нақты жағдайында қалыптасады. Біріккен-диалогтық танымдық іс-әрекет жаңа психологиялық білім беру болып табылады.

Осындай біріккен-диалогтың іс-әрекет бастауыш мектепте балалардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын оқыту процесінде толығымен жүзеге аса бастайды. [12]       Бастауыш мектеп оқушысы ойлауының күрделенуі оқыту процесіне байланысты болғандықтан, оларды ақыл-ой сапасы құрылымдарға ие бола отырып өзіндік жеке тұлғада көрінеді. Бұл сапалар көптеген белгілер арқылы анықталады; мәнді мәселені шешуде, жаңа білімді игеру мен талдап қорытудың жылдамдығы, жеңілдігі мен кеңдігі темпіне байланысты. Оқытудың жетістігі осы сапаларға байланысты, оған қабілеттілік оқытудың компоненттері болып табылады. Оқытудың барысында және оқушының жас ерекшелігіне бұл сапалар әсер етіп, білім берудің деңгейімен заңдылықтары ұсынылады.      

Философия    энциклопедиясында “интеллект” деген сөзге бұл термин ой мен бір  мағынада қолданылады деп анықтама берді. М.М.Мұқанов бұл анықтама біздерді қанағаттандырмайды, ол кеңес психологиясы Б.Г. Ананьевтің соңғы жылдары жазған еңбектерінде интеллектіні ой қабілетіне тән нәрсе деп санаған пікірін қолдайды. Бұл пікірді басшылыққа ала отырып, біз ақылды не “интеллектіні”   ой процесінің жемісі екенін дәлелдейміз.

Адам баласының ойы бір қатар ғылымның-филасофияның, психологияның, логикалық, кибернетикалық, жоғарғы нерв қызметі физиологиясының,  математиканың зерттеу пәні болып табылады. “Тіл-ойдың тікелей әрекеті“- деген К.Маркстің пікірі баршаға мұғалім.

Ойлану деп мәселені шешудегі толғану процесін айтады.

Ойлану- дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Мида болып отыратын үздіксіз ойлау мен оның жемісі, ұғымдар мен сөйлемдер де бір емес. Мәселенің шешілуі адам басында реттелініп отырылады. Сондықтан ойлау туралы зерттеулер, олардың процесс күйін емес, ойлау қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған./18,73-б/.   

Ойлау процесінің жүзеге асу шартына адамның бұрынғы тәжірбиесі мен бағыты және ойлануға итермелейтін мотивтері жатады.

Қазақтың көрнекті психологы  М. М. Мұқанов: “Тіл-көлік, ой - жолаушы, әркімнің басы станция дейді. …әркімнің ойы тіл көлігіне мініп, бір кісінің басынан екінші кісінің басына көшіп жүреді“,- деді.

Біз зерттеу жұмысымызда ойлауды оның логикалық және психологиялық жақтарының бірлігі ретінде қарастырып отырамыз. Біріншіден, ойлау таным объектісі туралы түсінік қалыптастыруға бағытталады және ішке қажетті байланыстар мен оның мәнінде көрінеді. Екіншіден, ойлауды  бала таным объектісінің көмегімен талдау мен біріктіру негізінде оның мәнді байланыстарын қолданады. Үшіншіден, ойлау негізінде бала танымдық оъбектінің мәнді қатынасын талдау мен біріктіру нәтижелерінің бағалануын бақылайды.

Зерттеуімізде негізінен ойлаудың психологиялық жағын қарастырған  С. Л. Рубенштейн, Л.С. Выготскийдің және нақты тоқталған А.Н. Леонтьевтің еңбектеріне сүйене отырып қазақстандық психологтар М. М. Мұқанов, С.М. Джакупов, …. Алдамұратовтың пікірлерін басшылыққа алдық. Ал бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ойлауының дамуын түсіндіруге біз Л. В. Знакова,  А.З.Зак,  А.А. Люблинскач, А.И. Раева, А.В. Скрипченко,З.И. Калмыкова еңбектеріне тоқталдық.

Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауының дамуы оқытудың бастапқы кезінде заттық-әрекет формасында шешіліп  эмперикалық ойлау көмегімен болса, бастауыш мектеп оқуының соңында, бұл тапсырмалар теориялық ойлаудың көмегі арқылы шешіледі.Мұны эксперименталдық бағдарлама құрып зерттеген В.В.Давыдов және Л.И.Айдарова болды.

Қ. Жарықбаев өз еңбегінде : “ойлау дегеніміздің өзі мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне білу деген сөз ”-деп тоқтала келе, төменгі сынып оқушыларында тануға негіз делген тікелей түсінулер байқалады. Сұрақ қою, оны дәл тұжырымдау,  мәселені “ойда ұстай білу “ сұрақты талдай білу және жинақтау, шыару тәсілі мен амалдық орталық түйінін табу, жорамал жасай білу т.б. ойлау процесіне мәселелерді шешу үшін аса қажетті жағдайлар болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келгендіктен, олар көп нәрселерді өз қалпында түсінуге бой құрады.

Н. Айғабылов  зерттеуінде үшінші сынып оқушыларының кейбір ұғымдардың мәнін жете түсінбейтіндігін анықтаған. Олар : “ білімді “ –деген ұғымды тек “оқитын адам”; “дүние“ ұғымын “байлық “, “ақша” , “ер”,- деп олардың заттық бейнелік жақтарына көбірек көңіл аударады да осы ұғымдардың мәнін салыстыру, теңестіру арқылы түсіндіріп бере алмайды”, -деп тоқталды.

Адам күнделікті тұрмыста кездесетін көптеген тың мәселелерді шешу үшін ойланып толғанады. Мұны психологияда продуктивті ой деп атайды. Продуктивті ойлау қазақ халқына айтыс өнерінің кез-келген түрінде әсіресе,ұзақ жырмен сөз  жарыстыруда ерекше көрінеді. Мұндайда айтыскер “ қалай  деп жауап  қайырсамекен, ол қалай айтар екен “ – деп қатты ойланады.  Айтыстың қандай түрі болмасын жан-жақты ойланып толғануды, ерекше тапқырлықты,  керемет айла қорлықты қажет етеді. өйткені бұлардың аузынан шыққан әрбір сөз  “өмірдің оғындай” „әбден іріктеліп, ой елегінен  өткен қысқа да нұсқа”, ”тайға таңба басқандай” ой түйіндері болып келуі шарт.

Бала мектепке келгесін  ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсінуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады.әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ғылымды бірден менгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін менгере білу қажет. Төменгі сынып оқушыларының дґрыс пікір айта білуге тәрбиелеу зор педагогикалық мәні дәріс.  Тәлім-тәрбие оқыту ісіні нәтижесі шәкірттерден рөлі мұғалімге көбірек тәуелді.

Ы. Алтынсарин мұғалімннің жағына мына жәйітті мықтап шегелейді: “Ол кіммен істес болып отырғанын еш уақытта да ұмытпауы керек ...... Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәламауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеу,шыдамдылық етуі керек, екі ашты астарлы сөз, орынсыз терминдерді қолданбауы керек “,-деп мұғалімнің тәлімгерлік жұмысына сын айтады.

Cонымен, біздің  зерттеуіміздің енгізгі жорамалдарының бірі бастауыш мектеп оқушысының оқыту процесіндегі  ойлау іс-әрекетінің маңыздылығын эксперименталық оқыту барысында дамыту болатын. Осыған байланысты қорыта айтқанда оқушының  алдыңғы өзінде бар тәжірибесіне сүйене отырып, ойлауды қалыптастыру арқылы оқытудың белсенділігін арттырамыз және біріккен – диалогтық танымдық іс-әрекет арқылы балада жаңа ғылыми жүйелі білім қалыптастырамыз.

Оқыту процесіндегі ойлау іс-әрекеттің құрылуы бастауыш мектеп жасы кезінде кезінде зор мәнділікке ие болады. Бұл кезде оқыту іс-әрекетінің және сонымен қоса оның мотивтерінің негізгі компоненттері құрылады.

Зерттеуіміздің теориялық бөлімінде оқыту процесіндегі  танымдық іс-әрекеттің маңыздылығына тоқталдық. Психологиялық зерттеулерде танымдың іс-әрекетінің (oның ішінде ойлаудың) даму деңгейін анықтау жүйелі –психологиялық тәсіл ретінде қарастырылды.

Зерттеуіміздің  теориялық бөлімінің  екінші сұрағын бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқыту прцесіндегі танымдық іс-әрекеттің құрылымы мен маңыздылығына тоқталдық. Бастауыш мектектеп жасындағы ерекшелігі мен маңыздылығын  терең зерттеген Д.Б. Эльконив, В.В. Давыдов, олардың ісін жалғастырушы Л.И. Айдарова, А.К. Макарова, В.В.      Репкин, Г.А. Цукерман және т.б. болды.

Қазақстандағы  психологтар М.М. Мұқанов, Қ.Жарықбаев,Алдамұратов, С.М. Джакуповтың ойлау іс-әрекетінің дамуы оқытушы мен оқушының арасындағы ішкі қасиетті байланыстар мен оқытушының арасындағы ішкі қасиетті байланыстар мен оның мәнінде көрінеді деп атап өткен. [13]

1.3 Төменгі  сынып  оқушыларына  кәсіби  маман   психологтың қызметі

 

Мектептегі психолог- бүгінде бұл сөз тіркесін мектеп қызметкерлері, сондай-ақ, ата-аналар қолдануға әдеттенген.

   Практик психолог  балалар білім беру мекемелеріне  тәрбиешілер мен мұғалімдер үшін  „жедел жәрдем” және „бала  бағушы” ретінде емес, маман ретінде  келеді.

   Балалар практик  психологы нақты оқу мекемелерінде-  балабақшада, жалпы білім беретін  мектептерде, гимназияларда, балалар үйінде және т.б. қызмет етеді және әр баланың толық дамуын қамтамасыз ету, балалардың үлгермеушілігі мен тәртіпсіздігін ерте анықтау, жою және сауықтыру мақсатында балаларды психологиялық зерттеуді жүзеге асырады.

   Оқыту мен тәрбиелеу проблемаларына байланысты білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне, әкімшілікке және ата-аналарға кеңес береді, олардың психологиялық білімдерін арттыруға мүмкіндік туғызады.

   Психолог- педагогикалық  ұжымның тең құқылы мүшесі  және педагогикалық процестің өзінен басқа ешкім кәсіби тұрғыда қамтамасыз ете алмайтын жағына, балалардың психикалық (интектуалдық, эмоционалдық, мотивациялық-қажеттілік, коммуникативті және т.б.) дамуы мен психологиялық саулығына жауап береді.

   Өз жұмысында  психолог психикалық дамудың заңдылықтары мен индивидуалды өзгешеліктері жайлы, психикалық іс-әрекет көздері мен адам мінез-құлқының мотивтері жайлы кәсіби білімдерге сүйенеді.

   Балабақша, мектеп, интернатта қызмет ете отырып  практик психолог әр түрлі  жастағы мектепке дейінгі балалармен жұмыс істейді. Бұл кезде ол балалардың өсуін статикада көреді. Оның көз алдында балалар өседі, есейеді, онтогенездің бір сатысынан екінші, анағұрлым күрделі және мазмұнды сатысына өтеді. Өтпелі кезеңдер-жасқа сай дамудың өте жауапты кезеңі екені белгілі. Осы кезеңдерге өтуге көмектесу психологтың күрделі міндеттерінің бірі. Сондықтан, психологтың назар орталығында баланың жаңа жас кезеңіне психологиялық дайындығы, оның нәтижесінде өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындығы болуы тиіс.

  Өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық баланың туған сәтінен бастап, ойында, еңбекте және мектепке дейінгі оқытуда бірте-бірте қалыптасады.

   Психолог жұмысында  балалардың мектептегі оқын анықтау (оқи білу, сөйлей білуді, сұрақтарға жауап беруді, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуді, оқуға деген ниетін және т.б. диагностикалау), яғни мектептегі оқытуға интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік тұрғыда дайындығын диагностикалау ерекше мәнге ие болады.Осы міндеттерді Мектептегі психологиялық қызмет шешуі тиіс.

  Мектеп педагогтарды, балаларды және ата-аналарды тұтас етіп қарастырады, бұл түрлі проблемаларды шешуде психологиялық жұмыс бағыттарын анықтауға мүмкіндік туғызады. Психолог бұл жұмыс көлемін субъективті және объективті себептерге байланысты толық орындау мүмкін емес, сондықтан да оның алдында тиімді жұмыс бағыттарын белгілеу мәселесі туындады. Егер де психолог жұмыстың басты міндеті жеке ерекшеліктерін анықтау болса, онда іс-әрекеттің негізгі түрі диагностика болып саналады, яғни жұмыс осымен тоқтаса, баланың жеке тұлғалық дамуына, мақсатты түрде ары қарай жұмыс жүргізілмесе, онда психолог нақты нәтижелерге жете алмайды.

   Егер негізгі  міндеті деп шығармашылық бастаманы  және әлеуметтік өзін-өзі тануды  алсақ, онда психологтың жетекші іс-әрекеті ағарту жұмысы болып саналады, яғни ол дәрістер, әңгімелесу, жеке тұлғалық даму, қарым-қатынас тренингтері формасында жүргізіледі.

   Сонымен психолог  қызметі мектептегі әлеуметтік тапсырыс бойынша, бағыттарды анықтап, жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда жоғары санаттағы психологтың өзі барлық бағытты жеке қызмет түрлерін қамтып, сапалы жұмысын қамтамасыз ете алмайды, егер де:

-ол әкімшілікке себеп-салдарсыз  бағынышты болса (психолог жұмысының  қалтарыстарын әкімшіліктің білмеуі  және түсінбеуі, психологтың кәсіби қызығушылығы жоғалып, көңілі қайтуы мүмкін);

-ол өзі жалғыз жұмыс  жасаса (әріптестерімен кәсіби деңгейде  қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі  жоқ);

-оның кәсіби қорында  сұранысты жүзеге асыратын білім  мен дағды болмаған жағдайда;

  Балабақшадағы психолог жұмысының әлі шешілмеген тұстары төменде көрсетілген:

-жұмыс бағытының нақты  уақыты көрсетілмеуі;

-психология ғылымының  түрлі салаларын қарастырғанда,  психологтың      кәсіби  біліктілігі әкімшіліктің сұранысымен  сәйкес келмеуі;

-әкімшілік сұранысын қанағаттандыруға психологтың кәсіби дайындық деңгейінің сәйкес келмеуі;

-белгіленген жұмыс  уақытында, психолог қызметінің  қажеттілігін толыққанды қамтамасыз  етуде, эмоционалдық тепе-теңдік  сақтаудың мүмкіндігінің болмауы;

-психолог беделін  сақтау жөніндегі мәселе;

-материалдық жағынан  қамтамасыз етілуі;

-білім беру жүйесіндегі  психологтың орны жөніндегі мәселе.

   Практикалық психология  әлемінде күн сайын өзгеріс  болуына байланысты, Мектептегі психологы үнемі білімін жаңалықпен қамтып, құбылмалы дүниеге тез бейімделуге шебер болу қажет. Ол үшін үздіксіз білімін жетілдіргені дұрыс, бүгінде оған мүмкіндіктер кеңімен жасалған. Бұл әдістемелік құрал балабақшада психологиялық қызметін жаңадан бастаған мамандарға практикалық басшылық ретінде беріліп отыр.

   Оқырмандар назарына психолог дайындайтын құжаттар ұсынылған. Тәрбиелеу мен білім беру кеңістігіндегі орны айқындалған.

   Психологиялық  қызметтің білім беру жүйесіндегі  негізгі мақсаты-баланың психикалық  және жан саулығын қамтамасыз  ету, ал оның психикалық және тұлғалық дамуы-осы саулыққа жетудің шарты, құралы болып табылады. Бұл мақсат арқылы психологиялық қызметтің негізгі міндеттері мен ұстанымдары (принциптері) анықталады. Бұл баланың қайталанбастығы мен құндылығын сөзсіз мойындау негізіндегі кез-келген балаға индивидуалды бағыт принципі және психологтың балаға қатысы бар ересектерімен (ата-аналар, тәрбиешілер, педагогтар) кәсіби өзара әрекеттесу принципі.

Информация о работе Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу