Оқыту процесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:00, курсовая работа

Краткое описание

Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа

Оглавление

Кіріспе

1
Оқыту процесінің мәні

1.1
Оқыту әдісінін мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы.

1.2
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары

1.3
Оқыту процестің заңдылықтары

2
Баланың жеке тұлғасының дамуы

2.1
Тәрбие ісіндегі баланың жеке тұлғасының даму мәселелері

2.2
Баланың жеке тұлға тәрбиесінің қалыптасуы

2.3
Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні

2.4
2.5
Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі
Балалардың дербес ерекшеліктері
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Оқыту процесі.docx

— 89.21 Кб (Скачать)

Бала белсенділігінің  ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас  жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм немесс ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды атқару барысында байқалады. Ойын барысында балалардың құрдастарымен өзара қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.

Әр түрлі ойын баланың  дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас  жасау белсенділігін дамытады. 
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу  ісін жетілдіру үшін олардың жас  және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында  сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс  істей білуге үйрету - мұғалімнің басты  міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Мысалы: сынып старостасы, тазалық комиссиясының төрағасы болу, т.б. Осындай тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан мұғалім әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланың еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бірінші қиыншылықты сезісімен-ак; қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана ба-ланың ісінде жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудық қажет екенін сезінеді.

Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста көрсетсен белсенділігіне қарап оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті.

Бала туралы синтездік, комплекстік  ғылым болып табылатын педогогия  ғылымының басты "айыбы"- балалар  мәселелері мен әр типті мектептердегі  шәкірттердің жан жүйесін өрттеуде сауалнама мен тест әдістерін  шамадан тыс пайдалануы, сондай-ақ осы ғылымның "Бала ой-өрісінің дамуы  түрліше болып, әлеуметтік ортасына қарай олардың ойы, зердесінің деңгейі  біреуде жоғары, біреуде төмен  болады," - деген тұжы-рымдарды жалған деп есептелуі.

Педогогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогиясы, физология, психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы жан-жақты  мағлұмат беретін синтездік ғылым  болып табылады. Х.Досмүхамедұлының педогогия саласында жүргізген іс-әрекетіне де ғылыми әділеттілік тұрғысынан қарасаң, оның пікірінше, қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдық құшағында өтеді, әдетте оның бірінші еститін үні - анасы айтқан бесік жырының әуені. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстың ырғақтардың басты орынға шығуына қазақтардың өмірін кез келген жағдайында өлең шығарып, ән ай-туы себеп болған. Сондай қысылтаяқ кезеңде қазақ педогогиясының бірнеше жыл басы-қасында жүрген Х.Досмүхамедұлы осы саладағы еңбектерін қорытындылап үлгермеді. Ғұлама ғалым өз еңбектерінде бала психологиясының қалыптасу жолдарын, қазақ халқының үлттық ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді. Сол кездегі көрнекті кеңес психологтары П.П.Блонский мен Е.С.Выготскийлер де өз зерттеулерінде педогогиялық тұжырымдарға жүгініп отырған.

 Жас ерекшеліктері  туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге  бөлінуі. Белгілі бір шақтық  кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық  және психологиялық ерекшеліктерді  әдетте жас ерекшеліктері деп  атайды. Сондықтан педагогика және  психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі  шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған  ортамен жасайтын қарым-қатынастар  жүйесіне тәуелді болатынын атап  көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің  бір сатысынан екіншісіне көшуі  кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге  тән психологиялық ерекшеліктердің  үштасуын жиі байқауға болады.

Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының  дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне  байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым  қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы  табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды. 
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын. 
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:

1) төменгі сынып шағындағы  кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);

2) негізгі мектеп шағындағы  жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);

3) орта мектеп шағындағы  жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).

Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып  табылады және бала дамуының осы кезеңдегі  жеке басының өзіндік құрылымының  жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен  сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт. 
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады. 4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері — 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.

Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі 
Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудық келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды. Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл  өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің  түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға  , санауға үйренеді. Оқытудық алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады. 
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді.

Бұл жастағы балалардың негізгі  іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып оқушылары  ұзақ уақыт бір қалыпты отыра  алмайтындықтан, сабақта жазу мен  оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар  ұйымдастыру керек. 
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.

Бала форма, бояу, дыбыс  арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі қолдану  пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады. 
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді. 
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.

Адамгершілік тәрбиесінде  баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе - баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы. 
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.

Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін  үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.

Жеткіншектік кезеңнің шектері  шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа  дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең  деген атауларында бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба  жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді  игеруге, үлкендермен, жолдастарымен  қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы  адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының  жалпы бағытының белгіленуі. Бұл  кезеңдегі дамудағы биологиялық  және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. 
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін " - деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді.

Информация о работе Оқыту процесі