Оқыту процесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:00, курсовая работа

Краткое описание

Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа

Оглавление

Кіріспе

1
Оқыту процесінің мәні

1.1
Оқыту әдісінін мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы.

1.2
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары

1.3
Оқыту процестің заңдылықтары

2
Баланың жеке тұлғасының дамуы

2.1
Тәрбие ісіндегі баланың жеке тұлғасының даму мәселелері

2.2
Баланың жеке тұлға тәрбиесінің қалыптасуы

2.3
Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні

2.4
2.5
Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі
Балалардың дербес ерекшеліктері
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Оқыту процесі.docx

— 89.21 Кб (Скачать)

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

1

Оқыту процесінің мәні

 

1.1

Оқыту әдісінін мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы.

 

1.2

Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері  мен ұстанымдары

 

1.3

Оқыту процестің заңдылықтары

 

2

Баланың жеке тұлғасының дамуы 

 

2.1

Тәрбие ісіндегі баланың  жеке тұлғасының даму мәселелері

 

2.2

Баланың жеке тұлға тәрбиесінің  қалыптасуы

 

2.3

Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні

 

2.4

2.5

Белсенділік, оның түрлері  және тұлға дамуындағы рөлі

Балалардың дербес ерекшеліктері

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Оқыту процесі - екі жақты  процесс болғандықтан, мұғалім мен  оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне  басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

Білім беру деп - табиғат  және қоғам жайында ғылымда жинақталған  білім жүйесін жеке адамның меңгеруін  және оны омірде тиімді етіп қолдана  білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін  және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу. 
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".

Қазіргі дидактиканың ең бір  көкейтесті проблемасы – оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ.

Оқыту педагогика ғылымының  категориясы ретінде және окыту  процесі немесе дидактикалық процесс  бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды

Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық  психологиялық мәні оның қызметтерінен  біршама анық айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1 Оқыту процесінің  мәні

 

Оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.

Оқыту процесі - екі жақты  процесс болғандықтан, мұғалім мен  оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне  басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді. 
Оқытудық маңызды міндеттері:   

•  Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.

•  Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

•  Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту. 
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.

Білім беру деп - табиғат  және қоғам жайында ғылымда жинақталған  білім жүйесін жеке адамның меңгеруін  және оны омірде тиімді етіп қолдана  білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін  және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу. 
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?". 
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагоги калық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады. 
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептін, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.

Оқу процесі –  бұл ұстаз бен шәкірттердің мақсатқа бағытталған өзара - әрекетінің барысында  шәкірттерге білім беру міндеттерін  шешу.

Оқу процесі –тұтас педагогикалық процестің бөлігі.

Оқыту таным - процесі. Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.

Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне  тән екі белгіні: ағзаның өзіндік  дамуына жүйелі түрде және бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді. Оқыту  – екі жақты процесс. Оқыту  оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетіне тұратын күрделі  процесс. Өйткені оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті  болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

• Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы  рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.

• Оқыту – бұл  күрделі процесс. Ол тұлға білім  беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен  творчестволық қабілетін демек  біліктілік мен дағдысын дамыту негізінде  жүзеге асырылады.

Оқыту процесінің қызметі:

Білім берушілі қызметі  – ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыру және дүние  құбылыстары туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік қызметі  – оқыту барысында теориялық  білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Дамытушылық қызметі – оқыту  барысында оқушыларға назар аударатын  басты мәселесін есте сақтауға тиіс және бекітілуге қажетті қосымша  материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.

 

1.1 Оқыту әдісінін мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы.

 

 Қалай оқыту керек?  дейтін дәстүрлі дидактикалық  сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің  категориясын шығарады. Әдіс -жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.

Әдіс (гректің mеtоdоs) деген  сөзінен алынған, табиғат құбылысын  және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу  немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы. 
Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді. 
Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі – бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.

Оқыту әдістері – тарихи категория, олар білім беру мазмұны  мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі – үлгі болып табылады мұғалім – ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі – ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі – осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады. 
Оқыту әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және’ әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер).

Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады.

Қазіргі дидактиканың ең бір  көкейтесті проблемасы – оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі – зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан 
қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі – уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я., Лордкипанидзе Д.О., Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б 
Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін,ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.

Сонымен қатар оқыту әдісі  классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір  әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу -танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.

1.2Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары

Оқыту үрдісі – оқушыға  білім, тәрбие берудің және оны дамытудың  мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім  мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.

Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен  дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс  түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа  үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту  ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық  құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік  жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында. Оқыту  процесіндегі негізгі мазмұнды игеру  тетігі – өзара әрекеттестіктің  арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған  балалар мен ересектердің бірлескен  іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.

Түрлі деңгейлерде іске асырыла  отырып, оқыту процесі циклдік  сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:

- білім беру – бұл  мақсат окушылардың танымдык  іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар  арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар  мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің  рухани, физикалық және еңбек  қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек  және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:

- тәрбиелеу – әрбір  оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және  әлеуметті кемелденген жоғары  адамгершіліктегі үйлесімді дамыған  тұлғасын дамытуды мақсат етеді. 
Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық – тарих тәжірибесінің жан – жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.

Информация о работе Оқыту процесі